Т. М. Блисов, Н. Е. Калимов, Т. И. Чехова


Қара-қоңыр топырақтар кескінінің құрылысы



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата03.03.2017
өлшемі0,77 Mb.
#7246
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қара-қоңыр топырақтар кескінінің құрылысы: А-В

1



2

-Вк-С. 


Қара-қоңыр  топырақтың  тың  жерлердегі  құрылысы  мынадай:  А

о

  (дала 



төсеніші- киізі-степной войлок), оның астында А – гумус жиналу қабаты, одан 

соң  В


1

-  гумусты  аралық  қабат,  одан  төмен  В

2

-  гумус  тілдері  қабаты,  оның 



астында  В

К 

–  иллювиалды  карбонатты  қабат  орнласқан,  ол  С  аналық  тау 



жынысы қабатымен шектеседі, олай болса құрылысы  А

0

-А-В



1

2



- В

К

-С. 



         Қара-қоңыр  топырақтардың  пайда  болуы,  генезисі  бұл  аймақтың 

климатының құрғақшылығымен өсімдік дүниесінің әлсіз дамуымен байланысты 

екендігін В.В. Докучаев, н:М. Сибирцев дәлелдеген, ал В.А. Ковда қара-қоңыр 

топырақтарының  пайда  болуы  қуаң  даланың  ойпаңды  жазықтықтарында 

осыған дейінгі палеогидроморфты жағдайымен байланысты деп қараған.   

         Қара-қоңыр  топырақтарын  жіктеуін  бірінші  рет  В.В.  Докучаев  жасаған: 

онда А қабатындағы гумус мөлшеріне қарай екі типше-күңгірт қара-қоңыр (4%) 

және ашық қара-қоңыр(2-3%) топырақтар бөлінген.    

 Қазір қара-қоңыр тип 3 типшеге бөлінеді: күңгірт (қою) қара-қоңыр (А да 

гумус 4-5%), кәдімгі қара-қоңыр немесе нағыз қара-қоңыр (3-4%)  және ашық 

қара-қоңыр(2-3%) топырақтар. 

 Типшелер  мынандай  тектерге  бөлінеді:  кәдімгі,  кебірлі,  сортаңданған, 

кебірлі  –кермекті,  карбонатты,  терең  сортаңданған,  тұтасқан  және  шала 

дамыған. 

Қара-қоңыр  топырақтар  қасиеттері:  гумус  мөшері  1-дан  5%-ға  дейін, 

катиондармен  алмасу  сиымдылығы  100  г  топырақта  45  мг-экв-ке  дейін. 

Топырақ ортасының реакциясы сілтілі, сілтілігі карбонатты қабатта артады. 

Қара-қоңыр  топырақтары  ауыл  шаруашылығында  (егін  және  мал 

шаруашылығы) кеңінен қолданылады. Олар игеріліп егістік алқаптар құрамына 

кірген.  Бұл  топырақтарда  біріншіден  ылғал  мөлшері  тапшы  болып  келеді. 

Сондықтан  ауыл  шаруашылығында  тиымды  пайдалану  үшін  ылғал  мөлшерін 

арттыру  және  сақтау  шаралары  (қыста  қар  тоқтату,  көктемде  ылғалдың 

булануына  жол  бермеу,  егістікте  арамшөптерді бодлдырмау,  топырақты  терең 

қопсытып  аудармау)  қатаң  түрде  жүзеге  асырылуы  тиісті.  Сонымен  қатар 

органикалық 

және 


минералдық 

тыңайтқыштарды, 

әсіресе 

фосфор 


тыңайтқыштарын пайдалану, керекті жағдайларда азот тыңайтқыштарын қосып 

пайдалану  керек.    Топырақты  жел  және  су  эрозиясына  шалдықтырмау 

шаралары да міндетті түрде игерілуі тиіс. 

     


10.2  Құба  топырақтар  (сероземы)  тау  етегінде  эфемерлі  өсімдіктер  бар 

шөлді  аймақтарында  таралған.  Олар  ТМД  мемлекеттері  Орта  Азия,  Қазақстан 

мен  Әзірбайжан  республикаларының  тау  етегіндегі  жартылай  шөлді 

аймақтарында  кездеседі.  Құба  топырақтың  шабынды  құба  және  шабынды 

топырақтарымен бірге көлемі 32 млн. га-н (ТМД-ның 1,5% ) алып жатыр. 

Таулы  облыстарындағы  тік  аймақтық құба  топырақтардан  басталады.  Бұл 

белдеу климаты континенталды құрғақ және ыстық, қысы жылы әрі жұмсақ. 

Белдеудің  құрылық  бедері  тау  етегіндегі  кең  көлемді  ылдилау  жазықтық, 

ол  өзендер  мен  оқтын-оқтын  түсетін  уақытша  су  арнасымен  тілімденген. 

Жазықтықтан тауға қарай ол біртіндеп, кіші төбешікті адырларға ауысады. 

Орталық Азияның құба топырағы негізінен бір борпылдақ жыныста  – лөс 

пен  лөстік  құбалшыққтарда  қалыптасқан,  олар  көбінесе  ірі  малта  тастармен 

төселген. 

Кур-Аракс ойпатындағы (Әзірбайжан) құба топырақтар алювилі-делювилік 

балшықты немесе ауыр балшықты шөгінділерде дамыған. 

Тау  етегіндегі  жазықтықта  жазғы  температура  деңгейі  жоғары.  Жауын  аз 

болуы  және  топырақ  ылғалы  тым  артық  булануы  салдарынан  өсімдіктер 

жамылғысы  шөл  далаға  тән.  Негізгі  өсімдіктер  тобын  эфемерлер  мен 

эфемероидтар,  яғни,  өлең  шөп,  қоңырбас,  т.б.  түрлер  құрайды.  Эфемерлі 

(уақытша)  шөптесіндер  тек  көктем  айларында  жақсы  дамиды,  жаз  айларында 

олар  қурап,  тек  шөлге  төзімді  көпжылдық  шөптер  ғана  қалады.  Өзен 

жайылмаларында тоғай ағаштары – жиде, тал, тораңғы, шеңгел т.б. өседі. 

Құба  топырақтарының  жаратылуын  зерттегшен  ғалымдар  В.В.  Докучаев, 

Н.М.  Сибирцев,  К.Д.  Глинка,  П.С.  Коссович,  Н.А.  Димо,  л.И.  Прасолов,  А.И. 

Бессонов болды.  

С.С.  Неуструев  (1908)  өзінің  «Сырдария  облысының  топырағы  туралы 

жалпы  мағлұмат»  атты  еңбегінде  бірінші  рет  құба  топырақ  (серозем)  атауын 

енгізіп,  оның  құрғақ  және  ыстық  ауажайында,  карбонатты  жыныстарда 

қалыптасқанын  атап  көрсетті,  содан  кейін  жеке  типке  жатқызылып,  бұрынғы 

КСРО мен дүние жүзіне әйгіленді (Т.Т.Тазабеков және т.б., 2000). 

Құба  топырақтарының  түзілу  процесі  ерекше  гидротермика-ылғал-

жылулық  режимде  өтеді.  Аталған  гидротермикалық  ерекшелікке  орай,  құба 

топырақта  табиғи  биологиялық  процестерге  байланысты.  1)  олар  жақсы 

дамыған,  жылуы  мен  ылғалдылығы  жеткілікті  (мезотермикалық)  қысқа 

көктемдік  және  2)  тіршілік  толық  тоқтайтын,  топырақ  кескінінде  басым 

қабыршықты-түтікшелі  ылғал  жоғары  көтерілетін  ұзақ  ыстық  және  құрғақ 

(ксеротермикалық)  екі  жазғы  кезеңдері  айқындалған  (Т.Т.Тазабеков  және  т.б., 

2000). 


Құба топырақтар суармалы егіншілікке игергенде табиғи топыраққұрылыу 

процесі  мен  заттар  құбылымы  да  өзгереді.  Шайылмайтын  ылғал  типті 

құбылымы суармалы (ирригациялық) типке ауысады.     

Жоғарыда  аталып  көрсетілген  топырақ  жаралуы  ерекшеліктері  әсерінен 

бұл топырақта гумус мөлшері шамалы болып қалыптасады. Сонымен бірге жаз 

айларында  топырақтың  үстіңгі  қабаттарына,  топырақ  ылғалының  булануына 

байланысты,  карбонаттар  мен  тұздардың  көтерілуі  байқалады,  ал  қыс  және 


 

72 


көктем  айларында  олар  жауыш-шашын  ылғалымен  төменгі  қабаттарға 

шайылады.  Көктем  айларында  топырақтағы  минералдар  үгілуге  ұшырап, 

туынды минералдардың түзілуі, балшықтану процесі байқалуы мүмкін. 

Құба топырақтар кескінінің құрылысы: А-В

1

- Вк-С. 



А – гумусты қабат, үстінде әлсіз шым қабат бар, қабаттың қалыңдығы 12-

17 см. 


В

1

 – аралық қабат, қалыңдығы 15-26 см. 



В

К 

–  иллювиалды  карбонатты  қабат,  карбонаттар  «ақ  көздер»  немесе 



жұғында түрінде кездеседі, қалыңдығы 60-100см. 

С  –  аналық  тау  жыныстары,  1,5-2  м  тереңдікте  ғаныштың  жиналағн 

кристалдары байқалады. 

ТМД  елдерінде  құба  топырақтарды  үш  типке  бөледі:  құба  топырақ, 

суармалы құба топырақ және шалғынды құба топырақ. 

Құба  топырақтар  типі  үш  типшеге  бөлінеді:  ашық  құба  топырақ,  нағыз 

құба топырақ және күңгірт құба топырақ. 

Типшелер  мынандай  тектерге  бөлінеді:  кәдімгідей,  сортаңданған, 

қалдықты-сортаңданған, қайтадан сортаңданған, қиыршық тасты. 

Құба топырақтар қасиеттері: гумус мөшері топырақтың үстіңгі қабатында 

1-3,5  %,  құрамында  фульвоқышқылдар  мол,  типі  гуматты-фульватты,  азотпен 

қанығуы жақсы. Алмаспалы сіңген катиондар көлемі 16 мг-экв 100 г топырақта, 

сіңіру  кешені негізінен кальциймен қаныққан, топырақ ортасының реакциясы 

сілтілі. 

Құба  топырақтардың  гранулометриялық  құрамы  шаңды  жеңіл  саздақты,0 

шаңды орташа саздақты болып келеді. 

Құба  топырақтардың  ылғалдылық-физикалық  қасиеттері  жақсы  болып 

келеді, су өткізгіштігі жақсы, ылғал тұтқыштығы қанағаттанарлық дәрежеде. 

Құба  топырақтар  өте  ерте  заманнан  бастап  адамдармен  игеріліп,  бұл 

жерлерде  өркениетті  елдер  қалыптасып  дамыған.  Қазіргі  заманда  да  құба 

топырақтар  суармалы  егістікте  кең  көлемде  игерілген.  Бұл  алқаптарда  мақта, 

көкөніс,  жеміс-жидек,  жүзім  шаруашылықтары  дамыған.  Сонымен  бірге 

суармалы құба топырақтарда қанта қызылшасы, жүгері, темекі өсімдіктері мол 

өнім береді. 

Тау  етегіндегі  шөлді-дала  аймағының  топырақтарының  құнарлылығын 

сақтау және арттыру шаралары: 

-  суармалы  жерде  қайтадан  сортаңдануды  болдырмау  және  мол  өнім  алу 

үшін ғылыми негізделген дұрыс суару жүйесін пайдалану; 

- өңделіп, жыртылатын қабаттың қалыңдығын (тереңдігін) арттыру; 

-  гумусты  және  қоректік  заттар  мөлшерін  жақсарту  үшін  жасыл 

тыңайтқыштарды, минералды және органикалық тыңайтқыштарды, көпжылдық 

шөптерді егуді пайдалану; 

- топырақтың жел және су эрозиясына шалдығу қаупі бұл аймақта жоғары 

болғандықтан  эрозияға  қарсы  қолданылатын  шараларды  қатаң  түрде  жүзеге 

асыру; 

- сортаңданған топырақтарды тұздан шаю шараларын жүзеге асыру.  



 

 

73 


10.3  Шөлейт  аймағы  ашық  қара  қоңыр  топырақтары  аймағының 

оңтүстігінде орналасады. Аймақтың алаңы – 46 млн га. – ТМД өлкелерінің 2%. 

Каспий  маңайында,  Арал  маңайында  және  Қазақ  ұсақ  шоқының  оңтүстігінде 

бұл аймаққа ерекше – қоңыр топырақтар кездеседі.  

Климаттық шарттары: континенталды, өте құрғақ, жауын-шашын мөлшері 

125-170  мм,  оның  басым  бөлігі  көктемде,  біраз  бөлігі  күзде  түседі, 

гидротермиялық  коэффициенті  –  0,1-0,3,    ЫК=0,2-0,25,  қыс  –  қысқа,  суық,  аз 

қарды.  Жаз  ұзақ,  ыстық  және  құрғақ.  Жылдық  орташа  температура  –  6-7

С. 


Қыраусыз мерзімнің ұзақтығы – 160-190 күн. 

Топырақ  құралу  жағдайлары.  Жер  бедерінде  тегістік  көпшілік  көрсетеді, 

бірақ  қыраттар  да  кездеседі:  Торғай  үстірті,  Каспий  ойпаты,  Қазақ  ұсақ  шоқы 

(Сарыарқа).    Топырақ  құрушы  немесе  түзуші  жыныстар  ретінде  лесс  тәрізді 

құмбалшықтар, құмдар, әктастар және балшықты сланцылар. Тұзды жыныстар 

да кездеседі. Гранулометриялық құрамы жеңіл шөгінділер де көп тараған. 

Өсімдік  жамылғысы:  ксерофитті  шала  бұта  және  тұзға  төзімді  шөптесін 

өсімдіктер  басым.  Дегенмен  өте  сирек  келеді.  Құмды  топырақтарда  біраз  жиі, 

тұзды  құмбалшықты  топырақтарда  сирек.  Өсімдік  түрлері:  құм  жусаны, 

сүттіген,  еркекшөп,  астрагал,  бұйырған,  бетеге.  Тұзды  топырақтарда  жусан 

түрлері, изен, қараматау (камфоросма), көкпек, кесте жусан және т.б. Сексеуіл 

және тамарикс бұталары да кездеседі. Жалпы өсімдіктермен жабылуы 20-30% 

аспайды. 

Аймақтың топырақ типі – қоңыр топырақтар-бурые почвы. 

Топырақ  қабаттары  (топырақ  кескінінің  қабаттары  жіктелуі  өте  қиын 

немесе әлсіз байқалады ): 

А

К 

 - топырақ қабықшасы, қалыңдығы 2-4 см  



А  –  гумусты-элювиалды  қабат,  Сұршыл-қоңыр  түсті.  Борпылдақ  немесе 

қабатты түйіртпектілі болады, қалыңдығы 12-15 см. 

В



–  гумусты-тұнбалы  қабат.  Қоңыр,  ащық-қоңыр  түсті,  өте  тығыз. 



Түйіртпектілі  ірі  кесекті,  қалыңдығы  12-15  см.  НСl  -  -дан  қайнайды.  М=А+В

=30-35 см. 



В

К 

–  карбонатты  қабат,  сары-қоңыр  түсті,  тығыз  қабат.  Кесекті-жаңғақ 



тәрізді  түйіртпектілігі.  Қалыңдығы  25-40  см.  Қарбонаттар  көп  мөлшерде 

кездеседі. 

        С

– сұр түсті. 80-100 см тереңдікте гипс қабаты көрінеді С



г 

, оның астында 

тұзды қабат орналасады С

С 



Аймақта  топыраққа  өте  аз  мөлшерде  өсімдік  қалдықтары қалады  – ортша 

4-5  ц/га.  Су  тапшылығы,  өте  жоғары  температура,  топырақтағы  аэробты 

процестер  органикалық  қалдықтардың  ыдрауына  себеп  болады.  Топырақ 

ерекшелігі:  аз  гумус  мөлшерлерімен  гумусты  қабаттың  аз  қалықдығы. 

Органикалық  қалдықтардың  ыдрауы  нәтижесінде  топырақта  Na  тұздары 

жиналады.  

Қоңыр топырақтардың жіктелуі: 

 3  типшеге  бөлінеді:  1)  Типті,  шөл-дала  қоңыр  топырақтары  –  Каспий 

маңайы топырақтары гумус мөлшері 1,5-2,0 %. 2) Ащық түсті, шөл дала қоңыр 

топырақтары  –  Қазақстан  қоңыр  топырақтары  гумус  мөлшері  1-1,5%.  3) 



 

74 


Гипссіз, шөл дала қоңыр топырақтары  – Орта Азия қоңыр топырақтары гумус 

мөлшері 1,5-2,0 %. 

     Негізгі тектері: 

-

 



қоңыр дала-шөл топырақтары – типшесі еркшеліктерін толық тасиды. 

         - карбонатты қ.т. – қарбонаттарда құрылысады, топырақ үлгілері НСl -дан 

қайнайды. 

-

 



кебірлі қ.т.-топырақ сіңіру кешенінде алмаспалы Na табылады (3-15%). 

-

 



шақатталған  қ.т.  –  шақаттану  процестері  көрінеді  (гумусты  қабатта  SiO

 



кремнезем бар). 

-

 



сортаңды қ.т. – тұзды жыныстарда қалыптасады. 

-

 



борпылдақ  құмды  қ.т.  –  құмды  жыныстарда  қалыптасады,  генетикалық 

қабаттарға бөлінуі өте белгісіз. 

-

 

аз дамыған қ.т. - өте тығыз жыныстарда қалыптасады, А+В



=15-20 см. 

-

 

гипсті қ.т. – гипсті жыныстарда қалыптасады. 



-

 

гипссіз қ.т. – жеңіл механикалық құрлуы, тұзсыз қ.т. 



Қоңыр топырақтардың қасиеттері: 

1)

 



Иллювийлену  процесі  көрінеді  –  тұнбалы  заттардың  В  қабатына 

шайылады. 

2)

 

А  қабатында  Ca,  Mg  және  тотықтар  аз  мөлшерде  кездеседі.  Бұлар  В 



қабатына тасылады. 

Гумус мөлшері 1-2,5 %. Гумус түрі гуматты-фульфатты. Азот мөлшері өте 

аз 0,1-0,2 %, фосфор мөлшері де аз – 0,1-0,2%, калий мөлшері жеткілікті. Сіңіру 

сиымдылығы  –  3-5  мг-экв/100г  топырақта  –  жеңіл  топырақтарда  5-15  мг-экв/ 

100г топырақта – құмбалшықтарда. Топырақ сіңіру кешенінде Ca, Mg көпшілік 

көрсетеді,  Na  каиондары  да  кездеседі.  рН=7,5-9.  Түйіртпектілігі  нашар,  су 

өткізгіштігі нашар. Өте тығыз топырақтар. 

Ойпаттарда  шалғынды-дала  қоңыр  топырақтары  кездеседі.  Гумуспен  өте 

қою  түске  боялады.  Гумусты  қабатының  қалықдығы  50-60см.  Топырақ 

жамылғысында кебірлер кездеседі. 

Сұршыл-қоңыр  топырақтар  құрылы  поцесінің  ерекшеліктері  –  қысқа 

мерзімді  және  үзілісті  гумус  жиналуы.  Көктемде  ылғалды  шарттарды 

өсімдіктер  өркендеп,  топырақта  биологиялық  процестер  жылдам  жүреді. 

Өсімдік  қалдықтары  бір  мезгілде  ыдырап,  тоыпырақта  аз  мөлшердегумус 

түзіледі.  Жаз  мерзімінде  топырақтағы  биологиялық  процестер  тоқтайды. 

Органикалық қалдықтардың мөлшері 100 ц/га. 

Топырақ қабаттары:                    

К – топырақ қабықшасы. Сұр түсті, 3-5 см қалыңдығы. 

А – сұр түсті, қалыңдығы 5-7 см. Қабатты қалыптасады. 

ВС  –  қою-қоңыр,  немесе  күрең  түсті,  тығыз,  призмалы-ке  секті 

түйіртпектіліг. 

С – 40-50 см тереңдіктен басталады. Тұзды, гипсті болады. 

Сұршыл-қоңыр топырақтардың жіктелуі:  

1) Типті сұршыл-қоңыр карбонатты топырақтар. 

2) Аз карбонатты сұршыл-қоңыр топырақтар. 

Тектері: 



 

75 


-  сұршыл-қоңыр  шөл  кәдімгі  топырақтар  –  тегістік  дерлерде,  борпылдақ 

жыныстарда құрылысады; 

-    сұршыл-қоңыр  кебірлі  топырақтар  –  топырақтың  жоғарғы  қабатында 

тығыз призмалы түйіртпектілі қабатының табылуы. ТСК да Na

бар. 


-    сұршыл-қоңыр  сортаң  топырақтар  –  топырақ  қабатында  жеңіл  еритін 

тұздар табылады. 

-    сұршыл-қоңыр  гипсті  топырақтар  –  40-50  см  тереңдікте  50  %  -ға  дейін 

гипс табылады. 

Топырақ қасиеттері: 

Механикалық  құрамы    -  құмдардан  –  құмбалшықтар  арасында.  Гумус 

мөлшері - 1%, азот мөлшері: 0,04-0,07%, фосфор мөлшері – 0,07-0,15 %. Гумус 

түрі  фульфатты,  сіңіру  сиымдылығы  –  5-10  мг-экв/100  г  топырақта.  ТСК-да 

Ca

++

,  Mg



++

  басымдылық  көрсетеді.  Тұзды  топырақтар  (Cl-SO

4

    SO


4

-Cl).      Су 

өткізгіштігі өте нашар. Түйіртпектілігі өте нашар. 

 

10.4  Тақырлар  –  шөл  аймағында  кездесетін  ерекше  топырақ  типі.  Олар 

Сырдария  өзені  сағасында,  Қызылқұм,  Үстірт,  Бетпақдала  аумағында 

кездесетін  тегістелген  табақша  тәрізді  ойпаттармен,  ойпатша  жерлерде 

кездеседі.  

Тақырлар  көбінесе  гранулометриялық  құрамы  балшықты  көне  дәуірдің 

аллювий  шөгінділерінде,  пролювиалды,  делювиалды  аналық  тау  жыныстары 

үстінде пайда болады,олар карбонатты және тұзды болып келеді. 

Тақырдың үстінде жоғары сатыдағы өсімдіктер өспейді, оның бетінде тек 

қысқа мерзімді дамитын балдырлармен қыналар қоныстанады. 

Тақырлардың  жаратылуы  туралы  әр  түрлі  көзқарастар  бар.  Солардың 

ішіпде  И.П.Герасимов  пен  Е.Н.Иванова  тақырларды  гидроморфты  топырақтар 

қатарына жатқызып, топырак түзілу сортаңдану кебірлену процестері әсерінен 

қалыптасып  және  топырақта  қайталанып  кезектесіп  жүретін  сортаңдану  мен 

тұздардың  шайылуы  кұбылыстарынын  топырақ  түзілуіне  ықпал  тигізетінін 

көрсетеді.  Ө.Оспанов  пен  А.  Н.  Розанов  тақырлардың  жаратылуын,  кескінінің 

және  физикалық        қасиеттерінің        қалыптасуын,  олардың        аналық  тау 

жыныстарының балшықты болып келуімен байланыстырады. Шөл аймағының    

гидротермиялық          жағдайлары    және      аналык     тау жыныстарының 

гранулометриялык  құрамы  тақырлардың  нашар  қсиеттерінің  қалыптасуына 

әдетте үлкен ықпал жасайды.  

Тақырлардың басты морфологиялык белгілері келесідей: 

Оның  құрылысы  ерекше  болады.  Үстінде  тарамдалып  жарылған  қатты, 

кызғылттау сарғыш түсті, қуысты кабыршық қабат бар. Қалыңдығы 3 см болып 

келеді.  Құрғак  күйінде  бұл  қабат  өте  қатты    дымқылданғанда  тығыздалып, 

жабысқақ  болады.  Жарықтардың  тереңдігі  15-20см-ге  жетеді.  Кеуіп  қалған 

балдырлар  топырақ  бетіне  қызғылттау  түс  береді.  Қабыршақ  қабаттан  кейін, 

қабыршақ  емес қабаты орналасқан, қалыңдығы 6-12см-ге жетеді. 

Өте  қатты,  түйіршіктері  де  тығыздалған,  ал  дымқылданғанда  біртекті 

тығыз  жабысқақ  күйге  көшеді.  Бұл  қабаттан  кейін  құрылымсыз  тығыздалған 



 

76 


тоң кесекті қабат орналасады және ол аналық  тау жынысына өте ұқсас больш 

келеді. 


Тақырлардың  өте  тығыздалып,  қатуы  оның  құрамында-коллоидты 

бөлшектердін  мол  болуымен  байланысты,  ал  үстінде  қабыршақтың  пайда 

болуы  құрамындағы  натрий  иондарының  ылғалды  топырақтың  түйіршіктерін 

ірітіп,  бұзуы  және  өте  құрғақшылық  жағдайда  топырақ  бетінің  кебуімен 

байланысты болып келеді. 

Тақырлар сортаңдануына, ылғалдылығына және қабыршақ қабаттың даму 

дәрежесіне байланысты екі типшеге бөлінеді: 

-нағыз тақырлар (балдырлы); 

-шөлейттенген тақырлар (қыналы); 

Нағыз тақырлардың келесідей типтері бар: 

-кәдімгідей; 

-сортаңдаған; 

-кебірленген; 

-тығыздалып кебірленген; 

-құмданған 

Тақырлардын  гранулометриялык  құрамы  әдетте  балшықты  болып  келеді, 

ал  кескінінің  төменгі  қабаттарында  құмдардың  жиналып  жеңілдеу 

гранулометриялык құрамға   көшуі байқалады. 

Тақырларда      гумус  мөлшері  өте  аз  (0,3-0,8  %),    гумусты  заттары  ішінде 

фульвоқышқылдар  басым  (Сг:Сф  =0,4-0,5),  жалпы  азоттың  қоры  0,03-0,06% 

болып келеді. Жылжымалы фосфордың және алмаса сіңген калийдің   мөлшері 

аз. Сіңіру сыйымдылығы 100 г 5-10 м-экв. Сіңіру кешені құрамында Са

2+



g



2+

 

иондарымен  бірге,  көбінесе  Na



+

  иондары  да  мол  болады  (>20%).  Топырақ 

ерітіндісінің  реакциясы  өте  сілтілі  (рН  8-10).  Тақырлардың  көпшілігі  

сортаңданған.  Тұздар  әсіресе  қабыршақ  астындағы  қабатта  жиналған. 

Карбонатты  тақырлардың          үстіңгі          бетінен          бастап          кездеседі.     

Тақырлардың ылғалдылық   және   физикалык      касиеттері   нашар.   Олардың   

ылғал  өткізгіштігі        шамалы,        байланыстылығы  үлкен,  қуыстылығы  нашар. 

Құрғақ  күйінде  өте  тығыздалған.  Бұл  топырақтын  құрамында  әрқашанда 

ылғалдың тапшылығы байқалады. 

 

10.5  Қарастырылып  отырған  аймақтар  ылғалмен  қамтамасыз  етілмеген 

аймақтарға  жатады.  Сондықтан  бұл  аймақтарда  негізінен  ылғал  жию  және 

ылғал  сақтау  шаралары  жүргізіледі.  Сонымен  қатар  бұл  аймақта  кебірлер  де 

көп таралған, сондықтан кебірлерге қарсы шаралар қолданылады. Кей уақытта 

жел  эрозиясы  да байқалады,  бұл  жағдайларда  оған да  қарсы  шаралар  қолдану 

керек. 

Сонымен 


қатар 

суару 


жүйесі, 

органикалық 

және 

минералды  



тыңайтқыштарды енгізу дұрыс жүргізілуі шарт. 

Тау  етегіндегі  шөлді-дала  аймағы  топырақтарының  құнарлылығын  сақтау 

және арттыру шаралары жоғарыда қарастырылды. 

 

 



 

77 


Әдебиет: 

1

 



, с.164-166. 173-192; 2, с. 311-320; 337-355; 3, 73-81; 102-129; 160-172 б; 9, 

с.310-333. 



        Бақылау сұрақтары: 

1  Қара-қоңыр,  қоңыр,  сұршыл-қоңыр,  құба  топырақтар  және  тақырлар 

қандай аймақтарда таралған? 

2  Қара-қоңыр,  қоңыр,  сұршыл-қоңыр,  құба  топырақтар  және  тақырларда 

қандай топырақ түзілу процестері жүреді? 

3  Қара-қоңыр  топырақтар  қандай  типшелер,  тектер  және  түршелерге 

бөлінеді? 

4 Қара-қоңыр, қоңыр, сұршыл-қоңыр, құба топырақтар және тақырлардың 

қандай қасиеттері бар? 

5  Қара-қоңыр,  қоңыр,  сұршыл-қоңыр,  құба  топырақтар  және  тақырлар 

ауыл шаруашылығында қалай пайдалынады? 

 

11 Тақырып  Интрааймақтық топырақтар 

 

Мақсаты: Интрааймақтық топырақтардың құрылу жағдайлары мен 

процестері, құрылысы және қасиеттерін оқып білу. 



Дәріс сұрақтары:

  

       11.1 Кебірлер, құрылысы және қасиеттері 



       11.2 Сортаңдар, құрылысы және қасиеттері 

       11.3  Солодьтар (кермекті топырақтар) 

 

11.1  Кебірлер  –  шайылымды  немесе  иллювиальды  (В)  қабатында  көп 

мөлшерде  сіңірілген  алмаспалы  натрий,  кейде  магний  иондары  да  бар 

топырақтар. 

Онда 


сіңірілген 

натрий 


мөлшері 

жалпы 


катиондар 

сиымдылығының 15-20 % тең, ал магний 45% артық. 

Қазақстанда кебір топырақтар көлемі 9 млн. 84 мың га. Кебірлердің түзілуі 

туралы  бірнеше  ғылыми  тұжырымдар  бар  және  олардың  барлығы  кебірдің 

түзілуіне  натрий  иондарының  қатысы  бар  екенін  бір  ауыздан  мақұлдайды.  К. 

Гедройцтың  тұжырымдамасы  бойынша  кебірдің  түзілуі  натрий  иондарының 

әсерінен топырақтың түйіршектерінің  ыдырап, оныңы үстінгі бетінен коллоид 

бөлшектердің  жылжып  төмен  түсіп,  иллювиалды  кебірленген  қабаттың  пайда 

болуымен  байланысты.  Жалпы  бұл  топырақ  түзілу  процесінің  теориясын 

коллоидтық-химиялық  деп  атайды.  К.  Гедройцтың  теориясы  бойынша 

кебірлену  процесі  2  кезеңде  өтеді:  а)  топырақтың  бейтарап  тұздармен 

сортаңдануы немесе тұздануы, яғни сортаң топырақтығ жаралуы, б) соңғының 

кебірлену құбылысына шалдығуы және ерекше қасиеттері бар кебір кескінінің 

құрылуы.  К.  Гедройц  сортаң  шайылуының  үш  сатысын  ажыратқан:  жеңіл 

еритін  тұздар  шайылуы;  сода  тұзының  пайда  болуы;  топырақ  түйірлерінің 

бытырап, кескін бойы төмен жылжуы. 

Сонымен қатар кебірлердің түзілу процесі жайындағы ілімге К. Глинка, В. 

Вильямс, Е. Гильгард, В. Ковда, Н. Панов және б. үлесін қосты. 



 

78 


Қазақстанда көбінесе кебірлердің пайда болуына тұзы көп топырақ түзуші 

аналық  тау  жыныстары  немесе  жер  бетіне  жақын  орналасқан  натрий  тұздары 

мол ыза судың ықпалы себеп болады. 

Кебірлер тегіс немесе ойпаттау жер бедері бар алқаптарда, аумақты Батыс 

Сібір  жазықтығы,  Каспий  маңы  ойпаты  сияқты  өңірлерде,  өзен  көл 

жайылмасынан жоғарылау орналасқан террасаларда жиі кездеседі. 

Кебір  топырақтар  үстіндегі  өсімдік  жамылғысы  кебірлерге  бейімделетін 

ерекше  өсімдіктер  тобына  жататын  жусан,  изен,  кермек  сияқты  шөптердің 

басым болуымен сипатталады. 

Кебір топырақтағы микроорганизмдер мөлшері мен түр сандары аймақтық 

топырақтарға  қарағанда  біршама  кем  және  топырақтың  биологиялық 

белсенділігі  де  шамалы.  Әсіресе  бұл  көрсеткіштер  кебір  қабатта  күрт  кемиді. 

Бұл  топырақтардың  үстінде  балдырлар  көп  және  олар  топырақ  үстіндегі 

минаралдардың  ыдырауына  ықпал  жасауы  мүмкін.  Сонымен  қатар,  бұл 

топырақтарда  омыртқасыз  жануарларда  шамалы,  осыған  байланысты 

топырақты қопсыту, араластыруға қатысушылардың аз екендігі байқалады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет