Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет129/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   144
188


тольд көрсеткен. Ал Сыр өзенінің этимологиясы қазақ, өзбек, 
қырғыз т. б. түркі тілдеріндегі бояу мағынасында қолданыла- 
тын сыр сөзімен байланысты болуы да ықтимал, өзеннің 
бұлай айтылуына Сыр суының бояулы, сырлы су тэрізді ый- 
лаланып ағуы себепші болса керек - деген пікірде болатын- 
быз (А. Әбдірахманов. Қазақстанның жер-су аттары. Алматы, 
1959, 94-96-беттері).
Бірақ бүл атаудың этимологиясы жөніндегі Қ. Өмірәлиев- 
тің соңғы жылдардағы зерттеулері жоғарыда айтылған 
пікірлерді 
қайта 
қарастыруға 
себеп 
болды. 
Алдымен 
Қ. Өмірәлиевтің деректерін келтірейік. Ол былай деп жазып- 
ты: «сонау 1 ғасырдан бермен қарай Силис Сыр өзені деп атап 
келеді. Силистің «Сыр» түріне өзгеруі осы өңірдегі түркі тай- 
палары тіліндегі л//р алмасуының екінші кезеңі Х-ХІ ғасырмен 
тұстас болуы мүмкін: Сонда Сил (-ис) қандай магыналы сөз? 
1 ғасырда Силис аталған өзеннің ежелгі Сил сыңары түркі тілін- 
де, дэлірек айтқанда, осы өңірдегі тайпалар тілінде інжу (йінжу) 
сөзінің синонимі ретінде қолданылған. Ежелгі иран тіліндегі Як- 
сарт («нағыз інжу») осы сөздің аудармасы болуы мүмкін. Олай 
дейтініміз қазіргі чуваш тілінің диалектісінде «інжу» деген 
мағына беретін селем деген сөз сақталған (Чувашско-русский 
словарь. М., 1961, стр. 323). Тегінде бір мағынадағы осы сел/- 
ем/ мен Сил/-ис/ сөздерінің құрам жағынан күрделенген 
бір түбір болуы ықтимал» (Қ. Өмірәлиев. «Қазықұрт» жэне 
оған қатысы бар топонимдер жайлы. «Қазақстан мектебі». 
№ 4, 1967, 81- 82-беттері).
Келтірілген пікірден біздің эрамыздың бас кезінде С и ­
л и с атанған өзен атының Сырдария бойына огуздар келген 
кезеңнен С ы р атанғанын аңғарамыз. С ы р гидронимінің эти­
мологиясы туралы жоғарыдай көрсетілген авторлардың пікірін 
қорытындылай келіп, мынаны айтуға болады. Біздің эрамызға 
дейінгі Александр Македонский заманынан ерте орта гасырға 
дейінгі С ы р өзенінің тарихтағы алғашқы аты - Яксарт.
189


И. Маркварттың зерттеуі бойынша бұл кэне иран тіліндегі 
«iaxsarta» (истинный жемчуг - нағыз інжу) сөзінен қойылған. 
Ал көне түркі жазуларындағы Сырдың аты - йенчу угуз 
(інжу өзен) осы көне иран тілінен аударылып алынған. Бұған 
сол кездегі қытай нұсқалары Сырды Чжень - чжу -хэ (река 
истинного жемчуга) деп атауы да дәлел. Олай болса Сил 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет