болу денсаулығын сақтау технологиясы»:
- Ана мен бала ғылыми орталығы – фетоинфантты технологиямен
балалар өлімі және репродуктивті төмендетуді өңдеу, оның ішінде 17 емдеу
және диагностика хаттамалар жасалған;
- Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы –
Балалардың, жасөспірімдердің және ерлердің несеп-жыныс жүйесінің
ауруларын диагностикалау мен емдеудің инновациялық технологиялары
өңделген, оның ішінде 7 емдеу және диагностика хаттамалар жасалып, 14
патенттер алынған;
- Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы - туа біткен
ақау, азқазан ішек жолы, өкпе ауруларының кең жайылу кезінде балаларға
медициналық көмек көрсету технологиясы өңделген, оның ішінде 3 емдеу
және диагностика хаттамалар жасалып, 1 патент алынған;
- Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы –
Қазақстан Республикасында ана және перинаталды аурулар мен өлімді
төмендету үшін жүктілік кезінде дифференцирленген алгоритмді жасау және
преэклампсия даму болжамдау маркерін және этиопатогенетикалық
тетіктеріне зерттеу жүргізіліп жатыр, оның ішінде 7 емдеу және диагностика
хаттамалар жасалып, 1 патент алынған.
Басымдық бағыттар шеңберінде «Экология және денсаулық»:
- Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті – ҚР ШҚО
қолайсыз экологиялық аймақта тұратын халықта мультифакторлы аурулар
қауіпін радиациялық емес факторлар және радиациялық минимизация
технология және ғылыми негізі жасалып жатыр, емдеу және
профилактикаларды болжаудың жаңа жолдарын жасау негізінде, оның
ішінде 5 патенттер алынып, Халықаралық академия ғылыми ашқан
жаңалықтарына және басылымдары бар авторларға (Ресей) диплом берілген;
- Астана медицина университеті – Қазақстандағы уран өндіріс
орындарында радиациялық қауіпсіздікпен қамтамасыз етудің біріккен
медициналық жүйесін құру және өндірістік ауруларға шалдығу қауіпін
төмендету бойынша өңдеулер жасалынып жатыр, сонымен қатар әлеуметтік
мағынасы бар ауруларды кең көлемде диагностикалау және емдеу бойынша
өңдеулер іске асырылуда, оның ішінде 35 емдеу және диагностика
хаттамалар жасалып, 8 патент алынған;
- Х. Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы
– ауылды аймақтағы халыққа санитарлық-эпидемиологиялық жағдаймен
қамтамасыз ету және денсаулықты қорғау саласында кешенді бағдарлама
жасалып жатыр.
- Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты - Батыс-
Қазақстан облысы онкологиялық аурулардың жайылу ерекшелігі анықталып
және қоршаған ортаны ластану деңгейі анықталған, негізгі ісіктің (бас және
мойын ісігі, өкпе ісігі, жатыр мойнының ісігінің) жайылу кезінде мүшені
сақтау және реконструктивті-пластикалық технологиясын, қатерлі ісіктерді
емдеудің (өкпе ісігі, бас және мойын ісігі, асқазан ісігі және колоректальды
176
ісік, сүт безінің және жатыр мойынның, құйық ісігі) мультимодальдық әдісін
әзірлеу және енгізу, оның ішінде 3 патент алынған.
Басымдық бағыттар шеңберінде «Белсенді ұзақ өмір сүру»:
- С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті -
Қазақстанның егде жастағы адамдарының белсенді өмір сүруін қамтамасыз
етудегі қартаюға қарсы үлгі ұсынылған және белсенді өмір сүру үшін жаңа
технологиялар әзірленген, қартаю процестің теориялық, іргелі және
клиникалық қазіргі жағдайы зерттелген. Қартаюға қарсы үлгі шеңберінде,
сонымен қатар кең көлемде әлеуметтік мәні бар ауруларды диагностикалау
және емдеу технологияларын әзірлеу негізінде 12 хаттамалар жасалып, 28
патент алынған.
Басымдық бағыттар шеңберінде «Регенеративті медицина»:
- Ұлттық ғылыми медициналық орталығы – инновациялық жасушалық
технологияларды қолдану жүйесі және жойылған мүшелер функциясының
орнын басу терапиясы және қалпына келтіру әдісін жетілдіруге бағытталған
өңдеулер жүргізіліп жатыр. Жасушалық технологиялар саласында
әзірлемелер шеңберінде, сонымен қатар кең көлемде әлеуметтік мәні бар
ауруларды диагостикалау және емдеу технологияларын әзірлеу негізінде 5
емдеу және диагностика хаттамалар жасалып, 3 патент алынған.
Басымдық бағыттар шеңберінде «Жарақат және сырқаттан еңбекке
қабілеттілігін жоғалту және мезгілсіз өлімнің алдын алу технологиясы»:
- Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты - туа
біткен және идиопатикалық сколиозды оперативті емдеуден кейін
омыртқаның майысқан қалдығын операция алдында диагностикалау тәсілі
әзірленген, жедел көп қан жоғалтудың жиілігіне бағалау жүргізіліп, оның
ауыр жарақаты бар науқастың асқынуы және емдеудің аяқталуы, соның
ішінде 11 емдеу және диагностика хаттамалар жасалып, 5 патент алынған;
- А. Н. Сызганов атындағы Ұлттық хирургиялық ғылыми орталығы –
қалқанша безі ауруларын хирургиялық емдеу және операция алдына
дайындау, жаңа концептуальды диагностика қағидалары әзірленуде, бауыр
трансплантацияны жасау үшін емдеу-диагностикалық іс-шаралар кешенін
жетілдіру жүргізіліп жатыр, жоғары қауіптегі ишемиялық инсультпен
ауыратын науқастардың өмір сүру сапасын жақсарту және емдеу тиімділігін
жоғарылату бойынша өңдеулер жасалуда, трахеобронхиальды тармақтың
тарылуына хирургиялық емдеу нәтижесінің жақсаруы, дененің кез келген
жерінде ақаулар мен жамылғы тіндердің деформациясына реконструктивті
және пластикалық микрохирургия нәтижелерінің жақсаруы, нәресте
жүрегіндегі қарыншааралық далда ақауларды рентгеноэндоваскулярлы
емдеу тиімділігін жоғарылату, сонымен қатар балалар өлімін төмендету,
өмір сүру сапасын жақсарту және оңалту уақытын қысқартуға бағытталған.
Орталықтың зерттеу жұмысы шеңберінде 13 патент алынған.
- Ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы
Қазақстанда шылым шегудің таралуын Жаһандық халыққа сұрау салу
жолымен зерттеу, халықтың шылым шегудің ерлердің репродукциялық
177
денсаулығына, сондай-ақ дем алу органдары ауруларының (өкпе обыры)
дамуына әсері туралы пікірін бағалау жұмыстарын жүргізеді;
- Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы Қазақстан
Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде алғашқы медициналық-
әлеуметтік көмектің әлеуметтік тұрғыдан бағдарланған моделі бойынша
ғылыми тұрғыдан негізделген ұсыныстарын берді;
- Республикалық медициналық-әлеуметтік нашақорлық проблемалары
ғылыми-практикалық
орталығы
кәмелетке
толмағандар
арасында
ойынқұмарлыққа бой алдыру қаупін диагностикалау бағдарламасын,
кәмелетке
толмағандар
арасында
ойынқұмарлыққа
бой
алдыру
(компьютерлік тәуелділік) қауіпмен байланысты психологиялық түзету
жұмыстары технологиясының критерийлерін әзірледі. Психикалық және
мінез-құлық ауытқуларын емдеудің тиімділігін арттыру мақсатында орталық
диагностикалау мен емдеудің 7 хаттамасын әзірледі;
- Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты ауылдық
денсаулық сақтауды жетілдіру және ҚР ауыл тұрғындарының әлеуметтік-
маңызды
ауруларын
анықтау
кезінде
мамандандырылған
және
жоғарытехнологиялы көмекке жуықтату жолын сапалы жақсарту бойынша
жұмыстарды, атап айтқанда, жылжымалы мобильді кешендерді қолдану
арқылы жүргізіп келеді. Диагностикалау мен емдеудің 8 хаттамасы
әзірленді.
Басымдық бағыттар шеңберінде «инфекциялық әлеуметтік–маңызы
бар ауруларды уақытша төмендету және алдын алу технологиясы»:
- Айқымбаев атындағы Қазақ карантинді және зоонозды инфекциялар
ғылыми орталығы – халықтың өмір сүру сапасын жоғарылату үшін
профилактика және биологиялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету жүйесі,
зертханалық диагностика тәсілдері мен жаңа құралдары әзірлеу, қазіргі
технология негізінде карантинді және зоонозды инфекция мониторинг
жүйесін әзірлеу іске асырылып жатыр, оның ішінде 3 патент алынған;
- Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық
орталығы – туберкулезбен ауырған науқастардың дәріге тұрақтылық
формалар
микробактерия
туберкулездің
молекулярлы-генетикалық
ерекшелігіне зерттеу жүргізіліп жатыр.
2013 жылы жалпы басылымдар (мақалалар) саны 5449 құрайды,
олардың ішіндегі қазақстандық баспаларда – 4410 мақалалар, шетелдік
басылымда 1039 мақалалар (шетелдік басылымда мақаланың үлес салмағы
19,1%), халықаралық рецензиялау баспаларында мақалалар саны 91
(халықаралық рецензиялау баспаларында мақалалардың үлес салмағы -
8,76%). 2013 жылы халықаралық рецензиялау баспаларында мақалалар саны
2012 жылға салыстырғанда 75% (52-ден 91-ге) өсті. Бұл ретте мақалалар
үлесі 2-ге дейін импакт-фактормен 62,6%, 2-ден көбірек импакт-факторы бар
мақалалар үлесі 13,2%.
2013 жылы алынған патенттер саны 21,4% (84-ден 102-ге дейін) өсті.
Бұл ретте шетелдік патентер 4,9% (5 патенттер) құрады. 102 патенттің 17-і
178
ұлттық патенттер, 80 – инновациялық патенттер ұсынылған. 30 ғылыми
өңдеулер зияткерлік меншік объектісін сақтау жөнінде куәлік алған.
Медициналық жоғары оқу орындары жұмысының тәжірибелік ғылыми-
зерттеуді нығайту бойынша мемлекет Елбасының тапсырмасын орындау
үшін Денсаулық сақтау министрлігінде «Қазақстан-2050» Стратегиясында
айтылған, барлығынан бұрын жоғары оқу орындар ғылымын дамыту аса
маңызды екенін ескере отырып, 2013 жылы медициналық ЖОО-ы денсаулық
сақтау жүйесін іске асыратын қаржыландырудың барлық үлгі жобасын және
ғылыми бағдарламаның 54% (174) орындалды. Соңғы жылдары
медициналық ЖОО-ды атап айтқанда медициналық ғылымды дамытуды
жетекші және үйлестіруші рөлін, саланы бағыттауға арналған стратегиялық
мәні бойынша ғылыми зерттеулерді орындау үшін ғылыми ұйымдардың
біріктірген желісі, ғылыми бірілестікті құру бастаушысы болуды бастайды.
Халықаралық рецензияланатын басылымдардағы мақалалар 78% (71) және
50% (51) патенті медициналық ЖОО-дың қызметкерлері алған.
Ғылыми ұйымдардың және ЖОО-ң мамандары 138 емдеу стандарттар
мен клиникалық хаттамаларды, 100 аса әдістемелік нұсқаулар әзірленіп, 1020
енгізу актісі алынған. 2013 жылы жалпы конференциядағы баяндамалар
саны 3587 құрайды, олардың ішінде халықаралық конференция – 1891,
республикалық – 1266, аймақтық жергілікті – 439.
Халықаралық ынтымақтастық
Бүгінгі таңда медициналық ғылым ұйымдары 42,2% (14) Темпус
бағдарламасы шеңберінде, Жетінші негіздеме бағдарламалар, UNODS,
UNFPA, UNICEF, туберкулез және малярия, ЖҚТБ күресу, туберкулезге
және малярияға қарсы күрес жөніндегі Ғаламдық Қоры «Ашық қоғам»
институттың (Сорос қоры) қолдауы және қатысу кезінде ғылыми-зерттеу
бағдарламасын орындайды. Барлық медициналық ғылыми ұйымдар
шетелдің орталықтарымен әріптестігімен 49 ғылыми бағдарлама орындалып
жатыр.
Халықаралық рецензияланған баспаларда бірлескен авторлар 38,4%
мақалалары Ресей, Германия, Ұлыбритания, Жапония, АҚШ-ң шетелдің
ғылыми орталықтарының өкілдерімен жарияланады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 14.12.2012
ж. «Қазақстан-2050» Стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында
белгіленген уақыт талаптарының бірі – жаһандық сауда-саттық
қауіпсіздігінің қауіп-қатері.
Қазақстан дәнді дақылдарды экспорттаушы ірі елдердің қатарына
қосылып келеді. Еліміз экологиялық таза ұланғайыр территорияға ие және
осыған орай экологиялық таза азық-түлік өндіре алады. Егістік алаңдарын
ұлғайту және астық мөлшерін айтарлықтай өсіру үшін отандық және
шетелдік селекция, генетика, биохимия, физиология, молекулалық биология
179
жетістіктерін пайдалану негізінде кешенді қасиеттері мен белгілері бар жаңа
сұрыптар мен гибридтер шығару қажет.
Жолдауда су тапшылығы мен табиғи ресурстардың сарқылуы
жағдайында ылғалдылықты үнемдеу технологияларына кешенді түрде көшу
міндеті қойылған болатын. Осы орайда жаңа технологияларды енгізу,
экологиялық тазалыққа негізделген бәсекеге қабілетті ұлттық брендтерді
жасап шығару қажеттілігіне баса назар аударылды. Агроөнеркәсіптік кешен
жаһандық экологиялық таза өндіріс саласында басты ролге ие болуы тиіс.
Мемлекет басшысының жаңа технологиялар мен технологиялық,
басқарушылық жетістіктерді, әлемдік деңгейдегі мал шаруашылығының
жемшөп базасын жасақтауға қажет зор әлеуетті ескере отырып, мал
шаруашылығын қайта жаңғырту жөніндегі алға қойған міндеттері
жайылымдарды пайдалану мәселесін шешуге бағытталған. Бұл – бүгінгі күн
талабынан туындаған қажеттілік. АӨК жетекші салаларының бірі – мал
шаруашылығын
дамыту
стратегиясында
жайылым
ресурстарын
пайдаланудың ғылыми негізделген амал-тәсілдерін қолдану елеулі мәнге ие
болмақ.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өніміне жаһандық сұраныстың
өсуін ескере отырып, ауыл шаруашылығын барынша жаңғырту бойынша
міндеттер де айқындалды.
Қазақстан
республикасы
Ауыл
шаруашылығы
министрлігі
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 2012-2014 жылдарға арналған
қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламасының администраторы болып
табылады. Ал «Өмір туралы ғылым» басымдығы бойынша Ұлттық ғылыми
кеңес шешіміне сәйкес жоғарыда аталған бағдарламаның негізгі
орындаушыларының бірі – «Каз АгроИнновация» Акционерлік қоғамы.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының басым бағыттары:
– Ауыл шаруашылығы өсімдіктері өнімділігінің генетикалық әлеуетін
арттыру және Қазақстан Республикасының түрлі агроэкологиялық
аймақтарына арналған агротехнологияларды кемелдендіру;
– өнімділіктің
генетикалық
әлеуетін
арттыру,
қоректендіру
технологияларын кемелдендіру, Қазақстан Республикасының түрлі
аймақтарында ауыл шаруашылығы жануарларын, құс, балық және ара өсіру;
– Ауыл шаруашылығы шикізаттарын бастапқы әрі терең өңддеу мен
ары қарай сақтау техникалары мен технологияларын жетілдіру;
– Ауыл шаруашылығы жұмыстары барысында табиғи ресурстарды
сақтау мен қайта өндіруді қамтамасыз ету;
– Ауыл шаруашылығы өндірісі мен ауылды жерлерді дамытудағы
тиімді факторларды зерттеу.
Орындаушы ұйымдар
Ғылыми-техникалық бағдарламаның жүзеге асыруына 50 ғылыми
ұйымдар мен жоғарғы оқу орындарының ғалымдары қатысады, соның
ішінде: АҚ «ҚазАгроИнновация» 32 еншілес ұйымдары, әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университет,
180
С. Сейфуллин атыңдағы ҚазАТУ, Жәңгір-хан атындағы БҚАТУ,
С. Торайгыров атындағы Павлодар МУ, Көкшетау МУ, Алматы ТУ,
М.Х.Дулати атындағы Тараз МУ, Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ, ББМ ҒЗИ,
ББӨИ, ҚБ «АШҒА», Қазақстан ғарыш сапары, ҚБ «ОРЛП», «Майлы
дақылардың» ТШ, АҚ «КЗТ ҰО», СИММИТ-Қазақстан, ИНРА (Франция),
АЦФГР (Австралия).
Бұл бағдарламаны қаржыландыру 2013 жылы – 3,3 млрд. теңге болған
(3 315 387 мың теңге).
2013 жылы аграрлық ғылым мынадай жетістіктерді игерген: өсімдік
шаруашылығы және егіншілік, мал шаруашылығы және ветеринария, ауыл
шаруашылығын механикаландыру, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу
және табиғат ресурстарын басқару саласында 178 қорғау құжаты алынды,
оның ішінде: өнертапқыштық үшін 8 патент; өнертапқыштық үшін 81
инновациялық патент; селекциялық жетістіктер үшін 89 патент, бұлар
Қазақстан Республикасының селекциялық жетістіктерінің мемлекеттік
тізіліміне енгізілген.
Көрсетілген мерзім ішінде қорғау құжаттарын алу үшін 165 өтінім
берілді, оның ішінде: өнертапқыштық үшін патент алуға 10 өтінім;
өнертапқыштық үшін инновациялық патент алуға 122 өтінім; селекциялық
жетістіктер үшін патент алуға 31 өтінім; пайдалы модель үшін патент алуға
2 өтінім.
«Қазақстан Республикасының әртүрлі агроэкологиялық аймақтары
үшін ауыл шаруашылығы өсімдіктері өнімділігінің генетикалық әлеуетін
арттыру және агротехнологияларды жетілдіру» деген бағыт бойынша
селекциялық
және
биологиялық
(физиологиялық-биохимиялық,
биотехнологиялық,
иммунологиялық,
технологиялық)
зерттеулер,
экологиялық сорт сынақтарын жүргізудің нәтижесінде Қазақстанның
ғылыми-зерттеу ұйымдары дәнді, дәнді-бұршақ, астық-жемшөп, жарма,
көкөніс-бақша және картоп, майлы, қант қызылшасы, жеміс-жидек және
жүзім, мал азығына арналған дақылдардың 42 сорты мен буданын шығарды.
Үш
жылға
созылған
сынақтардың
нәтижесінде
Қазақстан
Республикасында қолдануға рұқсат берілген Селекциялық жетістіктердің
мемлекеттік тізіліміне ауыл шаруашылығы дақылдарының қазақстандық
жаңа 20 сорты енгізілген.
Өсімдіктер селекциясында молекулярлық биология тәсілдері кеңінен
қолданылады. Бидайдың сорт үлгілерінің жергілікті популяциялары
арасынан таттану түрлеріне кешенді төзімділігімен ерекшеленген тұқымдар
бөлініп алынды. Маркиз және Тэтчер сорттарының тұқымдары тізбегінің
негізінде бидай сабағының таттануына төзімді 7 ген және қоңыр таттануға
төзімді 16 ген бөлінді. Септориозға төзімділігі бойынша 19 үлгі бөлінді.
Өсімдік қорғау және карантин саласында бұрын болмаған немесе аз
ғана көлемде таралған карантиндік зиянкес организмдердің (бұдан әрі - КЗО)
Кедендік одақ елдерінің аумағына сырттан әкелінуін және таралуын
болдырмау үшін 51 КЗО-ға фитосанитариялық қатер бойынша талдау
181
жасалды. Қазақстан Республикасының аумағы үшін бұл организмдер
төндіретін фитосанитариялық қатердің ықтимал зардаптары орташадан
жоғары (1,25) деп айқындалды. Зиянкестердің 31 түрі бойынша бұл
көрсеткіш 1,56 - 7,8; нематодтың 1 түрі бойынша - 2,35; аурудың 11 түрі - 3,5
- 6,9; арамшөптің 8 түрі бойынша - 2,3 - 8,9 болды.
Егіншілікте, 2012 жылдан бастап ГАЖ-технологияларды, егіншіліктің
ресурс үнемдейтін технологияларын (топырақ өңдеудің минималды және
нөлдік
технологиялары,
бірқатар
дақылдарды
жалдау-атыздау
технологиясын қолдана отырып себу, жүгері мен қытайбұршаққа арналған
жабын үлпегін қолдана отырып тамшылатып суару, тұқым ауыстырылатын
ауыспалы егістіктер, картоп және көкөніс дақылдарына арналған
тамшылатып және жаңбырлатып суару, т.б.); топырақтың құнарлылығын
жақсарту және эрозиядан қорғаудың тәсілдері мен әдістерін, оның ішінде
ауыспалы егісте топырақ диагностикасы негізінде минералдық және
органикалық тыңайтқыштарды әртарапты енгізуді қолдану және т.б.
негізінде дәлме-дәл және органикалық егіншіліктің әдістемелік негіздерін
әзірлеу жөніндегі зерттеулер жүргізілуде.
Қазақстанның
бүкіл
агроэкологиялық
аймақтарында
ауыл
шаруашылығы дақылдарының көптеген түрлеріне арналған тұқым
ауыстыратын ауыспалы егістердің тиімділігі көрсетілді.
2013 жылы АӨК-де ресурс үнемдейтін технологиялар қолданылатын
егістік алқаптар көлемі 12,5 млн гектарға дейін ұлғайтылды, 2011 жылы 11,7
млн га болған еді.
Егіншілік саласында қолданбалы сипаттағы барлығы 55 ғылыми
ұсыным әзірленді, ауыл шаруашылығы машиналары мен құралдарының 12
үлгісіне арналған техникалық құжаттама әзірленді. Сондай-ақ 1000-нан
астам ғылыми мақалалар мен тезистер, оның ішінде ТМД елдерінде 100-ден
астам, жақын және алыс шетелдерде 70-тен астам, оның ішінде импакт–
факторлы шетелдік басылымдарда 6 мақала жарияланды.
«Қазақстан
Республикасының
әртүрлі
өңірлерінде
ауыл
шаруашылығы малдарының, құстардың, балықтар мен бал арасының
өнімділігінің генетикалық әлеуетін арттыру, азықтандырудың, күтіп-
бағудың және өсірудің технологияларын жетілдіру» деген бағыт
бойынша.
Генетикалық, биотехнологиялық, биохимиялық, физиологиялық және
басқа да тәсілдерді қолдана отырып, ауыл шаруашылығы малдарының 4
тұқымы мен аталық ізі, оның ішінде: Ордабасы қой тұқымының ішкі
тұрпаты, ет бағытындағы қазақы ақ бас мүйізді ірі қара малдың 3 зауыттық
аталық ізі (Макет 6527; Микрон 6191; Адонис 3410) шығарылды.
Мал шаруашылығы және ветеринария бойынша 6 патент; Мал
шаруашылығы және ветеринария бойынша 26 инновациялық патент;
селекциялық жетістіктерге 31 патент алынды.
Ауыл шаруашылығы құстарына арналған құрама жемнің 3 рецепті,
құлындарға арналған жемдік қоспаның 1 рецепті, қойларға арналған құрама
182
жемнің 3 рецепті, мал басын көбейту үшін құнажындарды өсірудің 1
технологиясы,
құйрықты
қой
тұқымының
төлін
толыққанды
азықтандырудың 2 технологиясы, сапалы қозы етін өндіруді ұлғайтудың 2
технологиялық тәсілі әзірленді.
Жел қуатымен электрлендіру және жел қуатымен су көтеру
қондырғыларының тәжірибелік үлгілері дайындалды. Елтірілік қой
шаруашылығының асыл тұқымдық және зоотехникалық есебін жүргізуде
қолданылатын электрондық ақпараттық-талдама бағдарламасын жасау
жөніндегі жұмыс жалғастырылуда.
Ветеринария саласында 8 түрлі жұқпалы ауруға қарсы вакцинаның
эксперименттік сериясы әзірленді: некробактриозға және тұяқ шіруіне
қарсы, жылқы сақауына, сальмонеллезге, пастериллезге, трихофития және
микроспория, құтыру ауруларына қарсы.
«Ауыл шаруашылығы шикізатын бастапқы және тереңдете қайта
өңдеу және оны сақтау технологиясын жетілдіру» деген бағыт
бойынша.
Зерттеулердің нәтижелері бойынша құралдың 1 үлгісіне арналған
конструкторлық құжаттама; өсімдік шаруашылығының қайта өңделген
қайтарма өнімінің негізінде құрама жем және жемдік қоспалар бойынша
нормативтік-техникалық 1 құжат; бидайдан және жүгеріден түрлендірілген
крахмалдар алудың 2 технологиясы; жартылай қатқыл ірімшік өндіру
технологиясы, барынша мол фосфатидтер ала отырып қытайбұршақ және
күнбағыс майларын ферменттік гидратациялау технологиясы әзірленді.
Құрама жемге арналған препарат алу үшін қышқыл сүт бактериялары мен
ашытқылардың 1 консорциумы шығарылды. 53 түрлі сынаманың
микробиологиялық мониторингі негізінде бар коллекцияны жаңадан
бөлінген 15 штаммен толықтыру жүргізілді, 10 штамм сақтауға берілді және
15 штамм гендік типтендірілді. Жартылай қатқыл ірімшік өндірудің тәсіліне
арналған инновациялық патент алу үшін 2 өтінім берілді.
Зияткерлік меншікке арналған қорғау құжаттарын алуға 22 өтінім
берілді, 181 ғылыми мақала жарияланды, оның ішінде: отандық
басылымдарда – 135, ТМД елдерінде – 26, алыс шетелдерде – 20.
«Ауыл шаруашылығы қызметінің барысында табиғат ресурстарын
сақтауды және қалпына келтіруді қамтамасыз ету» деген бағыт
бойынша.
Топырақ астын және тамшылатып суарудың, суару процесін
автоматтандырудағы ұсақ жаңбырлатудың ресурс үнемдейтін құралдары
әзірленді. Тамшылатып суару және топырақ астын суландыруда сәбіз
өсірудің су үнемдейтін технологиясы әзірленді.
Ғарыштан және жер бетінен мониторинг жүргізу деректерін қолдану
арқылы жайылымдық жерлердің экологиялық-мелиоративтік жай-күйін
бағалаудың әдістемесі әзірленді, жайылымдық пилоттық аумақтарды
экологиялық-мелиоративтік
аудандастырудың
электрондық
картасы
жасалды, масштаб 1: 1 000000.
183
Қайтарма
осмос
тәсілімен
минералданған
жерасты
суларын
тұщыландыру
бойынша
технологиялық
құралдың
конструкторлық
құжаттамасы және эксперименттік үлгісі әзірленді. Жерасты суларының
(шахта құдықтарының және ұңғымаларының) су жинағыштарын қалпына
келтіру әдістерін таңдау жөніндегі ақпараттық-кеңес жүйесі (АКЖ)
құрылды.
Арал теңізінің кеуіп қалған түбіндегі (150 мың га) топырақтың қазіргі
жай-күйі зерделенді. Арал теңізінің кеуіп қалған түбінің топырақ
картасының қазіргі заманға лайық электрондық нұсқасы жасалды.
Павлодар облысы Ертіс жағалауы төңірегінің каштан топырағына
биогумус енгізудің әсері жөнінде зерттеулер жүргізілді.
Тыңайтқыштар мен гербицидтерді қолдана отырып бидайды
ауыстырмай сепкенде тың жердің топырағымен (0,91%) салыстырғанда
қозғалмалы органикалық заттар азаятыны (0,38-0,42%), алайда, олардың
гумус құрамындағы үлесі мейлінше аз өзгеріске ұшырайтыны анықталды.
Зерттеулердің нәтижелері 45 конференцияда және семинарда сыналды,
ғылыми жарияланымдарда 167 мақала жарияланды: отандық басылымдарда
– 97, ТМД елдерінде – 29, алыс шетелдерде – 41, сонымен бірге, БАҚ-та 48
мақала, теледидар арқылы 18 көрсетілім берілді.
«Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі және ауылдық
аумақтарды дамыту факторларын зерттеу» деген бағыт бойынша:
12 ұсыныс, ұлттық аграрлық азық-түлік нарығының конъюнктурасына
мемлекетаралық ықпалдастыққа қатысушы елдердің оңтайлы әсерінің 1
моделі (өнімнің және азық-түліктің әр түрі бойынша), нарық конъюнктурасы
жай-күйінің мемлекетаралық ықпалдастықтың даму деңгейіне тәуелділігі
бойынша 1 сценарий, ауылдық өңірлерді әлеуметтік тұрғыдан жаңғырту
негізінде 2020 жылға дейінгі кезеңде ауылдық еңбек ресурстарын өзгертудің
1 болжамы есептелді.
Достарыңызбен бөлісу: |