Султанова Нургуль Камильевна Нағашбай Жәнібек



бет2/5
Дата17.05.2022
өлшемі33,65 Kb.
#34817
1   2   3   4   5
Байланысты:
Султанова Н.К 1 статья

Кілттік сөздер: әдіс, әдіснама, оқу тәрбие, халық әндері, көркемдік жүйе

Ключевые слова: метод, методология, воспитание, народные песни, художественная система.

Keywords: method, methodology, education, folk songs, art system

Кез-келген халықтың ұлттық болмысын – оның мәдениетіне қарап білуге болады. Қазақ халқында ән мәдениетінің орны ерекше.  Еңбектеген  баладан еңкейген шалға дейінгі көшпенді халық домбыраның құлағында ойнап, суырып салма ақын  болған.  

Қандай да болсын күрделі ойды қарапайым тілмен ұғынықты етіп жеткізуге тырысқан жөн.

Егер сені ой билесе – айтар сөзің айқын, егер сен ойды билесең – айтар сөзің одан да айқын деген пікірді В. Г. Белинский айтқан.

Адамды ойдың билеуін әрекеттің тоғысуы өзінен-өзі белгілі бір әдіс –тәсілге табан тіретеді. Әдіс атаулының тек тамыры іс-әрекеттен бастау алып жатады, Өйткені, іс-әрекетке кіріспес бұрын саналы адам әдетте, сол іс-әрекет аясының қисынымен оңтайын ескереді. Қазақ оны істің ығын білу дейді. Міне, әдіс дегеніміз осы. Әдіс сөзінің грек тіліндегі мағынасы да таным тәсілі, зерттеу жолы деген үғымды береді. Осы әдіс сөзінен әдістеме (методика) үғымы туындайды. Былайша айтқанда белгілі бір мақсатқа жету үшін қолданылатын практикалық және теориялық тәсілдер мен әрекеттердің жиынтығын әдістеме дейді.

Әдетте, ғылыми теорияға ұласқан әдістеменің нәтижесі іс –тәжірбие арқылы сараланады. Сондықтан да әдіс атаулы ілгерідегі зерттеудің теориялық нәтижесі ретінде қабылданса, әдістеме алдағы зерттеулердің бастауы болып отырады. Әрине, жаңағы ой билеп, әрекетке көшкен адам бірте-бірте тәжірибені шыңдап, әдіс қорын молайтады. Әдіс қоры молайған сайын, оның өзін таңдап талғап қолдану қажеттілігі туындайды. Мұны қазақ «істің парқын білу» деген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет