Syllabus пәннің атауы



Pdf көрінісі
бет23/78
Дата22.12.2023
өлшемі1,4 Mb.
#142730
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   78
Байланысты:
bala psiho4

№11 дәріс тақырыбы:
Нәрестелік кезеңдегі бала психикасына даму ерекшеліктері 
Дәрістің мазмұны:
1. Нәрестенің қимыл-әрекеттері 
2. Нәрестенің зейіннің дамуы
Бала қимыл әрекетері өте күрделі. Осы кезеңде қол қимылдарының дамуы аса 
маңызды. Белгілі бір затқа бағытталған нәресте қолының қимылдары шамамен өмірінің 
төртінші айында қалыптаса бастайды. 5-6 айында бала затты қатты ұстап алады, бұл көру 
қабілеті мен қозғалыс әрекеттерін күрделі түрде үйлестіруді қажет етеді. Осы сәттің әрі 
қарай дамуы үшін маңызы зор: ұстау – баланың алғашқы мақсатқа бағыттылған әрекеті, 
заттармен әр түрлі әрекет жасауды меңгеруінің негізі болп табылады. 
Екінші жарты жылдықты қол қимылдарына байланысты әрекеттер қарқынд түрде 
дамиды. Бала ұстаған затын сілкілейді, тарсылдатады лақтырып қайта алады, тістейді, 


қолдан-қолға ауыстырады және Жан Пиаже айналма реакция деп атаған біріңғай 
қайталанушы әрекеттер тізбегі дамиды. 7 айдан кейін «өзара сәйкес» әрекеттер кездеседі: 
бала үлкен заттарға кішкентай заттарды салады, қораптарды ашып, жабатын болады. 10 
айдан кейін алғашқы жүйелі әрекеттер, яғни үлкендердің әрекеттеріне еліктей отырып, 
заттарды қажеттілігіне байланысты дұрыс қолдану әрекеттері қалыптаса бастайды. Бала 
машинасын сүйрейді, барабандарды соғады, ауызына суы бар ыдысты жақындатады. 
Қабылдау және әрекет нәрестелік кезеңдегі көрнекі амалдық ойлауды алғашқы 
негізін қалаушы баспалдақ. 1 жылдың ішінде бала шеше алатын танымдық әрекеттер
бастапқыда қабылдау содан соң белсенді әрекет күрделене түседі. Жетістіктерге жету 
үшін бала көру және қателесу әдісімен әрекет етеді. Айтар болсақ, жастық астына 
қойылған ойыншықты іздеу кезінде, ол алдымен көзіне түскен жастықтың барлығын 
аудыры бастайды. 
Бірінші жылдың соңында бала күрделі ойын әркетіне ене бастайды. Бұл кейбір 
психологтарға шартты түрде болса нәресетелік кезеңде зат туралы ұғымның қалыптаса 
бастағандығы жөнінде айтуларына мұмкідік береді. 
Бала туғаннан бастап бірден зейіні реакциядан көрінеді. Ол әсіресе бірден шыққан 
дыбысқа, тым ашық түстен қашады. 1 айлық балада «бұл не?» рефлексі пайда болады. 
Егер бұндай рефлекс жануарда болса, тек биологиялық функция түрінде болады. Бұл 
рефлекс балаға мәнді бөлуге, оны тануға, онымен қарым-қатынаста болуға мүмкіндік 
береді. Қарапайым зейінге бала өзінің анализаторларын тоқтатп қабылдай алады. Нәресте 
2-3 аптадан кейін орташа дыбыс пен қатты дыбысты, қозғалысты байқайды. Нәресте 
туғанда әрине оған айтқанды түсінеді, тыңдайды. Нәресте бір айдың аяғында жай емес 
заттарға көңіл аударады. Нәресте 2-3 айдан кейін анасының белгілерін байқап онымен 
қатынаста бола бастайды. Зейіннің дамуы затты ұғып, түсінуге мүмкіндік береді. 
Нәрестеге 6 ай болғанда тітіркену «бұл не?» «онымен не істеуге болады?» ауысады.Енді 
бала тек затты емес, оның сынын, оның әсерін реттейді және ол бір уақытта кей затқа 
зейінін шоғырландырады. Мысалы, шарды қорапқа салады, бір шарды екінші шарға 
ауыстырады. Нәрестелік зейінге дамушы ерекшеліктерін көрсетеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет