Syllabus пәннің атауы



Pdf көрінісі
бет30/78
Дата22.12.2023
өлшемі1,4 Mb.
#142730
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   78
№18 дәріс тақырыбы:
Сәбидің қабылдауы, ойлауы, есі мен зейінінің дамуы 
Дәрістің мазмұны:
1. Сәбидің ойлауының ерекшеліктері 
2. Сәбидің зейіні мен есінің ерекшеліктері 
3. Эмоцияның ерекшеліктері 
Сәбилік кезеңнің өзінде баланың заттар мен әрекеттер етуінен ойлауының 
дамығандығын көруге болады. Мысалы, шашылып жатқан ойыншықты біріктіріп, олар 
мен өздігінен шеше алмайды да үлкендердің өздеріне үлгі көрсетіп, басшылық жасауын 
талап етеді. Соның нәтижесінде әрекетті дербес орындауға тырысады. Алғашқы кездің 


өзінде баланың тәжірибе жүзінде ойланып, әрекет етуі кенеттен болмайды. Екі жастаңы 
бала үстелден тысқары отырғанда үстел үстінде өзін қызықтыратын бір ойншық тұрса, 
оған зейіні ауып, алғысы келеді. Бірақ, қолын созып көріп жетпеген соң, жанында жатқан 
таяқшаны алып ойыншықты қозғайды. Ақырында таяқшамен қозғалған ойншықтың 
қозғалысына зер салып, әрекетті бір неше рет қайталайды да, соның нәтижесінде өзінше 
білгілі бір қорытындыға келеді. Балының сыртқы бағдарлау іс-әрекетінің көмегімен 
орындалатын ойлауын 
көрнекі іс-әрекеттік ойлау деп аталады.
Бала көрнекі әсерлік 
ойлауды айнала қоршаған ортадағы әр түрлі заттар мен құбылыстардың байланыстарын 
зерттеу үшін қолданады.
Сәбилік кезеңде бала мәселені қарапайым тар көлемде көрнекі бейнелік ойлау 
жолымен шешеді. Неғұрлым күрделі мәселені шеше алмайды немесе көрнекі бейнелік 
жастарда ғана шешеді.
Қандай болмасын көрнекі бейнелік әсер етудің қорытындысынан шығатын мәселені 
іштей шешуді баланың 
көрнекі бейнелік ойлауы
дейміз. Мысалы: таяқшамен әрекет 
етуді үйренгеннен кейін өзінің диванның астына домалап кеткен ойыншығын алуға 
болатынын түсінеді. Баланың ойлауының дамуына тілінің шығуы негіз болады. 
Сәбилік кезеңде баланың зейінінің шоғырлануы әлсіз және жаңа уақытқа өтеді, 
өйткені жоғарғы жүйке жүйесінің қозуы тұрақсыз әрі қысқа мерзімде болады. Зейіннің 
үнемі тұрақсыздығынан бір объектіден екінші объектіге ауысып отыруының себебі осы.
Сәбилік кезеңде олардың зейініннің көлемі тар болады. Мысалы, үстел үстінде 
бірнеше ойыншық тұрса соның екі-үшеуін ғна қабылдап есте сақтап қалады. Сондай – ақ 
осы кезде бала екі бірдей әрекетке зейінін бір мезгілде шоғырландыра алмайды. 
Баланың эмоциялық даму аймағын психикалық функциялардың дамуынан бөліп 
қарауға болмайды.
Сәбилік кезеңдегі қабылдаудың аффективті басымдылығы байқалады. Бала өзі 
қабылдағанына ана эмоциялық тұрғыда жауап қайтарады. Ол дәрігерді көргенде қатты 
уайымда болады, бірақ біраз уақыт өткеннен кейін тынышталып, жаңа нәрселерге қызыға 
бастайды. Бала келешекте оны қиындық күтіп тұр деп ренжи алмайды немесе бес күннен 
кейін ол сыйлық аламын деп қуана алмайды. Бала тілегі тез, ауыспалы, тұрақты емес, ол 
оларды қадағалап неме ұстай алмайды: оларды тек қана үлкендердің жазалауы мен 
мақтауы шектей алады. Бар тілектері бірдей күшке ие: сәбилік кезеңде салыстыру уәжі 
болмайды. Махаббаттан, эмоциялық жылылықтан бөлек бала өзінің өзінің барлық іс – 
әрекетінде үлкендердің қатысуын қалайды. 
Сәбилік кезеңде басқа балармен қарым – қатынасқа түсу пайда бола бастайды. Бірақ 
мұндай қарым – қатынастың мұндай түрі тұрақты емес. Сәбилік кезеңде бала басқаның 
тілегеін есепке алмайды, ол өз тілегінің қалауы бойынша жүреді. Өзімшіл басқа баланы 
түсінбейді және басқалардың көңіл – күйіне ортақтаса алмайды. Баланың эмоциялық 
механизімі кешірек, мектепке дейінгі кезеңнің алдында ғана қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет