Т. Е. Тұмашбай «Әлеуметтану және саясаттану» пәні б ойынша дәрістер жинағы Шымкент 2021ж


-тақырып Әлеуметтану ғылым ретінде. Саясаттану – ғылым және оқу пәні ретінде



бет2/89
Дата31.12.2021
өлшемі434,02 Kb.
#22040
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89
1-тақырып

Әлеуметтану ғылым ретінде. Саясаттану – ғылым және оқу пәні ретінде.

1.Әлеуметтану мен саясаттанудың объектісі мен зерттеу ерекшеліктері

2. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы.
Әлеуметтану ғылым ретінде.

Әлеуметтік білімнің негізгі қызметі - әлеуметтік құбылыстар мен проблемаларды дұрыс түсініп, олардың пайда болу, бой көрсету себептерін ашу, оларды шешудің әртүрлі жолдарын танып білу.

Бұл ғылымның «социология» деген атауы латын, грек сөздерінен құралған: «societas»-латын тілінде қоғам, «logos» грекше ілім, ұғым деген сөз. Демек социология қоғам туралы ілім деген мағынаны білдіреді. Бірақ қоғам басқа да ғылымдардың зерттеу обьектісі болып табылады. Сондықтан әлеуметтану – қоғам туралы ғылым деумен шектелсек, бұл ғылымның өзіне тән обьектісі мен пәнін ашып бере алмайды.

«Қоғам» деген термин әлеуметтануда адамдар арасында болып жатқан алуан түрлі қарым-қатынастардың күрделі жиынтығын білдіреді. Сондықтан, жалпы алғанда, қоғам барлық қоғамдық ғылымдардың зерттеу обьектісі бола отырып, сонымен қатар әрбір ғылым өзінің ерекше зерттеу объектісін бөліп алады. Экономика ғылымдарының объектісі-өндіріс, өндірістік қатынастар, тұтыну мәселелері. Экономика саласымен салыстырғанда, саясаттанудың өз ерекшелігі бар. Саясаттану саяси билік жүргізу мәселелерімен тікелей байланысты. Бұл политологияның, саяси ғылымдардың обьектісі. Қоғамның рухани өмірін, яғни рухани байлықты өндіру, тарату ісімен, адамдардың рухани қажеттерін өтеудің жолдарын, түрлері мен әдістерін зерттейтін мәдениеттану, педагогика, психология сияқты бірқатар ғылымдар бар. Міне бұдан көптеген қоғамдық ғылымдардың зерттейтін объектісі –тұтас қоғам емес, оның белгілі бір саласы ғана екенін түсіну қиын емес.

Демек әлеуметтану қоғамды тұтас қарастырмайды, тек сол қоғамның әлеуметтік өмірін ғана зерттейді. Яғни, адамдардың айтарлықтай кең қауымдастықтарының арасындағы (таптар, халықтар және басқа әлеуметтік топтар, ұлттар т.б.) және осы қауымдастықтардың өкілі ретінде көзге түсетін жеке адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды қарастырады. Осы қатынастардың субъектілерінің ерекшеліктеріне сәйкес әлеуметтік қатынастар әлеуметтік топтар (топтар мен әлеуметтік таптар), әлеуметтік-демографиялық (ерлер, әйелдер, балалар, жастар, зейнеткерлер, жанұя мүшелері), әлеуметтік территориялық (қала, село тұрғындары), әлеуметтік-этникалық (ұлттық, халықтық топтар), әлеуметтік-кәсіптік (еңбек коллективтері, кәсіптік бірлестіктер), жеке адамдар арасындағы қатынастар болып бөлінеді. Сонымен, әлеуметтік өмірдің өзегі-адамдардың және олардың бірлестіктерінің іс-әрекеттер, өзара байланыстары. Осыған сәйкес әлеуметтану адамдардың өзара қарым-қатынасында білдіретін мінез-құлқы жайлы ғылым деуге де болады.

Әлеуметтану ғылымының ішкі логикасын, оның пәнін ашатын, әлеуметтік құбылыстар мен процестердің мәнін танып білудің тірегі-категориялар мен заңдары. Категориялар-әлеуметтік болмыстың мәнді жақтарын, қасиет – белгілерін, құрылымдық элементтерін бейнелендіретін негізгі ғылыми ұғымдар. Ал осылардың арасындағы ішкі және қажетті байланыстар мен қатынастарды бейнелендіретін ұғымдар – заңдар болып табылады.

Әлеуметтану ғылымының негізгі категориясы «әлеуметтік» ұғымы. Бұл ұғым «әлеуметтік жүйе», «әлеуметтік құрылыс», «әлеуметтік институт» т.б. көлемді ұғымдарды қамтиды. Бұлардың әрқайсысы өз алдына бірнеше маңызды категорияларға бөлінеді. Мәселен, «әлеуметтік топ» категориясы «тап», «әлеуметтік қабат», «халық», «жанұя» ұғымдарымен тікелей байланысты.

Әлеуметтану әлеуметтік болмысты, социумды зерттейтін ғылым болғандықтан, оның заңдары да әлеуметтік сипатта болады, яғни қоғамның, әлеуметтік қауымдастықтардың, топтармен жеке адамдардың іс-әрекеттері мен өзара байланыстарының заңы болып табылады. Әлеуметтік заңдар адамдардың және олардың топтарының мінез-құлқын реттейді, жеке адамдар мен олардың қоғамдастықтарының арасындағы қарым-қатынстарды анықтайды. Ол заңдар адамдардың және олардың бірлестіктерінің іс-әрекеттерінен көрініс береді. Әлеуметтік заңдарға, мысалы, әлеуметтік жіктелу, бірігу заңдары, әлеуметтік мобильдік (бір топтан басқасына өту) заңы, қоғамдық өмірдің интернационалдануы, жеке адамның әлеуметтенуі т.б. заңдар жатады. Олардың сипатына көрініс беруіне қарай динамикалық және статистикалық заңдарға бөлінеді. Динамикалық заңдар нақты жағдайда өз ретімен болатын оқиғалар арасындағы бір мәнді, қатаң байланысты көрсетеді., олардың бағытын, түрлері мен факторларын анықтап береді. Статистикалық заңдар әлеуметтік құбылыстарды қатаң қажеттілік түрде айқындамай, белгілі бір ықтималдыққа жол береді, сөйтіп әлеуметтік өзгерістердің негізгі бағыты мен тенденциясын ғана көрсетеді.



Саясаттану сөзі гректің "саясат" және "ілім" деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Баска қоғамдык ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рел атқарды. Оның дұрыс немесе бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардың, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни баскыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы, қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі.

Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы құбылысын өте ерте заманнан түсініп білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдің ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстың қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни, мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарады. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (казіргі Ирак), Үндістаңда, сол кездегі мифтерге сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Кытай мифі бойынша билік кұдайдың құдіретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымен байланысты император болып есептелген. Ежелгі гректер ең алғашқы билікті жүргізуші құдайлардың өздері деп пайымдаған. Кейінірек адамзаттың іс-тәжірибесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері, тұжырымдамалары пайда бола бастады. Қоғамдық-әлеуметтік және саяси құрылымы мен қатынастарының одан әрі курделіленуі, материалдық өндірістің, халық санының есуі оның еміріне мемлекеттің тікелей араласуына әкеліп соқтыр-ды. Мұндай жағдайда ұлы ойшылдар саясатты ғылыми тұрғыдан түсініп, оны орынды пайдаланудың, мемлекетті тиімді басқарудың жолдарын іздестіре бастады. Бұдан келіп саяси теориялар туды.

Біздің з.б.бірінші мыңжылдықтың ортасыңда саясатты діни, мифологиялық танудың орнына философиялық, этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендер Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялықтұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат, мүддесіне сай келуге, адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты.

Әдетте, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді атайды. Өйткені ол өз заманыңда лицей ашып, соңда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. "Саясат" деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет болып есептелетін) саяси жұйесін зерттеді. Дегенмен, ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл, хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке, әділеттілікке жетуді жеңіддету, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымен қатар ол саясаттану мәселелерін этика, фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады.

Орта ғасырда саясаттың діни, этикалық түрі қалыптасады. Оның негізін салушы Фома Аквинский саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары құдайдың қалауына қарсы шықса, халықтың оларды құлатуына болады деген байлам айтты.

Саясатты қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның XVIғасырда өмір сүрген ойшылы Никколо Макиавелли болды. Ол саясатты теологиялық (құдайшылдық) түсіндіруден арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдеді. Саяси зерттеулердің өзегі етіп мемлекеттік билікті қойды және оны қалай қолға түсірудің, пайдаланудың неше түрлі әдіс, тәсілдерін көрсетті. Соның арқасында саясаттануды біздің қазіргідей түсінуімізге жол ашылды.

Феодализмніңыдырап, капиталистік қатынастардың қалыптасуы қоғамды демократияландырып, жалпыға бірдей сайлау құқығын кіргізуге, көпшілік саяси партиялардың кеңінен қанат жаюына, ақпарат құралдарының өрістеуіне мүмкіндік берді. Халықаралық, мемлекетаралық қатынастардың ауқымы кеңейді, саясаттың қызметтері мен міндеттері күрделілене түсті. Сондықтан саяси құбылыстар мен процестерді арнайы зерттеуге, саясаттану теорияларын жасауға тура келді. Бұл ретте Дж. Локк, Ш. Л. Монтескье, Ж. Ж. Руссо, Т. Джефферсон, Т. Пейн, И. Кант, Гегель сынды көрнекті ғалымдар көп еңбек сіңірді.

Саясаттану XIXғасырдың екінші жартысында өз алдына жеке пән ретінде қалыптасты. Оған бұл кезде бихевиористік, тәжірибелік (эмпирикалық) әдістердің кеңінен пайдаланыла бастауы зор ықпалын тигізді. 1857 жылы АҚШ-тың Қолумбия колледжінде (кейін Колумбия университетіне айналды) профессор Фрэнсис Либер "Тарих және саяси ғылым" деген кафедра ашты. Соның негізінде онда 1880 жылы саяси ғылымның жоға-ры мектебі құрылды. АҚШ-тағы сияқты 1872 жылы Францияда мемлекеттік аппаратқа арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс істей бастады. 1889 жылы Американың Саяси және әлеуметтік ғылымдар академиясы, 1903 жылы америкалық саяси ғылымдар ассоциациясы құрылды.

XXғасырдың басында саясаттану бөлек академиялық пән ретінде толық белініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толықканды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен 1949 жылы қүрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы зор рөл атқарды. Ол саяси зерттеудің белсенділігін арттыру жолында қазір де жемісті еңбек етуде.

Бүгінгі танда АҚШ-тың, Шығыс елдерінің барлық жоғары оқу орындарында саясаттану жеке пән ретінде барлық факультеттерде міндетті түрде оқытылады, әлемнің ең ірі университеттері оған мамандар дайындайды. Мысалы, АҚШ-та саясаттанудың мамандандырылған 26 саласы бойынша білім береді. Шетелдерде, әсіресе, бұл ғылымның қолданбалы түрі кең өріс алған. Оны бітірген маман саясатшылар маңызды саяси шешімдердің жобаларын сараптауға, партиялар немесе басқабірлестіктердің сайлау алдындағы бағдарламаларын талдауға, үкіметтік дағдарыстар мен халыкаралық катынастардағы шиеленіс жағдайларының себебін ашуға кеңінен пайдаланады.

Бұрынғы Кеңес елінде бұл ғылымды партияға, халыққа қарсы, буржуазиялық ғылым деп айдар тағып, оқытпаған болатын. Себебі, Кеңес өкіметі, шын мәнінде, саяси сауатты адамдарды даярлауға мүдделі болмады.

Бірақ бұдан ол кезде саяси ғылымға еш кеңіл бөлінбеген екен деген ой тумауға тиіс. Саясат мәселелері қаралып, зерттеліп жатты. Алайда, олар ғылыми коммунизм, тарихи материализм, Коммунистік партия тарихы сияқты коммунистік идеологияға негізделген пәндердің шеңберінен шыкпайтын және ең алдымен қандай әлеуметтік-саяси процестер социализм мен коммунизмге әкелуі мүмкін, соның жолдарын іздейтін.

Саясаттануға деген көзкарас 1980 жылдардың екінші жартысында бұрынғы Кеңес Одағындағы түбегейлі реформаларға, қоғамның демократиялануына, тоталитарлық жүйенің күйреуіне байланысты өзгерді. 1989 жылдан Жоғары Аттестациялау Комиссиясында саясаттанудан эксперттік кеңес жұмыс істей бастады. 1990 жылы КСРО-ның ғылым және техника бойынша мемлекеттік комитеті "Саяси ғылымдар" деген атпен саяси ғылым қызметкерлерінің тізімін ресми түрде бекітті. 1989-1990 оқу жылдарында Балтық бойы елдерінде, 1990 жылдан бастап ТМД-ның басқа елдерінде саясаттану оқытыла бастады. Қазір Казақстанньщ барлық жоғары оқу орындарында бұл ғылым жеке пән ретінде өтілуде. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті және Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университеті және т.б. жоғары оку орындарында бұл салада арнаулы мамандар даярлайды.

2. Әлеуметтік білімдер құрылымы.

Әлеуметтану білімінің мәні оның құрылымынан көрінеді. Алынған білім деңгейіне қарай әлеуметтану теориялық және эмпирикалық болып бөлінеді. Теориялық деңгейде әлеуметтік өмір саласында жинақталған нақты материялдардың терең талдануы жүргізіледі, оның даму тенденциялары анықталады, негізгі категориялар мен заңдарға талдау жасалынады. Эмпирикалық деңгейде бақылау, сауал жүргізу, құжаттарға талдау жасау, статистикалық мәліметтер негізінде эмпирикалық материал жинақталады, сондай-ақ алынған материалдың алғашқы өңделуі жүргізіледі.

Іргелі және қолданбалы әлеуметтанудың айырмашылықтары көрсетіледі. Алғашқысы теория мен методологияны жетілдірумен, екіншісі - әлеуметтік өмірдің құрылымының іс-тәжирибелік мәселелерін зерттеумен айналысады.

Әлеуметтану білімін сондай-ақ үш деңгейге жіктеуге болады:

Біріншісі - жалпы теориялық әлеуметтану. Бұл біртұтас социумның өмір сүруі мен дамуының жалпы заңдылықтарын анықтауға бағытталған макросоциологиялық зерттеу болып табылады.

Екіншісі-әлеуметтік жүйенің жекелеген құрамдас бөлімдерінің әрекет етуі мен өзара байланыстарының заңдылықтарын зерттеуге бағытталған жалпылығы орташа социология.

Үшіншісі - микросоциология. Ол жекелеген адамдардың қимылы мен өзара қарым – қатынасын, мінез-құлқын бақылау арқылы әлеуметтік құбылыстар мен процестерді зерттейді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет