Syllabus пәннің атауы



Pdf көрінісі
бет33/78
Дата22.12.2023
өлшемі1,4 Mb.
#142730
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   78
Байланысты:
bala psiho4

№21 дәріс тақырыбы:
Мектепке дейінгі шақта ойын баланың басты әрекеті 
Дәрістің мазмұны:
1. Ойын бала психикасын дамытушы басты құрал 
2. Оқу әрекетінің бала психикасының дамуына тигізетін әсері 
Ойын мектеп жасына дейінгілердің іс-әрекетін дамытуда негізгі жетекші рөл 
атқарады. Философтар, тарихшылар, этнографтар, психологтар мен педагогтар ойынның 
шығу тарихын, оның бала өміріндегі орнын тәрбиелік міндеттерді шешу үшін ойынды 
тиімді пайдалану мүмкіндіктерін зерттейді. 
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойынның айрықша маңызы бар, «ойын олар 
үшін оқу, еңбек және тәрбиенің нақты формасы» деді. 
Ойын мектеп жасына дейінгі балалар үшін қоршаған ортаны танып білу формасы. 
Ойынның әлеуметтік сипаты белгілі бір қоғамда өмір сүретіндігіне байланысты және 
ойын қарым-қатынас құралы. 
Баланың ойынына нендей нәрсе түрткі болады, соны ашып алау қажет. Өткен 
ғасырдағы кейбір оқымысты ғалымдардың айтуынша Шиллер «Бала қозғалмай, әр 
нәрсемен айналыспай көп отырса, соның салдарынан жұмсалмай қалған қуат жиналады да 
соны жұмсау қажеттілігі баланы ойнауға итермелейді». Бірақ бұл пікірге көптеген 
психологтар қарсы болған. Тек жұмсалмай қалған қуат күші жиналған балаларға ғана 
емес, кейбір шаршап отырған балалар да ойнайсың ба сұрағанда ойнаймын деп жауап 
береді. Соны есепке алып Австрия психологы К.Бюллер жұмсалмай қалған қуат теориясы 
баланың не себепті ойнайтынын дәледей алмайды деп ойынның себебін рахаттанумен 
байланыстырады. Себебі бала ойыны сол кезде мәз болып рахаттануымен 
ұштастырылмаса, екінші рет ойнағысы келмес еді.
Көрнекті орыс марксистерінің бірі Г.В.Плеханов «Бала ойын кезінде үлкендердің 
еңбек әрекетін қайталайды, сондықтан ойын еңбектің інісі» деген. Бірақта баланың 
ойнауына не себеп болатыны әлі анықталмаған. Себебі тек бала емес, жануарлардың 
төлдері, тіпті балапандар да ойнайды. Ойын тек адам баласына емес жаунарларға да тән 
болғандықтан жалпы айтқанда тіршілік репетициясы сияқты әрекет. Олар үлкендердің 
әрекетін нақты қайталай алмайды, бірақ өзін-өзі соған даярлау керек. 
Баланы қоғамның пайдалы іс-әрекетіне даярлап жан-жақты етіп дамыту үшін 
оқытудың маңызы зор. Баланың барлық психикалық дамуы үйрету, алдыңғы ұрпақтардан 
жинақталған тәжірибені беру арқылы жүзеге асады. Сонда да білім мен дағдының көбін 
бала үлкендермен тікелей қарым-қатынас жасау арқылы меңгереді. Әр жас кезеңіндегі 
оқыту баланың психикалық даму ерекшелігіне қарай белігілі бір бағдарлама, шағын 
материал негізіне сүйеніп жүргізіледі. Нәрестелік кезеңде бала күнделікті қоршаған 


ортадағы тіршілік жағдайымен, яғни тұрмыстық заттар мен ойыншық арқылы дүниемен 
танысады.
Мектепке дейінгі кезде одан да күрделене түседі, заттар мен құбылысқа деген 
ықылас пайда болады. Соның негізінде баланың білімі, іскерлікті игеруге сөздік қоры, 
творчестволық қиялы, сезімі, теориялық ойлауы дамиды, тіпті тұрмыстағы заттармен, 
құрал-жабдықтармен әрекет ете білуді меңгереді және еңбек балаларды қоғамның саналы 
мүшесі ретінде болашақ өмірге даярлайды. 
Әңгімені тыңдау, суретті қарау, үлкендер еңбегін, өз құрбысынан еңбек нәтижесін 
қарау негізінде түсінік алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет