Syllabus пәннің атауы



Pdf көрінісі
бет29/78
Дата22.12.2023
өлшемі1,4 Mb.
#142730
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   78
Байланысты:
bala psiho4

№17 дәріс тақырыбы:
Сәбидің қабылдауы, ойлауы, есі мен зейінінің дамуы 
Дәрістің мазмұны:


1. Сәбилік кезеңдегі бала қабылдауы 
2. Көріп қабылдаудың ерекшеліктері 
3. Сәбидің суретті, кеңістік пен уақытты қабылдау ерекшеліктері 
Сәбилік кезеңнен бастап, бала айнала қоршаған ортадағы заттардың қасиеттерін 
қабылдай бастайды. Заттардың арасындағы қарапайым байланыстарды байқап, осы 
байланыстарды өзінің іс-әрекетінде қолданатын болады. Осының өзі баланың құралдарды 
қолданып әрекет ету нәтижесінде болатын ақыл-ойының әрі қарай дамуының басты 
себебі деп саналады. Баланың жаңа құралдары пайдаланып, әрекет еуіне байланысты 
ойлау мен қабылдау әрекеті қалыптасады.
Екі жастың қабылдауында мынандай бес түрлі ерекшеліктер болады: 1.Заттың 
суретін немесе адамның бейнесін бейнесін фоттографиядан көрген кезде ерекше 
белгілерін есте сақтау арқылы қабылдайды. 2. Екі жастағы бала затты түстеріне 
байланысты ажыратып, қабылдай алмайды. 3.Екі жарым, үш жастағы баланың көру 
арқылы қабылдауы жақсы дамиды. 4. Үш жасқа келгенде 5-6 геометриялық форманы, 8 
түсті ажыратады. 5. Тілдің дамуына байланысты қабылдау қабілеті артады. Өйткені 
үлкендермен тіл арқылы қарым-қатынас жасау нәтижесінде көріп, естіп белгілі бір
ерекшелікке байланысты қабылдайтын сипап сезу қабілеті дамиды. Сәбилік кезеңдегі 
негізгі әрекеттің барлығы тіл арқылы жүзеге асатын болғандықтан , бала екі жастың 
өзінде өзінің ана тіліндегі барлық жоғарғы және төменгі тембрдегі дыбыстарды 
ажыратуға мүмкіндігі болады. Сол сияқты сәбилік кезеңнің өзінде кеңістікті уақытты 
ажырату қабілеті арта бастайды. 
Туйсіну, қабылдау (ұғу) дегеніміз – айналадағы заттардың, құбылыстардың сезім 
мүшелері аркылы мида бейнеленуі. Бұл зейін арқылы байқалады. Зейін белгілі бір 
жағдайдың адам психологиясында шоғырлануы, жинакталуы. Зейін қойып қабылданған 
көрініс, оқиға және т. б. ұзақ уақыт есте сақталады. 
Үш жастағы бала затқа көз жүгіртіп қарайды да, фигураның өзіне ұнаған көзге 
түскен ерекше белгілеріне көңіл аударады. Осындай жағдайда заттың жеке бөліктерін 
қабылдайды да оның тұтастай зат екенін ұмытып кетеді. 2) Қозғалмайтын заттың фонына 
қозғалып тұрған затты қабылдайды. 3) Бала фигураны көріп қабылдап қоймай, оның 
кейбір ерекшеліктерін қолымен сипау арқылы қабылдайды. Алғашқыда тек 
саусақтарының ұшымен сипап қабылдаса, бірте-бірте тұтастай алақанымен сипап 
қабылдайды. Сонда сәбилерде көріп қабылдаудан кейін сипап сезу арқылы жүзеге асады.
Үш жасқа келгенде баланың тұтастай қабылдауының мынандай ерекшеліктері 
болады: 1. Заттың түсі онща анық емес, жалпы нұсқа пішіні болса да, тұтастық мағына 
беріп, тұтастай зат ретінде қабылдай береді. Яғни қарапайым заттың бейнесі дұрыс 
бейнелесе, бала дұрыс қабылдайды. Оны баланың «сыңарыңды тап» деген ойынды 
ойнауынан байқауға болады. Бірақ та өзіне таныс емес заттарды ерекше белгісі, формасы, 
түсіне байланысты талдап ажыраттырмаса, бала қателеседі. Бірақ әлі де болса, жеке 
бөліктерінің ерекшеліктерін ескермей жалпылама қабылдайды. 
Сәбилік кезеңнен бастап, кеңістікті бағдарлауға көңіл қою дағдыларын жақсы 
меңгереді. Бірақ олар әлі де болса, заттар мен кеңістіктердің ара-қатынасын бөліп 
қабылдай алмайды. Негізінде заттың қасиеті туралы түсініктен ерте қалыптасады. 
Кеңістікті дұрыс қабылдату үшін заттың формасын, көлемін дұрыс қабылдай білуінің 
маңызы зор. Сәбилік кезеңнің өзінде заттар мен белсенді әрекет ету нәтижесінде екі 
жастың өзінде заттың алыс-жақындығын, кеңістікте орналасуын, кенестезиялық және 
көру, вибрациялық түйсіктер арқылы ажыратып қабылдайды. Ал қимыл қозғалысы толық 
дамымаған бала арақашықтықты ажыратуы қиынға түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет