Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет128/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   144
келмек т. б. -Ақ жүрнағы басқа басқа варианттармен бір кезде 
түркі тілдерінде етістіктің есім тудыратын өте өнімді жұрнақ 
болған, ал қазір сарығ үйғыр тілінен басқа тілдерде пассив 
формаға айналған (Э.В. Севортян. Соотношение грамматики 
и лексики в тюркских языках. Сб. «Вопросы теории и исто­
рии языка...». М.., 1952, 342 беті). Бұл жүрнақтан ескі түркі 
тілдеріндейантүқ (склон горы) түр+ұқ (стоянка), йанл+үқ (ошиб­
ка), кон+үқ (ночлег), йар+үқ (щель) сияқгы толып жатқан зат 
есім жасалған. Қазақ тіліндегі ой+ық, ор+ақ, тара+қ, қарма+қ, 
төсе+к, сал+ық, т. б. Сөздері де осы жүрнақтар арқылы жасал- 
ған. Мүндай сөздер басқа түркі тілдерінде де жүздеп сана- 
лады. (А. Әбдірахманов. Қазақстанның жер-су аттары. Алма­
ты, 1959, 152-158 беттерін қараңыз). Сөйтіп бүл келтірілген 
дәлелдер түрік, азербайжан тілдеріндегі сығын (искать, убе­
жище) етістігіне есім тудыратын -а қ жүрнағы қосылу арқылы 
жасалғандығын дәлелдейді. Ал қазақ тілінде сөз ортасындағы 
ғ дыбысының түсіп қалуы кең тараған қүбылыс қаған>қан, 
үғлы>үлы т. б. Сөйтіп, тар их и сығанақ қаласының аты Сүнак 
формасына көшкен: Сығынақ>Сүнақ.
Ал жоғарыда айтылгандай «сұнақпыз» деп аталатын 
түрғындардың өзін қазаққа қоспайтын себебі бүл қара- 
қалпактардың Сунақ руынан қалып қойған топ болған- 
дығынан. Біздің ойымызша Сығанақ қаласының аты түрік, 
азербайжан, түрікмен халықтарының ата-бабалары - огуздар 
ІХ-Х ғасырларда Сырдария бойын жайлаған кезеңде қойылған 
болуы керек. Кейін XV-XIV ғасырларда осы қала маңын ме- 
кен еткен Қарақалпақтың қазақяқлы руы қаланың атын өз 
атасының атына таңган. Сондықтанда осы аталған рудың Су- 
нақ-Қазақяқлы деген екі аты бар. Бүл өзбектердің Тәшкенттік,
186


Самарқандық, Хорезмдік деп тапқаны сияқты, Сығанақ (Сунақ) 
қаласында тұрған қазақяқлы қарақалпақтар өзін сунақ деп 
атаған тәрізді.Бұл маңдағы қазақтардың сунақ атанып, өзін 
қазаққа қоспауының да бір себебі осы болса керек.
Сонымен көне С ы ған а қ қаласының аты мынадай бөліктер- 
ден тұрады сы ғ (сөздің түбірі - «жасыру, тығу» деген мағынада 
М. Қашқарида бар») +ы н (өздік етіс жүрнағы - «тығылу, жа- 
сырыну, қорғаныс іздеу» деген мағынаны білдіреді) +ақ 
(етістіктен есім жасайтын жұрнақ) = Сығынақ - «қорғаныс, 
бекініс» мәніндегі сөз. Екі қысаң дауыссыздың ортасындағы 
«ғ» дыбысы 
ү, 
у дыбысына айналуына байланысты бүл атау 
Сығынак>Сұнақ// Сунақ түріне айналған.
СЫ РД А РИ Я - Шымкент, Қызылорда облыстарын басып 
өтетін өзен аты. Сырдарияның аты тарихта бірнеше рет өзгер- 
ді. Біздің арамызға дейінгі ғасырда Александр Македонский 
жорықпен келгенде бүл өзен Яксарт атанған. Грек географы 
Страбонның еңбегінде де Яксарт делінеді (Л.Б. Баженов. Древ­
ние авторы о Средней Азии. 1940, 6-23 беттер).
Плиний біздің эрамыздың Ш ғасырында Сырдарияны сақтар 
Силис деп атағандығы жөнінде хабарлайды (Кляшторный. 
Яксарт-Сыр-Дария. С э,№ 3 ,1953,189-190 беттер). УІІІғасырдағы 
түркі жазуларында бүл атау йенчу угуз (Іінчу угуз) түрінде 
кездеседі (Малов. ПДТП. М.Л., 1951, стр. 32). Ерте орта гасыр- 
дағы араб-парсы нүсқаларындағы бүл өзен аты - Сейхун. Ал, 
А. Левшин Сырдарияның Сыр түрінде монғолдың Гулаку де­
ген ханының 1253 жылы парсыларга шабуыл жасаған кезінен 
бастап кездесетінін айтады (Левшин. Описание, частьі, СПб., 
1852, 261-бет)
Шығыс авторларының жазуына қараганда Сырдария өзені 
сол Сыр бойының маңындағы қалалардың атымен де аталган. 
Мысалы, Шаш өзені, Ходжент өзені т. б. (Левшиннің жогары- 
дагы шыгармасы. 261)
187


Сырдарияның кейбір аудандарының сол маңдағы халыктың 
атымен аталуы ерте орта ғасырда кездеседі. Атап айтқанда, 
С.Г. Кляшторный VTII ғасырда Сыр бойының орта шенінде 
қаңлылардың өмір сүргендігін Кангар аталған Сыр өзенінің 
осы бөлшегі арқылы дэлелдейді (Жур. «Сов. этнография», 
1951, № 3 , 189-бет)
Сөйтіп, Сырдария өзенінің аты ескі нұсқаларда әр түрлі. 
Бұл атаулар талай тарихи дәуірлердегі осы Сыр бойында да 
болған сақ, түркі тайпа тілдерінен ескі жазу нұсқаларына еніп 
отырды.
Яксарт деген топонимнің этимологиясы туралы алғаш пікір 
айтқан И. Маркварт болды. И. Маркварт VIII ғасырдағы ескі 
түркі жазуларында кездесетін йенчу-угуз - (жемчужная река) 
деген ат ескі иран тіліндегі «iaxsarta» (истинный жемчуг) де­
ген сөзден аударылып алынған - дейді. Бұндағы түркі, иран 
тілдеріндегі мағыналық үқсастық кездейсоқ емес. Бірақ осы 
өзен атын түркілер иран тілінен алды ма, немесе ирандықтар 
түркі тілінен аударды ма - бүл арасын И. Маркварт дәлел деп 
бере алмады.
Сырдарияның этимологиясы туралы бізге белгілі тағы да екі 
түрлі пікір бар. Бірінші пікір А. Левшиндікі. Ол былай дейді: 
«Дарья, в татарском (т. е. тюркском - А. А.) языке, есть нари­
цательное имя всякой реки. Сыр значит желтый». Сөйтіп, А. 
Левшинніңойынша Сырдария түркі тіліндегі Сарыдариясөзінен 
шыққан (Левшиннің жоғарыдағы шығармасы).
Екінші, С.Г. Кляшторныйдың пікірі бойыншаСырөзені өзбек, 
тәжік тілдеріндегі «Сир об» (полноводи обилие воды) сөзімен 
түбірлес. Шығыс Түркістандағы ескі сақ, соғди тілдерінің 
документтерінде сы р «жақсы өте, көп» деген мағынада 
қолданылады - дейді (С. Кляшторный. Яксарт-Сыр-Рарья. СЭ, 
1953, № 190-бет).
Сырдарияный дария деген бөлімі иран тілдерін түркі 
тілдеріне енгенін, өзен мағынасында қолданылатынын В. Бар-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет