Т. Н. Мҧхажанова



Pdf көрінісі
бет48/63
Дата06.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#15475
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63
 
Сҧрақтар: 
1.  Музейдің ашылу тарихы. 
2.  Музей қандай іс-шараларға басшылық атқарған? 
3.  Музейдің ғылыми ӛмірдегі маңыздылығы қандай. 


Т.Н. Мұхажанова 
 
127 
29 т а р а у 
 
Ә. Қастеев атындағы ӛнер музейі 
 
ҚР  Мемлекеттік  А.  Қастеев  атындағы  ӛнер  музейі  1976 
жылы Т.Г. Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік кӛркемсурет 
галереясының  (1935  жылы  қҧрылған)  және  Ресубликалық 
қолданбалы  ӛнер  музейінің  (1970  жылы  қаланған)  қоры 
негізінде іргесі қаланды. 
 1984  жылы  қаңтарда  музейге  Қазақ  ССР  Халық  суретшісі 
Әбілхан Қастеевтің есімі берілді.  
 Бҥгінде  Ә.  Қастеев  атындағы  МӚМ  еліміздегі  бейнелеу 
ӛнері саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту 
ісіндегі  ірі  кӛркемсурет  музейі  болып  табылады.  Музейде 
Қазақстанның бейнелеу ӛнері, Қазақстанның қолданбалы ӛнері, 
шетел  классикалық  ӛнері,  жаңа  дәуірдегі  шетел  ӛнері,  қорлар, 
қайта қалпына келтіру, кӛрме және экспозиция, насихаттау және 
экскурсиялық  қызмет  кӛрсету,  ақпарат  және  баспа  ісі  сынды  9 
ғылыми  орталық  жҧмыс  атқарады.  Қазіргі  таңдағы  музейдің 
қоры  ӛзінің  кӛркемдік  деңгейінің  жоғарылығымен  кӛптеген 
әлемдік  жинақтардан  еш  қалыспайды.  Музейдің  аса  бай 
қорындағы  22500-ден  астам  кескіндеме,  графика,  мҥсін  және 
Қазақстанның,  Ресейдің,  Еуропаның,  Американың,  Шығыс  ел-
дері  халықтарының  қолданбалы  ӛнерінің  баға  жетпес  жҧмыс-
тары музейдің негізі қорындағы туындылар болып табылады. 
Ә.  Қастеев  атындағы  МӚМ  әлемдік  мәдени  мҧраларды 
сақтау,  оларды  зерттеу  және  танытуда  маңызды  іс  шараларды 
орындайды. 
Музейдің  тҧрақты  экспозициясы  әрбір  халықтың  мәдени 
байлығы  мен  ерекшелігін  кӛрсететін  экспонаттар  арқылы 
әлемдік  ӛнердің  негізгі  даму  сатыларын  байқауға  болатын 
тарихи хронология тәртібіне негізделген. 
Музейде  зерттеу  және  білім  беру  ісі  белсенді  тҥрде 
жҥргізіліп  қана  қоймай,  сондай-ақ  жыл  сайын  халықаралық 
және  республикалық  ғылыми  конференциялар  ӛткізу  ҥрдіске 
айналған. Музейде  ӛткізілетін  қазақстандық,  шетелдік  суретші-
лердің кӛрмелері ӛнер сҥйер қауымның, Алматы қонақтарының 
ерекше қызығушылығын тудырады. 


Әлем музейлерінің тарихы 
 
128 
Музей  ӛз  тарапынан  жинақтау,  сақтау,  кӛрме  ҧйымдастыру 
жҧмыстарымен  шектеліп  қана  қоймай,  сонымен  бірге  музей 
қорын  насихаттау  және  кӛркемсурет  мәдениеті  жайлы 
тҧрғындарды  кеңінен  таныстыру  мақсатында  ағартушылық 
жҧмыстарын  жҥргізуді  ӛз  алдына  мақсат  етіп  қойған. 
Жҧмыстың басты тҥрін тҥрлі жастағы және әлеуметтік топтағы 
келушілерді  белсенді  тҥрде  тарту,  музей  қорының  аса  жоғары 
дәрежедегі кӛркемдік деңгейін кӛрсету мақсатында тақырыптық 
және  шолу  экскурсияларын  жҥргізу;  аса  бай  иллюстриативтік 
материалдарды  пайдалана  отырып  лекциялар  ӛткізу  қамтиды. 
Музей жанында Кіші ӛнер академиясы жҧмыс істейді. Бейнелеу, 
сәндік-қолданбалы  ӛнер  тарихына  арналған  лекциялар  4-5  айға 
ойластырылған. 
 Ә.  Қастеев  атындағы  МӚМ  ЮНЕСКО  жанындағы  беделді 
ИКОМ халықаралық музейлер қауымдастығының мҥшесі болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет