Т. М. Блисов, Н. Е. Калимов, Т. И. Чехова


Күлгін топырақтардың қасиеттері



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата03.03.2017
өлшемі0,77 Mb.
#7246
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Күлгін топырақтардың қасиеттері: 

1.

 



Күлгін  топырақтардың  кескіні  тұнда  (ил)  мөлшеріне  байланысты 

күлгінді қабаты кедей, ал иллювиальды қабаты байытылған. 

2.

 

Күлгінді қабаты аналық тау жынысына қарағанда темір және алюминий 



қосылыстарымен кедейлеу, ал кремнезем көбірек. 

3.

 



Күлгін  топырақтарда  гумус  мөлшері  шамалы,  олар  қалыңдығы  үлкен 

емес қабатта (2-3 см) шоғырланған, фульвоқышқылдары басым болады. 

4.

 

Алмасу  сиымдылығы  жоғары  емес  (құмдыларда  2-4  мг-экв,  ал 



құмбалшықтыларда  12-17  мг-экв),  негіздермен  төмен  қаныққан  (50% 

төмен), орта реакциясы қышқылды және буферлігі шамалы. 

5.

 

Күлгін топырақтар құрылымсыз, тығыздылығы үстіңгі қабаттан астына 



қарай  артады.  Иллювиальды  қабатының  тығыздығы  жоғары  және 

қуыстылығы төмен. 

Топырақтың қолайсыз қасиеттерінен (гумус мөлшері шамалы, қышқылды) 

белсенді  мәденилендіру  (органикалық  тыңайтқыштарды  енгізу,  көпжылдық 

шөптерді себу, әктеу) арқылы айырылуға болады.  

 

 

Шымды топырақтар 


 

63 


Шымды топырақтар шалғынды шөптер қауымдастықтары астында немесе 

шөптесін  өсімдігі  мен  мүкті-шөптесін  өсімдігі  бар  карбонатты  тау 

жыныстарында шымды процесс әрекеті арқылы қалыптасады. 

Топырақ түзілу процесі шөпті өсімдіктер ықпалымен жүруіне байланысты 

гумус  қабаты  жақсы  дамыған  топырақтарды  қалыптастыру  процесін  шымды 

процесс деп атайды. Оның ең елеулі ерекшелігі топырақтың үстіңгі қабатында 

гумустың,  қоректік  заттардың  жиналуы  және  суға  төзімді  құрылым  қалыпт 

асуы.  

Шымды топырақтар кескінінің құрылысы:    А

d



1

1



В-В-C. 

Шымды топырақтардың қасиеттері: 

1.

 



Жақсы байқалатын гумусты қабаты бар, кесекті-дәнше құрылымды.  

2.

 



Күлгінденуі жоқ немесе шамалы байқалады. 

3.

 



Гумус мөлшері жоғары (от 3-4%-дан 15%-ға дейін). 

4.

 



Сіңіру сиымдылығы жоғары. 

5.

 



Топырақ  ортасының  реакциясы  әлсіз  қышқыл,  бейтарап  немесе  әлсіз 

сілтілі. 

6.

 

Азот және қоректік заттар жалпы қоры жоғары. 



Шымды-күлгін топырақтар 

Шымды-күлгін  топырақтар  шөптесін  немесе  мүкті-шөптесін  өсімдіктері 

бар ормандарда қалыптасады. Орман ішіндегі шөптесін өсімдіктер әсерінен бұл 

топырақтарда  шымдану  процесі  жүріп,  шым  қабат  қалыптасады.  Күлгіндену 

және  шымдану  процестері  бірдей  жүруіне  байланысты  шымды-күлгін 

топырақтар қалыптасады.  

Сонымен қатар бұл топырақтарда лессиважда байқалады.  

Орман  астындағы  күлгін  топырақтарда  шөпті  өсімдіктердің  ұзақ дамуына 

қарамастан  әдеттегіше  гумус  және  қоректік  затар  көп  жиналмайды.  Бірінші 

себебі  шымды  процесіне  күлгіндену  процесі  қарсы  тұрады,  екіншіден  кедей 

күлгін 

топырақтарда 



өсіп-өнген 

шөпті 


өсімдіктердің 

органикалық 

қалдықтарында  күлдік  элементтер  мен  азот  мөлшерлері  шамалы  болады. 

Күлдік  элементтер,  кальций,  азот  және  магнийдің  топырақтың  өзінде  және 

органикалық  қалдықтарда  аз  болуы,  ақырғының  микроорганизмдермен 

минералдануын тежейді де қышқылды жылжымалы гумусты заттар түзеді. Тек 

оның  аздаған  бөлігі  кальций,  темір  немесе  балшықты  минералдармен 

байланады. 



Шымды-күлгін топырақтар кескінінің құрылысы:    А

d



1

2



2

В-С. 



Шымды-күлгін топырақтардың қасиеттері: 

1.

 



Гумус мөлшері шамалы, гумус түрі фульфатты болады. 

2.

 



Топырақ  ортасы  қышқыл,  негіздермен  қнығуы  күлгін  топырақтарға 

қарағанда жоғары, ал алмаспалы негіздер құрамында негізінен кальций,  

магний аздау. 

3.

 



Шымды-күлгін  топырақтар  азот  пен  фосфордың  жалпы  қоры  мен 

олардың жылжымалы түрлері аз мөлшерде деуге болады.  

4.

 

Құрылымы берікті немесе мықты емес. 



 

 

64 


8.2 

Жалпақ  жапырақты  ормандардың  қоңыр  топырақтары 

суббреалды  биоклиматтық  белдеулерге  жататын  Батыс  және  Орталық  Еуропа 

мен Қиыр Шығыста тараған. 

Ормандық қоңыр топырақтардың ең елеулі белгілері: топырақ қабаттарына 

бөлінуі  шамалы,  кескінінің  түсі  гумус  және  ашықталған  күлгін  қабатынан 

басқаларында  қоңыр  немесе  сары-қоңыр,  топырақ  ортасының  реакциясы 

қышқыл немесе әлсіз қышқыл, иллювиальды-карбонатты қабаты жоқ.  

Ормандардың қоңыр топырақтары кескінінің құрылысы: Ао-А

1

-Вt-C 



Ормандардың 

қоңыр 


топырақтарының 

түзілу 


процесін 

қоңыртопырақтүзілу  деп  атайды.  Оның  негізіг  құраушылыры  гумусжиналу 

процесі, глейлену және лессиваж. 

Глейлену  –  екінші  ретті  балшықты  минералдардың  қалыптасу  процесі. 

Глейлену  оң  температура  ұзақ  мезгілді  болғанда  топырақ  кескінін  жеткілікті 

мөлшерді  ылғалдануын,  сонымен  қатар  белсенді  жүретін  заттардың 

биологиялық  айналымын  қамтамасыз  етеді.  Глейлену  топырақ  кескінінің 

орталық  бөлігінде  болады,  үйткені  онда  оңтайлы  су  және  температуралық 

режим қалыптасады, осыған орай глейлі қабат қалыптасады - Вt. 

Глейлену  кезінде  тұнба,  темір,  алюминий,  марганец,  фосфор,  магний, 

кальций және басқада элементтер жиналады. 



Ормандардың қоңыр топырақтары қасиеттері: 

1.

 



Тұнбамен өте қаныққан, әсіресе кескінінің орталық бөлігі  (Вt қабаты). 

2.

 



Гумус құрамында ФК көбірек ГК-на қарағанда. 

3.

 



Топырақ ортасының реакциясы қышқыл немесе әлсіз қышқыл. 

 

8.3  Орманды  даланың  ормандық  сұр  топырақтары  орманды  даланың 

солтүстігінде  кездеседі.  Бұл  аймақтың  климаттық  жағдайлары  табиғи  ағашты 

және  шөпті  өсімдіктердің  өсіп-өнуіне  және  ауыл  шаруашылық  дақылдарының 

көптеген  түрлерін  өсіп-өндіруге  қолайлы.  Климаттың  ерекшелігі  –  жауын-

шашын  мен  булану  арақатынсының  бірдей  деңгейде  болуы  (су  режимінің 

мерзімді шайылу түрі). 

Топырақ кескінінің құрылысы:  А

1



1

А

2



2

В-В



1

2



-ВС-С. 

Ормандық  сұр  топырақтар  оңтүстік-тайгалы  аймақтың  шымды-күлгін 

топырақтарының  орманды  даланың  қара  топырақтарына  өту  жерінде 

орналасқан.  

Олар  шымды-күлгін  топырақтарға  қарағанда  гумустілігі  жоғары  егер 

күлгіндену белгілері шамалы болған жағдайда. 

Гумустену  қарқындылығына  мен  күлгіндену  белгілеріне  қарай  ормандық 

сұр  топырақтар  келесі  үш  типке  бөлінеді:  ашық-сұр,  сұр  жйне  күңгірт-сұр 

ормандық сұр топырақтар. 

Ормандық  сұр  топырақтардың  ең  негізгі  морфологиялық  ерекшелігі  – 

гумус қабатының 2 қабатқа анық бөлінуі  – үстіңгісі гумустық түсі айқын  - А

1

 



гумусты  қабаты  және  гумус  қабатының  төменгі  бөлігі,  кремнийлік  сеппе 

түрінде  күлгендену  белгісі  көшпелі  немесе  гумусты-күлгінді  қабаты  -  А

1

А

2



Иллювиальды  қабатының  құрылымы  жаңғақты  немесе  жаңғақты-призмалы 

болады. 


 

65 


Ормандық сұр топырақтардың қасиеттері: 

1.

 

Топырақтың  үстіңгі  қабаттарында  жартылай  тотықтар  шамалы  және 

кремнийқышқылымен қаныққан, бұл күлденумен байланысты. 

2.

 

Шымды-күлгін  топырақтарға  қарағанда  гумус  мөлшері  көбірек 

жәнеонда гумин қышқылдарының үлесі артады. 

3.

 

Топырақ  ортасының  реакциясы  қышқылды,  негіздермен  қанықпаған, 

сіңіру сиымдылығы 14-18 м-экв. 

4.

 

Ормандық  сұр  топырақтардың  агрофизикалық  қасиеттері  қолайсыз, 

әсіресе ашық-сұр топырақтарда. 

Мәденилендіру  барсында  ормандық  сұр  топырақтардың  агрономиялық 

қасиеттері  жақсарады:  қышқылдылығы  азаяды,  сіңіру  сиымдылығы  және 

негіздермен қанығуы артады, су және ауа режимдері жақсарады. 

Орманды даланың еуропалық бөлігінде эрозия күшті дамыған, олай болса 

ормандық  сұр  топырақтарды  ауыл  шаруашылығында  пайдаланғандаэрозияға 

қарсы  шараларды  қолдану  керек,  олар:  топырақты  өңдеуді  беткейлерге 

көлденең жүргізу, жер қырқаларын немесе жалдарын жасау, таптарды (борозда) 

жасау және с. с. 

 

Әдебиет: 

       1, с.315-418; 2, с. 231-257, 276-291; 3, 11-24; 40-54б; 276-291б; 8, с. 231-241; 

9, с.227-287; 14, 152с.; 11, 200б; 17, 48-54б. 



Бақылау сұрақтары: 

1    Тайгалы-орман  аймағында  қандай  топырақтар  кездеседі  және  оларда 

топырақ түзілу процестері ұалай жүреді? 

2  Күлгін, шымды-күлгін және шымды топырақтарға сипаттама беріңіз. 

3    Күлгін  топырақтардың  шымды-күлгін  топырақтардан  айырмашылығы 

қандай? 


4  Ормандық қоңыр топырақтарға сипаттама беріңіз. 

5  Ормандық сұр топырақтардың негізгі қасиеттерін атаңыз. 

 

9 Тақырып  Қара топырақтар 

 

  Мақсаты:  қара  топырақтардың  құрылу  жағдайлары,  процестері, 

құрылысы және қасиеттерін оқып білу

 

  Дәріс сұрақтары:

  

9.1 Қара топырақтардың түзілу жағдайлары 



  9.2  Қара  топырақтардың  пайда  болуы  және  қара  топырақтар  кескінінің 

қалыптасуы жайындағы қазіргі түсініктер 

9.3 Қара топырақтың құрылысы 

          9.4 Қара топырақтардың классификациясы (жіктеу) 

9.5  Қара топырақтың қасиеттері 

          9.6 

Қара 

топырақтар 



құнарлылығын 

арттыру, 

эрозия 

және 


құрғақшылықпен күресу шаралары 

 


 

66 


9.1  Қара  топырақтар  солтүстік  жарты  шар  материктері  –  Еуразия  және 

Солтүстік Америкада тараған, олар жалпы 260 млн. га (құрлықтың 1,7%) жерді 

алып жатыр. 

ТМД  елдерінде  қара  топырақтар 191  млн.  га  ауданда  тараған, немесе осы 

елдер  аумағының  8,6  %  қамтиды.  Ресей,  Украина,  Молдова  мемлекеттерінде 

қара топырақтар кең тараған. 

Орманды  дала  және  дала  аймақтарында  қара  типті  аймақтық  топырақ 

болып  қалыптасқан.  Бұл  топырақтар  Солтүстік  Қазақстан,  Қостанай,  Ақмола 

облыстарында  кеңінен  тараған,  ал  Павлодар,  Ақтөбе  және  Батыс  Қазақстан 

облыстарында шамалы аудандарды алады.    

Қара  топырақтар  мерзімдік  қонтрастығы  бар  климаттық  жағдайларда 

дамиды.  Олар  көбінесе  платформалық  жазықтықта  тарлаған.  Қара 

топырақтардың  топырақ  түзуші  тау  жыныстары  болып  төрттік  лесс  тәрізділер 

(дақ қуысты, сарғыш қоңыр немесе жалын түсті шөгінді тау жыныстары) және 

карбонатты,  қуысты  лесты  тау  жыныстары  саналады.  Гранулометриялық 

құрамы көп жағдайларда құмбалшықты немесе балшықты келеді.  



Қара  топырақтар  –  бұлар  дала  және  орманда  дала  аймақтарына 

орайластырылған шөпті қауымдастылардың топырақтары.   

Далалық  шөпті  қауымдастылар  биологиялық  айналымының  негізгі 

ерекшеліктері  мынада:  1)  жылда  топыраққа  өніп-өсуге  пайдаланған  қоректік 

заттар құрып біткен тамырлармен толық қайтарылады; 2) бұл заттардың ең көп 

бөлігі  топырақтың  үстіңгі  қабатына  емес,  тікелей  топырақтың  өзіне 

тамырлармен  қайтарылады;  3)  биологиялық  айналымға  қосылатын  химиялық 

элементтер  ішінде  бірінші  орында  кремний,  одан  кейінгілері  азот,  калий, 

кальций. 

Қара топырақтардың қалыптасуында биологиялық айналымның рөлі оның 

қарқындылығы,  қалдықтардың  тікелей  топырақ  ішіне  түсуі  және  ыдырау 

процесінде  бактериялар,  актиномицеттер,  омыртқасыздардың  белсенді 

қатысуымен  анықталады,  үйткені  қалдықтардың  биохимиялық  құрамы  және 

жалпы биохимиялық жағдайы оларға оңтайлы жағдайлар туғызады.  

Қара  топырақтардың  қалыптасуында  мезофаунаның  да  үлкен  рөлі  бар, 

әсіресе  жауын  құрттарының  рөлі  өте  маңызды.    Өсімдіктердің  өлген 

бөліктерімен  жауын  құрттары  топырақ  бөлшектерін  ала  келеді  және  қорыту 

барысында  копролиттер  түрінде  шығарып  тастайтын  балшықты-гумусты 

кешендерді құрайды.  

 

         9.2 Қара топырақтардың пайда болуы немесе түзілуі жайында үш ғылыми 

тұжырымдар бар: өсімдікті-жер бетіндегі, батпақтық, және теңіздік шығу тегі. 

        В.  В.  Докучаев  қара  топырақтар  жер  бетінде  аналық  тау  жыныстарының 

далалық  өсімдіктер, климат және басқа да факторлар әсерінен ыдырау  кезінде 

пайда болды деп тұжырымдады. Сонымен қатар, осындай ғылыми тұжырымды 

ең алғашқы М. В. Ломоносов 1763 ж. айтқаны да белгілі мәселе. 

        Академик П. С. Паллас қара топырақтардың шығу тегі теңіздегі тұнбалар, 

қамыстардың  және  басқа  да  өсімдіктердің  органикалық  қалдықтарының 

теңіздің шегілуі кезінде ыдырауынан пайда болды деп тұжырымдаған болатын. 


 

67 


        Үшінші тұжырымда қара топырақтар батпақтардың бірте-бірте құрғауынан 

пайда болғанын анықтайды. Бұл тыжырымның авторлары Э. И. Эйхвальд, Н. Д. 

Борисяк.  Осындай  тұжырымды  Ф.  Ф.  Вангенгейм    де  қолдаған,  ол  қара 

топырақтар 

мұз 

ағындарымен 



келген 

шымтезектің 

ұсақталған 

материалдарымен  өсімдіктер  қалдықтарының  минералдық  тұнбалармен 

араласуы  арқылы  пайда  болды  деп  тұжырымдаған.    В.  В.  Ковда  (19,33,  1966, 

1974)  осы  тұжырымды  дамытып  қара  топырақтың  палеогидроморфтық  түзілу 

жайын ұсынған. 

        Кейбір  деректерде  қара  топырақтарды  салыстырмалы жас  топырақтар деп 

қарастырады,  оған  себеп  болып  радиокөміртегі  арқылы  жүргізген  талдау 

материалдары,  оған  сүйенсек  қара  топырақтар  мұзқайтудан  кейінгі  уақыттың 

ақырғы 10-12 мың жылдарындаа пайда болған. 

        Қазіргі  қара  топырақтардың  шығу  тегі  жайындағы  көзқарастар  қара 

топырақтардың  өсімдікті-жер  бетіндегі  тұжырымын  дәлелдейді  (Л.  М. 

Прасолов, В. И. Тюрин, В.Р.Вильямс, Е.А.Афанасьева, М.М.Кононова және т.б. 

ғалымдар).  

         

        9.3 Қара топырақтар кескінінің құрылысы: А пах -А-В

1



2

-Вк-С  


       Қара  топырақтың  тың  жерлердегі  құрылысы  мынадай:  А

о

  (дала  төсеніші- 



киізі-степной  войлок),  оның  астында  өте  жақсы  дамыған  А  –  гумус  жиналу 

қабаты,  одан  төмен  В

1

-  гумусты  аралық  қабат,  одан  кейін  В



2

-  гумус  тілдері 

қабаты, ал оның астында аналық тау жыныстары орналасқан (А

0

-А-В



1

2



-С). 

        Гумус жиналу қабаты (А) қара-сұр немесе қара түсті, дәнше, дәнше-кесекті 

құрылымды  болады,  қалыңдығы  25-30см-ге  дейін  жетеді.  В

1



2

  қабаттарының 

қалыңдығы 50-70 см-ге дейін болады. Гумусты-аралық қабатының түсі біркелкі 

емес,  жалпы  қара-сұр  түсті  қабатта  күрең  түсті  дақтар  кездеседі.  Гумусты 

тілдері  (В

2

)үстінен  төменге  қарай  бағытталған  күңгірт  түсті  гумусты  тілдері 



және  ашық  түсті  ұшы  жоғарыға  қарай  бағытталған  тау  жынысының 

сынашаларынан құрылған. Қара топырақтардың жалпы қалыңдығы 100-150сге 

жетеді.  

   


       9.4    Қара  топырақты  жеке  тип  ретінде  қарастырып  оның  классикациясын 

құруды қолға алған В.В.Докучаев (1896) болды. Одан кейін қара топырақтарды 

типшелерге  бөлу  жұмыстарын  Н.М.Сибирцев  (1899,  1901)  жалғастырды.  Қара 

топырақ  классификациясын  құруға  С.И.Коржинский,  Л.И.  Прасолов,  Н.Н. 

Розов,  Е.Н.  Иванова  және  т.б.  ғалымдар  қатысты.  Ұзақ  жолдар  бойы  қара 

топырақты  зерттеген  мәліметтерді  жинақтап  талдап  қорытындай  келе 

топырақтың  ТМД  мемлекеттерінде  қазіргі  қолданып жүрген  классификациясы 

жасалды.  Осы  классификация  бойынша  қара  топырақтардың  5  типшелерін 

бөледі:  күлгінденген,  сілтісізденген,  нағыз,  кәдімгі,  оңтүстік,  ал  тегі  бойынша 

кәдімгідей,  карбонатты,  терең  сілтісізденген,  әлсіз  дамыған,  жетілмеген, 

кебірленген және б. 

        Тегі  бойынша  кәдімгідей,  карбонатты,  кебірленген,  жетілмеген,  әлсіз 

дамыған, тереңге сілтісізденген және т. б. бөлінеді.    


 

68 


Түрлерін  гумус  мөлшері,  гумус  қабатының  қалыңдығы  (А+В

1

),  ілесетін 



процестердің даму дәрежесіне қарай (әлсіз, орташа және с. с.) бөледі. 

Түршелері – гранулометриялық (механикалық) құрамы бойынша (орташа-, 

ауыр құмбалшықты, балшықты және оның түршелері). 

 

        9.5  Қара  топырақтарда  минералдардың  ұсақ  фракцияларының  бұзылу, 



өзгеру және орнын ауыстыру процестері нашар дамыған. 

Олар  гумуске  ең  бай  топырақтар  қатарына  жатады  (максималды  мөлшері 

10-12  %).  Гумус  құрамында  гуминді  құшқыл  басым  болады.  Сонымен  қатар 

микробтармен ыдырауға төзімді, сондықтан оны жиналуға мүмкіндік жасайды. 

Қара  топырақтардың  катиондармен  алмасу  сиымдылығы  жоғары  келеді 

(35-70 мг-экв/100 г топырақта). 

Топырақ ерітіндісінің реакциясы бейтарапқа жақын болады. 

Қара топырақтардың су-физикалық қасиеттері ерекше жақсы келеді. 

 

9.6  Жер  шарында  қара  топырақтар  ең  көп  игерілгін  топырақтар  болып 

саналады, оларды көбінесе астықты дақылдарды өсіріп өндіруге пайдаланады.  

Қара  топырақтар  жоғары  потенциалды  құнарлылықпен  қамтамасыз 

етілген, бірақ олардың тиімдылығы жылу- және ылғалмен қамтамасыз етілуіне, 

топырақтың биологиялық белсенділігіне байланысты болады.  

Сонымен  қатар  қара  топырақтар  құрғақшылыққа  шалдығады,  сондықтан 

олардың су режимін жақсарту үшін көптеген агротехникалық шаралар кешенін 

қолдану керек. 

Қара  топырақты  тиімді  пайдаланудың  маңызды  шаралар  қатарына 

жататындар:  су  және  жел  эрозиясын  болдырмау,  дұрыс  ауыспалы  егістерді 

игеру, ылғалды жинау және ұтымды пайдалану шаралары. 

  

  Әдебиет: 



  1, с.118-138; 2, с. 291-311; 3, 160-172б; 9, с.227-287; 11, 200б; 17, 55-59 б;  

         Бақылау сұрақтары: 

1 Қара топырақтар қандай аймақтарда таралған? 

2 Қара топырақтарда қандай топырақ тізілу процестері жүреді? 

3 Қара топырақтар қандай типшелерге, тектерге, түрлерге және түршелерге 

бөлінеді? 

4 Қара топырақтардың негізгі қасиеттерін атаңыз? 

5 Ауыл шаруашылығында қара топырақтар қалай пайдалынады? 

 

10 Тақырып Қуаң дала, шөлді-дала, шөлді және тауалды-шөлді-дала 



аймақтарының топырақтары 

 

  Мақсаты:  Қуаң  дала,  шөлді-дала,  шөлді  және  тауалды-шөлді-дала 

аймақтары  топырақтарының  топырақ  түзілу  жағдайлары  мен  процестері, 

құрылысы мен қасиеттерін оқып білу.  

  Дәріс сұрақтары:

  

10.1 Қара қоңыр топырақтар, құрылысы және қасиеттері 



 

69 


10.2 Құба (боз) топырақтар, құрылысы және қасиеттері 

10.3 Қоңыр (бурые), сұршыл-қоңыр (серо-бурые пустынные) топырақтар, 

құрылысы және қасиеттері  

10.4 Тақырлар 

10.5  Қуаң  дала,  шөлді  және  шөлейт  аймақтары  топырақтарының 

құнарлылығын арттыру шаралары 

 

10.1  Қара-қоңыр  топырақтар  қуаң  даланың  аймақтық  топырақтары  болып 

саналады  және  шайылмалы  емес  су  режимі  бар  жерлерде  таралған.    Ол  ТМД 

жерінің 5% (107 млн. га) жақын алабын алып жатыр.  

Табиғи-әкімшілік  тұрғысынан  қара-қоңыр  топырақтар  Молдавия  мен 

Украина  оңтүстігін,  Қара  және  Азов  теңіздері  жағалауын,  Кавказдың  шығыс 

беткейін, Еділ өзені ағысының орталық және төменгі бойын алып жатыр; одан 

әрі  Қазақстан  Республикасы  жері,  Батыс  Сібір  оңтүстік  бөлігін  (Құлынды 

бойы), Орталық Сібір мен Байкалдың арғы бетіндегі кеңістікті қамтиды. 

Қазақстан  жер  аумағының  33,2%  қамтиды.  Батыс  Қазақстан,  Ақтөбе, 

Павлодар,  Қарағанды,  облыстарының  көп  жерін,  Қостанай,  Ақмола,  Шығыс 

Қазақстан облыстарының бірталай жерін алып жатыр.   

Қара-қоңыр  топырақтар қалыптасуы  ұзақ,  құрғақ  жылы жазда  және суық, 

жұқа қарлы қыста ызғарлы климат жағдайында өтеді. 

Аймақтың  басым  бөлігі  жазық  және  ойлы-қырлы  құрылық,  оның  бедері 

көлемді, ал тұрпаты ойлы-қырлы келеді. 

Топырақ  негізінен  лөс  (лесс)  түрлі  карбонатты  құмбалшықтар  мен  аздап 

лөсте қалыптасады. 

Сонымен  қатар,  басқа  аналық  тау  жыныстарда  (негізгілері  кварцты, 

қарбонаттар,  глауконитті  құм,  құмайт,  палеотекті  тұзды  құмбалшық  пен 

балшық, құмтастар, әктер мен мергелдердің үгіндісі) кездеседі. 

Сарыарқа  төңірегінде  аналық  тау  жыныстары  элювиальды-пролювиальды 

шеміршекті тастақ, құмбалшық пен құмайт, ал Ертіс өңірі жазықтығында көне 

дәуірдің құмы, құмайтты және жеңіл құмбалшығы. 

Орал  тауы  қырларында  төрттік  дәуірдің  қоңыр  құмбалшықтары  мен 

балшықтары  төсеніш  болған,  кей  жерлерде  түпкі  жыныстар  үгіндісі-элювиі 

кездеседі. 

Батыс  Сібір  ойпатының  оңтүстік  бөлігіндегі  негізгі  топырақ  құраушы 

жыныстар – көне аллювий, ол теңіздік тұзды шөгінділермен төселген. 

Қазақстан Сарыарқасында топырақ құраушы жыныстар әдетте тас қаңқалы 

қарбонатты  құмбалшықтар  мен  араларындла  үштік  тұзды  балшықтардан 

тұрады да, топырақ жамылғысында түрлі алалық туғызады.        

Өсімдіктер  ксерофитті  келеді  және  сиретілген.  Табиғи  өсімдіктер  жүйесі 

астық  тұқымдас  және  шамалы  мөлшерде  тараған  аралас  шөптерден  құралған 

(боз,  бетеге,  қазтабан  және  т.б.).  Баянауылдың  аласа  таулы  өңірінде  және 

Наурзым-Аманқарағай аңғарларында қарағайлы, қайыңды-қарағайлы ормандар 

кездеседі. 

 Аймақтың  топырақ  жамылғысы  кешенді  келеді,  қара-қоңыр  топырақтар 

мен қатар кебірлер, сортаң топырақтар кездеседі.  



 

70 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет