Тақырыбы «Ғарыш әлемі»
Мақсаты: ғарыш әлемі туралы ойларын сурет салу арқылы жеткізе білуге үйрету; балалардың қызығушылықтарын, қиялдау, ойлау және қол қимылдарын дамыту; әсемділікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Әдіс‑ тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, қарастыру, ойын, дәстүрден тыс сурет салу, қызықтыру, сұрақ –жауап, мадақтау.
Құралдар: далаптар, түймелер, валик, жалпақ қылқалам, желімдер, тырнақ арналған лак, бояулар, сүрткіш, экран , құбыжық бейнесі, дауыс.
Билингвалды компонент: ғарыш – космос - space
І. Кіріспе бөлім.
Шаттық шеңбері:
Көк аспанда күн күлсің,
Бірге жарқырасын жұлдыздар.
Көк аспанда күн күлсін,
Жерге шашып нұрын!
ІІ. Негізгі бөлім :
Тәрбиеші: - Балалар, казір қай жыл мезгілі?
Бала: - Көктем мезгілі.
Тәрбиеші: - Көктем мезгілінің айларын атап беріңдерші.
Бала: - Көктем мезгілінің айлары: наурыз, сәуір, мамыр айлары.
Тәрбиеші: - Балалар, міне көктем мезгілі өзінің керемет ерекшеліктерімен қуантады екен. Ал көктемнің осы айы нешінші айы?
Бала: - Сәуір айы көктем мезгілінің екінші айы.
Тәрбиеші: - Иә, бұл сәуір айында да, бір үлкен мереке бар. Ол - ғарышкерлер мерекесі.
Жұмбақ.
Ұшады қанатсыз
Зырлайды аяқсыз. /Зымыран/
Тәрбиеші: - Зымыран екенін қайдан білдіңдер?
Бала: - Зымыран көлігі тік ұшады.
Тәрбиеші: - Енді тағы жұмбақ жасырайын.
Ұшқыш емес, бірақ ол
Аспанда қалықтап ұшады
Оны кім деп ойлайсындар? /Ғарышкер/
Тәрбиеші: - Ғарышкер қандай болады?
Бала: - Ғарышкер мықты, білімді болады.
Тәрбиеші: - Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын адамдар. Аспан әлемінде де, көптеген ғалам бар. Ал біздер жер ғаламында өмір сүреміз.Балалар, сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?
Бала: - Ұшақ, зымыран, тік ұшақ.
Тәрбиеші: - Ғарышкерлер ғарышқа немен ұшады?
Достарыңызбен бөлісу: |