Жиынтық бағалау: Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі:(АБ1+АБ2)∙0,3 +Емт∙0,4
3. Курстың академиялық презентациясы Оқу курсының типі: БП/ЖООК Пәннің мақсаты:Педагог-психолог жұмысының әртүрлі кезеңдерінде кеңесушілермен қарым-қатынасының ерекшеліктерін және біліктері мен дағдыларын игерту.
Педагог-психолог қызметіндегі психологиялық қызмет және кеңес беру пәннің негізгі міндеттері:
Студеттерде объективті психодиагностикалық амалдың шеңберінде құрастырылған негізгі әдістерді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;
Студентерде коррекциялық жұмыстың және психодиагностикалық зерттеудің жоспарын құрастыру дағдыларын қалыптастыру;
Психокоррекциялық және психодиагностикалық инструментарийды пайдалану нормаларын, ережелерін студенттердің меңгеруі.
Топтық және жеке дара жүргізілетін жұмыстың интерперсоналды, мінез-құлықтық, кәсіби дағдыларын меңгеруі сияқты пәндік құзыреттіліктермен қатар БББ оқыту нәтижелерін (ОН) қалыптастыру болып табылады. 4.Академиялық тәртіп ережелері: Сабаққа міндетті қатысу, кешігуге жол бермеу. Сабаққа кешігу және сабақта болмау 0 баллмен бағаланады. Тапсырмаларды (СӨЖ, аралық, бақылау, зертханалық, жобалық және т.б.), жобаларды, емтихандарды орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау. Тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда тапсырма айыппұл баллдарын шегеру есебімен бағаланады.
Академиялық құндылықтар: Академиялық адалдық және тұтастық: барлық тапсырмаларды орындау дербестігі; плагиаттың, жалғандықтың, шпаргалкаларды пайдаланудың, білімді бақылаудың барлық түрлерінде көшіріп алу және оқытушыны алдауды болдырмау. Мүмкіндігі шектеулі студенттер e-mail бойынша кеңес ала алады.