§6. Астана – бейбітшілік қаласы «Астана – ынтымақтастық және келісім ордасы» тақырыбындағы мәтіннің жанрлық
ерекшелігін анықтайды. «Аңыз қала» өлеңімен танысып, екі мәтінді салыстырады. «Еуропа»,
«Азия», «жаһандық» сөздерінің мәтіндегі мағынасын ашады.
Жазылымда берілген мәтіндегі пунктуациялық ережелерді ескере отырып, дәптерлеріне
көшіріп жазады.
Ізденімдік тапсырмада «Артық болмас білгенің» айдарын әлем елдерінің астаналары
туралы қызықты деректермен толықтырады.
Үй тапсырмасында Астана қаласына арнап 2 шумақты өлең шығарып көреді.