Т. Н. Ермекова, М.Ә. Жүнісова ТҮркі тілдерін тарихи дәуірлеу



Pdf көрінісі
бет28/38
Дата18.04.2022
өлшемі0,88 Mb.
#31299
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38
К.М.Мусаев.  «Қарайым  тілі».  Қарайым  тілі  диалектісінің 
қалыптасуы  қарайымдардың  кейбір  бөлігінің  аймаққа  қарай 
қоныс  аударған  ХІV  ғасырдан  кейінгі  кезеңге  жатады.  Батыс 
диалектісі  туыс  түркі  тілдерінен  бөлектеніп,  шет  тілді  ортада 
дамыды.  Сол  уақытта  қырым  диалектісі  әр  диалект  қатарынан 
көрінетін,  жақын  туыстас  қырым  татар  тілдері  тар  қатынаста 
көрініс  берген.  Батыс  диалектісінің  дамуында  литва,  поляк, 
украин,  орыс  кезеңдерін  ерекше  атап  өтуге  болады.  Кеңестік 
кезеңде  қарайым  тілі  диалектісі  орыс  тілі  ықпалында  мықты 
сыннан өтеді. 
С.Р.Изидинова. «Қырым татарлары тілі». Қырым татар-
лары  тілі  тарихын  дәуірлеу  қазіргі  уақытқа  дейін  жасалмаған. 
Көптеген  әйгілі  зерттеушілер  (В.В.Радлов,  П.М.Мелиоранский, 
А.Н.Самойлович, Н.К.Дмитриев, Э.В.Севортян) тілдері   ХІІІ ға-
сырға  дейін  қалыптасқан  тілдер  қатарына  жатқызады.  Шартты 
түрде келесі кезеңдерге бөлуге болады: 
1.ХІІІ-ХІV ғасырға дейінгі кезең; 
2.Қырым хандығы кезеңі


 
77 
3.Қырымның  Ресейге  қосылу  кезеңі  (әсіресе,  ХІХ  ғасыр-
дың ІІ жартысынан 1917 ж. дейінгі кезең (Қазан төңкерісіне)). 
4.  Кеңестік  дәуір  (Ұлы  Отан  соғысына  дейінгі  және  со-
ғыстан кейінгі кезең). 
Л.С.Левитская.  «Құмық  тілі».  Құмық  тілін  дәуірлеу  әлі 
күнге дейін аяқталмаған. А.Н.Самойлович, Н.К.Дмитриев сияқ-
ты  кейбір  зерттеушілер  оны  б.з.  ХІІІ  ғасыр,  моңғол  дәуіріне 
дейін  қалыптасқан  қыпшақ  тіліне  жатқызады.  Құмық  тілінің 
қалыптасуына  бірнеше  компоненттер  енеді:  бұлғар  –  хазар, 
оғыз, қыпшақ тілдерінің диалектілері Кавказ тілдерімен  – авар, 
дарғын, шешен және осетинмен өзара байланысты. 
Н.А.Баскаков.  «Ноғай  тілі».  Ноғай  тілі  қазақ  және 
қарақалпақ  тілдерімен  қатар  түркі  тілдерінің  қыпшақ  тобының 
қыпшақ-ноғай  топшасына  жатады  және  тілдік  құрылымның 
барлық деңгейлерінен де,  сол  тілдерге  жақындықтары  байқала-
ды. Қазақ, ноғай, қарақалпақ тілдері бөлініп шыққанға дейін ха-
лықтық  тілді  қолданушы  қауымдастық  бір  ғана  бірлестікке  – 
Ноғай  ордасына  Алтын  Орда  ыдыраған  соң,  Қазан,  Қырым, 
Астрахань және Сібір хандықтарында қолданылды. 
Э.Р.Тенишев.  «Салар  тілі».  Салар  тілі  тарихын  келесі 
кезеңдерге  бөлуге  болады:  Х-ХІІ  ғасырдағы  бұл  кезеңде  салар 
ескерткіштері жоқ, ал қосымша деректерді (оның көне негізінде) 
Махмуд  Қашқаридің  «Диуани  лұғат-ит  түрк»  атты  еңбегінен 
табуға  болады,  онда  оғыз  тобының  оғыз  және  салғұр  тілдері 
көрсетіледі; ХІІІ-ХV ғасыр – бұл кезең ескерткіштері тура мағы-
насында  салар  ескерткіштері  болмай,  оғыз-қыпшақ  немесе 
қыпшақ-оғыз  саларлар  сияқты  аралас  топқа  жатады.  Оларға 
хорезм,  шағатай,  ескі  қыпшақ  ескерткіштері  жатады,  бұл  ес-
керткіштер тілдері салар тілімен тығыз байланысты. ХVІІ-ХVІІІ 
ғасырлар  –  бұл  кезеңге  салар  кітаптарының  қолжазбалары 
жатады,  ол  ерте  шағатай  тілінің  ағымы  жергілікті  салар  эле-
менттерінен көрінеді. ХVІІІ-ХХ ғасырлар – жаңа заманғы салар 
тілі  күшті  және  әлсіз  дауыссыздардың  (жүйесімен),  морфоло-
гиямен,  сондай-ақ  лексикадағы  қытай және  тибет әсері  жүйесі-
мен  ерекшеленеді.  Алдыңғы  кезең  тілдері  тіпті  мұсылмандық 
білім алған саларларға да түсініксіз.  


 
78 
Ш.Ч.Сат. «Тува тілі». Тува тілінің объективті кезеңдерге 
бөлінуін  тіл  тарихының  әлсіз  зерттелуі  және  жуықтағы  жазба 
тілдің  өткенім  қиындатып  тұр.  Тува  әдеби  тілі  дамуының            
2  кезеңі байқалады:  1920-1940  жж.  арасы  –  әдеби  тілінің  негізі 
қаланған  және  оның  қоғамдық  қызметі  кеңейді.  1940  жыл  ор-
тасы мен қазірге дейін әдеби тілі нақтыланып, жалпы жан- жақ-
ты функционалды және структуралық дамуы қаланды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет