1.Төмендегі үзінді арқылы автор не айтқысы келді? Бала енді арман-мақсатына жеткендей елеуреп тұрып: — Сосын екеуіміз базарға барамыз ғой, — деді тағы да. — Базарға неге барамыз? — Онда мамам бар емес пе? — Иә, мамаңа барады екенбіз ғой. — Мамамды тауып алсақ… әр жағында папамды, іздемейміз бе? Олар базарда бір-бірінен адасып қалған ғо Өйткені базар үлкен. Мамам айтқан Алматының базарының мына шеті мен ана шетіне көз жетпейді деп… Құжынаған халық деп… А) Бала базарда қыдырғысы келеді.
В) Баланың ата-анасын сағынуын білдіреді.
С) Баланың ата-анасының бірге болуын аңсауын білдіреді.
D) Бала Алматыға барғысы келеді.
2. Төмендегі үзіндіде автор қандай жағдайды суреттеп тұр? ... Бұрылып келіп сүйгеннен кейін, ол қатты жылап қалды. Әжем де жылады. Мен де жыладым. Атам ғана жылаған жоқ. Мамам-м… сосын ол кетіп қалды. Өйткені мінетін пойызының уақыты болып қалған. Мамам кеткен соң, жеміс ағаштарын аралап жүріп атам да жылады. Ол солай… үнемі жұрттан жасырып жалғыз жылайды. Ал мен оны бәрібір біліп қоям-м… А) Барлығы бірдей анасын шығарып салғанын.
В) Баланың анасымен қоштасуы бәріне ауыр тиетінін.
С) Анасының поезға кешігіп қалғанын.
D) Атасының ағаштарды аралап жүріп жылағанын.
3. Төмендегі үзіндіде басты кейіпкер Есмағанбеттің айтқан сөзінен не байқалады? Енді Есмағамбеттің өзі іштей қатты састы. Сасқан себебі баланың сезіміне осыншалық әсер етіп, ендігі жерде оны Алматыға алып кете алмаса, ұмытылмас күнә болардай еді. Бірақ: “Алып кетсем, несі бар… алып-ақ кетемін. Мамасына табыстаймын. Тіпті біздің үйде де жүре береді. Онда қандай қиындық бар?” — деп өзін-өзі жұбатып барып, көңілі тынғандай болды. А) Баланы Алматыға апарғысы келетінін.
В) Баланы Алматыға апарғысы келмейтінін.
С) Балаға берген сөзін орындау керектігін.
D) Баланы анасына апаратынын.
Осылайша үзінділерді оқи отыра, дұрыс жауаптарды анықтап, шығарманың басты идеясы қоғамдағы әлеуметтік өткір мәселе – ол ауылдағы жұмыс тапшылығына байланысты жастардың қалаға жұмыс жасау үшін кетуге мәжбүр болуы, сонымен қатар қиындықтарға төзе алмай жас отбасылардың бұзылуы, баспана мен балабақша мәселесіне байланысты балаларын ауылдағы әке-шешесіне қалдыру сынды мәселелерді автор алға тартады. Осының нәтижесінде анасының жырақта жүру себебінен кішкентай баланың анасын сағынуы әңгіменің атауына айналуын балалар түсінетін болады. Ана мен баланың махаббаты, баланың анасына деген сағынышы мен ыстық ықыласы – әңгіменің тақырыбы болатынын оқушылар анықтайды.
Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтаған соң шығарманың фабуласын табуға оқушылармен келесі кесте толтыру жұмысы атқарылады: