§2. Астана – болашақтың қаласы Бұл тақырыпта Астана тек қала есебінде ғана емес, оны мәдениеттің ошағы, жалпы
ұлттық идея ретінде түсіндірілуі керек. Аз жылдың ішінде көркейіп бой көтерген әрбір
ғимараттың тәуелсіздігімізге тілекелей байланысы бар екендігін түсіндіру қажет. Атап
айтсақ, «Бейбітшілік пен келісім» сарайы, «Қазақ елі» монументі, т.с.с.
Әдеби тіл нормалары бойынша
неологизм сөздерді қатыстырып, тақырыпқа қатысты
7–8 сөйлем жазып, сөздердің жасалу жолдарын түсіндіреді.
Оқушылар ойталқы сұрақтарға жауап беру арқылы ресми сөздер мен дайын тіркестерді
орынды қолданып, диалог құрады.
Жазылым дағдысын қалыптастыру мақсатында емле ережелеріне сүйеніп,
пунктуациялық қателерді түзету тапсырмасы берілген.
Үй тапсырмасына неологизм сөздерді қолданып, Астананың туған күніне орай
құттықтаухат жазады.