Оттегінің өсімдіктер мен топырақтың тіршілігінде маңызы өте зор.
Топырақта еркін немесе бос оттегі болмағанда өсімдіктердің өсіп-өнуі
тоқталады, оптималды жағдай – шамамен 20% оттегі болғанда. Топырақта
оттегі жетіспеген жағдайда өсімдіктерге улылығы бар қосылыстар пайда
болады, қоректік заттардың мөлшері азаяды, топырақтың физикалық қасиеттері
нашарлайды, осының салдарынан оның құнарлығы және өнімділігі төмендейді.
Топырақ ауасында көмір қышқыл газы концентрациясының жоғары болуы
тұқымның өнуімен тамырлардың дамуына теріс әсер етеді. Көмір қышқыл
газының бірсыпыра мөлшерін өсімдіктер фотосинтез кезінде пайдаланады, оны
тыныс алуы процесінде топырақ қамтамасыз етеді. Сондықтан СО
2
жаңадан
белсенді пайда болуына және жақсы газалмасуына жағдай жасау өте маңызды.
Көмір қышқылының топырақтың минералдық бөлігінің мүжілуінде және
қоректік заттардың жиналуында да үлкен мәні бар. СО
2
қаныққан топырақ
ерітіндісі оның көптеген қосылыстарына ерітуші бағытта әсер етеді.
55
Ауа режимін жақсарту әсіресе топырақтың шамадан тыс ылғалданған
аудандарда маңызды. Оңтайлы ауа режимін жасауда оның физикалық
қасиеттері мен құрылымын жақсартудың үлкен маңызы бар.
6.6 Топырақтың ауа қасиеттеріне ауа сиымдылығы және ауа өткізгіштігі
жатады.
Ауа сиымдылығы - бұл топырақтың ауамен толған бөлігі (сол уақыттағы
ылғалдылықта), егер оның шамасы топырақ көлемінің 25% аспаса оңтайлы
аэрациясы қамтамасыз етеді.
Ауа өткізгіштігі - топырақтың өз бойынан ауаны өткізу қабілеті. Бұл
топырақпен атмосфералық ауаның газ алмасуындағы негізгі шарт және ол
неғұрлым толық байқалса, соғұрлым газ алмасуы жақсы, ал топырақта оттегі
мөлшері көбірек, көмір қышқыл газы азырақ болады.
Топырақ ауасының атмосфералықпен алмасу процесін аэрация немесе газ
алмасу деп атайды. Газ алмасуға әсер ететін факторлар: диффузия, топырақ
температурасының өзгеруі, барометрлік қысым, топырақтағы ылғал мөлшері,
желдің әсері, жер асты сулары деңгейінің өзгеруі.
6.7 Топырақтың негізгі жылу қасиеттері: жылу сіңіру қабілеті, жылу
сиымдылығы, жылу өткізгіштігі.
Топырақтың жылу сіңіру қабілеті оның күн нұры энергиясын сіңіру
қаситетінің мөлшерін сипаттайды. Оны альбедо (А) көрсеткішімен өлшейді.
Альбедо – топырақ бетіне жетіп түскен жалпы күн сәулесі радиациясының
топырақ бетінен шағылысқан қысқа толқынды күн сәулесі радиациясы үлесін
көрсетеді, ол пайызбен есептелінеді.
Идеалды немесе мінсіз шағылыстыратын бет 100% болады. Альбедоның
мөлшері топырақтың түсі, ылғалдылығы, құрылымы, тегістігі және оның
өсімдік жамылғысына байланысты.
Жылу сиымдылығы – топырақтың жылу сіңіру қасиеті, оны сыбағалық
(үлестік) және көлемдік деп ажыратады. Сыбағалық жылу сиымдылығы – бұл 1
г құрғақ топырақты 1
0
С-қа қыздыру үшін қажетті жылу калориясы, ал көлемдік
- 1 см
3
құрғақ топырақты 1
0
С-қа қыздыру үшін қажетті жылу калориясы (
джоуль).
Жылу сиымдылығы топырақтың гранулометриялық және минаралды
құармына, органикалық заттар мөлшеріне, ылғалдылығына, құрамына
байланысты.
Топырақтың жылу өткізгіштігі – оның өзіне жылуды өткізу қабілеті.
Топырақта жылу әртүрлі жолдармен беріледі: бөлшектер немесе түйірлер
бірімен-бірі түйісу кезінде қатты бөлшектерді бөлетін су немесе ауа арқылы.
Топырақтың жылу өткізу мөлшеріне оның химиялық және механикалық
құрамы, ылғалдылығы, ауа мөлшері, тығыздығы және температурасы әсер
етеді.
Гумусқа бай және аэрациясы жоғары қуыстылығына қарай жақсы құрғақ
күйіндегі топырақ жылуды өте нашар өткізеді.
56
6.8 Жылу режимі – топырақта жылудың жиналу, таралу және жұмсалу
құбылыстарының жиынтығы.
Топырақтағы жылу көздері – күн сәулесінің энергиясы (тура немесе
тікелей, шашыранда, сонымен қатар атмосфералық радиация); ауадан алатын
жылу; органикалық заттар ыдырау кезінде пайда болатын жылу; топырақтағы
радиоактивті процестер жылуы. Ең маңызды жылу көзі – күн сәулесінің
энергиясы.
Топырақтың үстіңгі қабатына түсетін күн сәулесінің энергиясы тәуліктік
және жылдық мерзімділікке бағынады. Тәуліктік циклде топырақ күн
шыққанан 14 сағатқа дейін қызады, содан кейін салқындай бастайды. Жылдық
циклде ол наурыздан шілдеге дейін қызады, содан кейін салқындайды.
Топырақтың үстіңгі қабаты оның қалған қалыңдығына жылу көзі болып
саналады және бұл жағдайда оның жылу өткізгіштігі маңызды.
Жыл мезгілі ішінде жаз айларында жылу топырақтың үстінен астыңғы
қабаттарына таралып, оның қызуы, ал қыс айларында, керісінше, жылу
топырақтың астыңғы қабатынан үстіне қарай таралып, оның салқындануы
байқалады. Қысқы бөлінуден жазға өту сәуірде, ал жаздан қысқа өту қыркүйек
айында байқалады.
Топырақтың температуралық режиміне қар жамылғысының зор әсері бар.
Қар жылуды нашар өткізеді, сондықтан оның топырақтан шағылуын және
атмосфераға беруін төмендетеді, олай болса топырақтың салқындауын
азайтады.
Жылу режимі жер бедеріне де байланысты. Беткейлердің экспозициясы
(көрінісі) және олардың құлдилығы немесе құламалығы күн радиациясынан
алатын жылу айырмасын анықтайды. Оңтүстік, оңтүстік-батыс және оңтүстік-
шығыс беткейлеріндегі топырақтар солтүстік, солтүстік-батыс, солтүстік-
шығыс беткейлеріндегі және су айрығындағы топырақтарға қарағанда жақсы
қызады.
Өсімдік жамылған (күздіктер, шөптер, орман және т. б.) топырақтар
жамылмағандарға қарағанда аз тоңданады.
В. Н. Димо (1972) бойынша жылу режимі:
Тоңды түрі – көпжылдық-«мәңгі» тоңданатын аймақтарға тән.
Топырақтың жылуы оның еруімен, ал салқындауы көп тоңданған грунттың
үстіңгі шекарасына дейін тоңдануымен ілеседі. Топырақтың тоңазуы 5 айдан
асады.
Мерзімді ұзақ тоңазыйтын жылу режимі – жылу процесі алғашқы
сатыда ерумен, ал салқындану тереңге тоңазуымен ілеседі. Тоңазу ұзақтылығы
5 айдан аспайды, теріс температуралы тереңдік 1 м-ден артық. Орташа жылдық
температура оң болып келеді. Среднегодовая температура обычно
положительная.
Мерзімді тоңазыйтын жылу режимі – жылу процесі ең алдымен ерумен
ілеседі, ал тоңазу тереңге емес тоңданумен. Теріс температураның тереңділігі 2
м-ден аспайды, мерзімді тоңазу бірнеше күннен 5 айға дейін болады. Орташа
жылдық температура оң болып келеді.
57
Тоңазымайтын түрі – тоңазуы байқалмайды, теріс температура жоқтың
ғасы немесе бірнеше күндей ғана болады.
Жылулық жағдайлар микроорганизмдердің тіршілігіне үлкен әсер етеді,
осыған орай өсімдіктердің қоректік заттармен қамтамасыз етілуіне,
органикалық заттардың ыдырау жылдамдығына және гуминдік заттардың
синтезіне. Температураның артуы судың бірқатар қасиеттерін өзгертеді.
Мысалы, температура кенет төмендегенде топырақтың үстіңгі қабатындағы су
булары конденсацияланады, ал температураның төмендеуі газдардың – көмір
қышқылы мен оттегі еруін күшейтеді. Топырақ температурасының құбылуы
ондағы газ алмасуымен топырақ ауасының құрамын жақсартады. Топырақтың
тоңазуы оның физико-химиялық қасиеттеріне көп өзгерістер енгізеді.
Топырақтың жылу режимін реттеу мәдени өсімдіктердің тіршілік ету
жағдайын жақсартуға бағытталған болу керек.
Топырақтың жылу режиміне белсенді әсер ететін шараларды олардың
ықпал ету сипатына қарай бөледі және былай ажыратады: агротехникалық,
агромелиоративтік және агрометеорологиялық.
Агротехникалық шаралар – терең қопсыту, тығыздау, жал жасау,
аңыздарды қалдыру, топырақтың бетін жабу.
Агромелиоративтік шаралар – орман екпелері, құрғақшылықпен күресу,
суару, құрғату.
Агрометеорологиялық шаралар топырақтың үстіңгі қабатынан жылудың
шағылуын азайту, үсік шалуды болдырмау және с. с. бағытталады.
Әдебиет:
1, с.137-153; 2, с. 154-166.; 9, с.117-133.с.134-139,158-165; 10, с. 350-406;
11, 200б; 171-185; 20, 46-70 б.
Бақылау сұрақтары:
1 Топырақ суының қандай категориялары бар және олардың өсімдіктерге
деген тиімділігі қандай?
2 Су сиымдылығы дегеніміз не және олардың түрлерін атаңыз.
3 Су өткізгіштігі және су көтеруі неге байланысты?
4 Топырақтың су режимі және су балансы дегеніміз не?
5 Топырақтағы су қорын қалай есептеуге болады?
6 Су режимін реттеу шараларын сипаттаңыз.
7 Топырақ ауасының құрамы және оның атмосфералықтан айырмашылығы
қандай?
8 Ауа өткізгіштіліктің маңызы неде?
9 Топырақ ауасындағы О
2
и СО
2
мөлшерлері неге байланысты?
10 Топырақ ауасындағы оттегі мен көмір қышқыл газының қандай маңызы
бар?
11 Топырақта газ алмасуын анықтайтын жағдайларды атаңыз.
12 Топырақтың жылу режиміне анықтама беріңіз.
13 Температуралық режим түрлерін атаңыз және сипаттама беріңіз.
14 Топырақтың жылу режимін реттеу шараларын атаңыз.
58
7 Тақырып
Топырақ құнарлылығы
Мақсаты: түрлері, факторлары және топырақ құнарлылығын арттыру
шараларын оқып білу.
Дәріс сұрақтары:
7.1 Топырақ құнарлылығы ұғымы
7.2 Топырақ құнарлылығының категориялары және түрлері
7.3 Топырақ құнарлылығының факторлары
7.4 Әртүрлі топырақтар түрлерінің құнарлылығы
7.5 Топырақ құнарлылығын арттыру шаралары
7.1 Топырақтың құнарлылығы – топырақты оның бастапқы тау
жынысынан айыратын тек оған тән қасиеті. Топырақ құнарлылығы оның
генетикалық ерекшеліктерімен тығыз байланысқан, ал жыртылатын
топырақтарға сонымен қатар ауыл шаруашылығында пайдалану сипатымен де.
Жер бетіндегі адамзаттың, жануарлардың, өсімдіктердің тіршілігі
топырақтың осы қасиетімен тығыз байланысты. Өйткені, топырақ
құнарлылығы жоғары болса, өсімдіктерден алатын өнім жоғары болып,
адамзатқа қажет азық-түлік, жануарларға керек жем-шөп қоры молаяды.
Сонымен бірге өсімдіктердің белсенді дамуыолардың атмосфера құрамынан өз
бойына көмір қышқылы газын сіңіруін және ауаға оттегінің бөлінуін
жақсартып, атмосфералық ауаның құрамының теңдестігін сақтауға әсерін
тигізеді.
Қазіргі уақытта топырақтың құнарлылығы деп оның биосфераның
құрауышы
ретінде
қоректік,
су-ауалық,
температуралық,
тотығу-
тотықсыздандыру және басқа да топырақтардың режимін анықтайтын жер
факторлары мен жағдайларын қамтамасыз ету деп түсінеді.
Топырақ құнарлылығы жоғарғы дәрежедегі өзгерушілікпен ерекшеленеді
және топырақ түзілу факторлары мен жағдайларының өзеруіне тез
әрекеттенеді. Топырақтың құнарлылық деңгейіне өте күшті әсер ететін
адамның іс-әрекеті.
7.2 Топырақ құнарлылығын келесі категорияларын ажыратады: табиғи
немесе жараталысты; табиғи-антропогендік және жасанды.
Жараталысты немесе табиғи құнарлылық адам әсері тимеген, табиғи
топырақ түзілу процесінің дамуы қамтамасыз еткен топырақтың қасиеттері мен
режимдерінің күрделі өзара әрекеттестігімен анықталады. Табиғи құнарлылық
таза күйде тың жер топырағына тән және ондағы өсіп-өнген ценоздардың
өнімділімен сипатталады.
Табиғи-антропогендік. Топырақты игеру оның процестері, режимдері
және қасиеттерінің табиғи дамуына елеулі өзгерістер енгізеді. Бұл өзгерістер
топырақты өңдеу, тыңайтқыштар енгізу, әртүрлі мелиоративтік шараларды
игеруге байланысты. Топырақ қасиеттері мен режимдерінің санды және сапалы
өзгерістерін оның табиғи-антропогендік құнарлылығы сипаттайды.
59
Топырақты ауыл шаруашылығында пайдаланғанда табиғи топырақ түзілу
процесі тасымалданады, былайша айтқанда топырақ адамның іс-әрекеті мен
табиғи топырақ түзілу процесінің өзара әрекеттесуінен қалыптасатын
құнарлылыққа ие болады. Құнарлылықтың бұл категориясы агроценоздарға
тән.
Жасанды құнарлылық адамның іс-әрекеті нәтижесінде құнарлылықтың
әртүрлі факторларын қисындастыру барысында қалыптасады. Ол таза күйінде
оранжерея, жылыжай, парниктер және с.с. өсімдіктерді өсіруге жасалған
субстраттарда байқалады, сонымен қатар жасанды топырақтарда (мысалы
бақшалар).
Топырақ құнарлылығының әр категориясы екі түрден тұрады:
потенциалды және тиімді.
Жасанды құнарлылығы табиғимен бірігіп тиімді немесе экономикалық
құнарлылық болып анықталады. Ол ауыл шаруашылық дақылдарының
өнімінде жүзеге асырылады.
Топырақта қоректік элементтердің белгілі бір қорлары бар, олар өнімнің
қалыптасуында шығын түрінде жүзеге асырылады, осыдан топырақтың
потенциалды құнарлылығы деген ұғым шығады.
Потенциалды құнарлылық өсімдіктердің қоректік заттарының жалпы қоры,
олардың қосылыстарының түрлері және өсімдіктерді басқа да қажетті оңтайлы
жағдайлармен қамтамасыз ету факторлары оның тиімді құнарлылығының
жоғары деңгейін қалыптастырады.
7.3 Құнарлылық факторлары болып қоректік элементтер, ылғал, ауа және
жылу мөлшері есептеледі, яғни олар өсімдіктер өсіөнуінің жер бетіндегі
факторлары. Ал құнарлылықтың қалыптасуының жағдайларына топырақтың
қасиеттері және режимдері жатады. Ол қасиеттер мен режимдер келесідей:
- физикалық (топырақтың гранулометриялық құрамы, құрылымы,
тығыздылығы, кеуектілігі, жылулық, ылғалдылық қасиеттері және режимдері);
- химиялық (гумус сипаттамасы, минералдық және химиялық құрамы,
тиімді қоректіқ заттар мен зиянды заттар мөлшері);
-
физико-химиялық
(топырақ
реакциясы,
тотығу-тотықсыздану
потенциалы, сіңіру көлемі, алмаспалы сіңген катиондар мөлшері және олардың
құрамы және т. б.);
- биологиялық (микроорганизмдер мөлшері, нитрификациялау және азотты
байланыстыру,
топырақтың
тыныс
алуы,
ферменттік
белсенділігі,
фитосанитарлық жағдайы).
Құнарлылықтың қалыптасуы топырақтың қасиеттері мен режимдерінің
өзара күрделі қатынасы мен әсерінің мысалы ретінде топырақтың қоректік
заттар режимін қалыптасуын алып қарауға болады.
Топырақтың қоректік заттар режимі оның құрамындағы минералды
заттардың күрделі өзгерістерінін және органикалық заттардың минералдану
және гумификациялану процестерінің, микроорганизмдердің белсенді
қызметінің, ылғал, ауа және жылу режимдерінің өзар қатынасының әсерінен
қалыптасады.
60
7.4 Топырақтардың әртүрлері түрлері оның әртүрлі құнарлылығын
қалыптастырады.
Ең жоғары тиімді құнарлылықпен қара топырақтар сипатталады, ал күлгін
(солтүстікке) және құба (оңтүстікке) топырақтарға қарай жылжитын болсақ
оның құнарлылық деңгейі төмендей бастайды.
Орманды
аймақтың
күлгін
және
шымды-күлгін
топырақтары
құнарлылығының шамалы болуы күлгіндену процесінің әсерінен болады.
Үйткені ол қышқыл топырақтарды қалыптастырады, онда улылық қасиеті бар
алюминийдің жылжымалы түрлері болады. Сонымен қатар олар негіздермен
қанықпаған, гумус мөлшерлері шамалы, агрофизикалық қасиеттері нашар және
қоректік заттар мөлшері де төмен.
7.5 Топырақ құнарлығын ұдайы өндіру немесе арттыру қазіргі кезде екі
тәсілмен, заттық және тенологиялық, жүзеге асырылады. Заттық тәсіл
тыңайтқыштар, мелиоранттар, пестицидтер т.б. қолдануды қажет етеді, ал
екінші тәсіл – ауыспалы егістерді, аралық дақылдарды, әртүрлі топырақ
өңдеуді, егу әдістерін т. б. қолдануды қажет етеді. Аталған әдістердің мақсаты
бір болғанымен, оған жету жолдары әртүрлі болып келетіні түсінікті.
Топырақ құнарлығын оңтайландыру үшін талапқа үйлесімді құнарлылық
моделін (үлгісін) жасау керек. Топырақ құнарлылығының үлгісі деп нақтылы
топырақтық-климаттық жағдайда дақылдың белгіленген өнімділік деңгейіне
сай келетін экспериментальды түрде анықталған агрономиялық маңызды
қасиеттері ме режимдерінің жиынтығын айтады.
Топырақ
құнарлығының
технологиялық
үлгісі
міндетті
түрде
экономикалық есептеулермен толықтырылып, оның тиімділігі дәлелденуі
керек.
Егіншілік шаруашылығы дамыған Қазақстанның солтүстік аймағының
топырақтарының құнарлылығын сақтап, оны арттырудың басты жолдары
мыналар:
- егіншілктің топырақты қорғау жүйесін қолданып, оның басты буыны-
топырақты жазықтілгіш құралдарымен өңдеп, топырақ бетінде өсімдік
қалдықтарын сақтау;
- жеңіл гранулометриялық құрамды топырақтарда дәнді дақылдарды,
парды және көпжылдық шөптерді топырақ қорғау ауыспалы егісінле жолақтап
орналастыру;
- органикалық тыңайтқыштарды және минералды тыңайтқыштарды
қажетті мөлшерде енгізу;
- көпжылдық шөп егілген танаптар ауданын арттырып, оларды мерзімді
түрде ауыспалы егістікке қосып отыру.
Әдебиет:
1, с.180-184; 2, с. 200-213; 9, с.183-189; 10, с. 441-448; 20, 17-78 б.
Бақылау сұрақтары:
1 Топырақтың құнарлылығы дегеніміз не?
61
2 Топырақ құнарлылығы категорияларын атаңыз.
3 Топырақ құнарлылығы факторларын атаңыз.
4 Аймақтық топырақтардың құнарлылығына сипаттама беріңіз.
8 Тақырып Тайгалы-орман және орманды дала аймақтарының
топырақтары
Мақсаты: тайгалы-орман топырақтарының пайда болу жағдайлары мен
процестері, құрылысын, қасиеттерін және қоңыр, сұр орман топырақтарын
оқып білу.
Дәріс сұрақтары:
8.1 Тайгалы-орман топырақтары
8.2 Қоңыр орман топырақтары
8.3 Сұр орман топырақтары
8.1 Тайгалы орман аймағы батыстан шығысқа және солтүстіктен
оңтүстікке өте үлкен ауданды қамтығандықтан оны табиғи жағдайлары да
әртүрлі келеді.
Аймақтың климаты қоңыржай-салқын немесе бореалды. Жауын-
шашынның ең көп мөлшері жылы айларға келеді және оның жылдық мөлшері
булануынан артады. Аймақтың азиялық бөлігінде, әсіресе Шығыс Сібірде
мәңгілік «тоң» көр тараған.
Тайгалы орман аймағында автоморфты топырақтар шайылмалы су
режимінде қалыптасады, ал Шығы Сібірде – тоңды су режимінде.
Жер бедері. Тайгалы орман аймағында қыраттар және ойпаңды жазықтар
кездеседі. Аймақтың Батыс Сібір бөлігі Батыссібір ойпатында орналасқан және
шамалы құрғатылатын жазықтық болып келеді. Қиыр Шығыста тау жоталары
жазықтық учаскелері және ұлан-байтақ ойпаттармен алмасады, оларға негізгі
ауыл шаруашылық жерлерінің массивтері орайластырылған.
Топырақ түзуші жыныстар көбінесе мұздықтар және сулы-мұздықтар
шөгінділері болып саналады, сонымен қатар басқа түріндегі тау жыныстары да
кездеседі.
Өсімдіктер жамылғысы. Бұл аймақта негізгі өсімдіктер типі – тайгалы
мүктер, мүкті-бұташа ағаштар, олар оңтүстікте жапырақты және жалпақ
жапырақтылармен ауысады. Құрғақ және су жайылма шалғындарында
шөптесін шалғын өсімдіктер кездеседі. Аймақтың көптеген жерлері батпақты
ортада өсетін өсімдіктер бірлестігі алып жатады.
Табиғи жағдайлардың әртүрлігі топырақ түзілудің бірқатар процестерін
қамтамасыз етеді, соңынан қасиеттері мен белгілері әртүрлі топырақтар
қалыптасады.
Тайгалы орман аймағындағы негізгі процестер – күлгіндену, шымдану
және батпақтану, ал негізгі топырақтары: күлгін топырақтар, шымды- күлгін
топырақтар, батпақты топырақтар және шымды топырақтар.
Күлгін топырақтар
62
Күлгін топырақтар көбінесе тайгалы қылқан жапырақты ормандар
жамылғысы астында уақытша шамадан тыс ылғалдану жағдайларында
қалыптасады.
Негізгі топырақ түзуші процестер: күлгіндену және лессиваж.
Күлгіндену процесінің басты ерекшелігі топырақтың үстіңгі қабаттарында
бастапқы және туынды минералдардың ыдырауы, пайда болған өнімдердің
топырақтың төменгі қабаттарына және жер асты суларына дейін шайылып
кетуі.
Тайгалы ормандағы орман төсеніші ағашты және мүкті-қыналы
өсімдіктердің түскен қалдықтарынан тұрады. Бұл қалдықтар құрамында
кальций және азоттың мөлшері аз, ал ыдырауы қиынға түсетін қосылыстар
(лигнин, балауыздар, шайырлар және илік заттар) көп болады, олар ыдырағанда
суда еритін органикалық қосылыстар (фульвоқышқылдар, құмырсқа қышқылы,
сірке қышқылы, лимон қышқылы және б.) қалыптасады. Топырақта
шайылмалы су режиміне және қышқыл қосылыстардың әсеріне байланысты
топырақтың үстіңгі қабатынан кескіні бойынша жеңіл еритін заттар төменгі
қабаттарына шайылып жылжиды, содан кейін қышқылдардың әсер етуінен
бастапқы және екінші минаралдардың төзімділігі жоғары қосылыстары
бұзылады. Бұзылу кезінде пайда болатын өнімдер сумен оның төменгі
қабаттарына көшеді.
Сонымен қатар ұсақ тұнбалы бөлшектер су ағынымен топырақтың үстіңгі
қабатынан төменге көшеді, бұл процесті лессиваж деп атайды.
Осының нәтижесінде топырақ кескіні екіге (бөлікке) бөлінеді, үстіңгі
бөлігінде күлгінді қабаты (А
2
), ал төменгіде – шайылған (тұнба қабаты) қабаты
(иллювиальды – В).
Күлгін топырақтар кескінінің құрылысы: Ао - А
1
- А
2
- А
2
В – В – ВС – С
Достарыңызбен бөлісу: |