Т. Н. Ермекова К.Ә. Бертілеуова


Технологиялық карта құрылымы мынадай мәселелерді қамтиды



Pdf көрінісі
бет17/483
Дата06.01.2022
өлшемі3,07 Mb.
#11337
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   483
Технологиялық карта құрылымы мынадай мәселелерді қамтиды: 
-  тақырыптың жалпы мақсатын нақтылау
-  міндеттерді жүйелеу; 
-  оқушының тақырыпты меңгеру барысындағы өз бетімен жұмысын мөлшерлеу; 
-  тақырып бойынша білім деңгейін анықтау. 
Сабақта оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері өте көп. Жас мұғалімдер үшін соның 
бірқатарына тоқталайық. 


22 
 
Эссе – оқушының сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, 
идеялары мен пайымдауларын келтіретін бағалау тәсілі. Әдетте сабақта эссе 5-10 минуттық 
уақыт аралығында жазылады: 
- нақты және айқын тезистер келтіріледі;  
проблеманы шешуде қолдануға тұрарлық нақты ұсыныстар келтіріледі
-  ұсыныстар  өмірде  кездесетін  жағдайлар  тұрғысынан  келтірілген,  нақты  өмірмен 
тығыз байланысты. 
Бұл  алайда  эссенің  шағын  көлемді  жұмыс  екендігін  аңғартпайды:  бірнеше  беттен 
тұратын  көлемді  эссе  үй  тапсырмасы  немесе  өздік  жұмыстың  үлгісі  ретінде  берілуі  де 
ықтимал.  
Эсседе бірінші мезетте оқушының өзіндік  «Мені» көрініп тұруы керек. Эссе арқылы 
мұғалім оқушының ойлау деңгейі мен сабақта қалай жұмыс жасағандығын бағалайды.  
Топтық жұмысты ұйымдастыру барысында оқушылардың әрқайсысы бір-бірімен жеке 
қарым-қатынас орнатады, сенімсіздік пен қобалжудан («Бұл жұмысты мен орындай алар ма 
екенмін?»,  «Жұмысты  орындай  алмасам  қайтемін?»,  «Ұят  болып  қалмас  па  екен?»), 
қорқыныштан  («Мені  жазаламас  па  екен?»,  «Басқалар  менің  жұмысымды  сынап  немесе 
мені күлкіге жығып кетпес пе екен?») арылуға үйретеді. Сондай-ақ: 
-  оқушылардың  қабілеттері  мен  ерекшеліктерін  ашуға  (көрсете  білуге)  жағдай 
жасалады; 
- бір-бірімен еркіндік және сенім атмосферасы қалыптасады
- оқушылар топтық жұмыста позитивтік, конструктивтік, шығармашылық қағидаларды 
ұстанады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   483




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет