Syllabus пәннің атауы


Бақылау жүргізудің жоспары



Pdf көрінісі
бет75/78
Дата22.12.2023
өлшемі1,4 Mb.
#142730
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78
Байланысты:
bala psiho4

Бақылау жүргізудің жоспары
1.Әңгімені талдаңыз. 
2.Топтағы балалардың ерекшеліктерін анықтаңыз
3.Қажетті мағлұматтарды молырақ алу үшін тағы да қандай әдістерді қолдануға болады?

19-тапсырма. 
Баланың сыртқы ортамен, заттарман қарым-қатынас жасаудағы дербестігін 
қалыптастыру үші н ата – аналармен қандай жұмыс жүргізу қажет? 
20-тапсырма. 
Бала бойын билеп, қаз тұрып жүре бастаған кезінде бұлшық ет 
сезгіштігінің дамуындағы кинестезиялық түйсіну мүшелерінің ( көрудің, сипап сезудің) 
арақатынасына талдау жасңыз. 
Бұлшық ет сезгіштігі кеңістіктегі заттардың орны мен арақашықтығын қалайша ажырата 
алады? 
21-тапсырма. 
Бала кеңістіктегі заттың бағытын, дұрыстығы мен алыс-жақындығын қалай 
меңгереді? 
22-тапсырма.
Педагогтар сәбилік кезеңде баланың ойыншықтарын аса көп болуы 
міндетті емес деп есептейді. Ойыншық аз болған жағдайда баланың заттар мен әрекет 
етуін қалай ұйымдастыруға болады? 
 23-тапсырма. 
2 жас 5 айлық Анардың әке-шешесі институттың кешкі бөлімінде оқи 
жүріп, жұмыс істейді. Баланы тәрбиелеуге мүмкіндіктері болмағандықтан, оны ауылдағы 
әжесіне тәрбиелеуге берді. Бір жылдан соң Анардың әке-шешесі қызын сөйлеу 
мәнеріндегі кемшілікті байқады. Бұл жағдайды қалай түсіндіруге болады? Бала сөйлеуінің 
қарқынды дамуының сензитивтік кезеңі қай мезгілде басталады? 
24-тапсырма. 
1 жас 6 айлық Серікті анасы киіндіріп отырып, «Қазір көйлегіңді 
киесің.Көйлегің кәне, маған әкеліп бер, шұлығыңды, бәтеңкеңді де ала кел» дейді. Серік 
баяу болса да анасының айтқандарын орындайды. Ананың әрекетімен келісесіз бе? Анасы 
сөз арқылы баласына тәрбиенің қандай сипатын қалыптастырғысы келеді? Қалай 
пайымдайсыз, осыдан соң Әли өз ықыласымен киіне ме? 
25-тапсырма. 
2 жас 8 айлық Меруерттің шешесі тәрбиешіге: «Қызым балаларға арналған 
кешкілік ертегі мен теледидар хабарын зейін қойып тыңдайды. Кейде мултьфильм 
көрсетер алдында оған түсінік берілсе, зейіні басқа жаққа тез ауып кетеді. Ал егер 
кітаптан оқылса, онда оны тіпті тыңдамайды» дейді. 
Сұрақ : Меруерт неліктен ауызша әңгімені тыңдамайды? Оның зейінін ауызша айтылған 
әңгімеге қалай тұрақтандыруға болады? 
26-тапсырма. 
Хайуанаттар паркінен қасқырды алғаш көрген Мерей шешесінен: «Рекс 
мұнда неғып тұр?» деп таңдана сұрады. (Рекс көршінің иті) 
Баланың жас ерекшелігін атаңыз. Баланың қасқырды қалай қабылдағанын түсіңдіріңіз. 
27-тапсырма. 
Сырым қолына қарындаш, қағаз алып, «ұшақтың суретін саламын» деді. 
Алайда суретті салғаннан кейін, «пойыз салдым» деді. 
Сұрақ: Осы құбылыс заңды ма? Мұндай әрекет баланың қай жас кезеңіне лайық? 
28-тапсырма. 
Ата-аналар мұғалімдерге мына сияқты сауалдарды жиі қояды: « Неліктен 
барлық бала оқу мен жазуды бірдей жақсы меңгермейді? Баламызға көмектескіміз келеді. 
Ол үшін не істеуіміз керек?»
Ата –аналарға кеңес беріңіз. 
29-тапсырма. 
«Баламның мектепке дайын не дайын еместігін қалай анықтаймын?» « 
Баламның мектепте оқуға ықыласы жоқ» дейтін ата-аналар бар.
Сұрақ: Баланың мектепке даярлығын психикалық жғынан қалай анықтауға болады? Оның 
мектепте қалай оқитынын алдын-ала білуге болама? 
30-тапсырма. 
Бағдат мектепке алғаш барғанда оқу мен жазуды өте қиналып меңгерді. 
Оның білім алу дағдысы баяу қалыптасты. Анасы мектепте не істедің, қандай тапсырма 
берді? Деп сұраса, ол кейде мұғалімнің не туралы айтқаның үйге нендей тапсырма 
бергенін білмейді. 
Мұндай жайт нендей жағдайға байланысты болуы мүмкін? Бағдатқа қалай көмектесу 
керек? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет