§5. Технологиялар: бүгін және ертең Оқылым бойынша мәтінді оқып, тілдік құралдары арқылы стилін анықтайды.
Әдеби тіл нормалары бойынша оқылым мәтінінен сұрақ белгісінің 6 ережесіне сәйкес 6
сұрақ жазады. Сұрақтарға ауызша жауап береді.
Жазылым әрекетінде «Артық болмас білгенің» айдарындағы мәліметтерді толықтырып,
кестені толтырады.
Үй тапсырмасына «Информатика» оқулығына сүйеніп, сандық компьютерлердің даму
кезеңдерін 7–8 сөйлеммен сипаттайды. Тыныс белгілерінің дұрыс қойылуына назар аударуы
керек.
§6. Жаңа технологиялар Берілген мәтіндерді оқып, жаңа технологиялар туралы ой бөліседі. Осы мәтініндегі
негізгі мәліметтерді үлгі бойынша кестеге түсіреді.
Тыңдалым және айтылымда ғаламтор көздерінен жаңа технология жаңалықтары туралы
материалдан негізгі ақпараттарды жазып, ондағы деректермен салыстырады.
Әдеби тіл нормалары бойынша технология жаңалықтары туралы мәтіндерге лепті
сөйлемдер құрастыру тапсырмасы берілген.
Үй тапсырмасына үй жағдайында қолданылатын технология жетістіктері туралы ақпарат
жазу ұсынады.