ойлауының ерекшеліктері болады.
Біріншіден, 5 жастағы балада мәселені шешу күні бұрын ойланған сөздік формада
беріледі.
Екіншіден, соған байланысты баланың орындайтын әрекетінің мәні өзгереді.
Үшіншіден, әртүрлі жағдайдың әсер етуінен ойлау үдерісінің мәні өзгереді.
Төртіншіден, көрнекілік амалдық ойлау жоққа шығарылмайды, жоғалып та кетпейді.
Ол балада жинақталып тұрған қор сияқты.
Баланың ойлауының дамуына түрлі іс – әрекет әсер етеді. Іс – әрекет түрлері өз
тарапынан баланың сана сезімінде өзінше із қалдырады. Өйткені бала психикасының өзі іс
– әрекетінің барысында дамып, қалыптасып отырады. Іс – әрекеттен тыс тіршілік
болмайды, онсыз психика да дұрыс дамымайды. Іс – әрекеттің түрлері ойын, оқу, еңбек
әртүрлі формадағы белгілі бір мақсат пен міндеттерге бағытталып отырады.
Психологтардың айтуы бойынша, бала қай тілде қарым – қатынас жасаса сол тіл
шын мәнінде бала үшін ана тіліне айналады. Алдымен сөйлеудің дыбыстық жағы дамиды.
Мектепке дейінгі кезеңнің соңында контексті сөйлеуге көшуге мүмкіндік болады. Бала
тілдің грамматикалық жағын меңгеріп, үлкен сөздік қорын игереді. Ол оған оқып берген
мәтіңді қайталап айтып беруіне, суреттеменің мазмұнын баяндауға, айналасындағылармен
көргенін, алған әсерін ұғыңықты тілмен жеткізуіне мүмкіндік береді.
Жалпы мектепке дейінгі кезеңде үлкендерге тиісті ауызша сөйлеудің барлық түрін
меңгереді.
Монолог сөйлеу, әңгіме айту дағдысы қалыптасады. Ол үлкендерге көргенін
жеткізіп қана қоймайды, сонымен қатар сол нәрсеге байланысты өз алған әсерін де жеткізе
біледі. Құрбыларымен қарым – қатынас кезіңде диалогты сөйлеуі дамиды.
Эгоцентрикалық сөйлеу балаға әрекеттер жоспарлап, жүйелеуге көмектеседі. Бала
алдағы әрекеттің жоспарын құрып, міндеттерін орындау тәсілін талқылайды, сөздердің
жаңа формаларын қолдану, ашық түрде айту, осы кезеңдегі балалардың қарым –
қатынасының жаңа міндеттеріне байланысты.
Ситуациялық сөз дегеніміз өзара әңгімелесіп отырған адамдардың өздеріне ғана
түсіңікті сырттан келгендер бұл жағдайды түсінбейтін түсініксіз сөз. Ситуациялық
сөйлеуге тән қасиет жобалап қана түсінуге болатын бастауышы түсіп қалған сөз. Бірақ ол
көпшілік жағдайда есімдікпен ауысады, яғни «ол, олар» деген сөздерді пайдаланады.
Бала тілін дамыту үшін жұмбақ шешу, ертегі айту, тақпақ жаттаудың маңызы зор.
Бала 5 жастан бастап, әңгіменің мазмұнын өз бетінше құрастырып, айтып бере алады,
соның нәтижесінде диалогты және монологты сөздік қоры дамиды.
Тілдік материалдар негізінде байланысты сөйлеу ішкі сөйлеумен тығыз байланыста
болады. 5 жастағы балалардың ойы тілдің қозғалуымен еріннің жыбырлауы және өз ойын
сыбырлап сөйлеу арқылы жүзеге асады. Өйткені адам өзінің ойының мазмұнын жақсы
біледі. Балалар үшін ішкі сөйлеу өте қысқа және икемді болады. Атақты психологтар
А.А.Люблинская, Л.С.Выготский, Жан Пиаже зерттеулерінде 4-6 жастағы балаларда
эгоцентрикалық сөз формасы басым болады. Бірақ эгоцентрикалық сөз 6 жастан кейін
қалу керек.