Т. И. Есполов ҚР ҰҒА академигі, профессор


Өрт  сынақ  зертханасының  (бұдан  әрі  –  ӨСЗ)  негізгі  міндеті



Pdf көрінісі
бет21/23
Дата06.03.2017
өлшемі1,69 Mb.
#7943
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Өрт  сынақ  зертханасының  (бұдан  әрі  –  ӨСЗ)  негізгі  міндеті  – 
заттардың,  материалдардың  және  олардан  жасалған  бұйымдардың  өрт 
қауіптілігіне  зерттеулер  жүргізу,  сондай-ақ  өрт-техникалық  өнімнің  ҚР 
нормативтік  құжаттарының  талаптарына  сәйкестігіне  зерттеулер  және 
сынақтар жүргізу. 
ӨСЗ  жыл  сайын  заттардың,  материалдардың  және  олардан  жасалған 
бұйымдардың, 
атап 
айтқанда 
құрылыс 
құрастырылымдары 
мен 
материалдарының,  кәбіл  және  электр  техникасы  өнімдеріне,  металл 
құрастырылымдары  мен  ағаштан  жасалған  бұйымдардың  отқа  төзімділігін 
арттыруға арналған оттан қорғау жабындары мен құрамдарының, өрт және өрт-

192 
 
күзет  дабылдамаларының,  мұнай  өнімдері  мен  мұнайхимиясының,  лактар, 
бояулар,  желімдер  және  басқа  да  материалдардың,  декоративтік  маталар  мен 
еден  жабындарының,  әртүрлі  жабдықтардың,  алғашқы  өрт  сөндіру 
құралдарының,  өрт  жабдығы,  көбіктүзгіштер,  автоматты  өрт  сөндіру 
қондырғылары  элементтері,  өрт  сөндірушінің  жауынгерлік  киімі,  өрт 
сөндірушінің  керек-жарақтарының  өрт  қауіптілігіне  40-тан  астам  көрсеткіш 
бойынша 800-ге жуық сынақ жүргізеді. 
Өрт  сынақ  зертханасы  Қазақстан  Республикасының  Техникалық  реттеу 
жүйесінде аккредиттеуден  өтті. 
ТЖМ  «ӨҚжАҚ  ҒЗИ»  АҚ-мен  жүргізілетін  ғылыми-зерттеулерді 
қаржыландыру  мемлекеттік  тапсырыстарды  орындау  аясында  және 
шаруашылық  келісімдер  есебінен  мемлекет  бюджетінің  қаржысы  арқылы 
жүзеге асырылады. 
Ұйымдар мен жеке тұлғалардың тапсырысы бойынша заттар, материалдар 
және олардан жасалған бұйымдардың өртке қауіпсіздігіне зерттеу жүргізіледі, 
өртс  кезінде  өрттің  таралуын  шектеу  үшін  нысындардың  өрт  қауіпсіздігін 
зерттеу  және  шараның  технологиялық  үдерісін  әзірлеу,  өртке  қарсылықты 
қысқарту, қауіпті өрт факторына ықпал ету дәрежесін төмендету, өрт тәуекелін 
бағалау ьойынша зерттеулер жүргізу өткізіледі. 
ТЖМ  «ӨҚжАҚ  ҒЗИ»  АҚ-ның  инфрақұрылымы  үшін  базалық 
қаржыландыру бойынша 2013 жылы 26,185 млн теңге бөлінді. Бөлінген қаржы 
нормативтік құжаттарда көрсетілген талаптарға сай жұмсалды. 
«Төтенше  жағдайлар  саласындағы  қолданбалы  ғылыми  зерттеулер» 
бюджеттік  бағдарламасы  аясындағы  ҒЗЖ-ын  қаржыландыруға  2012  жылы 
ТЖМ «ӨҚжАҚ ҒЗИ» АҚ-на 34,99 млн.теңге бөлінді. 
ҒЗЖ орындалу барысында келесі нәтижелер алынды: 
-әлеуметтік-экономикалық, 
табиғи-климаттық 
және 
республика 
аймақтарының  басқа  да  ерекшеліктері  бойынша  мәліметтерді  өрт 
статистикалық  және  эмпирикалық  ақпараттар  мен  Қазасқтандағы  оперативтік 
жағдайын жинау және әзірлеу жүргізіледі; 
-өрт  қауіпсіздігіне  және  өртке  қарсы  қызмет  бөлімшелерінің  жұмысына 
әсер ететін негізгі қауіп төндіруші факторлар анықталды; 
-елді  мекендердегі  мемлекеттеік  және  мемлекеттік  емес  өртке  қарсы 
қызметті  құру  үшін  критерийлер  әзірлеу  үшін  жиналған  мәліметтердің 
талдауын өткізу үшін математикалық модель анықталды; 
2.  Астана  қ.  «Өнеркәсіп  қауіпсіздігінің  ұлттық  ғылыми-техникалық 
орталығы»  АҚ  (бұдан  әрі  –  ӨҚҰҒТО),  құрамында  салалық  бағыттылығы 
бойынша 4 филиалы бар:  
Қарағанды  өнеркәсіп  қауіпсіздігінің  ғылыми-зерттеу  институты 
(ҚарӨҚ ҒЗИ филиалы) (Қарағанды қ.)
Қызметтің  негізгі  мәні  өнеркәсіптің  тау-кен  және  көмір  саласы,  қара 
металлургия,  сондай-ақ  тауда  құтқару  ісі  саласындағы  кәсіпорындарда 
ғылыми-өндірістік қызметті жүзеге асыру болып табылады. 
- Шығыс филиалы (Өскемен қ.)

193 
 
Қызметтің  негізгі  мәні  түсті  металлургия  объектілеріндегі  техногендік 
сипаттағы  ТЖ  туындауының  жоғары  қауіптілігімен  жұмыстарды  қауіпсіз 
жүргізу бойынша ғылыми-өндірістік және шаруашылық қызметті жүзеге асыру 
болып табылады. 
- Оңтүстік филиалы (Шымкент қ.)
Қызметтің  негізгі  мәні  химия,  мұнай-химиясы,  мұнай-газ  өңдеу, 
микробиология, 
химиялық-фармацевтикалық 
және 
тамақ 
өнеркәсiбi 
объектілерінде  ғылыми-зерттеу  және  жобалау  жұмыстарын  орындау  болып 
табылады. 
- Батыс филиалы (Атырау қ.)
Қызметтің  негізгі  мәні  мұнай-газ  өнеркәсiбi,  мұнай  және  газ  бойынша 
геология  объектілерінде  қауіпсіздік  және  аварияға  қарсы  құралдарды, 
жабдықтарды жетілдіру және жаңарту бойынша ғылыми-зерттеу және жобалау 
жұмыстарын орындау болып табылады. 
ТЖМ  «ӨҚҰҒТО»  АҚ  филиалдармен  бірге  алғандағы  жалпы  штат  саны: 
штат  бойынша  -  206;  нақты  -  231  адамды  құрайды,оның  ішінде  ғылыми 
кадрлар: 7 ғылым докторы, 18 ғылым кандидаты 
«ӨҚҰҒТО»  АҚ  зертханалық-сынау  базасы  Орталық  филиалдарында 
қызмет ететін 2 сынақ жүргізу және 1 зерттеу зертханасын қамтиды. 
Өрт  сынақ  зертханасының  (бұдан  әрі  –  ӨСЗ)  негізгі  міндеті  – 
заттардың,  материалдардың  және  олардан  жасалған  бұйымдардың  өрт 
қауіптілігіне  зерттеулер  жүргізу,  сондай-ақ  өрт-техникалық  өнімнің  ҚР 
нормативтік  құжаттарының  талаптарына  сәйкестігіне  зерттеулер  және 
сынақтар жүргізу. 
Қазіргі  уақытта  ББЗ  2  ультрадыбыстық  (УД)  дефектоскоппен,  3  УД 
қалыңдық өлшеуішпен, сондай-ақ КАМАЗ автомашинасы базасында мобильді 
жағдайларда  өлшеу  жүргізу  үшін  (УД)  диагностикалау  ББ  жылжымалы 
зертханасымен жарақталған. 
Қазақстан  ғылымының  жетістіктерін  талдау,  ғалымдардың  зерттеу 
белсенділігінің көзсеткіштері. 
2013  жылы  ТЖМ  ғылыми  ұйымдары  рейтингілік  ғылыми  журналдар 
мен басылымдарда 52 ғылыми мақала жариялады. 
2013  жылы  келесі  өнертабыстарға  Қазақстан  Республикасының  2  алғы 
патенті алынды: 
1) «Кабель  желілері  мен  электр  құрылғыларды  диагностикалау  тәсілі» 
Мем.тіркеу № 2012/10245. 
2) «Аюбаевтардың 
көпмақсатты  бу  өрт  машинасы  (АКБӨМ)» 
мем.тіркеу № 2010/1144.1 
Министрліктің  ғылыми  мекемелері  отандық  және  шетелдік  ғылыми-
зерттеу  және  конструкторлық  жобалау  ұйымдарымен  ынтымақтастық 
бойынша  жұмыстарды  реттеді.  Таяу  және  алыс  шет  елдердің  23  бейіндік 
мекемесімен келісімдер жасалып, жүзеге асырыла бастады. 
Министрлік  тарапынан  Азия,  Еуропа,  соның  ішінде  Ресей 
ғалымдарының  ғимараттар  мен  құрылыстардың  инженерлік  жүйесін 

194 
 
құрылымдық  жүйе  бойынша  мониторингілеу  және  басқару;  қауіпті,  бірегей 
және  техникалық  күрделі  нысандар  мен  шұғыл  қызметтерге,  халыққа 
автоматты  хабарлама  беру  жағдайларын  автоматты  түрде  қашықтықтан 
мониторгілеу;  мобильді  диагностикалық  кешенді  пайдалана  отырып, 
ғимараттар 
мен 
құрылыстардың 
инженерлік 
конструкциясының 
сейсмикалық тұрақтылығы мен қалдық ресурстарын бағалау салаларындағы 
қолданбалы әзірлемелеріне айтарлықтай назар аударылады. 
Жерге  қашықтықтан  барлау  жүргізу  әдісімен  мониторингілеу  арқылы 
табиғи  және  техногнеді  сипаттағы  төтенше  жағдайларды  алдын  ала 
анықтаудың перспективалы технологиялары Қазақстанда зор сұранысқа ие. 
Осылайша,  Министрліктің  ғылыми  құрылымдары  үш  елдің  біріккен 
ҒТК  жұмыстарына  қатынасады.  Осы  орайда  төтенше  жағдайлардың  алдын 
алу  мен  болдырмау  саласында  ғылымға  негізделген    өнімдер  мен 
технологияларды бірлестікте өндіру, оларды тараптардың тәжірибеге енгізуі 
мақсат  етіледі.  Біріккен  ҒТК  жұмысы  халықты,  нысандар  мен 
территорияларды  табиғи  апаттар  мен  катастрофалардан  қорғау  бойынша 
ғылыми-практикалық  жұмыстардың  ортақ  арнасын  қалыптастыруға  жол 
ашып,  апаттардың  туындау  қатерін  азайтудағы  инновациялық  амал-
тәсілдерді жетілдіре түсуге септігін тигізбек. 
Министрлік  табиғи  апаттар  мен  катастрофалардың  болу  мүмкіндігін 
азайтуда инновациялық әрі интерграциялық ыңғайларды негізге алады. Осы 
ретте  бұл  жағдай  мемлекеттің  тұрақты  дамуының  бір  бөлігі  ретінде 
зерделенеді.  Ел  Президенті  инновацияларды  жалпыұлттық  басымдық  – 
болашаққа жол деп жариялаған болатын. 21 ғасырда олар прогрестің мәндес 
бір ұғымына айналды. 
Азаматтық  қорғаныстың  кешенді  ғылыми-практикалық  негізінің 
қалануы  осы  саладағы  басымдықтардың  бірі  болып  табылады.Төтенше 
жағдайларды  болжау,  алдын  алу  және  болдырмаудың  инновациялық 
әзірлемелері  мен  технологиялары  саласындағы  интеграция  –  ғалам 
қауіпсіздігі  мен  тұрақтылығына  апаратын  жолдардың  бірі.  Осы  орайда 
төменше  жағдайларды  дер  кезінде  елеп-ескеру  үшін  күш-қуат  пен 
материалдық,  зияткерлік  ресурстарды  біріктіру,  төтенше  жағдайлардың 
әлеуметтік,  экономикалық  салаларға,  сондай-ақ  экологиялық  тепе-теңдікке 
тигізетін залалын  төмендету  бойынша  кешенді  алдын  алу  шараларын  қолға 
алу басты міндеттер болып табылады. 
Еліміздің  ғылыми-технологиялық  дамуының  тиімділігін  арттыру  үшін 
ғылыми-зерттеу 
және 
тәжірибелік-конструкторлық 
жұмыстарды 
ынталандырудың  ұзақ  мерзімдік  саясаты  жүзеге  асырылуы  тиіс.  Төтенше 
жағдайлардың  алдын  алу  саласындағы  ғылыми  зерттеулердің  бюджеттік 
бағдарламалары  ҚР  ТЖМ  тарапынан  үйлестіріле  отырып,  республиканың 
өндірістік  және  экономикалық  салаларының  даму  басымдықтарына  сәйкес  
жобалануы тиіс. Осы саладағы қолданбалы ғылыми зерттеу нәтижелерін ірі 
өнеркәсіптік кәсіпорындарымен қауымдастықта тиісті келісімшарт негізінде 
өндіріске енгізуді ұсынамыз. 

195 
 
Осыған орай, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың 
алдын  алу  мен  болдырмау,  өнеркәсіптік  және  өрт  қауіпсіздігі,  азаматтық 
қорғаныс  салаларындағы  қолданбалы  ғылыми  зерттеулерге  мемлекеттік 
тапсырыс  көлемін  ұлғайту  қажет.  Тапсырыс  беруші  ұйымдар  мен  шетелдік 
инвесторлар  қаражатын  белсенді  түрде  жұмылдыру  керек  екені  сөзсіз.  Осы 
ұсыныстардың  іске  асуы  кепілдендірілген  азаматтық  қорғаныстың  ғылыми 
негізделген  әдістерін  жасақтауға,  оларды  тәжірибеге  енгізуге  мүмкіндік 
береді. 
ТЖ  туындау  қапуін  мейлінше  азайту,  адамдардың  денсаулығы  мен 
өмірін  сақтау,  олардың  салдарынан  туындаған  материалдық  шығын  мен 
залал көлемін азайту мақсатында республикамызда халық пен территорияны 
төтенше  жағдайлардан  қорғауды  қамтамасыз  етуге  бағытталған  кешенді  іс-
шаралар тұрақты негізде жүзеге асырылады.  
 
Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігі 
 
024  «Құрылыс  саласындағы  қолданбалы  ғылыми  зерттеулер» 
бюджеттік  бағдарлама  шеңберінде  құрылыс  саласындағы  сейсмикалық 
қатерді  және  мүмкін  болатын  жер  сілкінісінен  шығындарды  азайтуға 
бағытталған  4  қолданбалы  ғылыми  зерттеулер  жүргізілді.  Бағдарлманы 
қаржыландыруға  50,0  млн  теңге  көлемінде  қаражат  қарастырылған.Есептік 
уақытта қаражат 100% игерілді. 
1Фиброармирленген  пластиктермен  күшейтілген  темірбетон 
конструкциялардың  жұмысын  зерттеу,  қалыпты  және  сейсмикалық 
аудандар  үшін  ғимараттар  мен  құрылыстарды  күшейту  және  қалпына 
келтіру  бойынша  ұсынымдар  әзірлеу  (қаржыландыру  көлемі  –  18 000 000 
теңге). 
Келесі жұмыстар жүргізілді: 
- полимерлік  торлармен  орау  арқылы  күшейтілген  сығымдалған  бетон 
элементтерінің жұмысын зерттеу; 
- динамикалық  жүктеме  кезінде  полимерлік  торлармен  орау  арқылы 
күшейтілген сығымдалған темір бетон элементтерінің жұмысын зерттеу; 
- статикалық  және  динамикалық  жүктеме  арқылы  полимер  талшықты 
ленталармен  (ламинатпен)  күшейтілген  иілгіш  темір  бетон  элементтерінің 
жұмысын зерттеу. 
Жүргізілген зерттеулер негізінде «Қалыпты және сейсмикалық аудандар 
үшін  ғимараттар  мен  құрылыстарды  күшейту  және  қалпына  келтіру 
бойынша ұсынымдар» нормативтік-техникалық құжат әзірленді. 
2. Аз қабатты құрылыс үшін қада іргетастарын тестілеу бойынша 
экспресс әдісін әзірлеу (қаржыландыру көлемі – 8 000 000 теңге).  
Келесі  жұмыстар  жүргізілді:  Қада  іргетастарын  экспресс-тестілеу 
саласындағы  аз  қабатты  құрылыс  және  нормативтік  құжаттардың  қазіргі 
жағдайын  зерттеу.  Тәжірибелі  полигонда  қадаларға  экспресс  тестілеу 
жүргізу  әдісін  әзірлеу.Қадаларды  экспресс-тестілеу  үшін  бұрыннан  бар 

196 
 
тәжірибелі жабдықтарды жаңарту. Тәжірибелі полигонда қадаларға экспресс 
тестілеу  жүргізу.  Аз  қабатты  құрылыс  үшін  қада  іргетастарын  тестілеу 
бойынша экспресс әдістерін әзірлеу. Экспресс-тестілеу бойынша қадаларды 
қолданудың  экономикалық  тиімділігінің  есебі.  Қадаларды  қолданудың 
экономикалық тиімділігі бойынша әдістемелік нұсқауларды әзірлеу 
Жүргізілген зерттеулер негізінде «PDA (Pile dynamic analyze)» әдісімен 
қада іргетастарын тестілеу жүргізуге және қолдануға әдістемелік нұсқаулар» 
нормативтік-техникалық құжат әзірленді. 
3Қазіргі заманғы әдістермен оларды «емдеу» үшін пайдаланылатын 
ғимараттар  мен  құрылыстардың  темір  бетон  конструкцияларының 
қауіпті  ақауларына  байланыссыз  диагностика  әзірлеу  (қаржыландыру 
көлемі – 15 000 000 теңге). 
Қазіргі  заманғы  темір  бетон  конструкцияларының  байланыссыз 
диагностикасы әдісін әзірлеу. Бұрыннан бар ғимараттар мен құрылыстардың 
темір бетон конструкцияларының байланыссыз диагностика әдісін қабылдау. 
Бұрыннан 
бар 
ғимараттар 
мен 
құрылыстардың 
темір 
бетон 
конструкцияларының  байланыссыз  диагностикасы  әдісін  қолдану  бойынша 
көрсетілген  әдісті  әзірлеу.  Темір  бетон  конструкцияларының  қауіпті 
ақауларын анықтау бойынша қазіргі заманғы әдістерді және оларды «емдеу» 
бойынша  қолданылатын  әдістерді  зерттеу.  Жүргізілген  зерттеулер  негізінде 
«Тепловизор  арқылы  бұрыннан  бар  ғимараттар  мен  құрылыстардың  темір 
бетон конструкцияларының байланыссыз диагностика бойынша әдістемелік  
нұсқаулар» нормативтік-техникалық құжат әзірленді. 
4. Қалалық  тығыз  құрылыс  жағдайларында  ғимараттар  мен 
құрылыстар-дың  негіздері  мен  іргетастарын  күшейту  технология-сын 
әзірлеу және зерттеулер жүргізу (қаржыландыру көлемі – 9 000 000 теңге). 
Статикалық  және  динамикалық  жүктемелердің  әсер  етуімен  олардың 
тәртіп  ерекшеліктерін  анықтаумен  әлсіз  топырақ  қасиетін  зерттеу. 
Топырақтың 
құрылымдық-фазалық 
деформациялануын 
анықтау. 
Топырақтағы  күшті  бөлудің  заңдылығын  зерттеу  және  топырақтың 
тығыздалған жағдайындағы мүмкін үлгі нұсқаларды әзірлеу. Қалалық тығыз 
құрылыс  жағдайларындағы  топырақтағы  тығыздалған  аймақты  қалыптауға 
бағытталған күшті құру үдерісінің технологиялық параметрлеріне әсер етуін 
зерттеу.  Қалалық  тығыз  құрылыс  жағдайларындағы  негіздер  мен 
іргетастарды  күшейту  технологиясы  бойынша  әдістемелік  ұсынымдарды 
әзірлеу. 
027 «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласындағы қолданбалы 
ғылыми  зерттеулер»  бюджеттік  бағдарлама  шеңберінде  сумен  жабдықтау 
және  су  бұру  инженерлік  жүйелері,  тұрғын  үй  қоры,  жылумен  жабдықтау 
инженерлік 
жүйесі 
және 
коммуналдық 
қалдықтарды 
айналдыру 
саласындарында 6 қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізілді. 
2013  жылға  қаржыландыру  көлемі  158,4  млн  теңге  көлемінде 
қарастырылған. Есептік уақытта қаражат 100% игерілді. 

197 
 
1. «Орталықсыздандырылған  су  бұру  жүйесін  және  технологиялық, 
шаруашылық  және  ауыз  су  мақсаттарына  суды  қайта-жүйелі  және 
айналмалы пайдаланылатын жүйелер салу үшін сарқынды коммуналдық 
және  аралас  суларды  тазарту  технологияларын  модификациялау  және 
бейімдеу» (қаржыландыру көлемі – 32 173 000 теңге). 
Өнімділігі  тәулігіне  кемінде  200  м
3
  болатын,  суды  қайта-жүйелі  және 
айналмалы  пайдаланылатын  тазарту  құрылысының  экспериментальдық 
конструкциясының 
негізгі 
конструкциялық 
параметрлерін 
есептеу 
жүргізілді.  Сарқынды суларды тазартудың экспериментальдық станциясына 
арналған  конструкторлық  құжаттамасы  әзірленді.Қазақстан  аумағына  тән 
сарқынды сулардың түрлі құрамдарына арналған технологиялық режимдерді 
іріктеуге  мүмкіндік  беретін,  түрлі  гидравликалық  жүктеме  нұсқалары  мен 
температуралық  режимдері  бар  өнімділігі  тәулігіне  200  м
3
  болатын 
экспериментальдық  қондырғы  жасалды.  Сарқынды  суларды  тазарту 
жүйелеріндегі  гидравликалық  режимдерді  оңтайландыру  жөніндегі 
зерттеулер  жүргізілді.  Сарқынды  суларды  тазартудың  экспериментальдық 
станциясының  тиімді  жұмысының  негізгі  кинематикалық-технологиялық, 
конструкциялық-құрамдас  және  басқа  да  тәуелділіктерін  анықталды. 
Сарқынды  суларды  тазартудың  экспериментальдық  станциясының  тиімді 
жұмысын  анықтау  жөніндегі  зерттеу  нәтижелері  пысықталып  және 
оңтайландырылды. 
2. «Инженерлік  желілер  салудың  инновациялық  технологияларын 
әзірлеу және оларды қауіпті табиғи және техногендік әсерден қорғаудың 
жаңа әдістерін жасау» (қаржыландыру көлемі - 25 322 000 теңге). 
Құбырларды  орсыз  тәсілмен  төсеудің  есептік  және  техникалық 
параметрлері  зерттелді.Бұрғылаудың  ұтымды  тереңдігінің  диаметрге, 
топырақ-бентонит  шеңберінің  қалыңдығына  және  ұңғыма  қимасының 
контур  жаны  аймағындағы  жүктемеге  байланыстылығын  белгіленді. 
Құбырларды  төсеудің  ұйымдастырушылық-технологиялық  параметрлерін 
ұтымды етуге ықпал ететін факторларды зерттеленді және жүйелендірілді. 
Құбырлардың түрлі химиялық негіздегі байланыстырушы шайырлардан 
тұратын  конструкцияларының  механикалық  қауіпсіздігіне  (беріктігіне, 
қаттылығына және тұрақтылығына), құбырлардың түрлі химиялық негіздегі 
байланыстырушы 
шайырлардан 
тұратын 
конструкцияларының 
өрт 
қауіпсіздігіне  және  жарылыс-өрт-аптап  ыстық  қауіпсіздігіне,  түрлі 
химиялық  негіздегі  байланыстырушы  шайырлардан  тұратын  құбырлардың 
өз  мақсаты  бойынша  пайдаланылуы  процесінде  қоршаған  ортаға  әсерінің 
қауіпсіз деңгейіне қойылатын талаптар әзірленді. 
3. «Пайдаланылатын тұрғын және қоғамдық ғимараттарға қызмет 
көрсету  мен  оларды  жөндеу  бойынша  жаңа  технологиялар  мен 
техникалық  шешімдер  әзірлеу,  халықаралық  талаптарға  сәйкес  қазіргі 
заманғы 
материалдарды, 
жабдықтарды 
және 
аспаптық-өлшеу 
құрылғыларын  пайдаланып,  олардың  жылу  қорғауын  арттыру» 
(қаржыландыру көлемі - 25195 000 теңге). 

198 
 
Ішінде  терминология  мен  анықтамалар,  тұрғын  үй  секторында  энергия 
үнемдеудің  функционалдық  жүйесі,  оның  тиімділігінің  өлшемдері  және 
қарастырылып  отырған  жүйені  көп  өлшемді  оңтайландыру  қамтылған 
тұрғын  және  қоғамдық  ғимараттарды  терможаңғыртудың  теориялық 
ережелері  әзірленді.  Қазақстанның  оқысконтинентальдық  климаттық 
шарттарын  ескере  отырып,  қажет  етілетін  беріктік,  жылу  қорғанысы  және 
ылғалдылық  режимі  тұрғысынан  жылу  оқшаулау  конструкциялары 
элементтерінің  конструкциялық  параметрлерін  көп  өлшемді  оңтайландыру 
міндеттерін  шешу  бойынша  ұсыныстар  дайындалды.  Заманауи  жылу 
оқшаулау  материалдарының  жылу  оқшаулау  қасиеттерін  және  пайдалану 
сипаттамаларын зерделенді. 
4. «Қазіргі заманғы қымтағыштар, кеуекті керамика, гипстен және 
ұяшықты  бетондардан  жасалған  бұйымдар,  сондай-ақ  бетондардың, 
керамиканың  және  табиғи  тастың  негізіндегі  қаптама  бұйымдар 
негізінде 
жылу 
тиімді 
қоршау 
конструкцияларын 
әзірлеу» 
(қаржыландыру көлемі - 25 273 000 теңге). 
- қазіргі  заманғы  қымтағыштар,  кеуек  керамика,  гипстен  және  кеуек 
бетоннан  жасалған  бұйымдар,  сондай-ақ,  бетонның  негізіндегі  қаптама 
бұйымдардың,  керамиканың  және  табиғи  тастың  негізіндегі  қоршау 
конструкцияларының 
жылу-физикалық 
және 
пайдалану 
қасиеттері 
зерттелді; 
- қазіргі  заманғы  материалдарды  пайдалана  отырып,  ресурс  үнемдеу 
технологияларын  енгізу  негізінде  тұрғын  және  қоғамдық  ғимараттардың 
жылуын  қорғаудың  тиімділігін  арттыратын  жылу  тиімді  қоршау 
конструкцияларын  жасау  үшін  физика-техникалық  және  конструктивтік-
технолгиялық негіздері әзірленді;  
- өнеркәсіптік  қалдықтар  негізіндегі  жеңіл  бетонға  арналған  кеуек 
толтырғыш  негізінде  жасалған  тиімді  жылу  оқшаулау  материалының 
оңтайлы физикалық құрылымын қалыптастыру схемасы әзірленді;  
- жылу  оқшаулау  материалдарын  өндіру  және  қолдану  бойынша 
ұсынымдар әзірленді. 
5. «Пайдалы  әсер  коэффициенті  (ПӘК)  жоғары  және  зиянды 
шығарындылары  аз  қазандықтар  базасында  тұрғын  үй  қоры  үшін  жылу 
мен  суды  өндіру,  тасымалдау  және  тұтыну  технологияларын  әзірлеу» 
(қаржыландыру көлемі - 25 263 000 теңге). 
- оңтайлы  технологиялардың/жылу  қазандықтарындағы  процестерді 
автоматтандыру және зиянды шығарындылардың мөлшерін азайту бойынша 
техникалық  шешімдердің  техникалық  және  экономикалық  есептемелер 
жүргізілді;  
- шағын  жылу  өндіргіш  қазандықтардағы  жылу  және  масса  алмастыру 
процестерінің математикалық моделін әзірленді; 
- зиянды  шығарындылардың  төмендеуін  қамтамасыз  ететін  төмен 
температуралы  қайнау  қабаты  бар  қазандықтың  жұмыс  істеуінің  оңтайлы 
параметрлері айқындалды; 

199 
 
- пайдалы  әсер  коэффициенті  жоғары  және  зиянды  шығарындылар 
мөлшері  төмен  жаңғыртылған  қазандық  конструкциясының  тәжірибелік 
үлгісі әзірленді және дайындалды. 
6. «Қатты  тұрмыстық  қалдықтарды  қайта  өңдеу  технологиясын 
жетілдірудің  ғылыми  негіздерін  әзірлеу»  (қаржыландыру  көлемі  - 
25 264 000 теңге). 
- Қазақстан Республикасында пайдаланылмаған ҚТҚ-ны қайта өңдеудің 
жаңа технологиялық тізбегін алу мүмкіндігі айқындалды; 
- зертханалық  қондырғыда  жасалған  жоғары  температуралы  пиролиз 
кезінде  ҚТҚ  заттектерінің  қарапайым  құрамын  және  төмен  жану  жылуын 
айқындау.  Олардың  биологиялық,  физикалық-химиялық,  санитариялық-
эпидемиологиялық қасиеттері зерттелді; 
- зиянды 
заттар 
шоғырының 
ҚТҚ 
ыдырау 
температурасына 
бағыныстылығын  және  сапасын  белгілеу,  әлеуетті  төмен  отынның 
зертханалық  пиролизді  қондырғыда  температуралық  түрлену  процесі 
зерделенді; 
- табиғи  және  жасанды  экожүйеге  барынша  төмен  әсер  ете  отырып, 
ҚТҚ-ны  қайта  өңдеудің  тиімділігін  арттыру  бойынша  әдістемелік 
ұсынымдардың ғылыми-негізделген кешені әзірленді.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет