Бала: - Қарындашпен салған.
Тәрбиеші: - Суретті немен әрлеген?
Бала: - Ермексазбен.
Тәрбиеші: - Дұрыс, ермексазбен әрлейміз.
Ермексазбен сурет салу әдісі: құстың кесіндісі жасалған паралонды бояуға батырып, қағаз бетіне сұлбасын салып алып, ермексазбен құйрықтарын саусақпен басып, жағу арқылы әрлейміз.
Саусақ жаттығуы: «Құстардың қанаты»
Құстар ұшып барады,
Көкте қанат қағады.
Барлық құстар қосылып,
Шиқ-шиқ-деп, ән салады.
Жеке жұмыс жасайды, көмек беру.
ІІІ.Қорытынды бөлімі- рефлексия:
Тәрбиеші: - Кім, қандай құстың суретін салды?
Шынар: - Мен әтештің суретін салдым.
Тәрбиеші: - Ертегі кейіпкерлері әдемі болды, енді көрме жасап жинайық. Мадақтау.
№28
Білім беру саласы «Шығармашылық»
ҰОҚ: Сурет салу (дәстүрден тыс сурет салу)
Тақырыбы Мерекелік отшашу
Мақсаты: Балаларға салтанатты шерулердің мәнін түсіндіру, мерекелер туралы білімдерін одан әрі жетілдіру. Шығармашылық қиялдарын, көркемдік талғамдарын дамыту, ұқыптылыққа пен жинақылыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, жұмыстар және ойын, мадақтау.
Билингвалды компонент: мереке-праздник- fetefiesta, отшашу – салют firework
Құралдар:түтікше, су, бояулар
І. Кіріспе бөлімі.
Шаттық шеңбері:
«Күлімдейік»
Күлімде күн күлімде,
Күлсін барлық бала шат.
Берекелі бүгіндей,
Бейбіт болсын болашақ.
ІІ. Негізгі бөлім :
Әңгімелесу.
Тәрбиеші: - Балалар, бізде қандай мереке тойладық?
Бала: - Балаларды қорғау күні.
Тәрбиеші: - Дұрыс, сендердің мерекелерің.
Ойын: «Көңілді пойызд»
Ойын шарты: Бәріміз тізбек құрып, пойыз құрып тұрайық, саяхат жасайық.
Пойызбен кеттік, тук-чук-чук.
Оң жағымызда не тұр?
Ойын орталығы.
Достарыңызбен бөлісу: |