§9. IT көшбасшылары Оқылым бойынша берілген мәтіндерден негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген
мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырады.
Аталған кісілердің бірімен кездессеңдер не жайлы сұрар едіңдер? деген сұрақ негізінде
жұптасып сұхбаттасады.
Әдеби тіл нормалары бойынша ІТ көшбасшысымен диалог құрап жазады.Тыныс
белгілерінің қойылу себептерін түсіндіреді.
Үй тапсырмасына берілген сұрақтарға жауап бере отырып, өз ойларын жазу.
§10. «ЭКСПО-2017» Астанада Оқылым бойынша ЭКСПО жаңалығын оқи отырып, әр елдің көрмеге ұсынған жаңа
технологиялары жайлы ой бөліседі.
Оқушылар ақпараттарды пайдаланып, «ЭКСПО2017» көрмесі туралы сұхбаттасады.
Жазылымда жаңа технология жетістіктерін кестеге жазып, тізімді жалғастырады.
Әдеби тіл нормалары бойынша берілген етістіктерге етіс жұрнақтарын жалғап, сол
сөздермен сөйлем құрайды, соңына қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қоюы керек.
Үй тапсырмасына Астанада өткен «ЭКСПО2017» көрмесі туралы ізденіп, кестені
толтырыңдар