Т. Н. Ермекова К.Ә. Бертілеуова


§3. Халықаралық Астана әуежайы



Pdf көрінісі
бет45/483
Дата06.01.2022
өлшемі3,07 Mb.
#11337
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   483
§3. Халықаралық Астана әуежайы 
 
Бұл  тақырыпта  балалар  әуежай  мен    еліміздегі  әуежайлар  туралы  өздері  білетін 
ақпараттарды  кластерге  түсіру  арқылы  сабақты  бастайды.  Сабақты  мұғалім  әуежай 
атмосферасында  баяндау  формасында  бастаса  да  болады.  Оқушылар  сыныптан  әуежайға 
ауысқандай  сезімде  болса,  берілген  тапсырмаларға  шынайылықпен  әрі  басым 
қызығушылықпен  араласады.  Оқылған  мәтін  бойынша:  1.  Нұрсұлтан  Назарбаев  атындағы 
Халықаралық Астана әуежайы қала орталығынан қанша километр қашықтықта орналасқан? 
2.  Астана  әуежайының  тарихы  туралы  қандай  ақпарат  білесіңдер?  3.  Елордада  тағы  бір 
халықаралық әуежайдың салынуы туралы не білесіңдер? 4. Әуежайға қай жылы Елбасының 
есімі берілген? Сұрақтарға жауап беріп алған ақпаратты тиянақтайды.  
Жазылым  әрекетінде  оқылым  мәтінін  негізге  ала  отырып,  «Болашақтың  әуежайы» 
тақырыбында  «Бір  минуттық  эссе»  әдісімен  көзқарастарын  білдіреді.  Көзқарастар 
жинақталып, үлкен бір ойды білдіруі керек. 
Үй  тапсырмасында  қосымша  ресурстарды  пайдаланып,  ұшақтағы  жолаушыларға 
арналған нұсқаулық жазып, есімдіктердің сөйлемдегі қызметін көрсетеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   483




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет