ІІІ.Қорытынды бөлімі - рефлексия:
Дидактикалық ойын:«Түрлі доптар».
Шарты: қолдарындағы доптарды сипаттау.
-Ненің суретін салдық?
Бала: - Доптың суретін салдық.
Тәрбиеші: - Теннис добы сурет салмай тұрғанда қандай түсті болды?
Бала: - Бірінші кезде доп сары түсті болды, казір қызыл, көк түсті.
Тәрбиеші: - Балалар бір-бірлерінің жұмыстарын талдайды, бағалайды.
№33
Білім беру саласы «Шығармашылық»
ҰОҚ: Сурет салу (дәстүрден тыс сурет салу)
Тақырыбы Жайлауда
Мақсаты: киіздің үстіне жайлау көрінісін дәстүрден тыс сурет салу техналогиясын қолдану арқылы композиция құрастыра білуге үйрету; жайлау көрнісін бейнелеу кезінде бояуларды үйлесімді етіп қолдана білуге талпындыру; балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту; бірлесе отырып сурет салуға және нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: ойын,үлгі талдау,әңгімелесу,көрсету, мадақтау.
Құралдар: ақ киіздер, түрлі – түсті бояулар, қозының, үйдін дайын суреттер, қайшы, жіңішке, жалпақ қылқаламдар, сүрткіштер
Билингвалды компоненты: жайлау-джайлау-djaylau.
І.Кіріспе бөлім.
Шаттық шеңбері:
Мен келдім, міне, бүгін ортаңызға,
Амандық тілеп сізге, баршаңызға.
Саулығын берсін деймін бәрімізге,
Келесі кездескенше жаңа күнге.
ІІ. Негізгі бөлім.
Қызықтыру сәті :
Ойыншық қошақан қонаққа келеді, бірақ өте көңілсіз.
Қошақан: - Сәлем , балалар !
Тәрбиеші: - Қошақан саған не болды, неге ренжулі жүрсің?
Қошақан: - Мен жайлауға барғым келеді.
Тәрбиеші: - Балалар, жайлауда нелер болады?
Бала: - Қозы , қой , сиыр, түйе.
Тәрбиеші: - Қошақан, сен неге жайлауға барғын келеді?
Қошақан: - Жайлауда менің анам –қой, достарым бар.
Достарыңызбен бөлісу: |