Т. Е. Тұмашбай «Әлеуметтану және саясаттану» пәні б ойынша дәрістер жинағы Шымкент 2021ж


Қазақстан Республикасы сыртқы саясаты, оның көп бағыттылық сипаты



бет77/89
Дата31.12.2021
өлшемі434,02 Kb.
#22040
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   89
2.Қазақстан Республикасы сыртқы саясаты, оның көп бағыттылық сипаты.

Дүниежүзілік тәртіпті қалыптастырудың геосаяси үлгілері туралы. Әлем XXI ғасырда қандай болмақ?

АҚШ-тың бұрынғы Президенті Б. Клинтон АҚШ Конгресінде сөйлеген сөзінде XXI ғасыр — бұл Американың ғасыры деген болатын.

ФГР-ның бұрынғы канңлері Т.Коль XXI ғасырда дүние жүзілік қоғамдастықтың дамуын үш орталық: АҚШ, Германия мен Жапония Біріккен Еуропа анықтайтын болады деп атап көрсетті.

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Накасонэ әлемдік дамуды тоғыз орталық Капитализмнің дамыған жеті елі, Pecей мен Қытай белгілейтін болады жаздады. Кейбір саясаткерлер XXI ғасыр екі үстем державалардың – АҚШ пен Қытай тай-таласының ғасыры болады дей eceптейді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев бейбітшілік, қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы ынтымақтастық негізінде іргесі қаланатын бірнеше орталықты атап көрсетті.

Бұл саяси қайраткерлердің, мемлекеттер басшыларының болжамдары. Халықаралық қатынастар саласындағы мамандар да болжамдар жасайды, олар жоғарыда айтқан пікірлермен қаншалықты бөлісер екен?

Дүниежүзілік тәртіпті қалыптастырудың бірінші үлгісінде әлем бір – қарама-қайшы-авторитарлық үлгі ретінде көрінеді, онда АҚШ өзінің еркімен және өзінің ұлттық мүдделеріне және өзінің дүние түсінігінің негізделген "әлемді құрумен" айналысуға мәжбүр болады.

Екінші үлгі - екіұдай қарама-қайшылықты қақтығысты үлгі, онда АҚШ пен Қытай жетекші рөл атқарады.

Үшінші үлгі – көп қарама-қайшылықты әлем — әртүрлі елдердің, ең алдымен саяси ықпал мен қуат орталықтары мүдделерінің теңгерімі есебінің үрдісімен байланысты тайталассыз демократиялық жүйе.

Қазіргі уақытта ең болашағы бар әрі ықтималыдар қарама-қайшылықты әлемнің үшінші үлгісі болып табылады, оны жүзеге асыру дүниежүзілік геосаяси дамудың екі алғашқы нұсқаларының әсеріне байланысты болады.

Дүниежүзілік қоғамдастықта Қазақстан қандай орынлады, біздің мемлекетіміздің сыртқы саясатының принциптері мен мақсаттары қандай?

1991 жылы Қазақстан егеменді ел, халықаралық қатынастардың дербес субъективті болды. Алайда тәуелсіздік алып, егемендікті жариялау көптеген проблемаларды шешу қажеттігін талап етті. Қазақстан дүниежүзілік саясаттың белортасында болды, сондықтан оған ерекше назар аударылды. Осының барлық негізі бар болатын, ең алдымен, оның аумағының орасан зор көлемі, ұшан-теңіз табиғат байлықтары, халқының көп этникалық құрамы, сайып келгенде, бұрынғы КСРО-ның адролық әлуетінің көп үлес-салмағы болды.

Қазіргі кезенде Қазақстанның тәуелсіздігін 120 мемлекет танып отыр, олардың 115 мемлекетімен дипломатиялық қатынастар орнатылған, 49 шетел елшіліктері мен миссиялары, халықаралық ұлттық ұйымдардың 19 өкілдіктері жұмыс істейді, Республика БҰҰ-ның мүшесі болды.

Қазақстанның сыртқы саясат бағыты беделді халықаралық ұйымдар мен форумдардың бірқатар құжаттарында, атап айтқанда, БҰҰ-ның Жарғысында, 1970 жылғы халықаралық құқық принциптері туралы мәлімдемеде, 1975 жылғы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Кеңестің қорытынды актісінде баянды етілген халықаралық қатынастардың негізгі принциптерін сақтауға бағдарланған.

Құжаттарды талдау халықаралық актілерде әңгіме он принцип туралы болып отырғанын дәлелдейді:

1. Егемеңді теңдік принципі.

2. Басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау принципі.

3. Халықаралық ынтымақтастық принципі.

4. Халықаралық міндеттемелерді адал орындау принципі.

5. Күш қолданбау немесе күштеп қоқан-лоққы жасамау принципі.

6. Шекаралардың мызғымастығы принципі.

7. Мемлекеттер аумағының тұтастығы принципі.

8. Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу принципі.

9. Ұлттар мен халықтардың өзін-өзі билеу прииципі.

10. Адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеу принципі

Президент Н.Назарбаев Қазақстанның сыртқы саясатыньщ негізгі бағыттарына "Егемен мемлекет ретінде Қазақстанның орнығуы мен дамуы" деген еңбегінде: "ТМД", "АТА", "Азия", "Еуропа", "Америка" бағыттары деп анықтама берген. Кез келген басқа мемлекет сияқты, Қазақстанның сыртқы саясаты ұлттық мүдделерге негізделді. Геосаяси жағдайды, экономиканы, әскери әлуетті, экономикалық-саяси құрамды негізге ала отырып, біздің мемлекет дүниежүзілік дипломатияда қабылданған саяси құралдарға сүйенеді.

Бұл тұрғысындағы стратегиялық бағыт аумақтық жағынан жақын "көршіміз" Ресеймен өзара қатынас болып табылады, онымен қатынастар екі мемлекеттің даму тарихы барысында қалыптасып, олардың мүдделері көп ретте үйлесім тапты. Тең құқықтық және сенімді қатынастардың дамуы мен нығаюы Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады.

Қазақстан Орта Азия мемлекеттерімен ықпалдастық процестерін белсенді түрде ұстанып келеді. Отын-энергетика кешеніндегі ықпалдастық аймақтың барлық мемлекеттерін отынның барлық түрлерімен толық қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасайды, сонымен бірге, табиғи шикізат пен бірлескен инвестициялар негізінде бәсекелік-еркін өнім өндіруді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін сенімді экспортгық және жиынтық өндірістік әлует жасайды. Бүгінгі таңда берік өзара қатынастар ең алдымен осы аймақта Қырғызстанмен және Өзбекстанмен болып отыр.

"АТА" бағыты — бұл Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдеріне шығатын Пекин-Сеул-Токио бағыты. Оның маңыздылығы бұл елдердің озық технологиялар елдері болуымен анықталады, олар кең көлемді инвестициялар мүмкіндігі бар несие көздері болып табылады. Болашақта бұл аймақ Қазақстанда бірқатар жобаларды іске асыру үшін біздің өнімдерімізді өткізу және жұмысшы күшін тарту рыногына айналуы мүмкін.

АТА ауқымыңда Жапония жетекші рөл атқарады және АТА-ны дүниежүзілік экономиканың орталығына айналдыруға ұмтылып отыр. Жапония Қазақстанның аса ірі қаражат құюшысы болады. Жаңада құрылған экономикалық және әлеуметтік дамыған Қазақстан-Жапония қауымдастығы (1995 ж.) жұмыс істеуде, оның негізгі бағъптары өнер-кәсіпті құрылысты, инфрақұрылымды, әлеуметтік саланы дамьпу үшін инвестициялар мен шетелдік жеңілдетілген несиелерді тарту болып табылады.

Қытаймен ынтымақтастықты дамыта отырып, Қазақстанның дүниежүзілік коммуникацияларға шығу мүмкіндігі бар. Қытай, Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия, Таиланд, Индонезия жылына 4-5-тен 8-9 %-ға дейін экономикалық даму есімінің жоғары қарқындарын көрсетіп келеді.

"Азиялық" бағыт Түркиямен, Иранмен, Үндістанмен, Пәкістанмен және Азияның басқа да мемлекеттерімен ынтымақтастықты көздейді. Қауіпсіздік проблемасы азиялық саясатта басым орын алады. Осыған байланысты Қазақстанның Азиядағы іс-қимылдар мен сенім шаралары мәселелері жөніндегі Кеңесті шақыру туралы бастамасы нақты саяси мәнге ие болады және халықаралық өмірдің нақты факторына айналады.

"Еуропапық" бағыт стратегиялық бағыт болып табылады. Мұның осындай бағыт болуы, ең алдымен, мынаған байланысты: Еуропа дүние жүзінің аса ірі саяси, экономикалық және мәдени орталықтырының бірі және Азия мен Еуропаның ортасында орналасқан Қазақстан еуропалық мемлекеттерді болашағы бар әріптестер ретінде қарастырады. Еуропалық Кеңеспен ынтымақтастық техникалық көмек, инфрақұрылымды және кадрларды оқытып-үйретуді дамыту мақсатында несиелер алу мүмкіндігін береді.

"Америкалық" бағытты да стратегиялық бағыт деп қарастыруға болады. Қазақстан-Америка қатынастары саясат пен экономика саласындағы әріптестік деңгейіне көтерілді. Сауда-экономикалық ынтымақтастық саласында бірқатар шарттар менкелісімдерге, атап айтқанда, сауда келісіміне қол қойылды,осыған сәйкес Қазақстан АҚШ-пен сауда жасауда мейлінше қолайлы ел мәртебесін алды.

Сонымен, Қазақстанның сыртқы саясаты орнығу кезеңінен ойдағыдай өтті және жаңа тарихи жағдайларда мемлекеттік саясаттың ажырағысыз бөлігі ретінде нық ірге тепті. Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен оның дүниежүзілік саяси процестегі рөліне қатысты жоғарыда қойылғай сұрақтарға жауап бере келіп, біздің президентіміздің Қазақстан әлемдегі геосаяси және геоэкономикалық үрдістерге есер ететін ірі аймақтық державаның толық мәніндегі мәртебесіне үміткер бола алады екен көзқарасымен келісуге барлық негіздер бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет