Т. И. Есполов ҚР ҰҒА академигі, профессор



Pdf көрінісі
бет2/23
Дата06.03.2017
өлшемі1,69 Mb.
#7943
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

 
1.
 
 
АҚШ 
2763847 
27,059 
2.
 
 
Қытай 
1217851 
11,923 
3.
 
 
Германия 
657390 
6,436 
4.
 
 
Англия 
651896 
6,382 
5.
 
 
Жапония 
529032 
5,179 
6.
 
 
Франция 
448145 
4,387 
7.
 
 
Канада 
409276 
4,007 
8.
 
 
Италия 
391609 
3,834 
9.
 
 
Испания 
335972 
3,289 
10.
 
 
Австралия 
307936 
3,015 
94. 
Қазақстан 
2523 
0,025 
96. 
Өзбекстан 
2222 
0,022 
143. 
Қырғызстан 
464 
0,005 
153. 
Тәжікстан 
330 
0,003 
184. 
Түркіменстан 
76 
0,001 
233. 
Батыс Сахара 

0,00 
 
Есеп  барысында,  яғни  жоғарыда  атап  көрсетілген  мерзім  аралығында 
Қазақстан мен Өзбекстанның халықаралық ғылыми журналдарға жариялаған 
мақалаларының  саны  1000-нан  10 000-ға  дейін  артып,  94-ші  және  96-шы 
орынға шыққан. Ал Орталық Азияның өзге елдері Web of Science мәліметтер 
қорының бағалауы бойынша төмендегідей орындарға ие болған. Қырғызстан 
– 143; Тәжікстан – 153; Түркіменстан – 184-ші орынға табан тіреген.  
Библиометриялық көрсеткіштің негізгі индикаторы ретінде жарияланған 
ғылыми  мақаланы  өзге  ғалымдардың  ғылыми-зерттеу  жұмыстарында 
мейлінше  пайдалануы,  яғни  орташа  сілтеме  жасауы  ғылыми  жұмыстың 
маңыздылығының  басты  көрсеткіші  болып  табылатыны  белгілі.  Бұл  ретте 
жарияланған  ғылыми  мақалаға  өзге  ғалымдардың  сілтеме  жасауы  есепке 
алынады.  Осылайша  ғылыми-зерттеу  жұмысының  тиімділігін  анықтауға 
мүмкіндік туады. Өкінішке орай, Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша Орталық 
Азия  елдері  арасында  Түркіменстанмен  тең  түсіп,  тек  Тәжікстанның  ғана 
алдына шыққан (2.2-сурет). 
Web  of  Science  мәліметтер  қорының  құрамына  халықаралық  және 
аймақаралық  басылымдар  енетіні  белгілі.  Олар  –  бағыттары  мен 
тақырыптары  бойынша  ғылымның  151  саласын  қамтиды.  Ғылыми 
ақпараттық  ресурс  –  ғылыми  ақпараттар  қорын  бес  топқа  бөліп  жіктеген: 
өмір  туралы  ғылым  және  биомедицина,  физика  ғылымы,  техникалық  және 
қолданбалы  ғылым,  өнер  және  гуманитарлық  ғылым,  әлеуметтік  ғылымдар 
деп бөлінген.   
 

12 
 
 
 
2.2-сурет. Орталық Азия елдері арасында 2009-2013 жылдары аралығында Қазақстанның 
орташа сілтемелік көрсеткішінің деңгейі, Web of Science 
 
Зерттеу  барысында  2009-2013  жылдар  аралығында  қазақстандық 
жарияланымдардың  басым  бөлігі  физика  ғылымның  үлесіне  тиіп,  1238-ды 
құраса,  өмір  туралы  және  биомедицина  бойынша  жарияланған  мақалалар 
708-ге  жеткен.  Қазақстан  ғалымдарының  техникалық  ғылымдар  бойынша 
жариялаған  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  547-ні  құрады.  Ал  төменгі 
көрсеткіш,  яғни  12,52%  әлеуметтік  ғылымдар,  өнер  және  гуманитариялық 
ғылымдардың үлесіне тиіп отыр (2.3-сурет). 
 
 
2.3-сурет. 2009-2013 жылдары Web of Science мәліметтер қорындағы қазақстандық 
жарияланымдардың құрылымдық үлесі 
 
Әлемдік  ғылыми  қоғамдастықта  қай  елде  қандай  ғылымның  салалары 
жоғары  және  әлсіз  екенін  анықтаудың  өзіндік  индексі  қалыптастырған 
болатын.  Ғылымның  қай  саласы  жоғары  деңгейде  дамығанын,  қандайда  бір 
салаға  ғалымдардың  мамандану  үрдісімен  анықтайды.  Бұны  ұлттық  және 
ғаламдық  жарияланымдарды  басшылыққа  алып  саралайтынын  айта  кетуіміз 
керек  [5].  Ғылыми  маманданудың  индексін  анықтауда  нақты  бір  ғылымның 
саласы  бойынша  ауқымды  ғылыми  мақалалардың  жариялаудан  байқауға 
болады.  Егер  нақты  ғылымның  бір  саласы  бойынша  ғылыми  мақалалар  көп 

13 
 
жарияланса,  ол  ғылыми  маманданудың  индексін  сол  сала  бойынша  жоғары 
екенін көрсетеді.  
Бүгінде  Қазақстанда  ғылым  мен  техника  саласында  ауқымды  ғылыми-
зерттеу  жұмыстары  жүргізілуде.  Мұны  отандық  ғалымдар  мен  білікті 
мамандардың  дүниежүзінің  жетекші  ғылыми  журналдарында  ғылымның 
нақты  бір  салалары  бойынша  жариялаған  мақалаларын  мұқият  сараптағанда 
көз  жеткізуге  болады.  Тіпті,  ғылымның  кейбір  салалары  бойынша 
қазақстандық 
авторлар 
орташа 
көрсеткіштен 
жоғары 
мақалалар 
жариялағанынан  біраз  жайтты  аңғаруға  болады.  Осындай  көрсеткіштер 
арқылы  Қазақстанда  ғылымның  нақты  қай  салалары  бойынша  ғылыми 
мамандану  қарқынды  жүріп  жатқанын  анықтап,  біле  аламыз.  Белгіленген 
мерзім  аралығында  жарияланған  ғылыми  мақалаларды  мұқият  сараптағанда 
Қазақстан  ғалымдарының  тау-кен  ісі  және  пайдалы  жерасты  байлықтарын 
өңдеу,  минерология,  ядролық  физика  және  технология,  аллергия, 
палеонтология,  астрономия  және  астрофизика  салаларына  мамандану 
бойынша индекстік көрсеткіші 3-тен жоғары екенін көз жеткіздік (2.2-кесте). 
Бүгінде  ЭЫДҰ  (Экономикалық  ынтымақтастық  және  даму  ұйымы) 
дүниежүзінің  индустрияланған  бірқатар  елдерін  топтастырып  өмір  туралы 
ғылым,  жер  және  ғарыш,  математика,  қоғамдық  тәртіп  бойынша  ғылыми 
мамандануға  баса  мән  беріп  отыр.  Осылайша  олар  дүниежүзі  бойынша 
ғылыми маманданудың маңызды бағыттарын айқындауда.  
Зерттеу  барысында  Қазақстанда  ғылымның  бірқатар  салалары  тиісті 
деңгейде  дамымағанына  көз  жеткіздік.  Ал  өмір  туралы  ғылым  және 
биомедицина  саласына  жататын  –  вирусология,  паразитология,  педиатрия, 
гематология, аграрлық ғылым және биофизика бойынша даму деңгейіміз өте 
төмен.  Елімізде  қоғамдық  ғылымдар  пәні  бойынша  бірқатар  алға 
жылжушылық орын алғанымен, кейбір  сала бойынша мамандану индексінің 
2,02 көрсеткішінен аспаған. Бұл ретте өнертану мен гуманитарлық ғылымдар 
әлемдік  ғылыми  контексте  өзінінің  әлсіздігін  байқатқан.  2009-2013  жылдар 
аралығында  ғылыми  маманданудың  ең  жоғарғы  индексіне  қоғамдық 
ғылымдар  пәні  салалары  қол  жеткізіп,  мемлекеттік  басқару  (11,778),  бизнес 
және экономика (3,395) саласы жоғары нәтижеге ие болған.    
Бірлескен  авторлық  мақалалардың  үлес  салмағын  есепке  ала  отырып, 
әлемдік 
ғылыми 
қауымдастықта 
жекелеген 
елдердің 
ғылыми 
ынтымақтастықтың  қаншалықты  дамығанын  анықтауға  болады.  2009-2013 
жылдар  аралығында  бірлескен  авторлық  шеңберінде  қазақстандық 
ғалымдардың  жариялаған  ғылыми  мақалаларының  үлесі  46%-ды  құраған. 
Нақтырақ  айтсақ,  бірлескен  авторлық  мақалалардың  саны  1163-ке  жетіп, 
Қазақстан  ғалымдары  дүниежүзінің  98  елінің  ғалымдармен  әріптестік 
байланыс  орнатқан.  2.3-кестеде  Қазақстан  ғалымдары  мен  өзге  елдердің 
бірлескен авторлық шеңберде ғылыми мақалалар жазғаны анық көрсетілген. 
Бірлескен  авторлық  жұмыстар  еліміздегі  жалпы  ғылыми  жұмыстардың  3%-
ын құрап отыр.    
 

14 
 
 
2.2-кесте. 2009-2013 жылдардағы Қазақстандағы ғылыми маманданудың  
индекстік көрсеткіші 
 
№ 
Зерттелген салалар 
Ғылыми 
маманданудың 
көрсеткіші 
1.
 
  Мемлекеттік басқару 
11,778 
2.
 
  Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өңдеу 
5,684 
3.
 
  Минерология 
4,832 
4.
 
  Ядролық физика және технология 
4,548 
5.
 
  Аллергия 
4,016 
6.
 
  Палеонтология 
3,404 
7.
 
  Бизнес және экономика 
3,395 
8.
 
  Астрономия және астрофизика 
3,228 
9.
 
  Математика 
2,849 
10.
 
  Металлургия 
2,849 
11.
 
  Әлеуметтану 
2,720 
12.
 
  Физика 
2,578 
13.
 
  Геология 
2,138 
14.
 
  Геохимия және геофизика 
2,120 
15.
 
  Спектроскопия 
2,118 
16.
 
  Биоалуандық және оны сақтау 
2,033 
17.
 
  Өмір туралы ғылым. Биомедицина 
1,885 
18.
 
  Зоология 
1,850 
19.
 
  Химия 
1,759 
20.
 
  Елтану 
1,748 
21.
 
  Археология 
1,639 
22.
 
  Энергия және жанармай 
1,584 
23.
 
  Педагогика және білім 
1,572 
24.
 
  Әлеуметтік ғылымдағы математикалық ғылым 
1,394 
25.
 
  Иммунология 
1,359 
26.
 
  Қоршаған орта жайындағы ғылым. Экология 
1,301 
27.
 
  Биотехнология 
1,254 
28.
 
  Термодинамика 
1,242 
29.
 
  Аспаптық және метрология жүйесі 
1,209 
30.
 
  Материалтану 
1,181 
31.
 
  Тропикалық медицина 
1,118 
32.
 
  Инфекциялық аурулар  
1,098 
33.
 
  Телекоммуникация 
1,059 
34.
 
  Механика 
1,033 
35.
 
  Фармакология 
1,010 
 
Зерттеу  барысында  қазақстандық  ғалымдар  Ресей  мен  АҚШ-тағы 
әріптестерімен бірлесіп физика, астрономия, химия, материалтану және Жер 
туралы  ғылым  бойынша  іргелі  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жүргізгені 
мәлім  болды.  2009-2013  жылдар  аралығында  Web  of  Science  мәліметтер 

15 
 
қорына  жоғарыда  аты  аталған  екі  елмен  бірлескен  авторлық  шеңберінде 
жазылған мақалалар жалпы жарияланымдар 29%-ды құраған.   
 
2.3-кесте. Web of Science, 2009-2013 жылдар аралығындағы  
Қазақстанның сырт елдердегі ғылыми әріптестерінің көрсеткіштері 
 
№ 
Елдер 
Қазақстанмен бірлесіп мақала жариялау 
саны 
2523  
%-ға шаққандағы үлесі 
1.
 
 
Ресей 
436 
17,281 
2.
 
 
АҚШ 
297 
11,772 
3.
 
 
Германия 
187 
7,412 
4.
 
 
Англия 
133 
5,272 
5.
 
 
Жапония 
125 
4,954 
6.
 
 
Испания 
103 
4,082 
7.
 
 
Украина 
101 
4,003 
8.
 
 
Италия 
99 
3,924 
9.
 
 
Канада 
81 
3,210 
10.
 
 
Нидерланды 
81 
3,210 
11.
 
 
Польша 
80 
3,171 
12.
 
 
Бельгия 
77 
3,052 
 
Осы ретте Қазақстан ғалымдары Германия, Англия, Жапония елдерімен 
де  тығыз  ғылыми  әріптестік  байланыс  орнатып,  медицина  мен  аграрлық 
салада,  биология  ғылымы  мен  экология  бойынша  біраз  ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын жүргізгенін айта кетуіміз керек. Бұдан басқа зерттеу барысында 
Қазақстан  ғылыми  әріптестік  көкжиегін  кеңейтуде  Азия  елдерімен  де  тығыз 
байланыс орнатқанына көз жеткіздік.  
2009-2013 жылдар аралығында ғылыми мақалалар жариялауға еліміздегі 
250  ғылыми  мекеме  белсене  атсалысқан.  Оның  64-і  жоғарғы  оқу  орындары. 
Оқу  орындары  арасында  ғылыми  мақалалар  жариялауда  Қазақстанның  2 
ұлттық  университеті  топ  бастап  келеді.  Олар  –  әл-Фараби  атындағы  Қазақ 
Ұлттық  университеті  мен  Л.Н. Гумилев  атындағы  Еуразия  Ұлттық 
университеті.  Ал қоғамдық ұйымдар арасында мәліметтер базасына ғылыми 
мақалалар  жариялауда  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі  мен  ҚР  Ұлттық 
ядролық орталығы көш бастауда.   
2.4-кестеде  көрсетілгендей  2009-2013  жылдар  аралығында  мәліметтер 
қорына  жарияланған  жарияланымдарды  жете  зерттегенімізде  10-нан  астам 
мақала  жариялаған  ғылыми  мекемелер  мәліметтер  қорындағы  жалпы 
қазақстандық  жарияланымдардың  82%-ын  құраған.  2.4  кестеге  2009-2013 
жылдар  аралығында  30  астам  жарияланым  жариялап  үлгерген  ғылыми 
мекемелер енгізілді.   
 

16 
 
2.4-кесте. 2009-2013 жылдар аралығында Web of Science мәліметтер қорына  
мақала жариялаған Қазақстанның жетекші ғылыми мекемелерінің саны 
 
№ 
Ұйым 
Мақала-
лар саны 
2523% 
шақ/ғы 
үлесі 
1.
 
 
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 
437 
17,321 
2.
 
 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті 
305 
12,089 
3.
 
 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
139 
5,509 
4.
 
 
«Назарбаев» Университет 
110 
4,360 
5.
 
 
ҚР Ұлттық ядролық орталығы 
99 
3,924 
6.
 
 
Қазақ-Британ техникалық университеті 
71 
2,814 
7.
 
 
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік 
университеті 
70 
2,774 
8.
 
 
Т.Рысқұлоа атындағы Қазақ экономикалық университеті 
67 
2,656 
9.
 
 
Астана медицина университеті 
64 
2,537 
10.
 
 
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина 
университеті  
64 
2,537 
11.
 
 
ҚР Органикалық синтез және көмір химиясы институты 
54 
2,140 
12.
 
 
Д. Серікбаева атындағы Шығыс қазақстан мемлекеттік 
техникалық университеті  
52 
2,061 
13.
 
 
ҚР Ұлттық биотехнология орталығы 
49 
1,942 
14.
 
 
Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық 
университеті 
48 
1,902 
15.
 
 
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік 
университеті 
47 
1,863 
16.
 
 
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті 
37 
1,467 
17.
 
 
Қазақстан менеджмент, экономика және болжау 
институты 
36 
1,427 
18.
 
 
ҚР Ғарышты зерттеу орталығы 
33 
1,308 
19.
 
 
Ядролық физика институты 
32 
1,268 
 
Қазақстандық  ғалымдар  бірлескен  авторлық  шеңберде  7000-ға  таяу 
ғылыми мақалалар жариялағаны мәлім болды. 2.5-кестеде белгіленген мерзім 
аралығында  15-тен  жоғары  ғылыми  мақалалар  жариялаған  қазақстандық 
ғалымдардың  тізімін  ұсынып  отырмыз.  Бұл  тізімде  Р. Мырзақұлов, 
Д. Момени  (Л. Гумилев  атындағы  ЕҰУ  жанындағы  Еуразиялық  және 
халықаралық  теориялық  физика  орталығы),  А. Барақбаев,  Е. Боос, 
Н. Покровский,  Б. Жәутіков  (Физика-техникалық  институты),  Т. Рамазанов 
(әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ)  сынды  ғалымдар  көш  бастап  келеді.  Аты 
аталған ғалымдар 2009-2013 жылдар аралығында 30-дан 78-ге дейін ғылыми-
зерттеу материалдар жариялаған. Соңғы 5 жылда Web of Science мәліметтер 
базасында  жарияланған  33-тен  19-ға  дейінгі  ғылыми  мақалаларды  жоғары 
сілтемелік  көрсеткішке  ие  болған  қазақстандық  ғалымдардың  қатарында  – 
З. Мансұров, И. Кулаков, О. Нұркенов, С. Адекенов, И.С. Іргебаевалар бар. 
2009-2013  жылдар  аралығында  Қазақстанның  ғылыми  еңбектері  Web  of 
Science  мәліметтер  қорына  енген  1006  басылымда  жарияланды.  Соның 
ішінде  686  журналдық  басылымда  жарияланымдардың  библиометриялық 
көрсеткішін көрсеткен (2.6-кесте). 

17 
 
2.5-кесте. 2009-2013 жылдар аралығында Web of Science журналында  
ғылыми мақалалар жариялаған қазақстандық ғалымдар 
 
№ 
Авторлар 
Жұмыс орыны 
Жарияланым 
саны  
1.
 
  Р. Мырзақұлов 
Л. Гумилева атындағы Еуразия Ұлттық 
университеті 
78 
2.
 
  А.К. Барақбаев 
Физика-техникалық институты 
53 
3.
 
  Е.Г. Боос 
Физика-техникалық институты 
53 
4.
 
  Н.С. Покровский 
Физика-техникалық институты 
53 
5.
 
  Б.О. Жәутіков 
Физика-техникалық институты 
53 
6.
 
  Т.С. Рамазанов 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 
34 
7.
 
  З.А. Мансұров 
Жану мәселелері институты  
33 
8.
 
  О.А. Нұркенов 
ҚР Органикалық синтез және көмір химиясы 
институты 
33 
9.
 
  И.В. Кулаков 
ҚР Органикалық синтез және көмір химиясы 
институты 
31 
10.
 
  С.М. Адекенов 
«Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы 
25 
 
Көріп  тұрғандай,  кестедегі  барлық  басылымдардың  ғылыми  рейтингі 
жоғары, 
маңызды 
импакт-факторлық 
көрсеткішке 
ие 
журналдар. 
Басылымдарда  ғылымның  нақты  бір  салалары  бойынша  жарияланған 
мақалалардың 
тиімділігі 
өзге 
ғалымдардың 
қаншалықты 
сілтеме 
жасағанымен  өлшенеді.  Ғылыми  мақала  жарияланғаннан  кейін  екі  жылдың 
ішінде  ғылыми-зерттеу  жұмысы  ғалымдардың  назарын  аударып,  біраз 
сілтемеге ие болған соң импакт-факторлық көрсеткішке ие болады.  
 
2.6-кесте. 2009-2013 жылдар аралығындағы Web of Science мәліметтер қорына енетін 
журналдарда жарық көрген қазақстандық жарияланымдар 
 
№ 
Басылым атауы 
Мақала 
саны  
2012 ж. 
импакт-
факторы  
Импакт-
факторлық 
дәрежесі 
1
 
 Actual Problems of Economics 
56 

31 
2
 
 Chemistry of Natural Compounds 
44 
0,599 
15 
3
 
 Russian Journal of General Chemistry 
42 
0,432 
19 
4
 
 Russian Journal of Physical Chemistry A 
30 
0,386 
23 
5
 
 European Physical Journal C 
29 
5,247 

6
 
 Russian Journal of Applied Chemistry 
28 
0,235 
27 
7
 
 Russian Physics Journal 
26 
0,408 
22 
8
 
 Faseb Journal 
23 
5,704 

9
 
 International Journal of Psychology 
23 
0,632 
14 
10
 
 Physical Review D 
21 
4,691 

11
 
 Journal of High Energy Physics 
20 
5,618 

12
 
 Contributions to Plasma Physics 
20 
0,934 
13 
 

18 
 
2009-2013  жылдар  аралығыда  Web  of  Science  (Thomson  Reuters) 
халықаралық  мәліметтер  қорында  жарияланған  қазақстандық  авторлардың 
ғылыми  жұмыстарына  библиометриялық  талдау  жүргізгенімізде  2013  жылы 
ғылымның  әр  саласындағы  трендтерді  анықтаудың  сәті  түсті.  Осылайша 
отандық  ғылымның  даму  деңгейі  айқындадық.  Бұл  зерттеу  арқылы  алдағы 
уақытта  елімізде  ғылыми  мамандану  мәселесін  қай  бағытта  жүргізу, 
ғалымдардың  қай  салада  жемісті  жұмыс  істеп  жатқанын  және  ғылым 
бойынша  қай  елдермен  ынтымақтастықты  кеңейту  жайындағы  маңызды 
сұрақтарға жан-жақты жауап алуға болады.   
Халықаралық  ғылыми  журналдарда  жарық  көрген  қазақстандық 
жарияланымдарды  сараптағанымызда  отандық  ғалымдар  физика  және 
техникалық  ғылым  саласында  көп  еңбектеніп  жатқанына  көз  жеткіздік.  Ал 
әлемдік  ғылыми  кеңістікте  жарияланған  ғылыми  мақалалардың  дені  қазіргі 
таңда  медицина  мен  биология  ғылымдарына  бағытталып,  аталған  салалар 
ғылымды  дамытудағы  маңызды  салаға  айналған.  Осы  ретте  қазақстандық 
ғалымдар  дүниежүзіндегі  физика  ғылымының  дамуына  айтарлықтай  үлес 
қосып отырғанын мақтанышпен айта аламыз.  
Ұлттық  ғылыми  жүйені  дамытуда  ғылыми  мамандану  мәселесіне  тиісті 
деңгейде  көңіл  бөліп,  ғылымның  өзге  салаларын  мамандану  мәселесін 
реттеудің  мәні  зор.  Бұл  ретте  отандық  ғалымдар  дүниежүзі  бойынша 
маңызды  бағытқа  айналған  ғылымның  салалары  бойынша  ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын  қолға  алып,  көп  еңбектенуі  қажет.  Зерттеу  барысында 
Қазақстанда  ғылыми  маманданудың  теңгермешілік  жағдайда  жүргізу  қажет. 
2009-2013  жылдар  аралығында  дүниежүзінде  119  ғылымның  саласы  жан-
жақты  дамығаны  анықталды.  Ал  осы  аралықта  Қазақстанда  ғылымның  35 
саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген. Ал қалған салалар 
бойынша  зерттемелер  өте  аз.  Осы  жайттан-ақ  Қазақстанда  ғылыми 
мамандану  саласын  реттеудің  кезек  күттірмейтін  іс  екенін  аңғарамыз. 
Зерттеу  нәтижесі  көрсеткендей  қазір  Қазақстанда  ғылымның  –  тау-кен  ісі 
және  пайдалы  қазбаларды  өңдеу,  минералогия,  ядролық  физика  және 
технология,  аллергия,  палеонтология,  астрономия  және  астрофизика 
салалары жан-жақты дамыған. 
Зерттеу  барысында  Қазақстан  ғылым  саласы  жоғары  деңгейде  дамыған 
дүниежүзінің  жетекші  елдерімен  тығыз  әріптестік  қарым-қатынас  орнатуға 
ұмтылғанын 
байқаймыз. 
Мұндай 
байланыстар 
ғылыми-зерттеу 
жұмыстарының сапасын арттырып, ғылыми жаңалықтардың нәтижесін елдің 
игілігіне  айналдыруға  ықпал  етеді.  2009-2013  жылдары  қазақстандық 
ғалымдар  өзге  елдердегі  әріптестерімен  қарым-қатынасты  кеңейтуге 
айрықша  мән  берген.  Осы  аралықта  жарияланған  ғылыми  мақалалардың 
46%-ы  отандық  ғалымдар  шетелдік  әріптестерімен  бірлесіп  жазғанынан 
ғылыми  ынтымақтастықтың  ауқымы  қаншалықты  артқанын  бағамдаймыз. 
Зерттеу  нәтижесі  көрсеткендей,  белгіленген  мерзім  аралығында  отандық 
ғалымдар  әлемнің  98  еліндегі  әріптестерімен  бірлесіп  жұмыс  істеген.  Осы 
ретте  ғалымдарымыз  Ресей  мен  АҚШ  ғалымдарымен  физика,  астрономия, 
химия, материалтану және  Жер туралы  ғылым салаларының байланыстарын 
кеңейткен. 

19 
 
3. ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТТІҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ. 
(Ғылыммен  айналысатын  ғылыми  ұйымдардың  ЖОО,  автономдық 
білім  беру  ұйымдарының  сапалық  құрамы,  отандық  ғылыми 
кадрларды даярлаудың сапасы, шетелдік ғалымдарды тарту, сондай-
ақ  Қазақстанда  ғылыми  зерттеу  жүргізу  үшін  инфрақұрылым 
(инженерлік  бағыттағы  зертханалар,  ұжымдық  пайдаланымдағы 
ұлттық  ғылыми  зертханалар,  ғылыми-зерттеу  институттары 
және тағы басқа ғылыми ұйымдарды қоса алғандағы) 
 
Ғылыми-техникалық  әлеуеттің  ресурстық  өзегінде  «зерттемелер  мен 
өндіріс» жатады. Бұл ретте іргелі және қолданбалы ғылым басшылыққа алып, 
тәжірибелік-конструкторлық  зерттемелер  мен  ғылыми-техникалық  өнімді 
өндірістің  түрлі  саласына  енгізудің  мәні  зор.  Ал  ғылыми-техникалық 
әлеуеттің  негізгі  қозғаушы  күші  болып  білікті  мамандар  саналады.  Олар 
өзінің шығармашылық еңбегімен ғылыми-техникалық қызметке жан бітіреді.   

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет