Т. Н. Мҧхажанова



Pdf көрінісі
бет52/63
Дата06.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#15475
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   63
  
 
Сҧрақтар: 
1. Музейдің ашылу тарихы? 
2. Музей қандай залдардан тҧрады? 
3. «Рухнамуд» дегенді қалай тҥсінесіз? 
  
 


Әлем музейлерінің тарихы 
 
144 
32  та р а у 
 
Ӛзбекстанның мемлекеттік ӛнер музейі 
 
1. Ӛнер музейінің қҧрылу тарихы 
2. Ӛзбекстандағы Орта Азия музейі.  
 
Ӛзбекстанның  ӛнер  музейі  –  1918  жылы  Халықтық  музей, 
кейіннен  Орталық  кӛркем  ӛнер  музейі,  1924  жылы  Ташкенттің 
ӛнер  музейі,  1935  жылы  Ӛзбекстанның  ӛнер  музейі  болып 
қаланды. 1918-1935 жж. музей Ташкентте князь Н. Романовтың 
сарайында,  1935-1966  жж.  Халық  ҥйі  ғимаратында  орналасты. 
1974 жылы осы орында жаңа ғимарат салынды. Архитекорлары: 
И. Абдулов, А.К. Никиоров, С.А. Розенблюм. Ғимараттың ішіне 
жарық  тҥсіру  мақсатында  тӛрт  жағынан  да  терезелері  мол  етіп 
салынған.  
Бастапқыда  музей  коллекциялары  князь  Н.  Романовтардың 
100 шығармашылық ӛнерінен, орыстың және шығыс-еуропалық 
шеберлерінің  кескін  ӛнерінен,  мҥсін  ӛнер  шығармаларынан 
тҧрды. 1920-1924 жж. музей ХVIII ғ басындағы XX ғ соңындағы 
116 орыс ӛнер шығармаларын алды. Олар: В.Л. Боровиковский-
дің, В.А. Тропининнің, К.П. Брюллованың, Н.А. Ярошенконың, 
И.Е. Репиннің портреттері болды.  


Т.Н. Мұхажанова 
 
145 
ХХ  ғасырдың  30  жылдары  музей  коллекциялары  Ӛзбек-
станның суретшілері шығармаларымен толықтырылды.  
Музейдегі 
коллекциялардың 
қатарындағы 
суреттер:  
А.Ф.  Беллоли  «Купальщица»,  В.Л.  Борониковкий  «Портрет  
Е.А.  Волконской»,  Д.Г.  Левицкий  «Портрет  Е.А.  Воронцов», 
Н.Н.  Каразин  «Соколиная  охота»,  Н.А.  Ярошенко  «Выгнали», 
И.Е. Репин «Портрет Н.И. Репиной» сияқты кӛркемсуреттер мен 
автопортреттер қойылған. 
2. Орта Азия музейі.  
Орта Азия мемлекеттерінің бірі Ӛзбекстан болып саналады. 
Ӛзбекстан  музей  экспозициялары  кӛрермендерге  Орта  Азия 
ӛркениетінің даму тарихын кӛрсетеді. Алғашқы мемлекеттердің 
пайда  болуынан  қазіргі  заманға  дейінгі  кӛрінісін  кӛрсетеді. 
Кӛптеген  экспонаттар  мемлекет  аралық  беделге  ие.  Олардың 
арасында  б.з.д.  IV-Ҥ  ғғ.  қола  саксондық  котель  жануарлардың 
бейнесімен  безендірілген.  Сурхандария  ауданында  табылған 
будда  мҥсіні  музейдің  қҧнды  коллекцияларының  бірі.  Ежелгі 
маталар  және  қыш  ыдыс  коллекциялары  ерекше  орынға  ие. 
Музейде  250  мың  экспонаттар  сақталған.  Археология, 
этнография,  нумезматика  жинақтары  және  ӛнер  туындылары 
бар.  Шығыс  ӛркениетінің  ерте  ошақтарының  бірі  Ӛзбекстан 
екенін музей экспонаттары дәлелдейді. Мҧражай сонымен қоса 
сирек  кездесетін  мҧрағат  материалдарымен,  қолжазбаларымен, 
тарихи қҧжаттарымен, фото галереясымен белгілі. Фото галерея 
ӛзбек  халқының  тарихының  маңызды  кезеңдерін  бейнелейді. 
Әмір  Темір  әулеті  дәуірі  экспонаттардың  қҧндылығын  арттыра 
тҥседі. Жоғарыда аталған кҥллі тҥркі дәуіріне қатысты кӛнеден 
сыр  шертетін  қҧнды  әрі  бай  қорлар  орта  ғасыр  ӛркениетінің 
даму  кӛрінісі  болып  саналатындықтан  тек  ӛзбек  жҧртының 
мҧрасы  болып  қоймай,  жалпы  Тҥркі  әлемінің  теңдесі  жоқ 
дҥниелерінің орталығы деп айтсақ артық болмас. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет