Сурет салудың сиқырлы әлемі


Білім беру саласы «Шығармашылық»



бет43/74
Дата01.09.2023
өлшемі3,6 Mb.
#105825
түріКонспект
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   74
Байланысты:
пленка сурет

Білім беру саласы «Шығармашылық»
ҰОҚ: Сурет салу (дәстүрден тыс сурет салу)
Тақырыбы Күн шуағы
Мақсаты: күннің бейнесін жұлмалап жырту әдісі арқылы жасап алып, шуақтарын тенис добын домалата отырып, бейнелеу әдісін түсіндіру; балалардың сюжетті сурет салуға деген қызығушылығын ояту; суретті соңына дейін жеткізіп және де достарының еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу.
Әдіс –тәсіл: көрнекілік (көрсету және т.б.), сөздік (әңгіме, сұрақ-жауап, балалар әңгімесі, пікірталас ойын.
Құралдар: сары түсті қағаз, тенис доптары, сары түсті бояулар, сүрткіштер.
Билингвалды компонент: күн- солнце-Sun.
І. Кіріспе бөлімі.
Шаттық шеңбері:
Армысың алтын күн!
Көкте күліп күн тұрсын!
Күн жарығын алақанға саламыз.
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық.
Таза ауадан салайық,
Жүрек жылуын салайық.
Осы жақсы лебіздерді,
Бір-бірімізге сыйлайық.
ІІ. Негізгі бөлім:
Әңгімелесу.
Тәрбиеші: - Бізді қоршаған орта табиғат деп аталады. Ал, біз өзімізді табиағттың бір бөлшегіміз деп санаймыз.
Тірі табиғат өлі табиғат
Күн –жер бетіндегі тіршілік көзі.
Күн –жерге өте жақын орналасқан кәдемгі жұлдыз, керемет үлкен газды шар.
Тәрбиеші: - Балалар, сендер күннің көзін жақсы көресіңдер ме?
Бала: - Күннің бізге жылу береді.
Тәрбиеші:-Ол қашан серуендеуге шығады?
Бала: -Таңертең , күн шуағы сәулесін түседі.
Тәрбиеші: - Иә, таңертең күннің көзі өзінің күн шағылыстырады киімімен күллі аспанды аралайды, өзінің шуақтарын жерге жіберіп, оған жарық, жылу, өмір береді. Күн сәулесі түспеген жерде өсімдіктер өспейді. Күн болмаса адам да, жан-жануар да , өсімдік те тіршілік ете алмас еді. Күннің көзі күн ұзаққа аспанды жүріп өтіп, кешке өзінің еліне барып, сонда түні бойы дем алады.
Дидактикалық ойын: «Ненің суреті екенің тап»
Балалар жасырылған жұмбақтың шешуін табу арқылы, сурет қиындыларын жинақтап тақтаға ілу керек.
Ж.Әбдірейұлы «Күннің құдіреті» әңгіме.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет