1.Әлемдік саясат ұғымы.
Бүкіл ғаламшардағы адамзат дамуының қазіргі жағдайларында жиынтық әлемдік саяси процесі ретінде халықаралық қатынастардың саясаттануы мына проблемаларды бірінші кезекке қояды:
а) халықаралық қатынастар жүйесі және оның шығу тегі;
б) дүниежүзілік саясат пен халықаралық құқықты қалыптастырудағы таптық және ұлттық мүдделердің рөлі;
в) дүниежүзілік әлеуметтік ілгерілеу;
г) осы заманғы ғаламдық проблемалар және оларды шешу жолдары;
Халықаралық қатынастар халықтар, мемлекеттер мен мемлекеттер жүйесінің арасындағы байланыстар мен өзара байланыстардың жиынтығын сипаттайды. Халықаралық қатынастар деп саяси, шаруашылық-экономикалық, ғылыми-техникалық, валюта-қаржылық, әлеуметтік, дипломатиялық, құқықтық, ізгілік және коммуникациялық байланыстардың және дүниежүзілік қоғамның барлық негізгі субъектілері арасындағы қатынастардың жиынтығы ұғынылады.
Халықаралық қатынастар саясаттануының негізгі субъектілері - мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар. Олардың өзгешелігінің басты белгілері егемендігі (мемлекеттің) және егеменді еместігі (халықаралық ұйымдар, қозғалыстар және т.с.с.) болып табылады.
Негізгі ұғымдардың шектелу қажеттігі туралы. Саясат ғылымында "халықаралық қатынастар", "сыртқы саясат", "дүние жүзілік саясат" санаттары қолданылады.
Сыртқы саясат — халықаралық аренадағы жекелеген мемлекеттердің іс-қимылдарының сипаты, сонымен бір мезгілді халықаралық қатынастар ретінде бүкіл сыртқы саясаттардың белгілі бір жиынтығы болып табылады.
Халықаралық қатынастар жекелеген мемлекеттердің айқындамалары мен іс-қимылдарының, олардың қатынастары мен проблемаларының әншейін жиынтығы ғана емес, керісінше белгілі бір объективті және субъективті факторларға байланысты серпінді түрде дамитын жүйе болады.
Мемлекеттің халықаралық қатынастары мен сыртқы саясаты өзара ықпалдас болады. Бір жағынан, халықаралық қатынастар көбінде белгілі бір тарихи дәуірде жетекші державалардың ішкі саясатын бейнелеп, білдіреді, екінші жағынан, кез келген мемлекет халықаралық құқықтың қалыптасқан өзара қатынастарының, нормалары мен принциптерінің дүниежүзілік шынайылығын, "әлемдік саясат ойыны ережелерін" есепке алуға мәжбүр болады.
Осы заманғы халықаралық қатынастардың сипаттамасынан нені есепке алу керек?
Біріншіден, XX ғасырдың 90-жылдарында түбегейлі өзгерістер болды: КСРО, социализмнің әлемдік жүйесі күйреді, Варшава Шарты мен Экономикалық Өзара Көмек Кеңесі таратылды, "қырғиқабақ соғыс" жойылды, бұрынғы кеңестік кеңістіте жаңадан жас ұлттық мемлекеттер пайда болды және т.т.
Екіншіден, Шығысқа НАТО ықпалының өрістеу процесі жүріп жатыр. Югославияға қатысты АҚШ пен НАТО саясаты — НАТО-ның БҰҰ Жарғысын бұзғанын дәлелдейтін оқиға, олар ашық түрде соғыс қимылдарына килікті.
Үшіншіден, Ресей мен Шешенстан арасындағы жанжал. Төртіншіден, адамзат алдында тұрған ғаламдық проблемалар. Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар тәжірибесінде әртүрлі замандағы белгілі бір заңдылықтар байқалады:
а) біртұтас ұлттар өздерін дүниежүзілік аренада тең құқықты субъектілер деп мәлімдей отырып, халықаралық қатынастарға қатысушылардың мемлекеттілік пен егемендікті барынша жүзеге асыру үрдісі;
б) халықаралық қатынастарға қатысушылар санының барған сайын ықпалдасуының күшейе түсуі, кең көлемді саяси, әлеуметтік-экономикалық және ізгілік ынтымақтастықтың институциялық нысандарының нығаюы үрдісі;
в) жаңа қауымдастықтың орнығуы процесінде диалектикалық тұрғыдан өзара мүдделестікті ескеру негізінде ынтымақтастықты ұлғайту, сондай-ақ әртүрлі мемлекеттердің бесекелестігі мен тіпті тайталасу процестері болған кездегі халықаралық қатынастардың өтпелі жай-күйі.
Халықаралық (дүниежүзілік) саясат халықаралық құқық субъектілерінің мүдделерімен келісуіне, соғыс және бейбітшілік, бүкіл адамзаттың өмір сүруі, жалпыға ортақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен ғаламдық, аймақтық және ұлттық жанжалдарды реттеу, қоршаған ортаны қорғау, медеулік пен кедейлікті, аштық пен ауруларды жеңу, әлемде әділетті тәртіп орнату мәселелерін шешуге байланысты осы субъектілердің мақсатты саяси қызметі болып табылады.
Бүгінгі таңда дүриежүзілік қауымдастықта тарихи, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамудың әртүрлі деңгейлеріндегі 200-ден астам мемлекеттердің өкілдері болып отыр.
Дүниежүзілік саясат құрылымдық жағынан ұлттық мемлекеттердің сыртқы саяси қызметі, БҰҰ-ының, халықаралық одақтардың, ұйымдар мен мекемелердің ғаламдық қызметі, осыған өкілдік алған мемлекеттер мен халықтардың өкілдері болып табылады. Дүниежүзілік саясаттың негізгі артықшьшықтары адамзат алдында тұрған ортақ проблемаларды шешу қажеттілігімен және осы саясат субъектілерінің ұлттық мүдделеріне байланысты болады.
Саясаттың халықаралық қатынастардағы жетекші рөлі мына факторларға байланысты болады:
а) дүниежүзілік саясат субъектілерінің орасан зор ресурстары мен бүкіл, қоршаған дүниеге әсер ету мүмкіндіктері бар, сонымен бірге олар саяси, сондай-ақ саяси емес халықаралық процестерді басқарудың қуатты тетіктеріне ие болып отыр;
б) халықаралық қатынастардың қадамдастыру жөнінде айқын көрінетін үрдісі бар, мұның өзі оларды реттеуге арналған халықаралық саяси тетіктерді жетілдіруді талап етеді;
в) қазіргі заманғы ядролық дәуір бүкіл адамзаттың қауіпсіздігі мен өмір сүру пробемаларын айрықша қойып отыр, бұл дүние-жүзілік саясаттың басты бағытын белгілейді;
г) осы заманғы әлем сонымен бір мезгілде қарама-қайшылықты және біртұтас, өзара байланыстарды әрі өзара тәуелді дүние.
Дүниежүзілік саясатта жалпы адамзат проблемалары мен мемлекеттің ұлттық мүдделері мәнді көрінісің, табады. Ұлттық мүдде мемлекет қызметінде оның түбегейлі қажеттерін түсіну мен көрсету болып табылады.
Халықаралық саясат екі бірдей процесс: мемлекеттің өз мүдделерін қорғау мен жүзеге асыру және басқа мемлекеттердің, дүниежүзілік қауымдастықтың мүдделерін есепке алу болып табылады.
Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар, дүниежүзілік саяси процесс екіұдай қарама-қайшы әлемнен көп қарама-қайшылықты әлемге көшуімен сипатталады, АҚШ-тың басым айқындамаларын сақтаған жағдайда саяси және экономикалық өзара байланыстар мен қатынастарды ғаламдастыру процесі жүреді. Туындайтын алшақтықтарды шешудің әдісі ретінде халықаралық қатынастарда қауіпсіздікті нығайту мен соғысты жою проблемасы басты мәселе болып отыр, халықаралық және ұлттық өмірлік қызметінің негізгі салаларын демократияландыру үрдістері көріне бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |