2. «Ядролық физика институты» Республикалық мемлекеттік
кәсіпорны (ЯФИ РМК), оның негізгі алаңы Алматы қаласында орналасқан.
ЯФИ РМК құрамына 2 филиал кіреді: Астана филиалы (Ауыр иондар
үдеткіші базасындағы пәнааралық ғылыми-зерттеу кешені) және Батыс
Қазақстан облысындағы Ақсай филиалы, сондай-ақ Атырау облысындағы
Азғыр ғылыми-өндірістік экспедициясы. Институт қызметінің мақсаты
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық және әлеуметтік-
экономикалық дамыту мүдделерінде атом энергиясын бейбіт пайдалану
саласында ғылым мен технологияларды дамыту және практикалық қолдану
болып табылады.
ЯФИ РМК ядролық және радиациялық физика, қатты дене физикасы,
материалтану, радийэкология, радийхимия, радийфармацевтика, зарядталған
бөлшектер үдеткіші физикасы мен атомдық реакторлар физикасы
салаларында кешендік ғылыми зерттеулер жүргізетін мамандандырылған
ұйым болып табылады. Институт ҚР-да рефератталған ғылыми
журналдардағы жарияланымдар саны бойынша алғашқы орындардың
бірінде тұрақты түрде орын алады.
Өзегін 4 ірі үдеткіш кешені мен зерттеу реакторы құрайтын бірегей
ғылыми инфрақұрылым іргелі және қолданбалы зерттеулерден ғылымды көп
қажет ететін технологияларды енгізуге дейінгі инновациялық әрекеттердің
толық циклін іске асыруға мүмкіндік береді.
ЯФИ РМК қызметінің нәтижелері тек ғылыми жарияланымдар ғана
емес, сонымен бірге және медицина мен өнеркәсіпке арналған сұраныстағы
радийизотоптық өнімдерді шығару үшін енгізілген және практикада
қолданылатын жаңа технологиялар мен әдістемелер, ерекше қасиеттері бар
материалдарды алу, адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау болып
табылады.
Институт Қазақстандағы барлық жұмыс істейтін ядролық медицина
бөлімшелерін қажетті радийфармпрепараттармен қамтамасыз етеді, осындай
жаңа бөлімшелерді жобалау мен пайдалануға беруге қатысады,
Қарашығанақ мұнай-газ конденсаттық кен орындарында мұнай-газ
операцияларының радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, Ядролық
медицина және биофизика орталығын және Ядролық қауіпсіздік бойынша
оқу орталығын құру бойынша жобаларды іске асырады, жетекші
университеттермен ынтымақтастықта атом саласы мен Қазақстан
167
экономикасының инновациялық секторы үшін білікті мамандарды
даярлауды жүзеге асырады.
3. «Геофизикалық зерттеулер институты» РМК, Курчатов қаласы,
ШҚО), құрамына ядролық-энергетика саласын және оны таратпау режімін
қолдау бойынша геофизикалық зерттеулерді жүзеге асыратын үш филиал
кіреді:
«Арнаулы сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу орталығы»
филиалы (Алматы қаласы) Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы
келісімшарт жөніндегі ұйым (ЯСЖТКҰ) деректерінің Халықаралық
орталығына қатысты Ұлттық деректер орталығының қызметін, ДВЗЯИ-мен
байланысты қолданбалы геофизикалық зерттеулер жүргізу, ерекше маңызды
объектілердің орналасу аудандарының геодинамикалық режімін зерттеу,
дерекқорлар құру жұмыстарын атқарады.
Ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілету және ДВЗЯИ-ді күшіне
енгізу мақсатында:
- ядролық сынақтарға мониторинг жүргізу жүйесінің қазақстандық
ынтымақтасушы объектілеріне жаңғырту жүргізілді. Мемлекеттік комиссия
Курчатов қаласындағы инфрадыбыстық стансаны қабылдады, жұмыс
комиссиясы Курчатов қаласындағы жаңа инфрадыбыстық, магниттік,
сейсмикалық стансалардың деректерін жинау және оларды Алматы
қаласындағы Деректер орталығына беру жүйесін қабылдады; сонымен қатар
Ортау, Подгорное стансалары үшін деректерді нақты уақыт режімінде беру
ұйымдастырылды, Деректер орталығында инфрадыбыстық деректерді
өңдеудің бағдарламалық дестесінің жаңа нұсқасы орнатылды;
- сейсмикалық және инфрадыбыстық стансалар тіркеген оқиғаларды
локальдау мен танудың жеделдігі мен дәйектілігін арттыру үшін деректерді
өңдеудің жетілдірілген әдістемесі әзірленіп, енгізілді, бұл стансадан түсетін
ақпаратты көбейтумен қатар тіркелетін оқиғалар көздерінің, ең алдымен
Солтүстік Кореядағы ядролық жарылыстың (12.02.2013) және жақын
орналасқан Қытайдың, Үндістанның, Пәкістанның сынақ полигондарының
аудандарындағы оқиғалардың дәйектілігін арттыруға, жер сілкіністерін,
өнеркәсіптік жарылыстарды, ядролық жарылысты, микросейсмикаларды
және т.б. тануға мүмкіндік береді.
Атом саласы объектілерінің геофизикалық, соның ішінде сейсмикалық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:
- Халықаралық төменбайытылған уран банкінің ықтимал орналасу
ауданында опырылу белсенділігін зерттеу үшін өңірлік, жергілікті
масштабтарды және тікелей телім аумағында (УМЗ) ГАЖ кешенді
дерекқоры жасалды;
- әртүрлі орталықтар мен стансалардың сейсмикалық деректерін бір
біріздендірілген тізімдемеге біріктіру әдістемесі әзірленді, атом саласы
объектілерінің сейсмикалық қауіпсіздігін бағалау үшін пайдаланылатын «ҚР
аумағын жалпы сейсмикалық зондтау» картасының жаңа редакциясы үшін
ақпараттық негіз жасалды;
168
- атом саласы объектілерінде электрөлшеу жұмыстарын Қазақстан
Республикасында қорғалған патенттермен, техникалық шешімдермен
жүргізу үшін аспаптардың экспериментальды үлгілері жасалды;
- өлшемін, морфологиясын, күндізгі беткі қабатқа қатысты орналасуын
және жақын маңдағы тектоникалық бұзылыстарды анықтай отырып,
тәуекелдерді бағалау үшін геология-геофизикалық деректер бойынша ССП-
дағы жерасты ядролық жарыстардың бірқатар ошақтық зонасына модельдеу
жүргізілді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі
«Ғарыш қызметі саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
002 республикалық бюджеттік бағдарлама бойынша 6 бағытта 23 жоба
орындалды.
Олардың
ішінен
неғұрлым
маңызды
нәтижелер
қатарына
төмендегілерді жатқызуға болады:
1 бағыт.
Ғарыштық кеңістікті зерттеуге арналған ғылыми-
эксперименттік базаны дамыту
Рентгенті дереккөздері бар қосарлы жұлдыздар жүйесіне, планеталық
тұмандықтарға, галактиканың белсенді ядроларына және Күнге жақындау
кезеңіндегі кометалардың ыдырауы үрдістеріне зерттеулер жүргізілді.
Геостационар орбитадағы кіші көлемді жасанды нысандарды іздеу және
бақылау әдістері мен алгоритмдері әзірленді.
Спектрдің көрінетін және инфрақызыл диапазондарындағы көптүсті
фотометрдің макеттік нұсқасы дайындалды және онда ауыспалы
жұлдыздарды тестілеу фотометриялық бақылаулары жүргізілді.
2 бағыт.
Ғарыш ауа райы мониторингі және болжаудың
қазақстандық көпдеңгейлі жүйесін құру.
Геостационар орбиталардағы ғарыштық аппараттардың жұмысына кері
әсерін тигізуші түрлі типтегі протонды оқиғаларды болжау әдістемесі
әзірленді. Ол күндегі дақтар тобының қуатын, орналасқан орнын, санын
және ерекшеліктерін, рентгендік фон деңгейін және протондық артулардың
алдын ала бақылау тарихын есепке алады.
Жер сілкінуінің ионосфералық белгілерін тіркеу үшін, ионосферадан
шағылысқан радиодабылдардың доплер жиіліктерін өлшеуге арналған
қабылдау пункті құрылды.
3 бағыт.
Қазақстан
жер
қыртысының
жерүсті-ғарыштық
геодинамикалық және геофизикалық мониторингі жүйесін, сондай-ақ
пайдалы қазбалар кен орындарын болжау жүйесін құру
Нақты
геологиялық-геофизикалық
деректерді
геомеханикалық
модельдеу жолымен, түрлі тереңдік көкжиектерінде Солтүстік Тянь-Шань
және Жетісу Алатауы аумағындағы жер қыртысының кернеулі-
деформацияланған параметрлері анықталды.
169
COSMO-Sky-Med жер серігінен алынған жоғары кеңістіктік шешімдегі
радарлы суреттерді өңдеу деректері бойынша Астана қаласы аумағындағы
жекелеген ғимараттардың, құрылыстық құрылымдардың және қаланың
оқшау учаскелеріндегі жер бетінің шөгуі заңдылықтары анықталды.
Бақылаудың жерүсті-ғарыштық әдістерін пайдаланып, Ботахан мұнай
кен орны мысалында жер қыртысының жоғарғы қабатының кеңістіктік
моделі әзірленді. Көмірсутегі шикізатын өндіруді одан әрі қарқындату
кезеңдеріндегі геодинамикалық бақылау тораптарын жетілдірудің бағыттары
негізделді.
4 бағыт. Жерді қашықтықтан барлау деректерін жедел қабылдау
және тақырыптық өңдеу технологиясын дамыту.
Жер серігі ақпараттары негізінде өрттен келетін болашақ шығындарды
болжауға арналған технологиялық кешен әзірленді және ол «Семей орманы»
мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ енгізілді. Оңтүстік Қазақстан,
Жамбыл, Солтүстік Казақстан облыстары мен Астана қаласында ғарыштық
мониторинг ситуациялық орталықтары құрылды.
Жайылымдық пайдалану жерлерінің негізгі сипаттамалары – өнімділігі,
түсімділігі, топырақ-өсімдік қабаттарының бұзылуы деңгейінің жер серігі
мен жерүсті деректерінің жоғары сәйкестігімен (80%-дан жоғары) сандық
бағалау технологиясы әзірленді. Солтүстік Қазақстанның түрлі табиғи-
климаттық аймақтарындағы астық дақылдары егістіктерін, оңтүстік
облыстардың тестілеу учаскелеріндегі қар қабаты мен кәдімгі жайылымдық
өсімдіктерді жерүсті биометриялық және спектрометриялық өлшеу және
бақылау ақпараттық базасы құрылды.
Мұнай өндіру және мұнай- және газ құбырлары өтетін аумақтардағы
топырақтың шөгуін дифференциалды интерферометрия әдісімен анықтау
технологиясы әзірленді.
5 бағыт. Қазақстан Республикасында ғарыштық техника мен
технологияларды құруды ғылыми-технологиялық қамтамасыз етуді әзірлеу
Ғылыми-технологиялық бағыттағы ғарыштық аппараттың ғылыми
блогының ғылыми жабдықтары және бағдарламалық қамтамасыз ету
әзірленді, ғарыштық аппараттардың негізгі қызметтік кіші жүйелері мен
жұлдызды датчиктің оптикалық жүйесінің эксперименттік үлгілері
дайындалды.
Қазақстан аумағының барлық нүктелеріндегі техникалық және
стационар жылжымалы нысандардың мониторингін жүргізуге мүмкіндік
беретін ұтқыр ғарыштық байланыс пен жер серігі навигациясы негізінде
деректер жинау мен таратудың бірегей жүйесі әзірленді.
Геодезиялық, топографиялық және маркшейдер жұмыстарында
пайдалану үшін лазерлі дальнометрия мен инерциялы навигация
технологияларын пайдалану арқылы жаңа кластағы жер серігі геодезиялық
жабдығының эксперименттік үлгісі әзірленді.
6 бағыт. Ғарыш қызметін экологиялық нормалау жүйесін дамыту
170
1999 және 2007 жылдары Қарағанды облысы мен оған шекаралас
аумақтарда «Протон-М» ЗТ апатты құлауы ауданындағы экологиялық және
эпидемиологиялық-санитарлық зерттеулер мен халықтың денсаулығы
күйінің нәтижелеріне кешенді баға берілді.
Эксперименттік зерттеулер жүргізіліп, оның барысында керосин Т-1
(Acinetobacter calcoaceticum-18, Bacillus sp.-20, Micrococcus roseus-25,
Candida sp.-12/5) зымыран жанармайын жақсы сіңіретін төрт микроорганизм
культурасынан тұратын ассоциация анықталды.
Т-1 керосинімен залалданған топырақты детоксикациялау бойынша
табиғи сынақтар жүргізу әдістемесінің жобасы әзірленді.
«Зенит» ЗҒТ (РП №226) бірінші сатысының құлау ауданы мен
Қарағанды облысының Ақтоғай, Шет және Қарқаралы шекаралас
аумақтарында зымыран-ғарыштық қызметінің әсеріне ұшыраған табиғи
экожүйенің төзімділігіне баға беру жүргізілді.
Жер қыртысындағы гидразиннің ШРК гигиеналық көрсеткіші жобасы
жете зерттелді. Жоба ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-
эпидемиологиялық сараптамасынан өтті және бекітуге ұсынылды.
Масса-селективті детектірлеуші газды хроматография әдісімен жер
қыртысындағы тетраметилтетразен (ТМТ массалық концентрациясын
өлшеуді орындау әдісінің жобасы зерттелді. Әдіс қолданыстағы әдіске
қарағанда біршама елеулі.
Жалпы, «Ғарыш қызметі саласындағы қолданбалы ғылыми
зерттеулер» 002 РББ бойынша әзірленді:
- түрлі тұрпаттағы протондық оқиғалардың ықтималдығын болжау
әдістемесі;
- геостационар орбиталардағы ғарыштық қоқыстарды табу әдістемесі
және ПЗС-матрицалы «Карл-Цейс Йена» класты 1-м телескопта пайдалануға
арналған тиісті бағдарламалық қамтамасыз ету;
- қараңғы материяны есепке алып, еселі галактикалар эволюциясының
моделі;
- геологиялық-геофизикалық деректер кешенін есепке алып, Солтүстік
Тянь-Шань мен Жетісу Алатауы аумақтары жер қыртысының кернеулі-
деформацияланған күйі параметрлерін екіөлшемді және үшөлшемді бөлу
карталары;
- Алматы қаласы аумағы жер қыртысының жоғарғы қабатының
кернеулі-деформацияланған күйі параметрлерінің аномальді мәндерін
екіөлшемді және үшөлшемді бөлу карталары;
- Ботахан кен орнын қоса, жер қыртысы блогындағы тығыздықтың
біртексіздік пен кернеулі-деформацияланған күйі параметрлерін бөлудің
кеңістіктік моделі;
- жер серігі ақпараттары негізінде өрттерден келетін болашақ
шығындарды болжауға арналған технологиялық кешен;
- ірі масштабтағы жерүсті нысандарының 3D модельдерін құру
бағдарламалық-техникалық кешенінің дальномерлі кіші жүйесін құрудың
171
техникалық жобасы;
- GlobalStar, Inmarsat ұтқыр ғарыштық байланысы және жер серігі
навигациясы негізінде деректер тарату бірегей жүйесі терминалының
эксперименттік үлгісі.
Жер серігі ақпараты негізінде өрттен келетін болашақ шығындарды
болжауға арналған технологиялық кешен «Семей орманы» МОТР» РММ
енгізілді (2013 жылғы 28 қазандағы №1 енгізу акті).
Ірі масштабтағы жерүсті нысандарының 3D модельдерін құру
бағдарламалық-техникалық кешенінің лазерлі қашықтық өлшеуіш жүйесі
дала жұмыстарын жүргізу кезінде қашықтықты дәл өлшеу үшін
«Точприбор» ЖШС енгізілді (2013 жылғы 29 қазандағы енгізу акті).
Қазіргі уақытта іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижелері
төмендегі салаларда колданылады:
1) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі үшін егістіктер мен өсімдік
шаруашылығы өнімдерінің ғарыштық мониторингі орындалуда;
2) ҚР АШМ Су ресурстары комитеті үшін – су нысандары, суару
жүйелерінің ғарыштық мониторингі технологиясы кешенін әзірлеу;
трансшекаралық өзендер бассейнінде төтенше жағдайлар қатерінің
ғарыштық мониторингі және бағалау кешенін құру;
3) «Қазагроинновация»
АҚ
үшін
–
жайылымдық
пайдалану
аумақтарының экологиялық-мелиоративтік ғарыштық және жерүсті
мониторингі
технологиясын
әзірлеу,
ирригация
жүйелері
мен
гидротехникалық құрылыстардың техникалық күйін бағалау әдістерін
әзірлеу;
4) «Теңізшевройл» ЖШС үшін – Каспий теңізі солтүстік-шығыс
жағалауын ғарыштық мониторинг деректерімен ақпараттық қамтамасыз ету
және жағалау мен өсімдік қабаты күйі флуктуациясын бағалау;
5) Қазақстанның 11 облысы үшін төтенше жағдайлардың ғарыштық
мониторингі жүргізіледі;
6) «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ тапсырысы
бойынша жоғарыдәлдікті жер серігі навигациясы жүйесіне арналған базалық
дифференциалды түзету станциясының сынақ үлгісін құру бойынша
конструкторлық-сынақ
жұмыстары
жүргізілді,
сынақ
өндірісі
ұйымдастырылды және 50 базалық дифференциалды түзету станциясы
дайындалды.
Одан басқа, ҚР БҒМ ҒК шарты бойынша 2012-2014 жж. грантты
қаржыландыруға ашық конкурс қорытындылары бойынша 14 жоба, 2013-
2015 жж. – 10 жоба орындалуда, олардың жалпы сомасы 407 620,0 мың
теңгені құрайды.
ТМД Үкіметтері басшыларының 2013 жылғы 31 мамырдағы шешімімен
ТМД
қатысушы-мемлекеттерінің
Халықаралық
инновациялық
ынтымақтастық
бағдарламасының
2020
жылға
дейінгі
пилотты
жобаларының тізбесі бекітілді, оған сәйкес екі инновациялық жобаны іске
асыру жаспарланған:
172
- болжау мониторингі көпмақсатты аэроғарыш жүйесін (БМКАЖ)
әзірлеу және сертификаттау, сондай-ақ оның негізінде семантикалық және
геокеңістіктік деректермен қатар табиғи және техногенді сипаттағы төтенше
жағдайлар туралы алдын ала ақпарат ұсынудың кешенді сервистерін құру;
- қазіргі
заманғы
ақпараттық
және
телекоммуникациялық
технологиялар негізінде ТМД қатысушы-мемлекеттері аумақтары бойынша
өтетін халықаралық көлік дәліздерін басқару аппараттық-бағдарламалық
кешенін құру.
Солтүстік-Шығыс Каспий ғарыштық мониторингінің геоақпараттық
жүйесін құру жоспарлануда, ол мұнай жайылуларының алдын алуға, сондай-
ақ су айдыны мен жағалау аймақтарында мұнаймен ластану көздерін, немесе
соған қабілетті болашақ көздерді бақылауға алуға мүмкіндік береді.
Бағдарлама бойынша 191 мақала жарияланды, оның ішінде 76 – алыс
және жақын шетелдерде. 10 монография мен жинақтар, оның ішінде – 6-уы
Германияда басылып шықты.
ҚР 2 патенті алынды, өнертапқыштыққа 5 ұсыным тапсырылды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Соңғы жылдары медициналық ғылым ұйымдардың жүйесін дамыту
бойынша нақты қадам жасалған. 2008 жылы медициналық ғылым
ұйымдарының көлемі 18% (28-ден 33-ке дейін) өскен, соның ішінде Ұлттық
медициналық холдинг шеңберінде 4 ғылыми ұйымдар құрылып және
дамыды.
2013 жыл бойынша денсаулық сақтау саласы ғылыми-зерттеу қызметінің
инфрақұрылымында 25 ғылыми-зерттеу ұйымдар (18 ғылыми орталық, 7
ғылыми-зерттеу институттар), 6 медициналық ЖОО-дар және 2 дипломнан
кейінгі білім ұйымдары ұсынылған. Осы 25 ғылыми-зерттеу ұйымдардың 20-
сы клиникалық профиль, 5 клиникалық емес болып табылады. Көптеген
ғылыми ұйымдар жеке жоғарылату мақсатында жаңа жеке құқықтық-
ұйымдастыру формасына көшті: олардың ішінде 9-ы акционерлік қоғам, 13-і
республикалық мемлекеттік шаруашылық жүргізу құқығында, 11 -
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық университеті және
Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті базасында 2 ғылыми
молекулярлы-генетикалық зертханалар ұжымдық қолданыста жұмыс
атқаруда, заманауи құралдарға рұқсат және студенттердің, магистрлердің,
докторанттардың
жас
ғалымдардың
және
медициналық
ғылыми
ұйымдарының қызметкерлері және ЖОО-ның зерттеулерін орындауына
қамтамасыз етеді.
Басты ғылыми ұйымдарда тәжірибелік ғылыми «қол шатыр» астындағы
ғылыми ұйымдарының орындаушыларымен бірігіп қажеттілікке байланысты
және бағдарламалық- нысаналы қаржыландыруды енгізуде консорциумдарды
құру дами бастады. Қазақстан Республикасы медициналық экология
173
саласында ғылыми консорциум құрылымы сияқты табысты үлгіде қызмет
ету.
Медициналық ғылымды басқару
Медицина ғылымын 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасын бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы
23 тамыздағы №485 бұйрығы және оны іске асыру бойынша іс-шаралар
жоспары. Отандық медициналық ғылымды дамытудың негізгі мақсаты
Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын жақсарту және сақтаумен
қамтамасыз ету, оларды негізінде озық медициналық технология және
инновацияны енгіздіру. Отандық медицина және фармацевтикалық ғылым
саласында сұраныстарды өңдеу және бәсекеге қабілеттілікке жетуді
анықтаған.
Концепцияның іске асырылуы келесі ұстанымдарға негізделеді:
денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және инновациялық қызмет мекен-
жай
қолдау
жүйесінің
эффективті
құралымы;
медицина
мен
фармацевтикалық ғылым жүйелерінің және денсаулық сақтаудағы
инновациялардың, ғылыми ұйымдардың, зерттеу ұйымдары мен жеке
зерттеушілердің институционалды потенциалының дамуы; отандық
денсаулық сақтау қажеттіліктерінің болжамы негізінде ғылыми және
инновациялық салалардың басымдықтарының дамуының құралымы; барлық
дәрежедегі денсаулық сақтау ұйымдарының инновацияларға ұғымдылық
дамуы; медицина және фармацевтика ғылымдарындағы бәсекелестік
ортаның дамуы; отандық және шетелдік инвесторлар үшін денсаулық
сақтаудың
ғылыми-инновациялық
секторының
инвестициялық
тартымыдылығының
жоғарылауы;
отандық
медициналық
және
фармацевтикалық
ғылымдардың
әлемдік
зерттеу
ортасына
интеграциялануы; ғылым мен ғалымдар ұйымының эффективтілік бағалау
барысындағы жоғары халықаралық стандартқа бағдарлануы; "идея-
зертхана-клиника" атты жалғыз инновациялық тармақтың құрылуын
қамтамасыз ететін трансляциялық зерттеулердің дамуы.
Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде 2016 жылға дейін алғашқы
кезеңде білім және тәжірибе, медициналық және фармацевтикалық
ғылымдар интеграциясы үшін шарттарды құру, ғылыми кадрларды
дайындаудың
сапасын
жақсарту,
ғылыми
және
инновациялық
инфрақұрылымды дамыту бойынша іс-шараларды қабылдау, барлық
деңгейде ғылыми және инновациялық процестің менеджментін жетілдіруді
қамтамасыз ететін болады.
Екінші кезеңде 2017 жылдан 2020 жылдар бойынша денсаулық сақтау
саласында ғылыми инновация және өңдеулердің бәсекеге қабілеттілігін
жоғарылату және сапасын арттыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыратын
болады, әлемдік зерттеу кеңістігінде қазақстандық медицина және
фармацевтикалық ғылымдар интеграциясына мүмкіндік туғызады.
Қаржыландыру
174
2008 жылдан бастап қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру
көлемі екі есе өсіп 1 415 022 мың теңгені (007 «Қолданбалы ғылыми
зерттеулер» бюджеттік бағдарламасының 100 «Денсаулық сақтау
саласында» кіші бағдарлама) құрады. 2013 жылы осы бағдарлама
шеңберінде 19 ҒТБ орындалды.
Отандық медициналық ғылыми ұйымдар және ЖОО-ы үшін
қаржыландыру көзі бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру болып
табылады, 2013 жылы ҚР БҒМ (055 бюджеттік бағдарлама) іске асырылып,
14 бағдарламалық-нысаналы ҒТБ орындалды; 2013 жылы отандық грант
беруші жағынан гранттық қаржыландыру 67 ҒТБ орындады, олардың ішінде
62 ҒТБ-ны ҚР БҒМ Ғылым комитеті қаржыландырылған, 5 инновациялық
грантты Технологияны дамыту бойынша ұлттық агенттік қаржыландырды.
2013 жылы шет елдің грант беруші жағынан олардың қаржысынан 24
ҒТБ, 85 бағдарлама және жобалар (бизнес-құрылым тапсырысы бойынша,
ұлттық компания) орындалды. 2013 жылы зерттеу және инновациялық
жобалардың, ғылыми зерттеулерге отандық медициналық ғылыми ұйымдар
және ЖОО-ы тартатын, жалпы қаржы көлемі 6 380 874 мың теңгені құрады.
Медициналық ғылымның кадрлық ғылыми потенциалы
2013 жылдың 1-ші қаңтарда ғылыми-зерттеу және ғылыми-
педагогикалық кадрлар саны 7556 адамды құрады. Соңғы жылдары ғылыми-
зерттеу және ғылыми-педагогикалық кадрлар жас шамасының динамика
құрамын жас мамандар алады. Мамандардың көбін «жас ғалымдар»
санатына (39 жасқа дейін) жатады, 2003 жылдан бастап 2,5 есе өсіп, 15,3%-
дан 40,7%-ды құрады, сол уақытта ғылыми-зерттеу және ғылыми-
педагогикалық кадрлар үлесі 65 жастан жоғары болып, 2003 жылы 20,7% -
дан 2013 жылы 10,7%-ға дейін екі еседей төмендеді. Осының барлығы
«Болашақ» халықаралық стипендия шеңберінде бұрын оқығандарға, шет
елдің ЖОО-нан түлектер ағымы, PhD докторантура және магистратура
ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау бағдарламасы соңғы жылдары
(2005 жылдан бастап) отандық медициналық білім жүйесіне енгіздіруге
байланысты.
Отандық медициналық және фармацевтикалық білім жүйесінде PhD
докторантура және магистратурада ғылыми қызметкердің жаңа формасын
енгіздіре бастады. Жалпы ғылыми дәрежеленуі (ғылым кандитаты және
докторлары, доктор PhD және магистрлерді қоса алғанда) 2013 жылдың
басында 61,4%-ды құрады. Барлық медициналық ғылым ұйымдарында және
ЖОО-да 736 ғылым докторлары, 2105 ғылым кандидаты, 39 доктор PhD, 433
магистрлер жұмыс жасайды.
Ғылыми жұмыстың нәтижелері
2013 жылы 007 «Қолданбалы ғылыми зерттеулер» бюджеттік
бағдарламасының 100 «Денсаулық сақтау саласында» кіші бағдарлама
бойынша 19 ғылыми-техникалық бағдарлама орындалып, жалпы
қаржыландыру көлемі 1 415 022 теңгені құрады.
Басымдық бағыттар шеңберінде «Балалар денсаулығы және ұрпақты
175
Достарыңызбен бөлісу: |