Т. Нұрмағанбетовтың «Анасын сағынған бала» әңгімесін талдау жолдары Т. Нұрмағанбетовтың «Анасын сағынған бала»


Төмендегі үзінді оқиғаның басталуына жата ма?



бет3/6
Дата13.01.2023
өлшемі21,68 Kb.
#61157
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
1. Төмендегі үзінді оқиғаның басталуына жата ма?
Есмағамбеттің, бұл сапары ауылына төрт жылдан кейінгі оралуы еді. Содан болар, таңертеңгі поездан түскен бойдағы қарсы алушы туыстары, достарымен болған ұшырасудың ѳзі кәдімгідей у-дулы болды. Біреулері құшақтап, біреулері сүйіп, тағы біреулері осы бір алас-қапаста-ақ мұның, шаруасын айтып қалып жатты. Күтіп тұрған жеңіл машиналарға мінулері, сосын аудан орталығында тұратын немере атасы Балмағамбеттің үйінің ауласына келіп, түсіп жатуларының ѳзі абыр-дабырға, күлкіге толы қуаныш болып жатты. Бұл арада да құшақтасулар… Сүйісулер… Және поезда қарсы алғандары бар, аулада қарсы алғандары бар жапырласып, әлі де ауыз жиып болмаған абыр-дабыр әңгімелерімен, асып тѳгілген мол күлкілерімен түгел үйге кіріп, жаюлы дастарханға жағалай қонақтасып жатты. Алдымен шай ішіліп, сосын ет желінді.
2. Оқиғаның басталуы одан әрі Есмағанбет пен Сержанның танысуымен жалғасады ма?
Мама-аа… мама-аа…
Сенсің ғой ең дана-а..
Мәңгі дос сен ғана-а… —
деп әндеткен сүйкімді бала дауысын естіді. Бірақ Есмағамбет олай бір, былай бір бұрылып, маңайынан бала кѳрмеді. Сѳйтсе, үстіне су жаңа ақ, футболка киген төрт жастар шамасындағы ер бала арнайы тіреу ағаштарымен керілген жүзім сабақтарының ұзына бойғы кѳлеңкесінің бір шетінде құммен ойнап отыр екен. Қолында ойыншық күрек… ойыншық шелек…
3. Оқиға дамуы Есмағанбеттің берген уәдесімен жалғаса ма?
Есмағамбет баланың басынан сипады.
Тағы да иіскеші — деді бала осы сәтте сықылықтап күліп тұрып.
Есмағамбет баланың басынан кұшырланып иіскеді. Оның осы ықыласы да сезімін қозғағандай бала жайнап, куанып кетті.
Шампунның иісін енді білдің бе?
Білдім. Бұрқырап тұр.
Бұрқырап тұр ма? Әлі иісі кетпеп пе?
Есмағамбет мейірленіп кетіп, баланың бетінен сүйіп, қатты қысып құшақтады. Сосын шын ықыласымен:
Алматыға барасың ба? — деді.
Есмағамбет осылай деген кезде, бала “рас айтып тұрсың ба, әлде ѳтірік пе?” дегендей жалт бұрылып оның кѳздеріне ұзак қарады. Сосын сенгендей болып ақырын ғана:
Барамын-н, — деді де, күрсінді. Баланың күрсінгені соншалық, ауыр болды ма, әлде ѳзі солай қабылдады ма, Есмағамбет те қатты толқып кетіп, баланы қайта құшақтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет