Аграрлық ғылым мен инновацияларды дамыту жөніндегі іс-
шараларды қаржыландыру туралы:
2013 жылы «ҚазАгроИнновация» АҚ мынадай бағдарламалар
шеңберінде ғылыми зерттеулер жүргізу және консалтинг қызметтерін
көрсету бойынша іс-шараларды іске асырды:
1) бағдарламалы-нысаналы қаржыландыру бойынша - 3 315,387 млн
теңге;
2) 32 субъектіні негізгі қаржыландыру бойынша - 960,378 млн теңге;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер (003
бюджеттік бағдарлама) – 84,89 млн теңге;
4) «Ауыл шаруашылығы саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару»
деген 001 бюджеттік бағдарлама, «АӨК субъектілерін өтеусіз негізде
ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету» деген 101 кіші бағдарлама - 277,198
млн теңге;
5) «ҚазАгроИнновация»
АҚ-ның
9
ұйымын
гранттық
қаржыландырудың жалпы сомасы 592,1 млн теңге;
184
6) іргелі және қолданбалы зерттеулер (055 бюджеттік бағдарлама) –
20,8 млн теңге;
7) 019 бюджеттік бағдарлама шеңберінде жергілікті бюджеттерден –
104,4 млн теңге.
2013 жылдың қорытындылары бойынша бюджеттік бағдарламалардың
игерілуі 100%.
АӨК-ге енгізу.
2013 жылы жалпы сомасы 895 407 мың теңгеге ҒЗТКЖ нәтижелерін
енгізу жөніндегі іс-шаралар жүргізілді, оның ішінде:
1) жалпы сомасы 269 542 мың теңге қызметтер көрсету және ҒЗТКЖ
нәтижелерін енгізу іске асырылды;
2) жалпы сомасы 329 476 мың теңге ауыл шаруашылығы техникасы
дайындалып сатылды, сондай-ақ оларды ғылыми тұрғыдан қолдау және
өндіріске енгізу жүргізілді;
3) жалпы сомасы 286 882 мың теңге тұқымдық материал сатылды;
жалпы сомасы 9 506 мың теңге лицензиялық келісімдерге қол қойылды.
Келтірілген деректер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің
ҒЗТКЖ нәтижелерін практикада пайдалануға мүдделі екендігін дәлелдейді.
Білім тарату жүйесі. Білім тарату орталықтары арқылы ауылдағы тауар
өндірушілерді озық технологияларды қолдануға оқыту бойынша жұмыстар
жалғастырылуда.
2013 жылы Білім таратудың 10 орталығы арқылы 105 ғылыми-
практикалық
семинар
өткізіліп,
2794
адам
оқытылды.
Ауыл
шаруашылығының әртүрлі бағыттары бойынша 72 ұсыным, әртүрлі
ақпараттық өнім шығарылды.
Ғылыми-практикалық семинарлардың тақырыптары көрсетілетін
қызметтерді пайдаланушылар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері
бойынша АӨК субъектілерінің нақты сұраныстарының негізінде
қалыптастырылды.
2013 жылы «ҚазАгроИнновация» АҚ Алматы облысындағы ірі
шаруашылық «Байсерке-Агро» ЖШС базасында ғылыми оқыту-өндірістік
орталығын ашты. Ұсынылып отырған бұл жобада білім беру, ғылым және
өндірісті ықпалдастыру тетіктері қамтылған.
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғылыми-зерттеу ұйымдарымен
және ең үздік шаруашылықтармен өзара қарым-қатынасы ауыл
шаруашылығы өнімін өндірудің толық циклын қамтыған және аграрлық
саладағы жоғары білім беретін ұйымдардың студенттері үшін практикалық
дағдылануды арттыруға, ғалым магистранттар мен докторанттардың
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне және ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілерге тиімділігі жоғары технологияларды оқытуға мүмкіндік
береді.
«Байсерке-Агро» ЖШС-тің өндірістік базасында ғылыми-өндірістік
оқыту орталығы жарақтандырылған және бір тараптан Университеттің
өндірістік оқыту базасы ретінде, ал екінші тараптан АӨК саласындағы Білім
185
тарату орталығы ретінде қызмет атқарады, мұнда білім беру, практикалық іс-
шаралар және тиімділігі жоғары технологияны ауыл шаруашылығы
өндірісіне енгізуге арналған ғылыми әзірлемелерді көрсету жүргізіледі. 2013
жылы «Байсерке-Агро» Білім тарату орталығында АӨК-нің 129 субъектісіне
арналған 5 ғылыми-практикалық семинар өткізілді.
Білім тарату жүйесі жүйесінің жұмысын бағалау нәтижесі
көрсеткендей, бұл жүйе АӨК мамандарының білімін жетілдіруіне, ауыл
шаруашылығын жүргізудің ең үздік әдістері мен технологияларын игеруге
мүмкіндік бермек. Білім тарату орталықтарында өз мамандарын оқытуға
ауыл шаруашылығы құрылымдарының мүдделілігі жоғары болуы мұның
айқын дәлелі бола алады. «ҚазАгроИнновация» АҚ шетелдік компаниялар
қатарынан «Extension» жүйесін дамытуға стратегиялық әріптестерді
қатыстыру бойынша жұмыс жүргізуде.
Халықаралық ынтымақтастық.
«ҚазАгроИнновация» АҚ есепті кезеңде ұлттық зерттеулердің ең үздік
әлемдік
жүйелерімен
және
халықаралық
ғылыми
ұйымдармен
ынтымақтастықты дамыту арқылы ауыл шаруашылығы зерттеулерінің
ғылыми әлеуетін жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырды. Мысалы:
Қуаңшылық өңірлеріндегі ауыл шаруашылығы зерттеулерінің халықаралық
орталығы (ИКАРДА) және Жүгері мен бидайды жақсарту жөніндегі
халықаралық орталық СИММИТ), Көкөніс шаруашылығының дүниежүзілік
орталығы (AVRDC), Халықаралық картоп орталығы (CIP), БҰҰ-ның азық-
түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО), Халықаралық күріш
шаруашылығы орталығы (IRRI).
2013 жылы шетелдік ғылыми ұйымдарда 148 ғылыми қызметкер
біліктілігін арттырды. Ресей, Беларусь, Украина, Қытай және Германия
сияқты елдердің ғылыми-зерттеу ұйымдарымен әріптестік орнатылған.
Халықаралық ынтымақтастықтың серпінді жобалары ретінде мыналдарды
атап көрсетуге болады:
1) «Қазақстанның сүт бағытындағы малдарының генетикалық
әлеуетін арттырудың қазіргі заманға лайық технологияларын әзірлеп
бейімдеу».
Осы жобаның шеңберінде фенотип және өнімділік көрсеткіштері
бойынша бағаланған, ДНК бөлу үшін қан үлгілері алынған, голштиндік және
голштинделген мал тұқымдарынан сүт бағытындағы 7000 бас мал бойынша
деректер базасы жасалды.
Францияның Ұлттық ауыл шаруашылығы зерттеулері институтының
(INRA) Labogena зертханасының базасында Illumina (Tecan Robot)
тұғырнамасында Қазақстандық сүт бағытындағы малдың 2000 ДНК үлгісін
генотиптендіру жүргізілді.
2) «Қазақстандық-германдық аграрлық-саяси диалог». Жобаның
мақсаты – Қазақстанның АӨК саласында консультациялық және
сарапшылық қызметтер көрсету үшін Германиядан сарапшылар шақырып
қатыстыру.
186
ҚР АШМ мен ГФР-дың Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және
тұтынушылардың құқығын қорғау министрлігі арасындағы ынтымақтастық
шеңберінде Қазақстанның АӨК-де тұңғыш рет 2011 жылы «Неміс аграрлық
орталығы» деген кооперациялық жоба іске қосылып жүзеге асырыла
бастады. Бұл жобаның мақсаты – отандық агробизнес субъектілеріне неміс
мамандарының және ауыл шаруашылығы техникасы мен өнімін
өндірушілерінің ең үздік білімдер мен технологияларды үйретуі. 2013 жылы
39 семинар өткізіліп, 790 тыңдаушы оқытылды және тұтас алғанда орталық
жұмыс істеген үш жыл ішінде 79 семинар өткізіліп, 1465 тыңдаушы
оқытылды.
3) «Орта Азиядағы азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
үшін Қазақстанда бидай өндірудің климаттың құбылуына төзімділігін
арттыру» деген жоба.
«ҚазАгроИнновация» АҚ БҰҰ Даму бағдарламасымен (USAID), АҚШ-
тың халықаралық даму агенттігімен және Қазақстан Республикасы
Үкіметімен бірлескен жоба шеңберінде БҰҰ Даму бағдарламасының осы
жоба жөніндегі негізгі ұлттық әріптесі болып табылады.
«Климаттың өзгеруіне бидайдың төзімділігін қамтамасыз етуге қажетті
бейімдеу шараларын енгізу» екінші бағыт шеңберінде Жоба тікелей
«ҚазАгроИнновация» АҚ-ның үш білім тарату орталығымен бірлесіп жұмыс
атқарады, бұл орталықтар Қазақстанның ең негізгі астық өсіретін
облыстарында орналасқан, - «Шортанды» БТО, «Қостанай» БТО және
«Қызылжар» БТО. Бейімдеу технологияларын тікелей игеру А.И. Бараев
атындағы (Шортанды) ҒӨО, Қостанай ауыл шаруашылығы ҒЗИ және
Солтүстік Қазақстан мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ
тәжірибелік егістік алқаптарында жүргізіледі.
Көрсетуге арналған тұқым себудің нәтижелері түсімділіктің мейлінше
ұлғайғанын ғана емес, бидай өсіруге бейімдеу көзқарасының экономикалық
тұрғыдан тиімділігі жоғары екенін де дәлелдеп отыр.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
ҚР Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия
айқындаған ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша 2013 жылы
Министрлік әкімшілігіндегі 005 «Қолданбалы ғылыми зерттеулер»
бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 135 630 мың теңге қаржы
қарастырылып, 6 қолданбалы ғылыми зерттеулерге және 88 210 мың теңге
10 археологиялық зерттеулерге бағытталды.
Қолданбалы ғылыми зерттеулер министрліктің бағынысындағы ғылыми
субъекті аккредитациясына ие Орталық мемлекеттік музеймен (4 жоба),
Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтымен (2 жоба) жүзеге асырылды.
Орталық мемлекеттік музей жүзеге асырған «Қазақтардың тарихи
этнографиясы Ресей Ғылым академиясының Ұлы Петр атындағы
187
Антропология және этнография музейі (Кунсткамера) коллекциясында»
атты ғылыми жоба аясында жыл көлемінде аталған музей қорынан қазақ
тарихы, этнографиясы, мәдениетіне қатысты анықталған 200 музейлік
бұйым ғылыми өңдеуден өткізіліп, жүйеленді. Аталған бұйымдар қазақтың
дәстүрлі ұлттық ойындары мен оған қатысты ойын құралдарын, тұрмыстық,
киім бұйымдарын құрады.
Келесі «ҚР Орталық мемлекеттік музей қорындағы Қазақстанның
тарихы мен мәдениеті бойынша музейлік деректер (ХХ ғ. 20-30 жж.)»
ғылыми жоба шеңберінде аталған музейдің коллекциясы тақырыптық және
хронологиялық принциппен жүйеленіп, олар ақпараттық, репрезентативтік
тұрғыдан сарапталды. Есептік жылы «Музыка өнері», «Индустриализация»,
«Коллективизация» және т.б. бөлімдер бойынша фотодокументалды
материалдар жүйеленіп, өңделді. Нәтижесінде Қазақстанның ХХ ғасырдың
20-30 жылдардағы тарихы мен мәдениеті бойынша каталог-монография
жасақталып, жарыққа шығарылмақ.
Бұдан өзге мазмұны мен ғылыми мәні зор «ҚР Орталық мемлекеттік
музей қорындағы айрықша ортағасырлық жібек маталар. ХІІІ-ХІV ғ. қоғары
көшпелі аристократияның салтанатты киімін қайта жаңғырту» және
«Қазақтың дәстүрлі таңбалау жүйесі (ХV-ХХ ғ. І-жартысы): музейлік мәнді
деректерді тарихи-салыстырмалы талдау» ғылыми жобалары іске асырылды.
Жобалар аясында қазақ ру-тайпаларының таңбаларына қатысты сан алуан
мәліметтерді ғылыми талдау, сараптау жүргізілді, нәтижесінде қазақтың
дәстүрлі таңба жүйесі жөнінде кешенді зерттеу жұмысы дайындалды.
Сонымен қатар, жібек маталар мен кестелердің технологиялық,
құрылымдық, семантикалық зерттеуі жүргізіліп, ғылыми негізделген
монография әзірлеу жоспарланып отыр.
Көрсетілген ғылыми жұмыстардың нәтижелері бойынша ғылыми
каталогтар, еңбектер басып шығарылады.
Бұдан өзге, жоғарыда аталған Институтпен Қазақстанның әлемдік
мәдени кеңістігіне кірігу бағыттары саласындағы ғылыми жоба жүзеге
асырылды. Жобаның жалпы мақсаты: мәдениет саласындағы интеграциялық
үрдістер мен замануи процесін зерделеу және талдау, еліміздің қазіргі
кезеңдегі мәдени оқиғаларының көлемін саяси-экономикалық бағытын
ескере отырып, бағалау болып табылды.
Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу жолында ғылыми экспедициялар,
шетелдік және отандық ғалымдардың, мамандардың қатысуымен семинар,
дөңгелек үстел ұйымдастырылып, ой-пікірлер ортаға салынды.
Атап айтқанда, зерттеу жұмысының нәтижесінде «Еліміздің мәдени
әлеуетін дамытудың негізгі бағыты» атты талдамалық баяндама әзірленіп,
«Қазақстан мәдениетінің интеграциялық бағыттары және мәдениеттегі
жаңашыл үрдістері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
өткізілді. Сонымен қатар, «Әлеуметтік мәдени контексіндегі дәстүрлі
музыкалық мәдениет», «Ұлы даланың рухани мәдениеті және қазіргі заман»
монографиялары
әзірленіп,
жоба
шеңберінде
жүргізіліп
жатқан
188
социологиялық зерттеудің екінші кезеңі жүзеге асырылды. Сондай-ақ,
мәдениет саласының мәселелеріне арналған «АРТеФАКТ» журналының
алғашқы нөмірі жарық көрді. Бұдан өзге республиканың мәдениет өмірі
туралы төлқұжат дайындау мақсатында 14 облысқа ғылыми іссапарлар
ұйымдастырылып, материалдар жинақталды. Нәтижесі бойынша 2014 жылы
алғашқы рет «Қазақстан Республикасының мәдени өмірінің төлқұжаты»
жинағы жарыққа шығарылмақ.
2013 жылы археологиялық ғылыми қазба жұмыстарымен Қазақстан
аумағындағы тарихтың әр кезеңіне қатысты 10 ескерткіш қамтылды. Олар
Ақмола облысындағы Бозоқ қалашығы, Шығыс Қазақстан облысындағы
Берел қорғаны, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сығанақ, Жуантөбе,
Қараспан, Қызылорда облысындағы Баланды, Қарағанды облысындағы
Беғазы-дәндібай және Тасмола мәдениеті ескерткіштері, Ақсу-Аюлы кешені
және басқалар.
Соның ішінде соңғы қола дәуірінің Беғазы-дәндібай мәдениеті мен ерте
темір дәуірінің Тасмола мәдениетінің ескерткіштерін зерттеу бойынша
кешенді іс-шаралар жүргізілді.
Ағымдағы жылы жоғарыда көрсетілген мақсатқа сәйкес төмендегідей
бөлімдерді қамтыған міндеттер кешені қойылды:
– кейінгі қола мен ерте темір дәуірінің қыш кешендері бойынша
сараптамалық жұмыстар атқару;
– кейінгі қола дәуірінің Беғазы-дәндібай мәдениетінің ескерткіштерін
зерттеуге бағытталған далалық жұмыстар атқару;
– ерте темір дәуірінің Тасмола мәдениетінің ескерткіштерін зерттеуге
бағытталған далалық жұмыстар атқару;
– "Далалық Еуразияның Беғазы-дәндібай мәдениеті" атты ғылыми
мақалалар жинағын баспадан шығаруға дайындау жұмыстарын жүргізу.
Далалық зерттеулер Павлодар облысының Баянауыл ауданында,
Шығыс Қазақстан облысының Абай мен Бесқарағай аудандарында,
Қызылорда облысының Қармақшы аудандарында жүргізілді.
Табылған түгел артефактылар алғашқы далалық өңдеуден өтіп, қазіргі
таңда зертханалық жағдайда зерттеу үстінде.
Есепті жылы аталған объектіде жүргізілген археологиялық қазба
жұмыстары барысында 15 металл бұйымдары табылды. Барлық бұйымдар
түсті металдан, соның ішінде қоладан жасалған, өте қатты тот басқан.
Сонымен қатар, қазба нәтижесінде 1993 керамика бұйымдардың
фрагменттері табылды. Табылған бұйымдар беғазы тұрпатындағы
әшекейленген және сырты бедерлі ыдыстардың сынықтары.
Беғазы қорғанында жүргізілген жұмыстардың бірі этнографиялық
кезеңдегі қабір ескерткіштерін жаңғырту болды. Аталған жұмыс барысында
20 жерлеу қабірлері жаңғыртылды. Әр ескерткіштің орташа көлемі 2×1 ш.м,
биіктігі шамамен 0,7 м.
189
Қазақстанда ірі ескерткіштердің бірі Бөріжар қорымы. Аталған
объектіде Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының
Бөріжар отряды жұмыс атқарды.
Жұмыстардың мақсаты б.д. III-II ғғ. дан VIII ғ. дейін қамтитын Оңтүстік
Қазақстанның жерлеу құрылыстарын зерттеуін жалғастыру.
2013 жылғы далалық зерттеулер барысында 3 катакомба және 10 сағана
ашылды. Қазба барысында жерлеу құрылыстардың жобалары ашылды және
көптеген материалдар алынды, олар қыш ыдыстар, темірден, мыстан,
күмістен, алтыннан жасалған бұйымдар және әшекей бұйымдар.
Кезекті зерттеу нысаны Қараспан қалашығы болды, ол Оңтүстік
Қазақстан обылысы, Ордабасы ауданындағы Қараспан аулының солтүстік-
батыс беткейінде, Арыс өзенінің орта ағысы бойындағы сол жақ
жағалауында орналасқан.
Зерттеу жұмыстарының мақсаты Қараспан қалашығы цитаделіндегі
археологиялық құрылымдарды таба отырып, қалашықтың төменгі, яғни
ертеректегі қабатын, сондай-ақ жоғарғы құрылыс қабатын, яғни соңғы өмір
сүру кезеңін зерттеу болып табылды. Сонымен қатар зерттеу мақсаты
рабадтың мәдени қабаттарын зерттеу болып табылды.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ғылыми жұмыстарының
негізгі бағыттары мыналар болып табылады: жалпы тактика мен жедел өнер
бойынша әскери өнер мәселелерін зерттеу; әскери оқу және тәрбиелеу,
әскерлердің
жауынгерлік
даярлығын
және
күнделікті
қызметін,
гуманитарлық (жаратылыстану) ғылымдардың әскери проблематикасын
ұйымдастыру проблемаларын зерттеу; қару-жарақ пен әскери техника
саласындағы әскери-арнайы зерттеулерді жүргізу; әскери тарих, әскери өнер
тарихы, Қарулы Күштердің құрылысы және оның даму тарихы жөніндегі
зерттеулерді орындау.
2013 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің
тапсырыстары бойынша мынадай проблемалар бойынша 20 ғылыми-зерттеу
жұмысы жүргізілді: Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін
қамтамасыз ету; әртүрлі қарқындағы әскери жанжалдарда операциялар мен
жауынгерлік іс-қимылдарды дайындау және жүргізу; қару-жарақ пен әскери
техниканы жаңғырту мақсатында жүргізілетін ғылыми-зерттеу және
тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың тиімділігін арттыру.
18 оқу құралы әзірленді және шығарылды.
17 ғылыми семинар өткізілді, 70 баяндама мен мақала дайындалды.
2013 жылы 15 ғылыми конференция өткізілді.
2014
жылғы
1
қаңтардағы
жағдай
бойынша
Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштерінде ғылыми дәрежесі бар әскери
қызметшілер мен қызметшілер мынаны құрайды: ғылым докторлары - 16
адам; ғылым кандидаттары - 106 адам. Жиыны: 122 адам.
190
ҚР Қарулы Күштері, басқа әскерлері мен әскери құралымдары үшін
ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау Ұлттық қорғаныс
университетінде мынадай екі саты бойынша жүзеге асырылады:
1) әскери
білім
мамандығы
бойынша
ғылыми-педагогикалық
магистратурада;
2) әскери өнер; қару-жарақ пен әскери техника; әскери тарих
мамандықтары бойынша PhD докторантурада.
Әскери ғылымды дамыту мақсаты Қазақстан Республикасының әскери
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми зерттеулерді жүргізуді
жетілдіруді және жандандыруды қамтиды.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери ғылымды
дамытудың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
қазіргі заманғы жағдайларда Қазақстан Республикасының әскери
ғылымын дамыту бағыттарын жасау;
Қазақстан
Республикасының
Қарулы
Күштерінде
ғылыми
бөлімшелердің ұтымды құрылымын құру;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін ғылыми
қызметкерлерді даярлау деңгейіне қойылатын қазіргі заманғы талаптарға
сәйкес анағұрлым басым бағыттар бойынша ғылыми кадрларды дайындау;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ғылыми және ғылыми-
техникалық әлеуетін дамыту;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде ғылыми және
ғылыми-техникалық
қызметті
Қазақстан
Республикасының
әскери
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде әскери іс теориясы мен
практикасын, қару-жарақ пен әскери техниканы, Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери құрылымы мен дайындығын дамытуға бағыттау.
2014 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери
ғылымды дамытудың негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
1)
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
мынадай міндеттерді шешу үшін әскери ғылым жөніндегі Ұлттық ғылыми
кеңесті құру: Жоғары ғылыми-техникалық комиссия айқындаған
басымдықтарға сәйкес әскери ғылымды дамытудың ғылыми бағыттарын
қалыптастыру; ғылыми зерттеулер жүргізу үшін бөлінген қаржыландыру
нысандары мен көлемдерін айқындау; ғылыми жаңалықты, ғылыми-
техникалық деңгейді, ұсынылған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен
бағдарламалардың перспективалылығын, ұсынған әзірлену дәрежесін
бағалау; сұратылған қаржыландыру көлеміне экономикалық негіздеме; жаңа
әскери ғылыми бағыттарда республиканың қажеттіліктерін бағалау;
мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға ұсынылған іргелі және қолданбалы
зерттеулер
бойынша
ғылыми,
ғылыми-техникалық
жобалар
мен
бағдарламаларға конкурстық іріктеуді жүзеге асыру; жүргізілетін ғылыми
зерттеулерді іске асыру барысын мониторингілеу;
2)
Қазақстан
Республикасы
Қарулы
Күштерінің
ғылыми
бөлімшелерінің құрамы мен құрылымын оңтайландыру. Қазақстан
191
Республикасының Қарулы Күштерінде ғылыми және ғылыми-техникалық
қызметтің тиімділігін арттыру үшін мынадай ғылыми бөлімшелерді
оңтайландыруды жүргізу ұсынылады:
а) Ұлттық қорғаныс университетінің ғылыми орталығын Ұлттық
қорғаныс университетінің Ғылыми-зерттеу институтына (ҰҚУ ҒЗИ) қайта
құру;
3) ұжымдық
пайдалану қағидаты бойынша Ұлттық қорғаныс
университетінің ғылыми-эксперименттік базасын дамыту;
4) Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштері үшін әскери
мамандықтар бойынша ғылыми кадрларды даярлау және әскери ғылымды
дамыту үшін олардың әлеуетін пайдалану;
5) Қазақстан
Республикасының
және
шет
елдердің
ғылыми
ұйымдарында
магистранттар
мен
докторанттардың
ғылыми
тағылымдамадан өткізуін жүргізу;
6) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ғылыми қызметкерлерінің
біліктілігін арттыру;
7) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ғылыми қызметкерлерін
ынталандыру тетігін енгізу.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
ТЖМ жүйесінде ғылыми-қолданбалы қызметті мынадай ғылыми ұйымдар
жүзеге асырады:
1. «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс ғылыми-зерттеу
институты» АҚ (бұдан әрі – «ӨҚжАҚ ҒЗИ» АҚ) (Алматы қ.).
Институттың қызметі Қазақстанда табиғи және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы ғылыми-зерттеу
жұмысын дамытуға, сондай-ақ жұртшылықты өрт қауіпсіздігі мен азаматтық
қорғаныстың проблематикасына тартуға бағытталған.
Қызметкерлердің штаттық саны 46 қызметкерді құрайды, олардың 32-сі
ғылыми-техникалық персонал, оның ішінде 5 ғылым кандидаты, 2 магистр, 1
профессор.
ТЖМ «ӨҚжАҚ ҒЗИ» АҚ зертханалық-сынақ базасы өрт сынақ
зертханасы мен сынақ полигонынан, азаматтық қорғаныстың химиялық-
радиометрлік зертханасынан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |