Syllabus пәннің атауы


 Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет72/78
Дата22.12.2023
өлшемі1,4 Mb.
#142730
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   78
Байланысты:
bala psiho4

10. Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар 


ТАПСЫРМАЛАР: 
1-тапсырма. 
Қай әдіс диалектикалық-материалистік зерттеу талабына сай екендігін 
анықтаңыз. 
а) Оқушы арнаулы кабинетте болады. Аспаптап оның тыныс алу өзгерісін, тамырының 
соғуын, егу жұмысы кезіндегі тітіркендіргіштерді байқап, жазып жатыр. Тәжірибе 
қорытындысы оның бұрыннан белгілі жағдайларымен салыстырылып қарастырылады.
ә) Оқушының жазу үлгісі оның жеке басының ерешеліктерін және мінез-құлық 
сипаттарын анықтап білуге болатынын көрсетеді. 
2-тапсырма
.
 Мысалда қандай зерттеу әдісі қолданылған? 
Зерттелушінің сезімін анықтау мақсатымен оған қорқынышты суреттер көрсетіледі де, сол 
кезде терінің астында болып жатқан өзгерістер электрондық аппараттармен зерттеледі.
3-тапсырма. 
Не себептен балалар салған суреттер зерттеуші үшін бала психикасы 
жайында бағалы материалдар болып табылады? 
Балалардың салған суреттерін қалайша зерттеуге болады?Өзіңіз зерттеген мәселенің 
жоспарын жасаңыз. 
4-тапсырма. 
Баланың ақыл-ойының даму деңгейін анықтау үшін қандай тестерді
пайдалануға болады? 
5-тапсырма. 
Балалар бақшасында зерттеушілер социометрия әдісін жиі қолданады. Сол 
социометрия әдісінің көмегімен қандай жайттарды анықтауға болады? Бұл әдістің 
жеткіліксіз жақтары қандай? Мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы қарым-
қатынасты зерттеу балалардың әрекет кезіндегі таңдаулары арқылы нәтижелі болуының
себебі неге байланысты? 
Төменде келтірілген мысалдардың сипатына сай іс-әрекет түрлерін талдап, олардың мән-
жайын анықтаңыз. 
а) психиканың даму шарттары; 
ә) әрекетті орындау тәсілдерін меңгеру жолдары; 
б) барлық психикалық сезімдердің айқын байқалуы; 
в) адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру және олардың 
нәтижелі болуына бағытталған іс-әрекет түрлері; 
г) ұғымдар жүйесін меңгеріп, оларды теруге және қолдана білуге бағытталған іс-әрекет 
түрлері. 
6-тапсырма. 
Мынадай жағдайларға сүйене отырып, басты мақсатты табыңыз. 
1.Ержан мектепке барар жолда өзіне қажетті дәріні алу үшін дәріханаға жиі кіреді.
2.Ержан сабаққа дейін де,сабақтан соң да ойынға беріліп, үй тапсырмасын толық орындай 
алмады. 
Ержан мектепке барар жолда кітапханаға кіріп, біршама уақытын сонда өткізеді. Төменде 
қандай дағдарыстық кезең сипатталып тұр: Бала өз «менің» түсінеді, жеке дара адам 
екенін ұғынады. Бұл кезеңде бала бәрін біледі, әрі дербестігін талап етеді: 
7-тапсырма. 
Кейбір отбасында, мектепке дейінгі мекемелерде балалардың заттармен 
әрекет етуі кешеуілдеп дамитыны байқалады. Мұның себебі не? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет