Өнертану және гуманитарлық ғылымдар. 2009-2013 жылдары Web
of Science мәліметтер қорына өнертану және гуманитарлық ғылымдар
бойынша бар болғаны 21 ғылыми жұмыс жарияланған. Жарық көрген
ғылыми жұмыстарды 6 бағытқа бөліп қарастыруға болады.
Зерттеу барысында белгіленген бес жыл бойына өнертану және
гуманитарлық ғылымдар саласы бойынша жарияланған мақалаларға бірде-
бір сілтеме жасалынбаған. Мұның себебін бұл бағытта жанама зерттеулер
жүргізілмеумен түсіндіруге болады (7.7-кесте).
7.7-кесте. Web of Science 2009-2013 жылдары өнертану және гуманитарлық ғылымдар
бойынша қазақстандық жарияланымдардың саны
№
Зерттеу саласы
Жарияланым саны
1.
Тарих
12
2.
Гуманитарлық ғылым
3
3.
Өнертану
2
4.
Философия
2
5.
Дінтану
2
6.
Әдебиет
1
Бұл бағытта жарияланған қазақстандық мақалалар 9 басылымға
жарияланған. Оның тек екеуінің ғана рефератты және индекстелген шетелдік
журнал болып саналады. Ал қалған ғылыми жұмыстардың бәрі импакт-
факторлық көрсеткішке ие емес журналдарға жарияланған. Осы ретте
мақалалардың көпшілігі конфернциялар мен түрлі жинақтарға енген ғылыми
жұмыстар екенін айта кетуіміз керек.
Өнертану және гуманитарлық ғылымдар бойынша бір-екі жұмысы
имфакт-факторлық көрсеткіштері 0,342 және 0,41-ге тең АҚШ-тың «Studia
Logica» және Польшаның «Slavic Review» журналына жарияланған.
Өкінішке орай, деңгейі біршама жоғары журналдарға жарияланған ғылыми
жұмыстарға ешқандай сілтеме жасалынбаған. Бұл бағытта жарияланған
148
мақалаларға Қазақстанда жұмыс істеген АҚШ, Германия, Англия, Чехия,
Канада, Ресей және Қырғызстанның ғалымдары біршама қызығушылық
танытқан.
Web of Science мәлімттер базасындағы қазақстандық жарияланымдарды
сараптағанда өнертану және гуманитарлық ғылымдар бойынша жазылған
ғылыми жұмыстардың әлсіз екенін көзіміз жете түсті. Жалпы алғанда
гуманитарлық ғылымдар бойынша жазылатын ғылыми жұмыстарға әлемдік
ғылыми ортаның қызығушылығы жоғары емес. Сондықтан ғалымдар бұл
бағытта жазылған ғылыми-зерттеу жұмыстарынан көп сілтеме күтпейтіні
белгілі. Сол сияқты гуманитарлық бағыттағы ғылыми жұмыстарды
жариялайтын ғылыми журналдардың да импакт-факторлық көрсеткіші
жоғары болмайды. Осындай жайтты ескерсек, гуманитарлық бағытта
жазылған ғылыми жұмыстардың ғылыми орта үшін маңыздылғын дәл
бағалау бірқатар қиындық туғызып отырғаны жасырын емес. Сондықтан бұл
бағытта ғылыми жұмыстардың тиімділігін анықтайтын өзге өлшемдер ойлап
табудың мәні зор.
149
8. ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ӘЛЕМДІК ҮРДІСТЕР.
(Қазақстан ғылыми кеңістігіндегі жаңалықтар мен жетістіктер,
ғылыми-техникалық саласы бойынша сырт елдердің және
халықаралық ұймдарымен арадағы байланыстың қорытындысы)
Әлемдік ғылымның артықшылықтары туралы айтқанда біріншіден,
әрбір елдің ғылымы өз ресурстарының (табиғи және адами) есебі,
экономикалық деңгейі мен қоғамның қажеттілігіне сай дамып отырғандығын
ескеруіміз керек: АҚШ-та ең маңыздысы – биомедицина, Ресейде – физика,
Қытайда – инженерия. Екінші жағынан, жалпыадамзатқа ортақ өзекті
мәселелер мен міндеттердің оңтайлы шешімін табуда озық ғылыми
зерттеулер де жүргізіліп жатыр. Сондықтан ғылымның басымдықтары
туралы жалпы ғаламдық және жеке-жеке елдердің өлшемімен де айтуға
болады.
Соңғы жылдары АҚШ-тың ғылым көкжиегінде жетекші елдердің біріне
айналғандығы ақиқат. АҚШ-тың ғылымда озық ел екендігін дәлелдейтін
деректер жетерлікті. АҚШ бүгінгі таңдағы өз мүмкіндігін ғылымның барлық
саласы бойынша тәжірибе жүзінде ғылыми зерттеулер жүргізуге
пайдаланып отыр. Ғылыми зерттеулер елдің ғылыми-техникалық және
экономикалық тұрғыдан дамуына, болашақта көшбасшы мемлекеттер
қатарынан табылуына ықпал ететінін сөзсіз [82].
2009 жылдың сәуірінде АҚШ Ғылым академиясының жыл сайынғы
жиналысында президент Барак Обама ғылымды дамытуда академияның
алдына үлкен мақсат қойды. Оның айтуынша АҚШ ғылымының алдында
тұрған маңызды міндеттер қатарына бояу бағасындай арзан күн
батареялары, барша энергияны өзі шығаратын «жасыл ғимараттарды»
пайдалану, «компьютерлік бағдарламалар» мұғаліммен оқушы арасындағы
сабақ секілді тиімді болу, пианино ойнауға мүмкіндік беретін мінсіз
протездер жасау, өзі және қоршаған айналасы туралы адамзаттың білім
көкжиегін кеңейту кіреді. Іргелі ғылымдар саласын алға жылжытатын
перспективалық ашылулар алдағы елу жылдағы біздің табысымызды
қамтамасыз ететіндей дәрежеге қол жеткізуіміз керек.
Беделді
университет
зертханаларынан
бастап
инновациялық
компаниялардың сынақ алаңдарында жүргізіліп жатқан іргелі және
қолданбалы ғылыми зерттеулерге қолдау көрсету туралы шешім
қабылданды. Американы қалпына келтіру және қайта инвестициялау туралы
қабылданған Заң негізінде және Конгресс қолдауымен АҚШ әкімшілігі өз
тарихындағы ең ірі инвестициямен қамтамасыз ете бастады.
Десе де америкалық мегажоба бұл – мұнайға тәуелсіз энергетика, «таза»
энергетикаға негізделген «ХХІ ғасыр экономикасын» құру. АҚШ президенті
елде ARPA-E мен энергетикаға саласындағы жетекші зерттеу жобаларына
арналған Агенттік құрылатындығын мәлімдеді. Қазіргі жағдайда 1957 жылы
КСРО-ның ғарыш саласындағы жетістігіне жауап ретінде құрылған
Пентагон жанындағы (DARPA) атақты энергетика Агенттігінің орнын оған
ұқсас агенттік алмастырып отыр. Құрылып жатқан ARPA-E үлкен
150
тәуекелдерге бара отырып потенциалы жоғары нәтижелерге қол жеткізуі
тиіс.
G7 деп аталатын «Үлкен жетілік» тобына енетін көшбасшы елдер
ғылымның барлық спектрін дамытуды көздеп отыр. Бұл топқа Канада,
Франция, Германия, Италия, Жапония, Ұлыбритания және АҚШ кіреді.
Талдау нәтижесі АҚШ-тың 11 ғылым саласы бойынша, әсіресе
экономика және бизнес, химия, физика, материалтану, компьютерлік
ғылымдар саласында жетекші ел екендігін көрсетеді. Ұлыбритания 7 ғылым
саласы бойынша, атап айтқанда, фармакология, өсімдік пен жануарлар
туралы ғылымдар, ауыл шаруашылығы, Жер туралы ғылымдар бойынша
бірінші орында тұр.
Германия биохимия, өсімдік пен жануарлар туралы ғылымдар,
экология, геоғылымдар және ғарыш саласында табысты жетістіктерге
жеткен. Канада клиникалық медицина, өзге елдермен тиімді әріптестік
қарым-қатынасының арқасында ғарыш саласында көшбасшы елге айналған.
Франция математика, өсімдік пен жануарлар жайлы ғылымдар, инженерлік
салада өз мықтылығын танытқан. Италия клиникалық медицина, психиатрия
ғылымдары бойынша табысты елдердің бірі.
Жапония иммунология саласында жақсы нәтижеге қол жеткізгенімен
өзге салаларда тұйықталған. Бұл G7 елдері нәтижесімен салыстырғанда
соншалықты төмен деңгей емес, десе де жапон ғалымдары өз зерттеу
жұмыстарын ағылшын тілінде жазуда қиындықтардың бар екендігін ескеру
қажет.
Ұлыбритания АҚШ-тан сәл артта демесеңіз, аталған 20 негізгі ғылым
саласының 8 саласы бойынша озық. Бұл ретте басқалай да көзқарас бар:
шын мәнісінде ғылымда артта қалушылықты бір ғана көрсеткіш бойынша
жалпы факторды ескермей баламалы түрде салыстыру мүмкін емес.
Әлем елдерінің ғылым саласындағы басымдықтарын салыстыра келе,
олардың
қатарына
энергетика,
ауыл
шаруашылығы,
медицина,
биотехнология, ақпараттық технология, қоршаған ортаны қорғау секілді
салалардың енгендігін көреміз. Осыған қарамастан, әрбір ел табиғи
байлықтары, қоғамның сұранысы мен мүмкіндігі, құрылған және жұмыс
істеп жатқан ғылыми мектептері мен ғылымды дамытуда жеткен
жетістіктері негізінде өз ғылымының барлық саласында ғылыми саясат
қалыптастырады, дамытады.
Шетелдік мекемелермен ынтымақтастық қатынас.
Халықаралық ғылыми-зерттеу бағдарламаларында Қазақстандық
ғалымдар белсене қатысады. 2013 жылы Халықаралық ғылыми-техникалық
орталықтың (ХҒТО) қызмет аясында 12 ғылыми-техникалық жоба жүзеге
асырылды. Олардың қатарында АҚШ, Жапония, Оңтүстік-Шығыс Азия,
Еуропа елдері, Ресей және өзге де ТМД елдерімен қатар Қазақстанның да
жетекші ғылыми орталықтары мен университеттерінің қызметкерлері бар.
151
Жобаның салалық құрылымы 7 бағытта: химия/аналитикалық химия;
биотехнология; медицина; ядролық реактор; термоядролық синтез; қоршаған
орта.
Еуропалық Одақтың 2010-2013 жылдар аралығындағы 7-ші шекті
бағдарламалар аясында қазақстандық ғалымдар 26 жобаны орындаған. 7-ші
шекті бағдарламалар шеңберінде шетелдік әріптестер 22-25 жобаға дейін
орындаған, жалпы орындалған жобалардың орташа көрсеткіші – 12.
Халықаралық ғылыми ынтымақтастың тақырыбы әртүрлі бағыттық
сипатқа ие. Зерттеулердің басым бөлігі биотехнологиялар аясында жүзеге
асырылды, содан соң ядролық физика бойынша зерттеулер және одан кейін
экология және қоршаған орта мәселелері бойынша зерттеулер. Сол себепті
қазақстандық ғылымдардың халықаралық ғылыми бағдарламаларға қатысу
аясы айтарлықтай тар және негізінен қазақстандық ғылымның барынша
белгілі және тұрақты мамандандырылған саласына сәйкес келеді.
«Ғылыми-техникалық ақпараттың ұлттық орталығы» АҚ республикада
жүзеге асырылатын бағдарламаларға мемлекеттік тіркеу өткізеді, оның
ішінде халықаралық ұыймдардың қатысуымен.
2011
жылдан
бері
қоғамдық-гуманитарлық
ғылымдарды
бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыру (ҚР БҒМ ҒК-мен 2011 жылдың 25
сәуіріндегі №247 шарт) түркі халықтарының тарихи-мәдени құндылықтары,
түркі мемлекеттерінің ықпалдасу үрдісін жетілдіру, жаһандану үдерісіндегі
өз ерекшелігін сақтап қалудағы ролі мен орнын ғылыми негізде анықтауға
бағытталған іргелі зерттеулер жүргізіледі.
Аталмыш зерттеулер екі бағдарлама аясында жүзеге асырылады:
1. Ф.0614 "Түркі мәдени кешенін қалыптастыру негізінде ежелгі
түіктердің монументальді және декоративті қолданбалы өнерін зерттеу
".
2. Ф.0615
"Тарихи-мәдени мұра және түркі халықтары мен
мемлекеттерінің ықпалдасу үдерісі ".
Бағдарламада қарастырылған негізгі міндеттер мен кезеңдердің басты
орындаушысы «Түркі академиясы» жеке міндеттерді орындауға Қазақстан
Республикасындағы ғылыми-зерттеу институттары мен ЖОО-ның өкілдері
(А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, М. Әуезов атындағы
Әдебиет және өнер институты, Мемлекет тарихы институты, Р. Сүлейменов
атындағы Шығыстану институты, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және
этнология институты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ Ұлттық өнер
академиясы және т.б.), сонымен бірге таяу және алыс шетелдер: Қырғызстан,
Әзербайжан, Түркіменстан, Өзбекстан, Ресей, Түркия, Швеция, Германия,
Венгрия, Франция, АҚШ, Оңтүстік Корея елдерінің жетекші түркологиялық
орталықтары жұмылдырылды.
О. 0570 2011-2014 жылдарға арналған дәрілік шикізаттарды қайта
өңдеу жаңа технологиясын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету
Басты ұйым: «Фитохимия» «Халықаралық ғылыми-өндірістік
холдингі» АҚ.
152
Орындаушы-ұйымдар ретінде бағдарламаны жүзеге асыруға ресейлік
жетекші зерттеу орталықтары («Артлайф» ЖШС, Томск қ.; «Биолит» ЖШС,
Томск қ.); «Сібір мемлекеттік медициналық университеті Денсаулық сақтау
және әлеуметтік дамуының Федералды агенттігі» ЖКБ МББМ, Томск қ.;
«ВИПС–Мед», Санкт-Петербург қ.) атсалысты. Бағдарлама мақсаты: GMP
стандартына сай бәсекеге қабілетті фармацевтикалық өнім өндіруді
ұйымдастыру үшін дәрілік шикізаттарды қайта өңдеу жаңа технологиясын
ғылыми-техникалық қамтамасыз ету.
Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бағдарламалар:
- О.0566 «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау туберкулезге
қарсы вакцина зерттемесі» (2011-2014 жж.);
- О.0600 «Мүйізді ірі қара мал бруцеллезі: эпизоотологиялық ахуал
мониторингі, диагностика және сақтандыру құралдарын талдау» (2012-
2014);
- О.0601 «Қазақстан Республикасы территориясын мекендейтін киік
үйірлеріндегі жұқпалы аурулардың алдын алу тәсілдерінің зерттемесінің
эпизоотологиялық мониторингі» (2012-2014).
Биотехнологиялық бейінді бағдарламаларды жүзеге асыруда шетелдік 6
ғылыми зерттеу орталықтарымен әріптестік байланыста бірлесе жұмыс
істеуге мүдделі. Олардың қатарында Вена медицина университеті (Австрия),
Санкт-Петербург
қаласындағы
Ғылыми-зерттеу
институттары
мен
«ЭПИДБИОМЕД» компаниясы ЖАҚ (Мәскеу) бар. Зерттеудің бағыты:
туберкулез індетіне қарсы инфекцияның дәрілік-тұрақты түрінің
қарқынды
таралуынан
сақтандыру
және
емдеудің
тиімділігін
арттырудағы жаңа зерттемелер; туберкулезге қарсы вакцинаның
қауіпсіздігі мен сапасын бақылауды ұйымдастыру және өткізу; вирустық
инфекциялардан келетін залалдың салдарын төмендету; жануарлардың
инфекциялық аурулары диагностикасының тәсілдері және заманауи
құралдар; елімізде тиімділігі жағынан шетелдік аналогтардан кем
түспейтін отандық препараттармен қамтамасыз ету және тірі вакцина
алу технологиясының зерттемесі; ауру пайда болған жағдайда эпизотикаға
қарсы сақтандыру іс-шараларын жүргізуде ғылыми-негізді ұсыныстар
білдіру.
2012 жылы Денсаулық сақтау саласындағы ҒТБ-ға мамандандырылған
жетекші медициналық мекемелер, аталған бейінге ғылыми-зерттеуді басқару
және ұйымдастыру, ұйымдастырушы-әдістемелік, емдеу-диагностикалық,
кеңес беру жұмыстары бойынша 26 ұйым қатысты. Аталған жалпы
қатысушы ұйымдардың ішінде алтауы бірнеше ғылыми-техникалық
бағдарламаларға қатысқан (Ұлттық ғылыми медициналық орталық,
Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы, Радиациялық медицина және
экология ҒЗИ, Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми
орталығы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық
орталығы).
Бағдарлама аясында Мәскеу, Санкт-Петербург, Қорған секілді Ресейдегі
және алыс шетелдердегі (АҚШ, Германия, Австрияның медициналық
университеттері) ғылыми орталықтар бірлесе қатысты.
153
9. ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ.
(Технологиялар мен ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық
қызмет нәтижелерін коммерцияландыру механизмдері, ғылым,
өндірі және бизнес-қауымдастық интеграциясы, ғылымның ел
экономикасының дамуына қосатын үлесі мен ғылыми және/немесе
ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің ішкі жалпы өнім
өсіміне әсері негізінде)
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалды-инновациялық
дамуы
бойынша
2010-2014
жылдарға
арналған
Мемлекеттік
бағдарламасының (ҮИИДМБ) жүзеге аса бастауы инновациялардың
дамуына жаңа тыныс берді. Осы кезеңде ұлттық инновациялық жүйе
қызметінің институционалды негізі қаланып, инновациялар мен жаңа
технологияларды жасап шығару мен енгізуге дем беретін тиісті заңнамалық
база (ҚР «ҮИИДМБ туралы», «Ғылым туралы» Заңдары) қалыптастырылды,
даму институттары сапалық тұрғыда реформаланды. Инновациялық
қызметке қолдау көрсету құралдары сынақтан өтіп, қоданысқа енгізілді
(инновациялық гранттар, технологиялық бизнес-инкубациялау, салалық
конструкторлық бюро және т.б. қызметтер).
Қазақстанда отандық кәсіпорындарға жаңа әрі жетілдірілген өнім
өндіруді ұйымдастыруда жәрдемдесетін салалық конструкторлық бюролар
(көліктік және ауылшаруашылық машинажасау, тау-металлургия жабдығы,
мұнай-газ жабдығы, сондай-ақ аспапқұрастыру КБ тіркелген). Мысалы,
машинажасау кәсіпорындарының тапсырыстары бойынша салалық
конструкторлық бюролар тиісінше 483 және 69 конструкторлық-
технологиялық құжаттама кешенін әзірледі және сатты.
Оңтүстік Корея, Франция, Норвегия және АҚШ мемлекеттерімен
бірлесіп технологиялар трансфертінің 4 халықаралық орталығы құрылып,
жұмыс істеуде. Бұлардан кез келген кәсіпорын технологиялар, әріптестер
іздеу және осы елдерде жобаларды іске асыру кезінде басқа да қолдау
қызметін ала алады.
ҒЗИ мен жоғары оқу орындары базасында 21 коммерциялау кеңсесі
құрылды, олар жалпы сомасы 95,6 млн теңге болатын әзірлемелер
тұжырымдамасының 122 негіздемесін дайындады, олардың ішінен 55 жоба
технологияны әрі қарай коммерциялау үшін іріктеп алынды.
Технологиялық
бизнес-инкубациялау
бағдарламасы
аясында
технопарктер желісі арқылы 116 жобаға қолдау көрсетілді, 975 млн теңгеден
астам сомаға қызмет көрсетілді.
«Инновациялық технологиялар паркі» АЭЗ аумағында 77 компания
орналасқан және 13 өндірістік жобалар іске асырылуда.
Қазақстанда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында
құрылымдық және сапалық өзгерістер орын алды.
Төртінші буын (4G стандарты) желілерін құру бойынша жобаны іске
асыру басталды. Бұл – ұялы байланыстың деректерді беруде жылдамдығы
154
барынша арта түскен болашағы зор буыны, оны ендіру халық пен бизнеске
80 мбит/с дейін ұялы жоғарыжылдамдықты кеңжолақты қолжетім (КЖҚ)
қызметін пайдалануға мүмкіндік береді.
2013 жылы 4G (LTE) желісі барлық облыстық орталықтарға таратылды,
олардың ішінде 6 облыстық орталық – Ақтау, Атырау, Қарағанды, Ақтөбе,
Шымкент, Өскемен, Жезқазған және Теміртау қалалары, Алматы мен Астана
қалаларының маңы коммерциялық пайдалануға енгізілді. 2014 жылы бұл
желілер халқының саны 50 мың және одан асатын елді мекендерге, ал 2018
жылы барлық аудандық орталықтарға таратылады. 2014 жылғы 1 қаңтардағы
мәлімет бойынша 4G абоненттерінің тіркелген саны 106 913 болды.
Жоғары жылдамдықты КЖҚ қызметіне деген өскелең сұранысты
қанағаттандыру және ұсынылатын қызметтер түрлерін кеңейту мақсатында
2011 жылдан бастап Fiber to the Home (FTTH) әмбебап талшықты-оптикалық
желі құрылысы басталды. Жоба Астана, Алматы қалаларының және
Қазақстанның барлық облыстық орталықтарының көппәтерлі үйлері мен
коттедж құрылыстарын 100% қамтуды көздейді.
Қазіргі кезде мұнай мен газды тереңдете өңдеп, мұнай-химия өнімдерін
шығару бойынша инновациялық жобалар белсенді іске асырылуда.
Жобаларды іске асыру негізінде энергия үнемдеуші технологиялар мен
қондырғылар, олардың ішінде Axens, ABB/CBI, Linde, Lurgy, TECHNIP және
т.б. жетекші лицензиарлар пайдаланылады.
Соңғы төрт жылда (2010-2013 жж.) 3500-ден астам инновациялық
әзірлеме мен жобалар сәйкестендірілді, олардың 553-іне іс жүзінде көмек
көрсетіліп, жалпы сомасы 12 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінді. Жалпы
алғанда, ҮИИДМБ іске қосылғаннан бастап, елдегі инновациялық дамудың
негізгі көрсеткіштерінде жағымды тренд қалыптасты.
Осылайша, реформалардың 2013 жылғы қорытындылары бойынша
инновациялық-белсенді кәсіпорындар үлесінің 8%-ға дейін немесе 2009
жылғы деңгейден екі есе өскені байқалады.
Инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі, %
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі агенттігі
Осы орайда ірі және орташа кәсіпорындар инновациялық тұрғыда
жоғары белсенділік танытып келеді (29,5 және 21%), 2012 жылмен
155
салыстырғанда әжептәуір жоғары (орташа кәсіпорындар бойынша – 8,5%, ірі
кәсіпорындар бойынша – 19,7%).
Алайда, халықаралық көрсеткіштермен салыстырғанда, бұл көрсеткіш
технологиясы дамыған жетекші елдердің деңгейінен едәуір төмен.
Германияда – 60%-дан жоғары, Бельгияда –55%-дан асады, Чехияда –40%-
дан астам, Грекияда – 25%-ға жуық.
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі агенттігі
2012 жылмен салыстырғанда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-
конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын ішкі шығын 20,3%-ға өскен және
61 672,7 млн теңгені құрайды (2012 ж. – 51 253,1 млн теңге). Осы орайда
ЖІӨ-ге үлес 0,18%-ға дейін өскен (2012 ж. – 0,17%).
ҒЗТКЖ жұмсалатын ішкі шығындар, млрд. теңге
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі агенттігі
Өнімдік
және
үдерістік
инновацияларға
жұмсалған
шығын
(технологиялық инновация шығындары) бұдан бір жыл бұрынғы
көрсеткішпен салыстырғанда 32,7%-ға өсіп, 431 993,8 млн теңгені құраған
(2012 ж. – 325 639,3 млн теңге).
2009 жылмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 7 еседен жоғары өскен
(2009 ж. – 61050,9 млн теңге). Осы ретте кәсіпорындардың өз қаражатынан
жұмсалған шығындар 2013 жылы 285 044,4 млн теңгені құрады. Бұл –
инновациялық қызметті жүзеге асыруға жұмсалатын жалпы шығынның
66,0%-ы.
Орташа кәсіпорындардың
инновациялық
белсенділігі
Ірі кәсіпорындардың
инновациялық
белсенділігі
156
Кәсіпорындардың технологиялық инновацияларының
шығындары, млрд. теңге
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі агенттігі
Құрылған және пайдаланылған жаңа технологиялар мен техника
нысандарының саны 2012 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 3,3 есеге, 487-
ден 1608 бірлікке дейін көбейді, сонымен қатар осы технологияларды
құрушы және пайдаланушы кәсіпорын саны 5 есеге, 140-тан 713 бірлікке
дейін өсті.
Достарыңызбен бөлісу: |