Syllabus пәннің атауы



Pdf көрінісі
бет74/78
Дата22.12.2023
өлшемі1,4 Mb.
#142730
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78
13- тапсырма
Мысалдарда қандай әдістер қолданылғанын анықтаңыз. 
а) Оқушының зейін тұрақтылығын анықтау мақсатымен, ол математикалық есеп шығарған 
кезде, қызықты теледидар хабарын қосып қойған. 
ә) Психолог маман балаларға түрлі суреттер көрсетіп, оларды қалай қабылдап, нендей 
қорытынды жасай алатынын анықтаған. 
б) Тәрбиеші балаларға бұрыннан таныс өздері қолданып, пайдаланып жүрген 10 заттың 
суретін көрсетіп, 1 минуттан соң заттардың бетін матамен жауып қойып, қандай заттар 
көргенін қайталап айтып беруін талап еткен. 
14-тапсырма. 
Санжардың шешесі тәрбиешіден кеңес сұрады. /Санжар 4 жас 7 айлық/ 
«Ұлымды қайтсем екен, бірбеткей, айтқанынан қайтпайды? Атасы мен әкесі де бірбеткей, 
мүмкін бұл тұқым қуалаушылық әсері шығар?» – деді. 
Шешесінің мазасыздануы орынды ма? Бала мінезінің осылай қалыптасуына 
психологиялық дамудың қандай факторлары әсер етті? 
Баланың шешесіне қандай кеңес айтар едіңіз? 
15- тапсырма. 
Кейбір ата-аналар арасында мынандай пікір қалыптасқан: балалардың 
бойындағы кейбір кемшіліктер – жалқаулық, тыңдамау, бірбеткей болуы тұқым 
қуалаушылық салдары деп санайды. 
Неге, қазіргі кезде ата-аналар көп нәрсені тұқым қуалаушылыққа аудара салады? Мүмкін 
деген себептерді атаңыз. 
16- тапсырма. 
1-қыркүйекке қарай Сабыр 5 жас 11 айға толып еді. Ол мектепке бармай 
бала бақшада қалды. Ал Мирас пен Болат 6 жасқа толып мектепке барды. Барлық 
балалардың дамуы бірдей. Бір жылдан кейін осы балаларға қайталап зерттеу жүргізілді. 
Нәтижесі мынандай: Мирас пен Болаттың даму деңгейі бала бақшадағы Сабырға 
қарағанда кәдімгідей жоғары болды. Ал мектепке барып жүрген осы екі баланың 
психикалық дамуын зерттегенде Болаттың даму көрсеткіштері жоғары болды. 
Балалар психикалық дамуының түрліше болуының мүмкін деген себептерін мына 
жағдайларды ескере отырып атаңыз: олар ауырған жоқ па және денесінің өсуі жағынан 
бәрі де біркелкі ме? 
17- тапсырма. 
Айдар /2 жас 7 ай/ жиі ауырады. Ұзақ уақыт ауруханада жатты, тілі шығып 
сөйлемейді. Айдардың тілі шығып сөйлеп кету үшін шешесі көп күш жұмсады. Айдардың 
тілінің кешеуілдеп шығып, сөзді қиын меңгеруінің негізгі себептері неде? 
18- тапсырма. 
Әңгімелесу әдісін қолданып, бала бақшадағы балалардың ересек тобында 
өзара қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау үшін жүргізілетін әңгіменің жоспары: 
-саған өз тобында болу ұнай ма? 
-сендер тату ойнайсыңдар ма? 
-ұрысып қаласыңдар ма? Жиі ме? 
-балалардың пікірі бойынша сендер татусындар ма? 
-саған топ ішінде кім ұнайды? Неге? 
-сендерді тату деп айтуға бола ма? 


-сен кіммен ойнайсың? 
-кімдермен ешқашан ойнамайсың? Неге? 
-сенімен оның ойнағысы келе ме? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет