Т. Нұрмағанбетовтың «Анасын сағынған бала» әңгімесін талдау жолдары Т. Нұрмағанбетовтың «Анасын сағынған бала»



бет1/6
Дата13.01.2023
өлшемі21,68 Kb.
#61157
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
анасын сағынған бала талдау


Т.Нұрмағанбетовтың «Анасын сағынған бала» әңгімесін талдау жолдары
Т.Нұрмағанбетовтың «Анасын сағынған бала» әңгімесін талдау жолдары
Тынымбай Нұрмағанбетовтың «Анасын сағынған бала» әңгімесіне талдау жасауды бастамас бұрын 5-сынып оқу бағдарламасына шолу жасап өтсек дұрыс болады.
5-сыныпқа арналған "Қазақ әдебиеті" пәнінің базалық білім мазмұны:
1) түсіну және жауап беру:
әдеби шығарманың фабуласы мен сюжеттік дамуы, кейіпкерлер портреті мен образы, шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту, әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясы;
2) анализ және интерпретация:
салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу, шығармадағы тілдік бейнелеу: теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы, эпикалық шығармадағы автор бейнесі, көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу;
3) бағалау және салыстыру:
шығарманың тарихи құндылығын бағалау, кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау, әдеби эссе, сыни хабарлама жазудан тұрады.
Осы жоғарыда көрсетілген базалық білім мазмұнға сәйкес Т.Нұрмағанбетовтың «Анасын сағынған бала» әңгімесіне талдау жасау үшін дағдыларды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттар жүйесіндегі келесі оқу мақсаттарына тоқталып өтейік:

 Түсіну және жауап беру

1. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні

2. Әдеби шығарманың тұжырымдамасы

3. Көркем шығармадағы образ

4. Шығарма үзінділерімен жұмыс

5.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау

5.1.2.1 
әдеби шығарма
ның тақырыбы мен идеясын анықтау

5.1.3.1 
көркем шығарма
дағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу

5.1.4.1 
көркем шығармалар
дан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту

Осы мақсаттарға жету үшін ең алдымен шығарманың мазмұнымен таныстырып, тақырып пен идеясын анықтатып, сюжеттік композициясын құрастыра отырып, шығарманың фабуласын табуға үйрету керек.
Ең алдымен оқушыларға келесі проблемалық сұрақтар ұсынылуы керек:
1. Бала анасын неге сағынады?
2. Әр ана баласының қасынан табылады, ал бұл әңгімеде оқиға қалай дамиды?
3. Автор не себепті осы әңгімені «Анасын сағынған бала» деп атаған?
4. Әңгіменің мазмұны қандай оқиғалардан тұрады?
Осы сұрақтарға жауап беру арқылы оқушыларға әңгіменің сюжеттік композициясын құрастыруға жетелейміз.
Сонымен қатар әңгіменің тақырыбы мен идеясын анықтау мақсатында үзінділерді оқыту арқылы басты мәселелерге назар аудартамыз.
Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет