§2. Алтынемел ұлттық саябағы Бұл тақырыпта Алтынемел ұлттық саябағы туралы ақпаратты қамтитын мәтін берілген. Оқылымәрекетін жүзеге асыру барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын
арттыру басшылыққа алынғаны жөн. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап бергенде тек мәтін аясында ғана емес,
жаратылыстану пәндерінен алған білімдерін пайдаланып, өз ойларын толық жеткізуге
тырысуы керек.
Жаңа бағдарламаға сай оқулықта графикалық сызба берілген. Оқушы сол графикалық
сызба бойынша сөйлей білуі керек.
Әдеби тіл нормалары бойынша бірге жазылатын сөздерді қолданғанда дұрыс сөйлеп, сауатты
жазуға, сонымен қатар оқушылардың тілдік лингвистикалық білімін арттыруға мүмкіндік береді.
Мұғалім бірге жазылатын сөздердің ерекшеліктері мен ережелерін оқушылардың өз
бетінше тұжырым жасауына жағдай туғызғаны жөн.
Деңгейлік тапсырмаларды орындауға бергенде қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз
етілуі қажет (орфографиялық сөздік) және уақытты сыныптың шығармашылық
белсенділігіне қарай жоспарлаған дұрыс.
Үй тапсырмасының орындалу жолдары түсіндіріліп, қандай реттілікпен сұралатыны
алдын ала хабарлануы қажет.