«Келісілді / Согласовано»
Методист / Методист
________________Ж.С. Ильясова
«______»______________ 2017 ж. / г.
АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕСІ
Пәні бойынша: «Қазақ әдебиеті»
Мамандығы: «Негізгі орта білім беру»
Топ: НОБ-116
Тақырыбы:М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы
Дайындаған оқытушы:
Т.Б.Абрарова
Өткізу мерзімі:
Дата проведения: 20.01.2017
Сабақтың тақырыбы: Міржақып Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романының тақырыбын, идеялық мазмұнын таныту.
Дамытушылық: студенттердің танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ынтасы мен қызығушылығын, логикасын жетілдіру, сыни тұрғыдағы көзқарасына еркіндік беру.
Тәрбиелік: студенттердің бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату, төл әдебиетке деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Білім беру бағдарламасы мен стандарттағы жоспарланған құзыреттері: Өзіне қажетті ақпаратты іріктеп алып, өңдеп, өзгелерге түсінікті етіп жеткізе білу. Алған білімдерін игеру, жобалау, құрастыру, зерттеу және шығармашылықпен қолдана білу тәсілдерін меңгеру.