Т. Н. Мҧхажанова



Pdf көрінісі
бет49/63
Дата06.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#15475
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63
Байланысты:
Музей тарихы

  
Сҧрақтар: 
1. Музейдің ашылу тарихы? 
2. Музей қазақ ӛнер қауымы ҥшін атқаратын іс-шараларын атаңыз. 
3. Ә. Қастеевтыі ӛмірі мен қызметі жӛнінде не білесіз? 
  
 
30 т а р а у 
 
Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік музейі 
 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі – 
тек  Қазақстанның  ғана  емес,  бҥкіл  Орталық  Азия  аймағындағы 
ең  кӛне  және  ірі  музейлердің  бірі.  Оның  қоры  300  мыңға  жуық 
материалдық  және  рухани  мәдениет  қҧндылықтарынан  тҧрады. 
Қазір  музейде  кӛне  дәуірлерден  қазіргі  заманға  дейінгі  Қазақ-
станның  тарихы  мен  мәдениетіне  арналған  алты  стационарлық 
зал жҧмыс істейді. 
Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік музейі – Ор-
талық Азиядағы байырғы әрі ең ірі музейлердің бірі. Оның ірге-
тасы 1831 жылы Орынборда Неплюев кадет корпусында Губер-
натор,  Граф  Сухтелевтің  бастамасымен  қаланды.  Музейдің  ке-


Т.Н. Мұхажанова 
 
129 
йінгі  дамуына  жазушы  және  этнограф-зерттеуші  В.И.  Даль 
еңбек сіңірді, бірегей топтамаларды жинақтауға ҥлкен кҥш жҧм-
сады. 1920 жылдары музей қорына тағы да екі музей, Жетісу қа-
зақтарының  әскери  және  Республикалық  атеизм  музейлері 
біріктірілді. 
Музей  1929  жылы  Алматы  қаласына  кӛшіп,  Вознесенск 
кафедралды  соборының ғимаратына  орналасты. Сол  кезде  оған 
Жетісу облыстық музейінің колекциялары қосылды. 
1985 жылдан бастап, музей Ю. Ратушный, Мустафина және 
Б.  Рзагалиевтің  арнайы  жобасымен  салынған,  жалпы  аумағы 
17557 шаршы метр болатын жаңа ғимаратқа кӛшірілді. 
ҚР  ОММ  топтпмаларында  сан  ғасырлардың  айғақтары  мен 
ескерткіштері  қамтылған.  Мҧндағы  сақтаулы  экспонаттардың 
жалпы  саны  215972  бірлікті  қҧрайды  (оның  ішінде  негізгі 
фондта 176 565) экспозицияға (кӛрмеге) 4383 зат қойылған. 
Ежелгі  заманнан  бастап  бҥгінге  дейінгі  Қазақстан  тарихы 
мен  мәдениетінен  мәлімет  беретін  тӛрт  экспозициялық  зал 
(палеонтология  және  археология,  этнография,  Қазақстандағы 
диаспоралар  мәдениеті  және  соғыс  жылдарындағы  Қазақстан 
(1941-1945  жж.),  Егемен  Қазақстан  жҧмыс  істейді.  Музейде 
тҥрлі  тақырыптағы  кӛрмелер,  музейлік  дәрістер,  фестивальдар 
бас қосулар ҧдайы ӛткізіліп тҧрады.  
2006  жылдан  бастап  музей  ресми  тҥрде  ғылыми-зерттеу 
статусы  бар  мекеме  ретінде  қызмет  атқаруда.  Бҧл  ӛз  ретінде 
оның  ғылыми-зерттеу  (соның  ішінде  қор  жҧмыстарын)  және 
мәдени-білім  беру  жҧмыстарын  жетілдіре  тҥсуге  жаңа  серпін 
берді. Музей ҧжымының «Мәденимҧра» Стратегиялық  Ҧлттық 
бағдарламасын жҥзеге асыруға белсенді қатысуы - музейдің қазіргі 
ғылыми  әлеуетінің  айқын  айғағы.  Жобалардың  кӛбі  ҚР  МОМ 
қорындағы,  сондай-ақ  Қазақстан  мен  Ресей  мҧрағаттарының 
материалдары  және  ҚР  МОМ  қорындағы  сақтаулы  бірегей 
экспонаттарға  негізделіп  отыр.  Олар  қҧжаттық  дереккӛздер 
жинақтары  мен  коллекциялар  каталогтары  тҥрінде  жҥзеге 
асырылуда.  Орындалған  сегіз  жобаның  алтауының  нәтижелері 
жалпы кӛлемі 200 б.т. қҧрайтын бес кітап тҥрінде жарық кӛрді. 
Ғылыми-қолданбалы  зерттеулермен  қатар  музей  ғалымдары 
Қазақстан  тарихы  мен  мәдениетінің  тҥрлі  теориялық-методо-


Әлем музейлерінің тарихы 
 
130 
логиялық,  тарихи,  этнографиялық,  археологиялық  мәселелерін 
зерттеумен де белсенді тҥрде айналысады. 
2008  жылдан  бастап  музей  жаңа  ғылыми-қолданбалы  зерт-
теулердің екінші легі – 7 жаңа ғылыми-қолданбалы зерттеулерді 
жҥзеге асыруға кірісті. Бҧлар – бҧрын отандық ғылымда зерттел-
меген жаңа және ӛзекті тақырыптар. Жобаларды жҥзеге асыру 
ғылыми  айналымға  тарихи,  археологиялық  және  этнография-
лық аса мәнді тың дереккӛздерін енгізуге мҥмкіндік береді. 
Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  Орталық  музейінің 
алғашқы  коллекциялары  Орынбор  музейі  жинақтары  негізінде 
қалыптасты. 1831 жылы Орынбор қаласында музейдің қҧрылуын 
Қазақстанның  бас  музейін  ҧйымдастырудың  негізі  қаланған 
уақыт  деп  есептеуге  болады.  Орынбор  қаласындағы  алғашқы 
музей  1831  жылы  Орынбор  әскери  губернаторы,  генерал-
адъютант,  граф  Павл  Петрович  Сухтеленнің  бастамасымен 
ҧйымдастырылды.  Граф  П.П.  Сухтелен  1830  жылдан  1833 
жылдың  20  наурызына  дейін  Орынбор  ӛлкесінің  губернаторы 
болды.  Ол  замандастарының  пікірінше,  ӛлкенің  ең  ҥздік  әрі 
білімдар  басшыларының  бірі  болды.  Ағартушылық  дәуірі 
талаптарына  сай  болу  ҥшін  ол  ӛз  губерниясында  «музей» 
ашуға  бел  байлап,  жаңадан  қҧрылатын  мекемеге  «кӛнекӛз 
заттарды» сыйға тарту туралы жергілікті халыққа ӛтініш білдіреді. 
Осылайша,  1830  жылдың  кӛктемінде  Орынборға  келген  әскери 
губернатор  П.П.  Сухтелен  (1788-1833  жж.)  қараша  айының 
ӛзінде-ақ «жас ӛспірімдерді тәрбиелеуге барынша қызмет ететін 
және  ғылымды,  әсіресе  Орынбор  ӛлкесіне  таратуға  жалпы 
пайдасын  тигізетін  барлық  кӛне  заттарды  жинақтау  ҥшін 
«Музей»  қҧру  ісіне  кірісіп  кетті.  Сухтеленнің  ойынша,  музей 
қорының  негізі  ерікті  тарту-таралғылардан  қҧралуы  керек.  Сол 
себепті  ол  «кӛптеген  ғылым  жанашырларына,  білімге  қҧштар 
жандар  мен  табиғатты  зерттеуші  ғалымдарға»  кӛмектесулерін 
сҧрап, ӛтініш білдірді. Орынбор губернаторының бҧл бастамасы 
кӛпшіліктің  қолдауына  ие  болып,  ӛлкеде  ғана  емес,  одан  тыс 
аймақтарға  да  кең  таралды.  Атап  айтар  болсақ,  Жеке  Сібір 
корпусы  штабының  бастығы  генерал-майор  Г.  Броневский 
музейге  «қазіргі  Қырғыз  даласының  Қарқаралы  округінен 
табылған, жергілікті тҧрғындардың алғашқы қауымдық  наным-
сенімдерге  қатысы  болуы  мҥмкін,  тунгус  шаманы  киімінің 


Т.Н. Мұхажанова 
 
131 
толық  ҥлгісін  және  металдан  қҧйылған  мҥсінді»  тарту  етті. 
Жәңгір  ханның  отбасы  Шыңғыс  хан  ҧрпағы  ақсҥйектерінің 
киімдерін: сәукеле, асыл тастармен әшекейленген барқыт шапан 
мен жібек кӛйлектер сыйлады. 
Қҧжаттық материалдар (қазіргі ҚР МОМ қорлары) арасында 
Екатерина ІІ-нің 1770 жылы Нҧралы  ханға «оның  хандық дәре-
жесін»  бекітіп  жолдаған  грамотасының  кӛшірмесі,  Қазақстан 
аумағында  «заңды»  тҥрде  жҥргізілген  қазақ  балаларын  қҧл-
дыққа сату туралы қҧжаттарды ерекше атап ӛту керек. Фотоқҧ-
жаттарда  мынадай  қҧндылықтар:  «жҥк  артқан  тҥйе»  (тҥг. 
№379);  «қыстау»,  XIX  ғасыр  (тҥг.  №1068);  «айыр  қалпақты  ер 
адам», XIX ғ. соңы (тҥг. № 12092); «киіз ҥйдің тӛл әшекейлері (ӛр-
нектер, ағаш қармақ, кереге басындағы жҧлдыз), жҥн, тоқыма...», 
XX ғ. басы (тҥг. № 719); «мақта матадан тігілген, кестеленген ки-
мешек», XX ғ. басы (тҥг. № 13975-4); «жылтыр жіппен кестелен-
ген барқыт қалпақ», XIX ғ. (тҥг. № 8047) және т.б. кӛрсетілген.  
Орынбор  музейінің  тағдыры  қҧбылмалы  болды.  Ол  гҥлдену 
кезеңін  де,  қҧлдырау  кезеңін  де  басынан  кешірді.  1881  жылы 
Орынбор  генерал-губернаторлығы  қысқартылған  кезде,  «...қала 
біраз  қараусыз  қалып,  жергілікті  тіршілік  саябырсып  қалды». 
Ҥкімет  қамқорлығынан  айырылған  музей  бірнеше  рет  орнын 
ауыстырды. Кӛшіп-қонып жҥргенде бірқатар қҧнды экспонаттар 
жоғалды,  музей  жҧмысы  іс  жҥзінде  тоқтап  қалды.  Тек  онтӛрт 
жылдан  кейін  ғана,  қалада  Мҧрағат  комиссиясы  қҧрылғанда, 
музей жҧмысы жандана бастады. Сондай-ақ, осы уақытқа дейін 
ортайып қалған музей қоры қайтадан толыға бастады. 
1887 жылы Орынбор губерниялық канцеляриясының, Шек-
аралық комиссия мен Сыртқы істер коллегиясының ӛлке тари-
хына қатысты мҧрағат істері мен қҧжаттарын жинау және жҥ-
йелеу  мақсатында  Орынбор  ғылыми  мҧрағат  комиссиясы  қҧ-
рылды.  Мҧрағат  комиссиясы  мен  Орыс  география  қоғамы 
Орынбор  бӛлімінің  бірлескен  қызметінің  нәтижесінде,  1897 
жылы  ОҒМК  жанынан  жаңа  тарихи-археологиялық  музей 
(Ежелгі  дәуір  қҧндылықтары  музейі)  қҧрылды.  Бҧл  музейде 
айтарлықтай  кӛлемде  ертедегі  артефактілер  жинақталды.  Олар: 
тиындар, кітаптар, қару-жарақ, минералдар, бҧйымдар, археоло-
гия  және  этнография  заттарының  коллекциялары  және  т.б.  Му-
зейде Емельян Пугачевтың башқҧрт старшинасы М. Миндиаров-


Әлем музейлерінің тарихы 
 
132 
тың  полковник  шеніне  ҧсынылғаны  туралы  патенттің  тҥпнҧс-
қасы,  А.С.  Пушкин  қаза  болғаннан  кейін  гипстен  жасалған 
маскасы,  Пугачев  кезеңіндегі  лафетті  мыс  зеңбірек,  Прохоров 
қорғандарының  археологиялық  экспонаттары  және  т.б.  бірегей 
заттар пайда болды. 
Алайда  1914  жылдың  тамызында  бірінші  дҥниежҥзілік 
соғыстың  басталып  кетуіне  және  1917  жылғы  екі  революцияға 
байланысты Орынборда жаңа музей ғимаратының қҧрылысын салу 
тоқтатылды.  Әрі  кейінгі  жылдардың  қым-қуыт  қарбаласы  музей 
ҥшін  ауыр  тиді.  Ал  1918  жылы  басталған  азаматтық  соғыс 
Орынбор  музейінің  жҧмысын  одан  әрі  қҧлдыратып  жіберді. 
Осылайша әлеуметтік-экономикалық дағдарыс салдарынан музей 
жҧмысы тоқтап, негізгі қоры талан-таржыға тҥсті. 
1919  жылы  13  қыркҥйекте  Орынборда  Мемлекеттік  және 
қоғамдық  ҧйымдардың  біріккен  отырысы  ӛтті.  Онда  музей 
жҧмысын  жандандыру  мен  Офицерлер  ҥйі  ғимаратын  музейге 
беру туралы қаулы қабылданды. Осыған орай жеке адамдар мен 
мекемелерден экспонаттар жинала бастады. 
1920  жылдың  26  тамызында  Жалпы  ресейлік  орталық 
атқару комитеті мен РКФСРО Халық Комиссариаты «Қырғыз 
(Қазақ)  Социалистік  Кеңестік  Автономиялық  Республикасы-
ның  қҧрылуытуралы»  декрет  қабылдады.  Осылайша,  Орынбор 
губерниясы  Қырғыз  Республикасы  қҧрамына  кіріп,  Орынбор 
қаласы оның астанасы болды. 1920 жылы қараша айында «Қыр-
ғыз ӛлкесінз ерттеу қоғамы» қҧрылып, оған бҧрыннан ИРГҚ-ның 
(Императорлық  ресейлік  географиялық  қоғам)  Орынбор  бӛлім-
шесі  мен  ОҒМК-ның  (Орынбор  Ғылыми  Мҧрағаттық  Комис-
сиясы) мҥшелері болып келген ғалымдар кірді. 
Кеңес  ҥкіметі  кезіндегі  Қазақстан  музей  ісінің  қалыптасуы 
мен дамуы 1921 жылғы ҚАССР Халық ағарту комиссариатының 
«Орынбор  ӛлкелік  музейін  Қырғыз  ӛлкесінің  Орталық  ӛлке-
тану  ғылыми  музейі  ретінде  қайта  қҧру»  туралы  қаулысының 
қабылдануынан басталады. 
1921 жылы  Орынбор  губерниясының  Атқарушы  комитеті  мен 
Халық  ағарту  комиссариаты  арасында  музей  қорын  ӛткізуге 
байланысты жҧмыстар аяқталып, актіге  қол қойылды.  Осының 
нәтижесінде акт бойынша Қазақстанға ғимаратпен қоса мынадай 
экспонаттар берілді: 


Т.Н. Мұхажанова 
 
133 
1.  Тарих-мәдени  бӛлім  бойынша:  а)  археология  бойынша  – 
622;  ә)  нумизматика  бойынша  –  853  кҥміс  және  мыс  тиындар, 
қағаз ақшалар, 45 медаль, 14 жетон, 18 несиелік билеттер; б) қару-
жарақтар бойынша – 18 зеңбірек, 14 мылтық, 12 тапанша, 4 жебе, 
32 қылыш, 8 сауыт, 3 дулыға; в) этнография бойынша – 18 ҧлттық 
киім  ҥлгісі,  62  бас  киім  және  сәндік  бҧйымдар,  97  ҥй  керек-
жарақтары,  63  қытай  және  жапон  жиһаздары;  г)  қоғамдық  ӛмір 
бойынша – 65 фарфор бҧйымдары, 16 гравюра, 9 картина, 62 ескі 
қҧжаттар.  Табиғаттану  бойынша:  а)  геология  және  минералогия 
бойынша  –  2000,  ә)  палеонтология  –  140,  б)  зоология  –  502,  63 
сҥтқоректілер, 20 бауырымен жорғалаушылар. 
Бҧған  қоса,  Орталық  ӛлкетану  музейіне  7356  кітап  қоры  бар 
кітапхана да берілді. 
Музей  бҧрынғы  Орынбор  ер  балалар  гимназиясының 
пансионатында орналасты. Ол екі бӛлімнен: тарихи-мәдени және 
«табиғат  тарихы  заттары  бойынша»,  ғылыми  кітапхана  мен 
мҧрағат қорынан тҧрды. 1921 жылдың соңына қарай сатып алу 
мен  сый-тартулардың  нәтижесінде  қор  14  татар-башқҧрт 
әйелдерінің  киімімен,  31  сарттардың  қолданбалы  ӛнер  бҧйым-
дарымен,  79  орыстың  кӛркем  ӛнер  ҥлгілерімен,  38  мата  ҥлгі-
лерімен,  13  қырғыз  (қазақ)  әйелдерінің  сәндік  бҧйымдарымен, 
13  ҥй  керек-жарақтарымен,  6  кҥміс  тиынмен  толықтырылды. 
Музей  қоры,  сондай-ақ  қоғам  қайраткері  А.  Байтҧрсыновтың 
Торғай ӛңірінен әкелген 26 затымен толықты. 
Музей  Қазақстан  Халық  ағарту  комиссариатына  ӛткеннен 
кейін Орталық ӛлкетану музейінің қызметкерлері басты назарды 
мәдени-білім  беру  жҧмысына  аударды.  Қала  халқын  музей 
экспозициясын  тамашалауға  шақыру  жҧмысы  да  белсенді  жҥр-
гізілді.  Бірақ  жҧмыстың  бҧл  тәсілі  еш  нәтиже  бермеді.  Ҧйым-
дастырылмаған  немесе  жекелеген  музейге  келушілер  экспонат-
тарға  зиян  келтіріп,  кейде,  тіпті,  оларды  ҧрлап  та  жатты.  Тҥсін-
дірме  мәтіндердің,  маманданған  кеңес  берушілер  мен  экскурсо-
водтардың  жоқтығы  келушілердің  музейге  деген  қызығушы-
лығын арттыра алмады. 
1921  жылы  Орталық  ӛлкетану  музейінде  штаттағы  15 
қызметкерден  тек  1  қор  сақтаушысы,  2  ғылыми  қызметкер 
болды.  Соған  қарамастан,  музей  жыл  сайын  7  мыңға  жуық 
келушіге  қызмет  кӛрсетті.  Алайда  қаржының  тапшылығынан, 


Әлем музейлерінің тарихы 
 
134 
музей  ӛз  қызметкерлерін  Петроград  қаласындағы  Жоғары 
экскурсия институтына оқуға жібере алмаған.  
1922  жылдың  24  қаңтарында  Республикалық  Халық  ағарту 
комиссариаты  орталық  және  губерниялық  музейлер  туралы 
Ережені  бекітті.  Ереже  жоғарыда  аталған  музейлердің  қҧқық-
тары  мен міндеттерін және олардың ӛзара әрекеттесу шарттарын 
анықтап берді
 
Ереженің  қабылдануы  қордың  толығуына  ықпал  етіп, 
Ӛлкелік  музейдің  жҧмысын  жандандыра  тҥсті.  Мысалы,  му-
зейдің  1922  жылғы  есебі  бойынша,  музей  93  кҥн  жҧмыс  істеп, 
10770 адам қабылдаған. 
Бҧған қоса, музей қайта қҧру жҧмысын қолға алып, ең алды-
мен, Ресейдің солтҥстігін мекендейтін халықтарға тиісті кӛрнек-
тер  қалпына  келтіріліп,  экспозицияға  қойылды.  Палеонтология 
бӛліміне  динозаврлардың  бірнеше  суреттері  қойылып,  нумиз-
матика қорындағы барлық заттар саналып, есепке алынды.  
1923 жылдың  мамыр  айында,  1922  жылы  наурызда  қҧрылған 
мектепке  дейінгі  әлеуметтік  тәрбие  музейі  ӛзінің  қызметкер-
лерімен және 791 с.б. экспонаттарымен бірге Орталық ӛлкетану 
музейінің  қҧрамына  кірді.  Бҧл  бӛлім  келесідегідей  бірнеше 
бӛлімшелерден  тҧрды:  жазу,  оқуға  ҥйрету,  қоршаған  ортаны, 
ойын  мен  сабақты  тҥйсінуді  дамыту,  балалар  еңбегі  және 
мектепке дейінгі балалар тәрбиешілері . 
Музей  қорларын  толықтырумен  қатар,  қызметкерлер  му-
зейдің  кітапхана  қорын  толтыруға  да  ерекше  назар  аударды. 
Кітап қоры сатып алулар және сый-тартулармен толықтырылды. 
Егер  1923  жылы  кітапхана  тек  10  кітаппен  ғана  толықса,  ал 
келесі  жылы  171  кітап  сатып  алынды.  1924  жылы  кітаптың 
жалпы саны 4161-ге жетті. 
1923-1924  жж.  бастап  Орталық  ӛлкетану  музейі  ӛзінің 
қызметтік  есептерін  Қазақстанды  зерттеу  қоғамының  еңбекте-
рінде  жариялай  бастады.  Осы  есепке  сәйкес,  1923  жылы  музей 
190  кҥн  жҧмыс  істеген,  оның  21  кҥні  тек  экскурсиялық  қызмет 
кӛрсетуге  арналған,  осы  кҥндерде  музейге  11303  адам  келген. 
1924 жылы 227 жҧмыс кҥнінің 25-інде экскурсиялар жҥргізіліп, 
оларға 88001 адам қатысқан. 
1923  жылы  музейде  ҧйымдастырылған  тақырыптық  кӛр-
мелер:  «Балалар  шығармашылығы»,  «Орынбор  ӛлкесінің  та-


Т.Н. Мұхажанова 
 
135 
биғаты»,  «Орынбор  маңына  экскурсия  жҥргізуге  қажетті 
материалдар» болды. Оларды тамашалаған адамдар саны 16284-
ке  жетті.  Олардың  әлеуметтік  қҧрамы  негізінен  оқушылар, 
мҧғалімдер  және  балалар  ҥйінің  тәрбиеленушілері  болды. 
Бҧғанқоса,  осы  кӛрмелер  кезінде  мынадай  тақырыптарда 
дәрістер ӛткізілді: «Экскурсияның рӛлі мен мәні», «Орынбор ма-
ңы  жануарларына  жҥргізілетін  экскурсия»,  «Ӛсімдік  материал-
дарын ӛсіру және жинау тәсілдері». 
1924-1925  жж.  Мәскеудің  нҧсқауы  бойынша,  Орталық  ӛлке-
тану  музейінде  қолӛнер  ӛндірісі  және  ауыл  шаруашылығы 
бӛлімдері ашылды. Осыған байланысты музей қызметкерлері ауыл 
шаруашылық  ӛнімдері  тҥрлерін  жинай  бастады,  оларды  ерекше 
ӛңдеу  ҥшін  шағын  шеберхана-зертхана  ашу  керек  болды. 
Жаңадан  ашылған  бҧл  бӛлімнің  экспонаттары  Қазақстанда 
ӛсірілетін  дәнді  дақылдардың  тҥрлерімен  таныстырды.  Осы 
жылдар  ішінде  жеке  адамдар  мен  ҧйымдардан  музейлік 
маңызы  бар  1208  зат  сыйға  алынған.  Жалпы  музей  қоры  9751 
экспонаттан  тҧрды:  тарихи-этнографиялық  бӛлімде  5370 
экспонат,  табиғаттану  бӛлімінде  2984,  индустрия,  қолӛнер  және 
ауыл  шаруашылығы  бӛлімінде  381,  әлеуметтік  тәрбие  бӛлімінде 
1016  экспонат.  Тҥрлі  себептермен  40  экспонат  бҥлініп,  есептен 
шығарылды.  Музейдің  кітапхана  қорында  391  кітап  болды. 
Оның 186-сы сатып алынды, 205-і сыйға тартылды. Кітаптардың 
кӛпшілік бӛлігін Қырғыз ӛлкесін зерттеу қоғамы сыйға берді. 
Орталық ӛлкетану музейінің 1924-1925 жж. жҧмысы жайлы 
музей  жетекшісі  былай  деп  жазды:  «Музей  мәдени-ағарту  ме-
кемесі  ретінде  халыққа  қызмет  кӛрсетуде  келесі  кӛрсеткіш-
терге  қол  жеткізді.  Ағымдағы  жылы  музей  191  кҥн  жҧмыс 
істеді,  оның  22  кҥнінде  экскурсия  жҥргізілді.  1925  жылдың  1 
наурызынан  бастап  экспонаттарды  ҧрлауды  жою  мақсатында 
ҥлкендердің  билеті  5  тиын,  балалардікі  3  тиын  болды.  Осы 
жылдар аралығында барлығы 7013 адам қатысқан 190 экскурсия 
жҥргізілді.  Экскурсанттар  қҧрамында  Жалпықазақ  съезі  мен 
Халық  ағарту  саласы  қызметкерлерінің  І  Жалпықазақ  съезі 
делегаттары  т.б.  болды.  Орталық  ӛлкетану  музейінің  ҧйым-
дастыруымен  1924  жылдың  23  қазаны  мен  31  желтоқсаны 
аралығында ӛткізілген «Алғашқы жалпықазақ басылымы» кӛр-
месі  Орынбор  ӛлкесі  ҥшін  айтулы  мәдени  оқиға  болды.  Бҧл 


Әлем музейлерінің тарихы 
 
136 
кӛрмеде  кеңестік  басылымдармен  бірге  контрреволюциялық 
басылымдар  да  қойылды.  Кӛрме  жергілікті  қазақстандық 
басылымның  дамуын  кӛрсете  отырып,  бҥкіл  әлемдегі  баспа 
ісінің  дамуының  да  куәсі  болды.  1,5  айға  созылған  кӛрмені 
11895 адам тамашалады». Нақтырақ айтсақ, музей экспонаттары 
сақтау  тҥрлеріне  қарай  іріктеліп,  арнайы  тіркеу  кітапшасына 
кіргізіле  бастады.  Экспонаттарды  зиянкестерге  қарсы  арнайы 
ӛңдеуден ӛткізу жҧмыстары жҥргізілді. 
Елдегі  ауыр  экономикалық  жағдай,  қызметкерлердің  тӛмен 
жалақысы,  олардың  әлеуметтік  қамтамасыз  етілмеуі,  музей 
қызметкерлерінің жоғарыда аталған бастамаларды жалғастыруы 
мен басқа да қызметтеріне кедергі келтірді. Мысалға, 1923-1925 
жж.  бӛлім  жетекшілері  бірнеше  рет  ауысты,  ал  музей 
қызметкерлерінің негізгі бӛлігі бірнеше жҧмысты қоса атқарды. 
Мамандардың  жетіспеушілігі,  Орталық  ӛлкетану  музейін 
қаржыландырудың  тапшылығы  музей  ісінің  мамандарын 
даярлауға  және  оларды  Мәскеу  мен  Петроградта  біліктілігін 
арттыру курстарында қайта даярлауға мҥмкіндік бермеді. 
1926  жылы  Мәскеуде  музей  қызметкерлерін  қайта  даярлау 
курстары  ашылды.  Осыған  орай  Одақтас  республикалардағы 
барлық музейлерге ӛз мамандарын курсқа жіберу туралы хаттар 
жіберілді.  Алайда  Орталық  ӛлкетану  музейінің  кеңесі  сол 
жылдың  7  сәуірінде:  «Тиісті  қаржыландырудың  жоқтығынан, 
қызметкерлер  жалақысының  тӛмендігі  және  олардың  қосымша 
жҧмыстарға  қамтылуы  себебінен,  біз  қызметкерлерімізді  Мәс-
кеуде  ашылған  курстарға  жібере  алмаймыз»  деген  қаулы 
қабылдады.  
 1925  жылдың  15-19  сәуірінде  Республиканың  жаңа  
астанасы  Қызылордада  Қазақстан  кеңестерінің  V  съезі  ӛтті. 
Съезд  халықтың  тарихи  «қазақ»  атауын  қайтарып,  респуб-
ликаның  атауын  Қазақ  Автономиялық  Кеңестік  Социалистік 
Республикасы  атауына  ауыстырылды.  Ҧлттық-территориялық 
межелеуге байланысты Орынбор Ресей Федерациясына қарады. Ал 
республиканың  барлық  басқару  органдары  Қызылордаға  ауыс-
тырылды.  Алайда  керекті  ғимараттардың  болмағандығынан 
кӛптеген  мекемелер,  Орынборда  қалды.  Осыған  байланысты  ӛз 
қызметін  аяқтау  мақсатында,  музей  1926-1927  жж.  жҧмыс 
жоспарын қҧрады.  


Т.Н. Мұхажанова 
 
137 
Бҧл  туралы  музей  басшысының  1925-1926  жж.  арналған 
есебінде мына жайлар аталады: «Мемлекеттік ҧйымдардың және 
Қазақстанды  зерттеу  қоғамының  жаңа  астанаға  кӛшірілуі 
музейдің  жҧмысында  және  басшылығында  белгілі  бір  қиын-
дықтар  туғызады.  Ӛйткені,  музейдің  кӛшірілуіне  белгілі  бір 
уақыт керек, сол себепті белгіленген жоспарларды толық кӛлемде 
орындау  мҥмкін  емес.  Орынбор  қалалық  атқару  мен  Ағарту 
комитеті  арасындағы  қорларды  бӛлуге  байланысты  даулармен 
қатар  ғимаратты  жергілікті  музей  ҥшін  босатуды  талап  ету 
музей  жҧмысын  қатты  баяулатты.  ОӚМ  ғимаратының  ауданы 
5249,17 ш.м болғанмен, музей оның тек 1453,86 ш.м-ғана алып 
отыр.  Музейді  басқару  органдары  алыста  болғандықтан, 
музейдің  ғылыми-зерттеу  қызметін  бюджеттен  жеткілікті 
қаржыландыру  жоспарланған  жоқ.  Осы  уақыт  ішінде,  қор 
толықтыру  мақсатында,  тарих-этнография  бӛлімінің  меңгеру-
шісінің  бірғана  Ақтӛбеге  іс  сапары  жҥзеге  асырылды.  ОӚМ 
Қызылордаға  кӛшіру  мәселесінде  белгілі  бір  айқындық  бол-
мағандықтан, жҥргізілген эксурсиялардың сапасы да тӛмендеді. 
Музейде ҧйымдастырылған 182 экскурсияға 6041 адам қатысты. 
Музей  қызметкерлерінің  экскурсияларға  сапасыз  даярланған-
дығынан  және  экскурсияларға  тҥсіндірме  беруші  мҧғалімдердің 
дайын  болмауынан  кӛрермендердің  экспозицияларды  қабылдау 
сапасы нашарлады». 
Орынбор  қаласы  РКФСРО  қҧрамына  кірген  кҥннен  бастап, 
Орынбор  губерниялық  Атқару  комитеті  ОӚМ  қорынан  та-
қырыбы  жағынан  Орынбор  ӛлкесіне  қатысты,  мәні  зор,  қҧнды 
экспонаттардың  жартысын  талап  ете  бастады.  Музей  бӛліп 
берген  экспонаттардың  біразы  Орынбор  губерниялық  Атқару 
комитетінің  сҧраныстарын  қанағаттандырмағандықтан  бҧл 
ӛзекті мәселені шешу Бҥкілодақтық Орталық Атқару комитетіне 
жҥктелді. 
ОӚМ  Қазақстан  табиғатын,  тарихын,  этнографиясын  және 
шаруашылығын  экспозициялайтын  бірден  бір  мәдени  мекеме 
болып табылатындықтан, Орталық Атқару комитеті 1925 жылғы 
13  шілдедегі  Президиум  отырысының  шешімімен  музейді  Қа-
зақстан юрисдикциясында қалдырды.  
1929  жылы  4  қаңтарда  басталған  кӛшуге  байланысты 
дайындық  жҧмыстары  20  наурызда  аяқталды.  Нақ  осы  кҥні 


Әлем музейлерінің тарихы 
 
138 
музей директоры «Орынбордағы Қазақстанның Орталық Ӛлкелік 
музейі жҧмысының аяқталуы» туралы бҧйрық шығарды. 
1929  жылы  шілдеде  Қазақстан  ОӚМ  Апматыға  толық  кӛшіп 
келді  және  Вознесенский  кафедралды  шіркеуінің  ғимаратына 
орналасты.  13  шілдеде  музей  кеңесінің  отырысы  Қазақстан-
ның  Орталық  Ӛлкелік  музейін  Қазақстанның  Орталық  музейі 
деп атау туралы шешім қабылдады.  
1930  жылы  жарыққа  шыққан  «Қазақстанның  Орталық 
музейінің  жаршысы»  бірінші  санынан  бастап  Қазақстан 
музейлері  мен  басқа  да  республикалық  музейлер  арасында 
ынтымақтастықты жолға қоюда маңызды рӛл атқара бастады.  
Жетісу  ӛлкелік  музейінің  барлық  қорлары  және  қызмет-
керлерімен  бірге,  1931  жылы  Қазақстанның  Орталық  музейі 
қҧрамына  кіруі  Қазақстанның  музей  қҧрылысындағы  айтар-
лықтай  оқиға  болды.  Қазақстанның  Орталық  музейінің  барлық 
бӛлімдері  Жетісу  музейінің  бӛлімдері  негізінде  қайтадан 
қҧрылды.  1931  жылы  осыған  байланысты,  қорларды  жергілікті 
экспонаттармен  толықтыру  мақсатында,  Алматы,  Шелек,  Асы, 
Сырдария  және  Шу  ӛзендерінің  жағалауларына  музейден 
экспедициялар  жіберілді.  Олар  кӛптеген  экспонаттармен 
оралды.  1932  жылы  жинастырылған  экспонаттар  негізінде 
музейдің  барлық  экспозициялары  кайтадан  қҧрылды,  экспози-
циялардың  бӛлімдеріне  таныстыру  мәтіндері  жазылды  және 
экспонаттар  қайта  қалпына  келтірілді.  Жҥргізілген  жҧмыстар 
нәтижесінде музейге келушілер саны айтарлықтай ӛсті. Мәселен, 
осы жылдың алғашқы айларында келушілер саны 36 мыңға жетті. 
1935 жылы Орталық музей Қазақ АССР-ның 15 жылдығы-
на  дайындық  барысында  барлық  экспозицияларды  қайта  қҧр-
ды. Музей экспозицияларының бҧл жаңа бӛлімдерін КСРО ха-
лықтары  музейінің әдістеме бӛлімі бекітті. Музей қызметкерлері 
Қазақстанды  зерттеу  Қоғамы  ҧйымдастырған  экспедиция 
қҧрамында  кӛшпелілер  тҧрмысы  туралы  материалдар  жинау 
мақсатымен, Оңтҥстік Қазақстанның Шәуілдір ауданына барып 
қайтты.  Сол  жылы  ҚазМУ  және  ҚазПИ  профессорлары 
кӛмегімен  тарих  бӛлімі  ашылды.  Енді  музейде  тарих, 
жаратылыстану,  табиғи  және  ӛндірістік  кҥштер,  революция 
тарихы,  социалистік  қҧрылыс,  кӛркем,  КСРО  Қарулы  кҥштері, 
археология  бӛлімдері  пайда  болды.  Музей  осы  жылы  қала  мен 


Т.Н. Мұхажанова 
 
139 
тӛңіректегі ауылдардың мектеп оқушылары ҥшін экскурсиялар 
ҧйымдастыруды жоспарлады мектеп пен музей арасындағы қарым-
қатынастарды  реттеуге  арналған  арнайы  комиссия  қҧрылды. 
Мҧнымен  қатар  музей  қызметкерлері  мектеп  оқушыларына 
арналған  «Музей  сабақтарын»  ҧйымдастыруды  жоспарлады. 
Бірақ әртҥрлі себептермен бҧл комиссияның жҧмысы нәтижесіз 
болып,  ол  ӛз  ретінде,  аталған  істерді  жҥзеге  асыруға  мҥмкіндік 
бермеді. 
1936 жылы мамырда Қазақ АКСР ОАК Президиумы «Қазақ-
станның  Орталық  музейінің  жҧмысы  туралы»  есебін  тыңдай 
келіп, мынандай қаулы қабылдады: Орталық Мемлекеттік музей 
соңғы жылдары жылына 70 мыңға жуық келушіге қызмет кӛрсетіп 
отырған  айтулы  мәдени-ағарту  мекемесіне  айналды.  Экспонат-
тарды  зерттеу  бойынша  қҧжаттардың  ӛлкетану  ҥшін  маңызды 
танымдық  рӛлі  бар. Музейдің осындай кӛрсеткіштерімен қатар, 
ӛз  жҧмысында  бірқатар  кемшіліктері  де  бар.  Олар: 
экспонаттарды жеткіліксіз жинау, социалистік қҧрылыс жоспарын 
орындаудағы  артта  қалушылықтар.  ӛңірлік  облыстық  пен 
аудандық  музейлерге  басшылық  жасаудағы  кемшіліктер  және 
музейаралық байланыстардың әлсіреуі және т.б.  
1937  жылы  Орталық  музейдің  қызметкерлері  музейлердің 
жҧмысымен  танысу  және  байланыстар  орнату  мақсатында 
Мәскеу,  Ташкент,  Самарқанд,  Самара,  Саратов  қалаларына 
іссапарларға  жіберілді.  Іссапарлар  нәтижесінде  музей  экспо-
зициялары  музей  ісіндегі  соңғы  ӛзгерістерге  байланысты 
қайтадан  қҧрылды.  Қорытындысында  277  жҧмыс  кҥнінде  му-
зейге 98 370 адам келді. 490 экскурсияға 14 822 адам қатысты. 
Осы  жылы  музейдің  кӛрмелері  «Сталиндік  конституция» 
тақырыбына  сәйкес  ӛткізілді.  Басқаларын  санамағанда,  тек 
осы кӛрмелерге ғана 18 188 адам келді. 
Есепті  1938-1939  жылдары  Орталық  музей  ӛз  жҧмысында 
халық  шаруашылығын  дамытудың  бесжылдық  жоспарына 
сәйкес  экспозицияларды  жаңа  экспонаттармен  толықтыра 
отырып, оларды  қайта қҧрды. Музейдің қызметкерлері  Шығыс, 
Батыс,  Оралық  Қазақстанға  жасалған  іссапарлар  нәтижесінде 
музей  қорын  Абай  Қҧнанбаев  ӛмірі  мен  шығармашылығы,  ҧлт-
азаттық  қозғалысының  басшылары  Исатай  Тайманов  және 
Амангелді Иманов туралы экспонаттармен толықтырды. 


Әлем музейлерінің тарихы 
 
140 
1940  жылы  экспозициялардың  бӛлімдері  жаңартыла 
отырып,  36  тҧрақты  және  уақытша  экспозицицялар  мен  195 
экскурсия  ҧйымдастырылды.  Кітапхана  қоры  16840  бірлікке 
жетті,  оқырмандарға  қызмет  кӛрсетуге  қолайлы  болу  ҥшін 
кітапханада 9 тақырыптық бӛлім қҧрылды.  
1941 жылы Орталық музейге Дін және атеизм музейі қосылды, 
бҧл  музей  қорын  айтарлықтай  толықтырды.  Музей  жҧмысы 
жалпы  халыққа  танымал  болуы  ҥшін  1944  жылы  ол  Қазақ  КСР 
Орталық  Мемлекеттік  музейі  деп  аталды.  Музей  қорын  Қарғалы 
қазынасының  алтын  бҧйымдары,  скиф-сақ  алтынының  мол 
коллекциясы, С. Торайғыровтың жеке мӛрі, Ы. Алтынсариннің 
қолы  қойылған  мақтау  қағазы,  Тҧрағҧлдың  әкесі  Абай  туралы 
қолжазбасы, «Айқап» журналының бірінші нӛмірі, А. Иманҧлы-
ның винтовкасы, Шоқан Уәлихановтың, Жаяу Мҧсаның, Әміре 
Қашаубаевтың,  Әліби  Жангелдиннің,  Сәкен  Сейфуллиннің, 
Кҥләш Байсейітованың және басқалардың жекезаттары, сондай-
ақ  суретші  Н.П.  Хлудовтың  шығармаларының  толық  жинағы 
толықтырды. 
Орталық Мемлекеттік музей кейінірек те ӛзінің қалыптасуы 
мен дамуында елеулі оқиғаларды басынан ӛткізді, негізгі мәде-
ни-ағарту  және  ғылыми  мекемелердің  бірі  ретінде  республи-
каның  дамуына  баға  жетпес  ҥлес  қосты.  Бҧл  мәдени  мекеме  ӛз 
қызметін  XIX  ғасырда  бастап,  XX  ғасырдың  барлық  толқу-
кҥйзелістерін  басынан  кешіре  отырып,  Республиканың  басқа 
музейлерін ҧйымдастыру мен дамыту ісіне де қатыса келе, халыққа 
қызмет  кӛрсетуден  қол  ҥзген  емес.  Ол  Орынбор,  Қызылорда, 
Алматы  кезеңдерін  басынан  кешіріп  және  ӛлкенің  археоло-
гиялық,  этнографиялық,  географиялық  байлықтарын  зерттеуде 
белгілі бір нәтижелерге қол жеткізе отырып, жҧртшылықты елдің 
тарихымен  кеңінен  таныстырды.  Музей  ісін  дамытуда  және 
музейдің  әлеуметтік  қызметтерін  кеңейтуде  Кеңес  мемлекетінің 
заңнамалық  қҧжаттары  маңызды  рӛл  атқарды.  Ӛткен  кезеңдегі 
мемлекеттік  саясаттағы  тоталитарлық  ӛктемдікке  қарамастан, 
республиканың  Орталық  музейі  елдің  маңызды  ғылыми,  білім 
беру, ағарту, мәдени ошағы болып қала берді. 
Отандық  музей  тәжірибесінде  алғаш  рет  «Қола  дәуірінің 
андроновтық әйелі»; Қаңлы әйелі б.з.д. I ғ.-б.з. IV ғ.; Қыпшақ 
жауынгері  б.з.  ІХ-ХІ  ғғ.;  Сюнну  жауынгері  б.з.  ІІ-ІІІ  ғғ.;  Ғҧн 


Т.Н. Мұхажанова 
 
141 
жауынгері  б.з.д.  V  –  III  ғғ.  костюмдері  мен  аксессуарларының 
ғылыми реконструкциялары жҥзеге асырылды. 
10 жыл кӛлемінде, барлық қиындықтарға қарамастан, музей 
ілгері  қадам  басып,  заманынан  қалыспай,  даму  ҥстінде  болды. 
Музей  ҧжымы  қор  коллекцияларын  электрондық  каталогтау 
және паспорттау бойынша «Музеолог» бағдарламасын қҧру және 
енгізуге  жҧмыла  атсалысты.  ЮНЕСКО  бастамасымен  қолға 
алынған бҧл жоба - отандық музей ісіндегі алғашқы тәжірибе. 
Музейдің  тарихы  ҥшін  2005  жылдың  орны  ерекше.  Музей 
алғаш  рет  Білім  және  ғылым  министрлігінің  ашық  байқауына 
қатысып,  ғылымның  тҥрлі  салалары  –  этнология,  тарих, 
археология,  деректану  және  музейтану  бойынша  7  ғылыми-
зерттеу  жобасын  (қолданбалы  зерттеулерді)  жҥргізу  қҧқығын 
жеңіп  алды.  Осы  жылы  кешенді  аттестациялау  нәтижесінде, 
Орталық  музей ғылыми-зерттеу мекемесі мәртебесіне ие болды. 
2006  жылдың  қаңтарынан  бастап,  еліміздегі  осындай  мәнді 
дәрежеге  қол  жеткізген  бірінші  және  жалғыз  музейлік  мекеме 
ретінде  қызмет  ете  бастады.  Ғылыми  мекеме  мәртебесі,  ең 
алдымен,  музейлік  жҧмыстың:  ғылыми-зерттеу,  мәдени-біліми, 
қорлардағы,  экспозициялық  және  де  кӛрме  қҧру  ісін  дендеп 
дамытуға  соны  серпін  берді.  Сондай-ақ  музей  еңбекақы 
бойынша  жоғарырақ  категорияға  ӛту  мҥмкіндігіне  ие  болды. 
Қолданыстағы  заңға  сәйкес,  ғылыми  дәрежесі  бар  қызмет-
керлерге  дәрежесі  ҥшін  тиісті  ҥстеме  ақы  белгіленді.  Бҧл  ӛз 
ретінде Музей мамандарының сапалық деңгейін арттырды. 2007 
жылы  тағы  бір  музейлік  жоба,  ірі  экспозициялық  кешен  – 
«Антропология музейі» ашылды. 
Залдың экспозициясы тамаша диорамалармен, қазақтың ҧлы 
хандарының  антропологиялық  қалпына  келтірілген  бюсттері-
мен,  сақ  дәуірі  моласының  диорамасымен  және  т.б.  келуші-
лердің  назарын  аударады.  2008  жылы  музейдің  кітап  қоры 
негізінде ҚР МОМ жанынан 50 мың кітап пен қолжазба қоры, 
олардың  ішінде  хронологиялық  жағынан  орта  ғасырлар  мен 
жаңа тарихи дәуірге жататын сирек басылымдары бар Ғылыми 
кітапхана қҧрылды. 
Жаңа  технологиялар  мен  коммуникациялар  саласында  қар-
қынды  дамуымен  ерекшеленетін  XXI  ғасыр  мәдени-біліми 
мекемелердің  алдына  бірыңғай  ақпараттық  және  білім  беру 


Әлем музейлерінің тарихы 
 
142 
кеңістігіне  ену  міндетін  қояды.  Ол  ҥшін  музейлер  жҧмысының 
мақсаттары  мен  міндеттерін,  әдістерін  толығымен  қайта  қарау 
керек.  Осыған  орай,  музей  ӛзінің  екі  негізгі  ғылыми-зерттеу 
және мәдени-біліми қызметін тиімді орындауының басты шарты 
және  негізгі  факторы  болып  табылатын  ғылыми  базаны 
қалыптастыру және оны кҥшейтудің стратегиясын жасады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет