Сонымен қатар, арнайы тесттің көмегімен баланың сөйлеу тілін түсіну сезімталдығын анықтайды. Тексерілушінің қайтарған сөйлеу әрекеті мен реакциясы ауызша сөйлеу тілін оқытудың ерекшеліктерін анықтап, жұмыстың жеке бағдарламасын құруға көмектеседі. Кешенді тексерудің нәтижесін реабилитатор талдайды, тестілеу кезіндегі анықталған ерекшеліктермен ескертулер туралы ата-аналарға, сурдопедагогтарға, тәрбиешілерге хабарлайды. Тестілеу кезінде төмендегідей көрсеткіштер айқындалады:

сөйлеу тілінің даму кезеңдері (айқай, гуілдеу, былдыр, қарапайым сөздер, фразалық жайылма сөздер);
қалдық естуі (сөйлеген жаққа басын бұруы, дыбыс шығару, жеке сөздерді қайталауы,ажыратуы, диалогқа қатысуы);
ритмді қайталау реакциясы, ұзақтығы мен қысқалығын ажырату (көру арқылы қабылдау болмайды);
сөйлеуді есте сақтауының дамуы (естіген сөзін өз бетімен қайталай ала ма, қандай көлемде?);
бақылау қашықтығы (құлақ қалқанынан дыбыстың шыққан жеріне дейінгі қашықтық);
осы аталған көрсеткіштер бойынша алынған мәліметтерді жалпылай отырып, реабилитатор әр балаға жеке жұмыс бағдарламасын құрастырады, оның мазмұнын сурдопедагог және тәрбиешімен бірге талқылайды. Әдістің маңызды шарты балаларды протездеу болып табылады. Балалардың естуін уақытында және нақты протездеу – интеграциялауды қамтамасыз ететін қажетті шарт болып табылады.

Жалпы білім беретін ортаға және еститін адамдар қоғамына интеграциялаудың негізіне естуін дамыту мен сөйлеу тіліне үйрету жатады. Естуге үйретудің мазмұнына акустикалық сигналдарды ажырату, сөйлеу тілінің элементтерін (ритм, күші, дыбыстық сигналдардың ұзақтығы) қабылдау, әртүлі дыбыстарды ажырату, және т.б. кіреді. Сөйлеу тілін қалыптастыру жұмысы спонтанды дауыстауды ынталандырудан, сөйлеу формаларын қайталаудан тұрады. Ауызша сөйлеу тіліне үйрету барысында балаларды жеке дыбыстарды айтуға, оларды буынға қосуға, одан кейін сөздер мен сөйлемдер құрап айтуға, әртүрлі ойын жағдайларын қолдана отырып ынталандыру.
Ата – аналарға қатысты верботональды әдістің негізгі қағидасы - өз балаларын еститін бала сияқты қабылдау және оның максимальды дамуына көмектесу.
Ұсынылған әдебиеттер:
Ұсынылған әдебиеттер:
1.Андреева Л.В. Сурдопедагогика. - М., 2005.
2.Боскис Р.М. Глухие и слабослышащие дети. - М., 1963.
3.Леонгард Э.И., Самсонова Е.Г., Иванова Е.А. Я не хочу молчать. – М., 1990.