Султанова Нургуль Камильевна Нағашбай Жәнібек



бет4/5
Дата17.05.2022
өлшемі33,65 Kb.
#34817
1   2   3   4   5
халық әндері кең дархан даладай мол көсіліп кең тараған бір жанр. Халық даналығы - әнді ертеден – ақ ерекше бағалаған.

Адам өмір тіршілігін ғана емес, сонымен бірге келешектен күткен аңсаған арманын да,көңіл түкпіріндегі үмітін де әлеуметтік теңсіздіктерін де ән арқылы бідіріп әнмен өрнектеген. Қазақ халқының тарихында күрделі орын алған ұлылы-кішілі оқиғалардың қай-қайсысы болса да әнмен өзінің көрінісін тапқан. Халық әндерін қазақ халқынын көптеген өнерпаз ұрпағы ғасырлар бойы туғызып келген.

Қазақтың халықтық музыкасының аса ірі шеберлері болған. Халқымыздың мадақ ететін батырлар, дастандардың,жатқаайтатын жыршылар да, суырып –салма ақындар да, асқақ әнші, өлеңшілеріде осы топқа қосылады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласының өлең-жырын, аңыз-әңгімелерін, салт-дәстүрін зерттеуші ғалым В.В. Радловтың: «Алты жасар баладан алпыстағы ақсақалға дейін өлең айтпайтын, домбыра тартпайтын қазақты көрмедім... Қазақ өнерлі, әнші, ақын халық» - деп, тандануы осының айғағы болса керек.  Қазақтың кәсіби ән өнері ХІХ ғасырда биік  дәрежеге  көтерілді.  

Өткен ғасырдың 60-жылдарында академик В. В. Радлов қазақ әндерінің тақырыптылық жан-жақтылығына таң қалып былай деп жазды: «Өз әндерінде қырғыз ертегіде айтылатын қайдағы бір ғайыптан пайда болған қорқынышты дүниені дәріптемейді, ол өз өмірін, өз сезімдері мұраттарын, қоғамның жеке мүшесі жүрегінде жүрген идеаларды әнге қосады,тыңдаушыары жаратылыстан тысқары қайдағы бір кереметтерден емес, нақты шындықтан ләззат алады» деген [1].

Келесі пікір айтушының бірі өткен ғасырдың 70-жылдары Түркістанда болып қазақ өнерпаздарымен тікелей пікір алысқан-Август Эйхорн .Ол «Қазақ әндері құдіретті де күшті, өктем әрі сонымен бірге жатық, құлаққа жағымды естіледі. Жапан түзде немесе ауылда болмаса мал арасында, айдала мен жазық өңірлерде таулармен көсілген алқаптарды аралаған кезінде жым-жырт аспан астында жалғыз келе жатып оның салған әні тіпті әдемі естіледі» деп айтқан [2].

Қазақ халқының әндерінің тұңғыш зерттеушісі, халқымыздың 2000 астам әндері мен күйлерін жазып алып, нотаға түсірген А.В.Затаеевич еңбектерінен де осының дәйекті дәлелдерін табамыз [3].



Әуендік, ырғақтық, ладтық құрылысы жағынан қазақ әндерінің тамаша байлығы туралы айтқан академик Б.Асафьевтың «құлпырмалы гүлденген бірдауыстылығы» Шығыс пен Солтүстік шығыстың әндеріне молырақ тән сияқты. бұл сөз осы өңірден әуен – ырғақтық, майдақоңыр әнін көз алдына әкеліп, құлағына құйғандай.

Халық ән өнерін әріден жасап, сақтай, өткірлей, өңдей бізге жеткізумен бірге уақыт алға жылжыған сайын аты аталатын авторлығы бар әнші – композиторларды, орындаушыларды тудырды. Халықтың ән өнерінің өткен ғасырдағы, осы ғасырдың бас кезіндегі,аты әйгілі асқан таланттары: Біржан Қожағұлов (1829 - 1887), Ақан сері Қорамсаұлы (1843 - 1913), Мәди Бәпиев (1880 - 1921), Мұхит Мералиев (1841 - 1918), Жаяу Мұса Байжанов (1835 - 1929), Естай Беркімбаев (1868 - 1946) және бұлардың әншілік дәстүрлерін біздің уақытта: Кенен Әзірбаев (1888 ж. туған), Иса Байзақов (1900 - 1946), Қосымжан Бабақов (1891 - 1954), Қуан Лекеров (1896 - 1955), Манарбек Ержанов (1908 - 1966), Ғарифолла Құрманғалиев, Жүсіпбек Елебеков т.б. әншілер, орындаушылар дамыған.

Қазақтың халық композиторларының, әншілерінің, орындаушыларының өмірі мен творчествосы туралы профессор А.Қ.Жұбановтың «Замана бұлбұлдары» (1963) атын зерттеу еңбегінде жан – жақты талдау жасалып, әсерлі әңгімеленген (М.А.) [4].

Кез келген халықтың ғасырлар бойы жасалған мәдениеті болады. Оның бір саласы тарих болса, келесі бір арнасы - әдебиет пен өнер.

Өз кезегінде өнер де сала – салаға жіктеледі. Оларды қол өнері, сурет өнері, сәулет өнері және саз өнері дейміз. Халқымыздың ғасырлар тереңінен жеткен саз өнері үлкен екі арнада көрінеді. Олар: ән және аспаптық дәстүр. Зерттеушілердің анықтауынша, бұл екеуінің ерте туғаны - ән.

Ән – халық мұрасы. Халық әндері – сарқылмас қазына. Оны жай ғана ән салу, көңіл көтеру деп түсінуге болмайды. Себебі әннің толып жатқан өзге қасиеттері де бар. Ең алдымен, ән - өнер. Ән – адамның көңіл күйі, тебіренісі және толғанысы, қуанышы мен жұбанышы. Ән – табиғат суреттемесі. Ән – халықтың көркем ой – санасы, көркем тарихы. Ән - өмір айнасы. Олай болса, бізге әсер еткен өмір құбылыстарының барлығы дерлік ән арқауына айналып отырған.

Ерте дәуірлерде ән, өлең және би бөлінбей, біртұтас күйінде болған. Оның ізі қазақ халқының бақсылық дәстүрінен ХІХ ғасырға дейін көрініс тауып келеді. Ондағы бақсы әрі әнші, әрі ақын, әрі биші. Ол өзі тартып отырған қобыз сарынына қосылып ән салады, би билейді және әруақтарға бағыштап өлең айтады. Сөйтіп бір өзі өнердің үш түрін қатар атқарады. Оның өнерінің біртұтастығы немесі синкреттік белгісі дейміз.

Әрбір дәуірдің, әрбір тарихи кезеңінін өз үні, өз әуені, өз мақамы болған. Сол сипатына қарап кез келген әннің туған кезеңін дөп басып анықтауға болады. Ән өмір айнасы дегеніміздің мәнісі осында. Халық әндеріне тән тағы бір белгі - әннің мазмұндылығы елдің өмірі, тұрмыс – тіршілігімен сабақтастығы. Кез келген ән белгеле бір оқиғаға құрылады. Соған орай оның айтайын деген ой – мазмұны да болады. Сол ой терең сезім арқылы тербеліп, көркем кесте - өлең түрінде сыртқа шығып отырған. Қазақ халқының ән өнері сан – салалы. Көне дәуірлерден келіп жеткен бұл мәдениет саласын бірнеше арнаға бөлуге болады. Олар: бақсы сарыны, жыраулық дәстүр, ертегілік, тарихи және лирикалық әндер.

Сонымен қазақ халқының ән өнері өзінің мазмұны мен құрылымы жағынан бірнеше салаға жіктеледі екен. Олардың әрқайсысына тән өзіндік белгілері тағы болады. Сол ерекшеліктерін жинақтап айтар болсақ, олар мыналар: халық әндерінің әуені сазды, толқымалы келеді. Ол бірде шарықтап көтерілсе, бірде баяулап созыла орындалады.

Ел аузына іліккен әндердің басым көпшілігінің әуен – сазы қысқа келеді.Оның өзі әдетте екі жолдық өлең кестесіне сай болып отырады. Халық әндерін енді бір тобында осыған шағын ғана қайырма қосылады.

Халық әндерінің көне үлгілерінен олардың әуен – сазы мен өлең құрылысының бір – біріне сәйкес келмейтіндігі байқалады. Мұндай

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет