Т. Н. Ермекова, М.Ә. Жүнісова ТҮркі тілдерін тарихи дәуірлеу



Pdf көрінісі
бет29/38
Дата18.04.2022
өлшемі0,88 Mb.
#31299
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38
А.П.Ходжаев. «Өзбек тілі». Өзбек тілінің тарихын дәуір-
леуге байланысты әртүрлі көзқарастар бар. Соның ішінде ең жа-
қынырағы (яғни дұрыс деп саналатыны) төмендегідей: 
Көне өзбек дәуірі (ХІІ-ХІV ғ.); 
Орта өзбек дәуірі (ХІV – ХVІ (Әлішер Науаи)); 
Жаңа өзбек дәуірі (ХІХ-ХХ ғ. басы); 
Қазіргі өзбек әдеби тілі. 
И.А.Андреев.  «Чуваш  тілі».  Чуваш  тілін  жаңа  тарихи 
зерттеу  барысында  мынадай  кезеңдерге  бөлеміз:  бұлғар  текті 
(б.з.д. І ғ. – б.з. ІІІ ғ.); көне бұлғарлық (ІV-ХІ ғ.); ортабұлғарлық 
(ХІІІ-ХVІ  ғ.  орт.);  жаңа  бұлғар  немесе  чуваш.  Орта  ғасырлық 
бұлғар кезеңі Алтын Орда дәуірі мен Қазан хандығын қамтиды. 
Дәл  осы  дәуірде  бұлғар  тайпаларымен  байланысты    чуваштар 
халық  болып  қалыптасқан.  1552  жылы  Қазан  хандығы  құлауы-
нан кейін пайда болған жаңа бұлғар  кезеңі, чуваш тілі орыс ті-
лімен  тығыз байланысты дамыған. 
Г.С.Садвакасов.  «Ұйғыр  тілі».  Осы  сауал  ұйғыр  тілі  ту-
ралы  немесе  ескі  және  қазіргі  ұйғыр  тілдерінің  дамуында  жал-
ғасады.  Ұйғыр  тілі  дамуын  үш  негізгі  кезеңге  бөлуге  болады: 
ескі  (ескі  ұйғыр  тілі  мақаласын  қараңыз);  ортағасырлық 
(Түркілер  мақаласын  қараңыз);  қазіргі,  жаңа  дәуірдің  қалып-
тасуы (ХVІІ-ХІХ ғ.) және жаңа дәуір (ХХ ғ.) кезеңдері. 
Жаңа  кезең  жазба  әдеби  тіл  тенденциясынан  халық  ауыз 
шығармашылығы  тілінен  ауысты  және  ұйғыр  классикалық 
әдеби тілінен қазіргі уақыттың әдеби тіліне ауысуы ұйғыр тілін 
кең  қолданушыларға  көбірек  түсінікті.  Қазіргі  кезеңдегі  әдеби 
ұйғыр  тілі  1917  жылдан,  яғни  Қазан  төңкерісінен  кейін  және 
1930  жылдардан  кейін  де  (Синьцзян  ұйғырлары  үшін)  баста-
лады. 


 
79 
Э.Р.Тенишев. «Фуюй қырғыз тілі». З тобындағы тілдердің 
қатарында бола тұра, фуюй қырғыз тілі мына топтағы тілдермен 
тығыз  байланысты  болған:  хакас,  шор,  чулым  –  түркі,  сары 
ұйғыр, т.б. Ол хакас тілінің качин диалектісіне, Алтай өңіріндегі 
качин говорына өте жақын. 
Фуюй  қырғыз  тілі  мен  качин  тілдері  арасындағы  жақын-
дық,  олардың  этногенетикалық  себептерімен  түсіндіріледі.  Қа-
зіргі  Хакасия  аймағында  ХVІ  ғасырда  угор,  самоид  және  түркі 
тілдес тайпалардың арасында үстемдік етті. 
Бұл  фактілер  мен  аңыздарды  салыстырғанда,  фуюй 
қырғыздарын  енисей  қырғыздарының  бір  тармағы  деп  қарауға 
болады. Олардың тармақтары негізінен қырғыз халқының басым 
бөлігі  болды,  аңыздарға  қарағанда,  ХІІ  ғ.  екінші  жартысында  
Алтай  фуюй  қырғыздарының  ата  қонысы  ретінде  саналды. 
Алтай  өлкесі  деп  емес,  керісінше,  Алтай  өңірі  деген  жөн, 
качиндіктер мен койболдар шығыс Хакас автономиялық облысы 
Оңтүстік-шығыс Абакан жеріне орнығады. Жоғарыдағы айтыл-
ған  жорамалдарға  қарап,  фуюй  қырғыздары  тегі  туралы  ХVІ-
ХVІІ  ғ.  енисей  қырғыздарының  тілі  және  ұрпақтары  жөнінде 
фуюй уезд қырғыздары деуге болады. 
Бұл  з-тобындағы  тілдер.  Қарым-қатынастың  нәтижесінде 
түрлі тайпалары қазіргі Хакас тілдерінің диалектісін құрады. 
Хакас тілінің қызыл диалектісі арқылы енисей қырғыздар 
тілі, Дульзон хакас тілі бірден-бір керифериялық диалектісі деп 
санайтын чулым түріктерінің тілін құруға атсалысты. 
Фуюй  қырғыз  тілі  мен  хакас  тілінің  шор  диалектісінің 
арасындағы жақын байланыс, сол шор тілімен және сары ұйғыр 
тілдері арқылы айқындалады. 
Сонымен  бірге  фуюй  қырғыз  тілі  мен  лобнар  тілдері,  қа-
зіргі  қырғыз  тілінің  солтүстік  говоры  арасында  генетикалық 
байланыс бар. 
Фуюй қырғыз тілі ХVІ-ХVІІ ғ. енисей қырғыз тілі ретінде 
саналады.  Енисей  қырғыздары  өздерінің  тіліне  ХІ-ХІІ  ғ.  көне 
қырғыздар сөйлеу тіліне үстемдік етеді деген. 
Қырғыздардың  ұлттық  тілі  ІІІ-ІV  ғасырлардан    моңғол 
шапқыншылығына  дейін  үздіксіз  жалғасты.  Көне  қырғыз  тілі 


 
80 
енисей  қырғыз  тілі  сияқты  з-  тілдерінің  (азақ  –  аяқ,  қоз  –  қою, 
зол – жол) жеке ондығын құрды. 
Көне қырғыздардың жазба тілі Енисей маңындағы ескерт-
кіштерден, рунадан анық көрінеді. 
Қырғыздар  үшін  д-тіл  қазіргі  архаикалық  түрдегі  және 
салтанатты, сондай-ақ эпитафиялық қолданыс тапты. 
Көне қырғыз тілі дамуын үш кезеңге бөлуге болады: 
1.  VІІ-ХІ  ғ.  Енисей-моңғол  дәуірі.  Бұл  кезеңнің  соңында 
ХІ-ХІІғ. қырғыз тілі қыпшақ тайпаларының тілімен
 араласып кетті. 
ХІ  ғ.  ортасында  ұйғыр-қағанатының  қырғыздардан  күй-
реуінен кейін Моңғолияда қырғыздардың з-тілі ұйғырлардың д-
тіліне үстемдік етті. 
Ұйғырлардың  з-тілімен  араласқан  бөлігі  солтүстік  Қытай 
жеріне  қоныстанды.  Осы  жерде  Қытай  мен  Моңғол  тілдерімен 
байланысты  дамыған  ұйғыр  тілі  қазіргі  сары  ұйғыр  тілін  қа-
лыптастырды. 
Хакас  –  Минусинск  шұңқыры  өңірінде  қырғыздар  угор, 
самодий, кет және түркі тайпаларымен қақтығысты. 
2.ХІІІ-ХІV  ғасырларда  Алтай  дәуірі  қырғыздардың  бір 
бөлігі  моңғолдармен  шапқыншылықтың  нәтижесінде  Оңтүстік 
Алтай өңіріне қоныстанды. 
3. ХV-ХVІ ғасырларда Тянь-Шань кезеңі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет