– білім алушы өз ойын жазбаша, стилистикалық сауатты жеткізді, сұрақтарға логикалық тұрғыда дұрыс жауап берген;
– тақырыпты толық аша білді, теориялық ережелерді нақты мысалдармен дәйекті түрде сипаттаған;
– ғылыми терминологияның нақты қолданылуын көрсеткен;
– шығармашылық тәсілді қолдана отырып, практикалық тапсырманы толық көлемде орындаған.
A-
– білім алушы өз ойын жазбаша, стилистикалық сауатты жеткізуде, сұрақтарға логикалық тұрғыда дұрыс жауап беруде;
– тақырыпты толық ашуда, теориялық ережелерді нақты мысалдармен дәйекті түрде сипаттауда;
– ғылыми терминологияның нақты қолданылуда;
– шығармашылық тәсілді қолдана отырып, практикалық тапсырманы толық көлемде орындауда оқу материалын түсінбегендіктің салдары болып саналмайтын жеке қателіктер немесе дәлсіздіктер жіберген.
B+
– білім алушы өз ойын жазбаша жеткізуде логикалық және ақпараттың мазмұны бұрмаламаған шағын олқылықтарға жол берген;
– тақырыпты ашуда, теориялық ережелерді нақты мысалдармен сипаттауда, ғылыми терминологияны нақты қолданылуда, практикалық тапсырманы орындауда елеусіз дәлсіздіктерге жол берген.
B
– білім алушы өз ойын жазбаша жеткізуде логикалық және ақпараттың мазмұнын бұрмаламайтын бірнеше қателіктер жіберген;
– тақырыпты ашуда, теориялық ережелерді нақты мысалдармен сипаттауда, ғылыми терминологияны нақты қолданылуда, практикалық тапсырманы орындауда бір-екі кемшіліктер жіберген.
B-
– білім алушы өз ойын жазбаша жеткізуде логиканы дұрыс сақтамаған, ақпараттың мазмұны бұрмаланған;
– тақырыпты ашуда, теориялық ережелерді нақты мысалдармен сипаттауда, ғылыми терминологияны нақты қолданылуда, практикалық тапсырманы орындауда екіден көп (3-4) қателіктер жіберген.
C+
– білім алушы өз ойын жазбаша жеткізуде стилистикалық қателіктер жіберді, сұрақтарға жауап бергенде логиканы сақталмаған;
– тақырыпты ашуда, теориялық ережелерді нақты мысалдармен сипаттауда, ғылыми терминологияны қолданылуда бірқатар қателіктерге жол берген;
– теорияны жаңа жағдайда және/немесе практикалық тапсырманы орындау кезінде қолдана алмаған.
C
– білім алушы өз ойын жазбаша жеткізуде материалдың мазмұнын толығымен немесе жүйелі түрде аша алмаған, бірақ білім алушы сұрақты жалпы түсінген және жеткілікті білімін көрсеткен, түсініктерді анықтауда, терминді қолдануда қиындықтар мен қателіктер жіберген.
-тәжірибелік тапсырманы толық көлемінде орындамаған.
C-
– білім алушы сұрақты жалпы түсінгенімен жазбаша жеткізе алмаған, түсініктерді анықтауда, терминді қолдануда көптеген қателіктер жіберген;
– жеткілікті теориялық білімі болғанымен тәжірибеде көрсете алмаған, яғни біліктілігі мен машықтары жеткіліксіз қалыптасқан.
D+
– білім алушы өз ойын жазбаша жеткізуде көптеген стилистикалық қателіктер жіберген, сұрақтарға жауап бергенде логиканы мүлде сақталмаған;
– тақырыпты ашуда, теориялық ережелерді нақты мысалдармен сипаттауда, ғылыми терминологияны қолданылуда өте көп қателіктерге жол берген;
– теорияны практикалық тапсырманы орындау кезінде қолдана алмаған;
– терминологияны пайдалану кезінде, ұғымдарды анықтауда көптеген қателіктер жіберілді.
D
– оқу материалының негізгі мазмұны дұрыс ашылмаған;
– білім алушы оқу материалының көптеген бөлігін білмегендіктен немесе оның маңызды бөлігін түсінбегендіктен терминдерді пайдалану кезінде, түсініктерді анықтауда, практикалық тапсырмаларды орындауда өрескел қателіктер жіберген.
F
– білім алушының тексеріліп отырған пән бойынша міндетті білімі мен машықтарының толығымен жоқтығы байқалады.