«Ойлан, жұптас, бөліс» – оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма
берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған тәсіл. Тақтада сұрақ,
тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт
ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут
талқылайды, пікірлеседі. Мұғалім 2-3 жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын
сұрануына болады.
«Фрейер моделі» әдісін де қолданған өте тиімді. Бұл жерде мәтіннің ішіндегі түйінді
сөздерді алып, түйінді сөздерге анықтама беріледі, оның антонимдерін, синонимдерін,
сөйлемде қалай орналасқанын анықтайды.
«FILA» кестесінің І-ІІ нұсқасымен жұмыс. Оқушылар топтарға бөлінеді. Барлығына бір
мәтін беріледі. Сол мәтін бойынша арнайы кестені толтырады.
Кластерлер (жүзімнің шоқтары деген мағынада). Идеялар мен ақпараттардың
арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер. Негізгі тақырып немесе
тірек тақтаның ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның
жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне қосады да, өзара
байланыстыру туралы әңгімелейді.