Т. Нұрмағанбетовтың «Анасын сағынған бала» әңгімесін талдау жолдары Т. Нұрмағанбетовтың «Анасын сағынған бала»
анасын сағынған бала талдау
Осы үлгіде әңгіменің барлық кейіпкерлерінің образын ашуға болады. Жалпы әдебиет теориясын еске түсірер болсақ, образдың жасалу тәсілдері әртүрлі болғандықтан, образ түрлері де әр алуан болып келетіні белгілі. Образдың түрлерінің бірнеше (әдістік, тектік, тәсілдік) факторлары бар. — Көркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі: романтикалық образ, реалистік образ. — Әдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі: эпикалық образ, лирикалық образ, драмалық образ. Ал жалпы жасалу тәсілдеріне қарай образдың тағы да бірнеше түрі болады: юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, батырлық және т.б. Көркем шығарманы талдау барысында шығарманың тіліне тоқталып кету маңызды. «Анасын сағынған бала» әңгімесін жазуда автор диалогты ұтымды қолданып, өз идеясын оқырманға ұсынады. Шығармадағы үзіндіден тілдік бейнелеу және суреттеу құралдарын көруге болады. Мысалы: «…Ойларының ауырлығынан шығар, бір сәтте Есмағамбетке ѳзі жатқан купе іші де үрейлі сезінді. Поездың доңғалақтары да мұны өңмеңдеп қуып келе жатқан әзірейілдей…». Бұл жерде теңеуді көрсек, келесі үзіндіде «Тіпті, Сержан осы поезбен де қабаттаса жүгіріп келе жаткандай кѳрініп, отағасы орнынан тұрып, купенің терезесінен қараңғы далаға бірауық, қарап отырғанына не дерсіз…» әсірелеуді көруге болады. Автор әртүрлі сөз өрнектерін қолданғанын көреміз: «Мамам айтқан Алматының базарының мына шеті мен ана шетіне көз жетпейді деп… Құжынаған халық деп…», «... тіпті пойызды күтпестен-ақ құс болып ұшып кетердей алып ұшқан екпін бар еді. Ол-олма, сәлден соң Сержанның көздерінде үлкендігі бұршақтай жас тамшыларының пайда болғанын қайтерсің». Қорыта келгенде 5-сынып оқушыларымен осылайша жұмыс жүргізілетін болса, алдағы уақытта көлемді шығармаларды оқуда жұмысты ұйымдастыру оңайға соғады. Сонымен қатар белсенді әдістер мен жаңа технологияларды қолдана отырып, шығарманы жан-жақты талдап, мазмұнын толық меңгеріп шығуға мүмкіндік туады. жүктеу/скачать 21,68 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |