Т. И. Есполов ҚР ҰҒА академигі, профессор


Құрылған және қолданылған жаңа технологиялар мен



Pdf көрінісі
бет17/23
Дата06.03.2017
өлшемі1,69 Mb.
#7943
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23

Құрылған және қолданылған жаңа технологиялар мен  
техникалық нысандардың саны, бір.
 
 
 
Жаңа технологиялар мен техника нысандарын құрушы және  
пайдаланушы ұйымдардың саны 
 
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі агенттігі 
 
Сонымен  қоса,  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкінің  мәліметтері 
бойынша  Қазақстанға  ғылыми  зерттеулер  мен  әзірлемелер  саласына 
құйылатын  тікелей  шетелдік  инвестициялардың  жалпы  түсімі  2013  жылы 
өткен  жылмен  салыстырғанда  2,3  есеге,  ал  2009  жылмен  салыстырғанда  3 
есеге өсіп, 33,4 млн теңгені құраған.  
Инновациялық  өнім  көлемі  2012  жылмен  салыстырғанда  52,6%-ға 
ұлғайып,  578 263,1  млн  теңгені  құрады  (2012  ж.  –  379 005,5  млн  теңге). 
Осының  487 271,0  млн  теңгесіне  өнім  жасалды.  2009  жылға  қарағанда 
көрсеткіш 7 еседен жоғары өскен (2009 ж. – 82 597,4 млн теңге).  

157 
 
ЖІӨ-дегі инновациялық өнім үлесі 1,7%-ға өскен (2012 ж. - 1,25%).  
Дүниежізілік Банктің ресми статистикасына сәйкес 2012 жылы әлемдік 
көлемдегі  қазақстандық  жоғары  технологиялы  өнім  экспортының  үлесі 
айтарлықтай өсіп, 0,18% құраған, ал бұл көрсеткіш 2009 жылы 0,09%-ға тең 
болатын.  Абсолюттік  тұрғыда  Қазақстанда  жоғары  технологиялы  өнімді 
экспорттау  2012  жылы  2009  жылға  қарағанда  2  есеге  өскен  (1,8  млрд. 
доллардан 3,5 млрд. долларға дейін). 
Инновациялық өнім көлемі, млрд. теңге 
 
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі агенттігі 
 
 
 
Қазақстандағы жоғары технологиялық өнім  
экспортының көлемі, млрд. долл. 
 
Дереккөз: Дүниежүзілік банк, www.worldbank.org 
 
Статистикалық  көрсеткіштердің  өсуі  бойынша  көңілге  қонымды 
нәтижелер сонымен бірге беделді халықаралық ұйымдардың мәліметтерінде 
де көрініс тапты. 
Дүниежүзілік  Экономикалық  Форум  Жаһандық  бәсекеге  қабілеттілік 
индексінің  (ДЭФ  ЖБИ)  халықаралық  рейтингіне  сәйкес  Қазақстан  бүгінгі 
таңда  өз  тұғырын  айтарлықтай  нығайтып,  әлемнің  бәсекеге  қабілетті  50 
елінің қатарына қосылды. Осы ретте ол 148 елдің ішінде 50-орынды иеленді. 
 

158 
 
 
Қазақстанның рейтингтегі позициялары 
 
 
Дереккөз: 2013-2014 ДЭФ ЖБИ  
 
Еліміз  қазір  Аргентина,  Бразилия,  Хорватия,  Малайзия,  Ресей 
Федерациясы,  Түркия  сынды  елдермен  қатарлас,  санат  аралық  деңгейдегі 
«тиімді  басқару»  және  «инновация»  арқылы  алға  жылжыған  елдердің 
тобында. 
 
2010  жылмен  салыстырғанда,  Қазақстан  позициясы  «Инновация» 
факторы  бойынша  18  тармақта  (84-орын),  ал  «Технологиялық  әзірлік» 
факторы бойынша 25 тармақта (57-орын) жақсарды. 
ДЭФ ЖБИ мәліметтері бойынша 
2013-2014 
38 ел: 
Қырғызстан 
Молдова 
Үндістан 
Гана 
Бангладеш 
Йемен 
Мали 
Тәжікстан,  
Т.б. 
 
17 ел: 
Алжир 
Әзербайжан 
Боливия 
Мысыр 
Гондурас 
Шри-Ланка 
Катар 
Филиппин, 
т.б. 
 
33 ел: 
Армения 
Украина 
Қытай 
Парагвай 
Румыния  
Индонезия 
Марокко 
Сербия 
т.б. 
 
21 ел: 
Аргентина 
Бразилия 
Венгрия 
Қазақстан
 
Латвия  
Малайзия 
Польша  
Ресей 
Түркия, 
т.б. 
 
35 ел: 
Австралия 
Австрия 
Финляндия  
Жапония 
Оңтүстік Корея 
АҚШ 
Норвегия 
Франция 
т.б. 
 
Факторлар 
арқылы 
өркендейтін 
экономика 
(топ 1) 
Өтпелі деңгей  
(топ 1-2) 
Тиімділігі 
бойынша 
өркендейтін 
экономика 
(топ 2) 
Өтпелі деңгей 
(топ 2-3) 
Инновациялар
ы арқылы 
өркендейтін 
экономика,  
(топ 3) 

159 
 
 
Қазақстанның инновациялар және технологиялар бойынша негізгі факторлар мен 
қосалқы факторлар тұрғысынан ұстанымыныз өзгеру динамикасы 
 
Инновациялар мен 
технологиялық 
дайындық бойынша 
субфакторлар 
2010-
2011 
2011-
2012 
2012-
2013 
2013-
2014 
2012 жылға 
қатысты 
позициялардың 
өзгеруі 
2010 жылға 
қатысты 
позициялардың 
өзгеруі 
Технологиялық 
дайындық 
82 
87 
55 
57 
-2 
+25 
Жаңа 
технологиялардың 
қолжетімділігі 
97 
103 
90 
88 
+2 
+9 
Компаниялардың 
заманауи 
технологияларды 
енгізу қабілеті 
105 
113 
91 
78 
+3 
+27 
ШТИ және 
технологиялар 
трансферті 
108 
100 
85 
93 
-8 
+15 
Инновациялар 
102 
116 
103 
84 
+19 
+18 
Инновацияларға 
қабілеттілік 
75 
101 
92 
74 
+18 
+1 
ҒЗИ сапасы 
112 
121 
108 
102 
+6 
+10 
Компаниялардың 
ҒЗТКЖ-ге шығыны 
84 
107 
94 
77 
+17 
+7 
ҒЗТКЖ 
аясында 
университеттер 
мен 
бизнестің бірлестігі 
111 
119 
90 
79 
+11 
+32 
Жоғары технологиялық 
өнімдерді  мемлекеттік 
сатып алу 
83 
93 
71 
58 
+3 
+25 
Ғалымдар мен 
инженерлердің болуы 
91 
106 
104 
98 
+6 
-7 
 
Дереккөз: 2013-2014 жж. ДЭФ ЖБИ  
 
Жалпы  алғанда,  ДЭФ  ЖБИ  технологиялық  және  инновациялық 
факторларын  талдау  арқылы  аз  ғана  уақыт  ішінде  көптеген  көрсеткіштер 
бойынша орнықты позитивтік трендтер қалыптасқаны анықталды. 
Осы  орайда  рейтингтегі  инновация  саласындағы  факторлар  мен 
субфакторлардың  өсуіне  қарамастан,  Қазақстанда  келесі  факторлар  әлі  де 
төмен деңгейде: зерттеу институттарының сапасы (102-орын), ғалымдар мен 
инженерлердің  қол  жетімділігі  (88),  өнеркәсіп  пен  ЖОО  ынтымақтастығы 
(79-орын),  технологияларды  компания  деңгейінде  игеру  (78-орын), 

160 
 
компаниялардың R&D шығындары (77-орын). 
Көрсетілген  мәселелер  кешені  бәсекеге  қабілетті  инновациялардың 
сындарлы  салмағының  жоқтығынан,  оларды  сапалы  іріктеу  мен 
коммерцияландырудың жетілмегендігінен айқын аңғарылады. Тұтынушылар 
үшін  салықтық,  қаржылық  және  технологиялық  сипаттағы  нақты  әрі 
қолайлы ынталандыру шараларының жоқтығы мәселені шиеленістіре түседі. 
Осыған  орай,  Қазақстан  Республикасының  Индустрия  және  жаңа 
технологиялар министрлігі (бұдан былай – ИЖТМ) инновациялық қызметке 
қолдау  көрсету  құралдары  мен  механизмдерін  жетілдіру,  сондай-ақ 
инновациялар  мен  жаңа  технологияларды  ынталандыру  мен  қолданысқа 
енгізуге  бағытталған  жаңа  бастамашылдық  идеялар  дайындау  бойынша 
жұмыстарды  жалғастырып  жатыр.  Осы  орайда,  2020  жылға  дейінгі 
Инновациялық 
даму 
тұжырымдамасына 
сәйкес 
ағымдағы 
жылы 
инновациялық  қызметті  ынталандыру  мәселелері  бойынша  заңнамаға 
өзгертулер мен толықтырулар енгізу жоспарланған. 
ҚР  «Индустриалды-инновациялық  қызметті  мемлекеттік  қолдау 
туралы»  Заңына  сәйкес  ИЖТМ  «Технологиялық  даму  бойынша  ұлттық 
агенттік»  АҚ-мен  бірлестікте  тұрақты  негізде  технологиячлық  болжауды 
жүзеге  асырады.  Ағымдағы  жылы  отандық  ғалымдар  әлеуетін  пайдалана 
отырып,  форсайттық  зерттеулер  аясында  бизнестің  жақын  бесжылдықтағы 
технологиялық  міндеттерін  анықтау  бойынша  жұмыстар  жүргізілуде. 
Аталған  жұмысқа  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  кәсіпкерлер  палатасы, 
салалық бизнес-қауымдастықтар, ғылыми орта өкілдері (ЖОО, ҒЗИ) белсене 
қатысады.  Бизнестің  технологиялық  міндеттерін  іске  асыру  үшін 
өнеркәсіптік  зерттеулерге,  соның  ішінде  нысаналы  технологиялық 
бағдарламаларды  іске  асыруға  арналған  жаңа  грант  түрі  қарастырылып 
жатыр. 
Келесі 
бесжылдыққа 
(2015-2019 
жж.) 
арналған 
Қазақстан 
Республикасының үдемелі индустриалды-инновациялық дамуы Мемлекеттік 
бағдарламасының  (бұдан  былай  –  Бағдарлама)  қабылдануы  инновациялық 
дамуға  айрықша  леп  беретін  болады.  Инновациялық  саясаттың  негізгі 
мақсаты  –  базалық  салалардың  технологиялық  артта  қалушылығын 
қысқарту,  сондай-ақ  болашақ  секторлардың  –  робот  техникасы, 
нанотехнология,  гендік  инженерия  және  басқа  «жаңа  экономика» 
секторларының дамуына жағдай жасау болады. 
Осыған  орай  инновация  дамуы  саласындағы  басты  міндеттер:  басым 
секторларға 
арналған 
маңызды 
технологиялардың 
трансфері, 
инновацияларға  деген  экономикалық  сұранысты  тудыру,  технологиялық 
құзіреттілікті қалыптастыру. 
Осылайша,  келесі  түйінді  индикаторларға  қол  жеткізу  арқылы 
нәтижелер  алынады:  бизнестің  инновациялық  белсенділігінің  20%-ға  дейін, 
ЖІӨ-дегі  инновациялық  өнім  үлесінің  2,5%-ға  дейін,  зерттеулер  мен 
әзірлемелерге  жұмсалатын  ішкі  шығынның  ЖІӨ-нен  үлесінің  2%-ға  дейін 
артуы. 

161 
 
10. ҒЫЛЫМИ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ  ҚЫЗМЕТТІ 
БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ САЛАЛЫҚ УӘКІЛЕТТІ ОРГАНДАРДЫҢ 
ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ 
 
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар 
министрлігі 
 
ҚР  ИЖТМ  жүйесінде  ғылыми-зерттеу  және  инновациялық  қызметті 
келесі ғылыми және ғылыми-технологиялық ұйымдар атқарады: 
 
Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттік 
2010-2013  жылдары  8  технопарктен,  5  салалық  конструкторлық 
бюродан,  21  коммерциялау  кеңсесінен  және  4  өңірлік  коммерциялау 
орталығынан,  4  халықаралық  технологиялар  трансферті  орталығынан 
тұратын тиімді инновациялық инфрақұрылым қалыптастырылды. 
Жобалық 
және 
венчурлық 
қаржыландыруды, 
инновациялық 
гранттарды, 
технологиялық 
бизнес-инкубациялау 
қызметтерін, 
коммерциялау  кеңселерінің  қызметтерін,  салалық  конструкторлық  бюролар 
қызметтерін,  халықаралық  технологиялар  трансферті  орталықтарының 
қызметін  және инновациялық конкурстарды қамтитын инновацияны қолдау 
құралдары жүйесі жолға қойылды. 
Инновациялық гранттар  
Инновациялық 
грант 
индустриялық-инновациялық 
қызмет 
субъектілеріне  инновациялық  гранттар  берудің  басым  бағыттары  аясында 
индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін өтемсіз негізде 
берілетін бюджет қаражаты болып табылады. 
Мемлекет  инновациялық  гранттарды  бірлесіп  қаржыландыру  негізінде 
береді және жобаны жүзеге асыруға жұмсалған шығындарды қайтарады, бұл 
өтінім  берушінің  жобаның  жүзеге  асырылуының  табыстылығына 
жауапкершілігін арттырады. 
«Индустриялық-инновациялық  қызметті  мемлекеттік  қолдау  туралы» 
Заң  қабылданғаннан  кейін  2012  жылы  инновациялық  гранттар  тізімі 
кеңейтіліп, нақтыланды. 
Технологиялық бизнес-инкубация  
Шағын  және  орта  инновациялық  компаниялар  мен  жобаларды  дамыту 
мақсатында  технологиялық  парктерге  2010  жылдан  бастап  технологиялық 
бизнес-инкубация қызметі ұсынылады. 
Технологиялық 
бизнес-инкубация 
қызметтерін 
ұсыну 
заңдық, 
бухгалтерлік,  маркетингтік,  экономикалық  сүйемелдеу,  инфрақұрылым 
ұсыну,  жобалық  менеджер  қызметтері,  бизнес-жоспар  әзірлеу,  бизнес-
жоспарлау және инновациялық менеджмент негіздерін оқыту және басқа да 
қызметтер көрсетуді көздейді. 
2010-2013  жылдары  осы  құралдың  аясында  116  жобаға  қолдау 
көрсетілді. 

162 
 
Салалық  конструкторлық  бюролар  индустриялық-инновациялық 
қызмет  субъектілеріне  жаңа  немесе  жетілдірілген  тауарлар  өндіруді 
ұйымдастыруда жәрдемдеседі. 
Қазақстанда  мұнай-газ,  ауылшаруашылық  және  көліктік  машинажасау 
және  тау-металлургия  жабдығы  және  аспапжасау  салаларында  5 
конструкторлық  бюро  жұмыс  істейді.  Бұл  конструкторлық  бюролар 
еліміздегі 
ең 
күшті 
3D-технологияны 
пайдаланатын 
инженер-
конструкторлар ұжымының бірі саналады. 
2010-2013  жылдар  аралығында  машинажасау  кәсіпорындарының 
тапсырыстары 
бойынша 
салалық 
конструкторлық 
бюролар 
419 
конструкторлық-технологиялық  құжаттама  кешенін  әзірледі  және  69 
құжаттама кешенін сатты. Жасалған жұмыстар нәтижесінде ағымдағы сәтте 
кәсіпорындар 198 жаңа өнім атауын өндіруді игерді. 
Технологияларды коммерциялау 
2011  жылдан  бастап  өңірлік  коммерциялау  кеңселері  желісін 
қалыптастыру  басталды.  Мысалы,  еліміздің  жетекші  ҒЗИ  мен  жоғары  оқу 
орындары базасында 21 коммерциялау кеңсесі құрылды. 
2012  жылы  Қазақстан  Республикасының  өңірлерінде  Алматы, 
Қарағанды,  Орал,  Өскемен  және  Астана  қалаларында  бес  өңірлік 
коммерциялау орталығы құрылды. 
3 жыл ішінде ғалымдардың 400-ден астам өтінімі қаралды, іріктеген 120 
жоба/технология  бойынша  жобалар  тұжырымдамасының  негіздемесі 
әзірленді,  әрі  қарай  коммерциялауға  тұжырымдамалардың  50  негіздемесі 
іріктелініп алынды. 
«ҚР Минералды  шикізатты кешенді қайта  өңдеу жөніндегі ұлттық 
орталығы»  РМК-ны  (ҚР  МШКҚӨ  ҰО  РМК)  халықаралық  деңгейде 
мойындалған  патенттер  санын  арттыруға,  жаңа  өндірістер  құруға,  жаңа 
технологиялар  әзірлеу  мен  оларды  коммерциялауға  бағытталған  ғылыми-
зерттеу  жобаларын  орындау  арқылы  индустриялық-инновациялық  дамуды  
ғылыми-техникалық қамтамасыз етуді іске асырады.  
2013  жылы  ҚР  МШКҚӨ  ҰО  төмендегідей  маңызды  нәтижелерге  қол 
жеткізді: 
«Қазақстан Республикасында тау-кен металлургия кешенін дамытуды 
ғылыми-техникалық  қамтамасыз  ету»  жобасы  бойынша  төмендегілер 
әзірленді: 
– беріктігі  Х80  сыныпты  болат  алу  технологиясы,  «АМТ»  ККЦ 
өнеркәсіптік  жағдайларында  құбыр  жасайтын  болатты  еріту  және  пешсіз 
өңдеу бойынша технологиялық регламент; 
– Аят,  Арал  маңы,  Лисаков  кен  орындарының  кендерін  қайта  өңдеу 
бойынша  бастапқы  қондырғыны  жасауға  арналған  технологиялық 
регламент; 
– төменфосфорлы  арнаулы  коксқа  сынақ  жүргізілді  және  тәжірибелік 
партиясы  әзірленді,  Шұбаркөл  көмірінен  алынатын  арнаулы  кокс  өндірудің 
технологиялық регламенті;  

163 
 
– Батамшы  кен  орны  тобының  кондициялық  емес  тотыққан  никель 
кендерінен  алынған  агломераттар,  брикеттер  мен  окатыштерден  алынған 
хром-никель  шойынды  еріту  бойынша  сынақ  жүргізілді,  болаттың 
қосындыланған  және  арнаулы  маркаларының  жекелеген  түрлерін  ерітуге 
жарамды,  3-6%  аралығындағы  никель  қосылған  шойын  алудың  мүмкіндігі 
көрсетілді; 
– Бестөбе  кен  орнында  жартылай  өнеркәсіптік  жағдайларда  кенді  
электрхимиялық  жолмен  шаймалаудың  толық  технологиялық  сұлбасын 
сынақтан өткізуге арналған қондырғыны жобалауға тапсырма берілді; 
– Аяқ  Қожан  кен  орнының  тотыққан  мыс  кенін  қайта  өңдеу  бойынша 
зауытты жобалауға арналған регламент түзетілді; 
– Ангренсор  кен  орнының  технологиялық  сынамасы  мысалында 
тотыққан 
никель-кобальт 
кенін 
қайта 
өңдеудің 
кешенді 
гидрометаллургиялық  технологиясы  сынақтан  өткізілді,  бұл  сынақтар 
бағалы  компоненттерді  сұйық  фазаға  алудың  жоғары  дәрежесін  көрсетті, 
(%):  Ni  –  99,74,  Co  –  98,30,  Fe  –  99,23,  Cu  -  99,53,  Mg  -  94,40;  бастапқы 
кобальт  өнімі  және  Н-4  маркалы  металл  никель  алынды;  технологиялық 
регламент түзетілді; 
– темір-көміртекті  қалдықтарды  брикеттеу  бойынша  және  өздігінен 
қалпына келетін брикеттерді пайдалана отырып, болат балқытатын пештерде 
болатты  еріту  бойынша  технологиялық  регламенттер  әзірленді;  «Арселор 
Миттал  Теміртау»  АҚ  болат  балқыту  өндірісінің  қожынан  тәжірибелік 
брикеттер  партиясын  (3  т)  алу  арқылы  өнеркәсіптік  брикеттеу  бойынша 
сынақтар жүргізілді; 
– темір-марганец  кендерінен  марганец  концентраттарын  алуды 
магнитпен күйдіріп байытудың технологиялық регламенті әзірленді; 
– қуаты  аз  электрпештерге  қолданылатын  Fe-Mn-Si-Al  лигатурасын 
алудың технологиялық регламенті әзірленді; 
– тәжірибелік-өнеркәсіптік  жағдайларда  Құрымсақ  кен  орнының  кенін 
гидрометаллургиялық  қайта  өңдеу  торабының  оңтайлы  параметрлері 
жасалды:  ванадий  алу  дәрежесі  -  V
2
O
5
  –  90%.  Технологиялық  регламент 
әзірленді. 
«Польшаның 
шикізат 
көздерінен 
ферросиликоалюминий 
алу 
технологиясын  тәжірибелік-өнеркәсіптік  сынақтан  өткізу»  жобасы 
бойынша  Польшаның  Нижнесилез  көмір  алқабынан  тәжірибелік  көмір 
шикізатына металлургиялық бағалау жүргізілді. 
Қуаты  200  кВА  және  5МВА  пештерде  ФС45А15,  ФС55А15  және 
ФС55А20  маркалы  құрамдар  құймаларының  тәжірибелік  партиялары 
әзірленді. 
Кремний мен алюминий алу коэффициенттері ФС45А15  маркасы үшін 
79%  және  тиісінше  74%,  ФС55А15  және  ФС55А20  маркалары  үшін  орташа 
кремний үшін 77%, алюминий үшін 73% болды; 
«Бразилияда «Қазақстандық»  (ферросиликоалюминий) құймасын еріту 
технологиясын  тәжірибелік-өнеркәсіптік  сынақтан  өткізу»  жобасы 

164 
 
бойынша  қуаты  12  МВА  рудатермиялық  электрпеште  «Ligas  Gerais 
Eletrometalurgia 
Ltda» 
(Бразилия, 
Сан-Жуаль-Дель-Рей 
қаласы) 
ферробалқыту 
зауытында 
ферросиликоалюминий 
еріту 
бойынша 
тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақ өткізілді. 
Кремний  мен  алюминий  алу  коэффициенттері  ФС55А15  маркасы  үшін 
орташа 77-78% және 75-76%-ды құрады. 
110  тонна  ФС55А15  маркалы  конденцаттық  ферросиликоалюминий 
балқытылды; Бразилияның көмір шикізатынан ФСА алудың  технологиялық 
регламенті түзетілді. 
 
2013 жылғы негізгі жетістіктер: 
- «KSPSteel»  ЖШС-да  (Павлодар  қаласы)  ферросиликоалюминий 
өндіру цехы пайдалануға берілді;  
- Zhuzhou Smelter Group Co. (ҚХР) қорғасын зауыты іске қосылды;  
- Jiangxi  Copper  Corporation  (ҚХР)  компаниясының  қорғасын  зауыты 
өнеркәсіптік пайдалануға тапсырылды-қабылданды; 
- Портовезмдегі  (Италия)  КИВЦЭТ  жаңғыртылған  кешені  өнеркәсіптік 
пайдалануға тапсырылды-қабылданды; 
- «Efficient 
technologies 
in 
ferroalloy 
industry» 
INFACONXIII 
ферробалқытушылардың 
Он 
үшінші 
Дүниежүзілік 
Конгресі 
ұйымдастырылды және өткізілді; 
- құрамында рений бар қождарды қайта өңдеу гидротелімдері жасалды; 
- Металлургия Орталығының 1-кезегі іске қосылды; 
- Ligas 
Gerais 
Eletrometalurgia 
Ltda  (Бразилия)  компаниясында 
ферросиликоалюминийді еріту технологиясы сынақтан өткізілді;  
- RWSiliciumGmbh 
(Германия)  және  Posco  (Оңтүстік  Корея) 
зауыттарында рексиль сынақтан өткізілді; 
- Астана  қаласында  («Тау-Кен  Алтын»  ЖШС)  аффинаж  зауыты  іске 
қосылды.  
ҚР  МШКҚӨ  ҰО  стандарттау,  сертификаттау,  метрология  және  сапа 
жүйелері,  мемлекеттік  стандарттарды  әзірлеу  саласында  қолданбалы 
ғылыми  зерттеулер  жүргізу  арқылы  техникалық  реттеу  және  метрология 
жүйелерін дамытуға жәрдемдеседі. 
27  өтінім  беруші  ұйымдардан  түскен  100  Химиялық  өнімдердің 
қауіпсіздік  паспортына,  49  химиялық  өнімнің  Қазақстан  Республикасының 
химиялық  өнімдердің  қауіпсіздігі  саласындағы  заңнамасының  талаптарына 
сәйкестігіне сараптама жасалды. 60 оң қорытынды берілді. 
1. «Қазақстан  Республикасының  ұлттық  ядролық  орталығы»  РМК 
(ҚР  ҰЯО  РМК,  Курчатов  қаласы,  ШҚО),  құрамына  атом  ғылымы  мен 
техникасы және радиациялық қауіпсіздік пен экология салаларында ғылыми 
зерттеулер жүргізетін екі филиал кіреді: 

 
 «Атом  энергиясы  институты»  филиалы  атом  және  термоядролық 
энергетика  объектілерінің  қауіпсіздік  проблемалары  бойынша  ғылыми-
зерттеу 
және 
тәжірибелік-конструкторлық 
жұмыстар 
атқарады, 
персипективалы  ядролық  және  термоядролық  реакторлардың  жекелеген 

165 
 
тораптары  мен  элементтерін  әзірлеу  және  сынақтан  өткізу,  қатты  дене 
радиациялық  физикасы  және  реакторлық  материалтану,  радийактивті 
қалдықтарды  (РАҚ)  және    иондаушы  сәулелеу  көздерін  (ИСК)  қолдану 
бойынша, 
атом 
саласының 
объектілерін 
жобалау, 
Қазақстан 
Республикасының атом саласы үшін кадрлар даярлау жұмыстарын атқарады. 

 
 «Радиациялық  қауіпсіздік  және  экология»  филиалы  радиациялық-
қауіпті объектілерге радиоэкологиялық мониторинг жүргізу, бұрынғы Семей 
сынақ  полигонының  (ССП)  аумағында  радиациялық  қауіпсіздікті 
қамтамасыз  ету,  сәулелену  мөлшерін  есепке  алу  және  бақылау  әдістерін, 
радийталдамалы  әдістемелерді  әзірлеу,  радиациялық  ластанған  аумақтарды 
ремедиациялау,  бұрынғы  ССП  проблемалары  бойынша  ақпараттық-ағарту 
жұмыстарын атқарады. 
ҚР  МШКҚӨ  ҰО  республикалық  бюджеттен  қаржыландырылатын 
төмендегі  екі  ғылыми-техникалық  бағдарлама  бойынша  бас  ұйым  болып 
табылады: 
– «Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту»;  
– «Қазақстандық Токамак термоядролық материалтану реакторын жасау 
мен пайдалануға ғылыми-техникалық қолдау көрсету». 
«Қазақстан 
Республикасында 
атом 
энергетикасын 
дамыту» 
бағдарламасының  негізгі  мақсаты  атом  энергетикасын  дамытуға  ғылыми-
техникалық 
қолдау 
көрсетуді 
қамтамасыз 
ету 
және 
ядролық 
технологияларды дамыту болып табылады. 
Бағдарлама 
бойынша 
ғылыми-зерттеу 
жұмыстары 
атом 
энергетикасының 
қауіпсіздік 
мәселелерін, 
реакторлардың 
активті 
аймағының  конструкциялық  материалдарын  зерттеуді,  ядролық  физика, 
ядролық 
технологиялар 
саласындағы 
зерттеулерді, 
радийактивті 
материалдармен  және  пайдаланылған  ядролық  отынмен  жұмыс  істеу 
жүйесін  құруды,  радиоэкологиялық  зерттеулердің  әдістемелік  және 
аппаратуралық  базасын  дамытуды,  радиоизотоптық  өнім  шығарудың 
технологиялық  негіздерін  жасауды,  ядролық  қауіпсіздікке  геофизикалық 
мониторинг  жүргізу  технологияларын  дамытуды  қамтиды.  Бұдан  басқа, 
аталған  бағдарлама  шеңберінде  Қазақстанда  атом  энергетикасы  мен 
өнеркәсібін дамытуды ақпараттық қамтамасыз ету жұмыстары атқарылуды. 
Литий  капиллярлы-кеуек  құрылымды  (ККҚ)  үлгісі  бар  реакторлық 
ампула үшін нейтронды-физикалық және жылуфизикалық есептер жасалды, 
олардың негізінде үлгіні ИВГ.1М реакторында сынақтан өткізу параметрлері 
есептелді.  Үлгінің  200-ден  500  °С  дейінгі  аралықтағы  температура  кезінде 
реактордың  қуаты  1,  2  және  6  МВт  болғанда  сәулелену  жағдайларында 
литий капиллярлы-кеуек құрылымды үлгіде тритий мен гелий өндірілу және 
бөліну  үдерістерін  зерттеу  бойынша  реакторлық  эксперимент  жасалды. 
Реактор қуатының, зерттелетін литий капиллярлы-кеуек құрылымды үлгінің 
температурасындағы 
және 
газдың 
үлгіге 
қатысты 
парциальдық 
қысымындағы өзгерістердің уақыттық тәуелділігі анықталды. 

166 
 
КТМ  разрядты  камерасына  жақын  камераішілік  модульге  монтаждау 
жасалды,  сыртқы  термотұрақтандыру  жүйесі  жөнделіп,  қосылды.  Газдың 
қысымы  және  жылутасымалдағыштың  шығыны  анықталды,  литий 
диверторы макетінің жүйелерін баптау режімі ішінара жасалды. 
КТМ  токамакының  вакуумды  камерасына  орналастыруға  арналған 
молекулалық  шоқтың  газдинамикалық  көзінің  негізінде  плазманың 
(плазманы  қоректендіру  немесе  өшіру  жүйелері)  тығыздығының  өзгеру 
жүйесінің элементтері дайындалды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет